Басқару психологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:56, реферат

Описание работы

Басқару теориясы жеке ғылыми пән ретінде ХХ ғасыр басында беки бастады. Басқару үрдісі белгілі бір нәтижеге жету жолындағы адамдардың жалпы іс-әрекеті атқарылатын жерде жүргізіледі. Басқару дегеніміз- топқа, қоғамға немесе оның жеке бөліктеріне тәртіптендіру үшін немесе сапалық спецификасын дамыту үшін әсер ететін шаралар комплексі түрінде анықтама. б) басқару барлық динамикалық жүйелерде жалпы заңдылықтар бойынша жүргізіледі де информацияны алуға өңдеуге және беруге негізделген. (әлеуметтік, психологиялық, биологиялық, техникалық экономикалық, административтік). Әлеуметтік жүйеде басқарудың негізгі белгісі болып субъектінің (басқарушы) мәліметті бағалап анализдеу негізінде күрделі жүйелердегі тура және кері байланысты іске асыруы есептеледі.

Содержание

КІРІСПЕ
Басқару психологиясының даму тарихы.
Басқару теориясының қазіргі жағдайы.
Басқаруды жалпы теория тұрғысынан қарау жолдары.
Басқару жүйесі.
Басқару стильдері.
ҚОРТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Работа содержит 1 файл

менеджмент психологиясы.doc

— 84.50 Кб (Скачать)

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық Университеті

Шығыстану факультеті

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: «Басқару психологиясы»

 

 

 

                                                                                Тексерген: Өскенбай Ф.

Орындаған: Орынғалиева А.

                                                                                        Мамандық: 2 курс студенті,

шет.филологиясы –  жапон тілі

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

  1. Басқару психологиясының даму тарихы.
  2. Басқару теориясының қазіргі жағдайы.
  3. Басқаруды жалпы теория тұрғысынан қарау жолдары.
  4. Басқару жүйесі.
  5. Басқару стильдері.

ҚОРТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ.

 

Басқару психологиясы әлеуметтік психологияның қазіргі кездегі негізгі тарауларының бірі, ол әртүрлі әлеуметтік құрылымдардағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас мәселесін зерттейді.

Басқару мәселесін құрумен  ғылымның әртүрлі салалары айналысады: информатика, юристпруденция, философия, психология, педагогика, эргономика, социология т.б. Жалпы басқару теориясы кибернетика мен теория жүесінде құрастырылады. Кибернетика Kibernetika (грек тілінде) басқару өнері. Manedgment – (латын. manus -  қол) – ағылшын термині «басқару» терминінің синонимі.

Адам іс-әрекетінің практикасында басқару ғылыми зерттеу пәні болмас бұрын өте көп уақыт ілгері пайда болған.

Ертедегі Египетте біздің эрамызға дейін мың жыл бұрын  басқару үрдістерін орталықтандыру, бақылау, ұйымдастыру, жоспарлау қажеттігі  мойындалған. Онсыз әлемге әйгілі Египет пирамидалары, ертедегі ацтекс қалалары секілді архитектуралық құрылыстар салынып күрделі діни орталықтар мысалы рим-католик шіркеуі белсенді қызмет атқармас еді.

Басқару теориясы жеке ғылыми пән ретінде ХХ ғасыр басында  беки бастады. Басқару үрдісі белгілі бір нәтижеге жету жолындағы адамдардың жалпы іс-әрекеті атқарылатын жерде жүргізіледі. Басқару дегеніміз- топқа, қоғамға немесе оның жеке бөліктеріне тәртіптендіру үшін немесе сапалық спецификасын дамыту үшін әсер ететін шаралар комплексі түрінде анықтама. б) басқару барлық динамикалық жүйелерде жалпы заңдылықтар бойынша жүргізіледі де информацияны алуға өңдеуге және беруге негізделген. (әлеуметтік, психологиялық, биологиялық, техникалық экономикалық, административтік). Әлеуметтік жүйеде басқарудың негізгі белгісі болып субъектінің (басқарушы) мәліметті бағалап анализдеу негізінде күрделі жүйелердегі тура және кері байланысты іске асыруы есептеледі.

Басқарудың әлеуметтік психологиялық теориясының объектісі  болып адамдардың құқықтық экономикалық, саясаттық өндірістік міндеттерді іске асыруда құрылымдарда, топтарда, ұжымдардағы қарым-қатынас формасы есептеледі.

Басқару туралы ілім іштейгі қарама-қайшылықтармен қоса дамиды. Ондай дамуға әсер етуші  факторлар өндірістің қарқынды дамуымен, өнімді одан түсетін өсімді арттырумен тікелей байланысты. Бұл себептерді білу басқару ілімінің даму тарихын дұрыс көре білуге әкеледі. Басқару теориясы тек кейінгі кезеңде ғана жемісті дамыды.

Басқару ғылымының негізгі  мектептері. Басқару теориясында 4 негізгі жолы бар.

    1. Басқарудың негізгі мектептер көзқарасы тұрғысынан.
    2. процестік (үрдістік)
    3. жүйелік
    4. ситуациялық

Осылардың алғашқысы (административтік, ғылыми басқару мектебі) Адамдар  арасындағы қатынас, басқарудың сандық әдістері, мінезқұлықытық пәндердің  ғылыми административтік басқару мектебі. Қалған үш жолы да тарихи жағынан қызықты, бірақ оны көбіне қазіргі кезеңдегі басқару ғылымының сипаттамасы ретінде қолданады.

1885-1920 ж. басқарудың  ғылыми мектебі негізін салушылар  Ф.Тэйлор, Ф.Гилбрет, Л.Гилбрет, Г.  Эмерсон, Генири, Кант. Олардың пікірінше басқару - бұл ерекше мамандық ал ол туралы ілім өзбетінше пән. Негізгі ерекшеліктері: ғылыми басқару мектебін ұстанушылар логикалық талдау мен бақылауды қолдана отырып, жұмысты тиімді орындау үшін жекелеген операцияларды ғылыми жетілдіруді ұсынады. Ғылыми басқару методының 1-ші фазасы – жұмыстың мазмұнын талдау ж/е оның негізгі компонентін анықтау. Негізгі ғылымға қосқан үлесі өндірістің өнімімен көлемін үлкейте отырып, жұмысшыларды белсендіру мақсатымен стимуляциялауды жүйелі қолдануды ұсынды. Бұл басшылардың өндірістік нормаларды қалыптастыруға мүмкіндік беруі.

1920-1950 ж. Басқарудағы  административтік классикалық мектеп. Негізін салушы А.Файоль- француздың  ірі компаниясын басқарушы. Оның жолын қуушылар Л. Урвик, Д.Мунк, Э. Реймс, О.Шелдон, Джеймс Мони. Ерекшелігі – басқарудың әлеуметтік аспектілеріне көп көңіл бөлген жоқ. Осы мектептің жасауымен басқарудың универсалды принціпі құрылды. Бұл екі негізгі аспектіні қамтиды:

  --  ұйымды басқарудың  рационалды жүйесі.

  --  жұмысшыларды басқарумен ұйымның құрылымын жасау.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас  мектеп 1930-1950; мінез құлық туралы ілім тұрғысынан (1950 – осы кезеңге  дейін). Негізін салушылар М.П. Фоллет, Г.Мюнстерберг, М.Вебер, Э. Дюрнгейм. Гелтон Мейо. Одан кейін жүріс-тұрыс, адамның мінез-құлқын зерттейтін ғылым болып есептелді. Адамзат қатынасы үшін қозғалыс ұйымдарының эфективтік негізгі элементі ретінде адамзат факторын қарастыру нәтижесі ретінде дамыды. Менеджмент – басқа адамның көмегімен жұмысты орындауды қамтамасыз ету. Ғылымға қосқан үлесі – адамзат ресурстарының эффективтілігін өсіру арқылы ұйымның, басқарудың нәтижелігін арттыру фактілерін тұжырымдады. Бұл мектеп кең тараған мектеп болып саналады.

Басқарудағы сандық әдістер  мектебі (1950 – осы кезге дейін)№ Бұл мектептің сіңірген еңбек негізгі операцияларды зерттеу әдістемесінен тұрады. Бұл әдістің дамуына компьютерлік технология дамуы түрткі болды. Өз принциптерін жасауда математикалық, статистикалық мәліметтерді қолдады. Негізгі есімі: Фрейдрих Гейлор. Бұл мектептің жұмыстарының нәтижесі де басқару моделі жасалды. Осы моделді қолдану нәтижесінде күрделі басқару мәселесі терең зерттелді. Конфликт жағдайда ұйымдағы кризистік кезеңдерде шешім қабылданған басшыларға көмек ретінде сандық әдістерді басқару моделін қолданды.

Жалпы 4 мектептің басқару  формасы қосқан үлесі:

Ғылыми басқару мектебі  – 1.міндеттерді орындауда тиімді тәсілді анықтау үшін ғылыми талдауды қолданды.2.міндетті орындауға сай  келетін жұмысшыларды таңдау ж/е  оларды оқытумен қамтамасыз ету.3.еңбек өнімділігін көтеру үшін материалды жүйешлі қолдану принциптерін анықтады.4.жұмысты жоспар бойынша орындау тәсілі.

Б.к мектебі – басқару  принциптерін ж/е функцияларын жасады.

А.қ. мектебі – еңбек  өнімділігі мне қанағаттану деңгейін көтеру үшін тұлға аралық қатынастарда басқару тәсілін қолдады.

Б.с.т. мектебі – дайын  модельдер ұсынған.

 

2.БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ  ҚАЗІРГІ ЖАЙЫ.

Қазіргі дүниежүзілік менеджмент дамуын 3 подход бірге жұмылып бір-бірімен  тығыз байланыста (жүйелік, үрдістік, ситуациялық). Көптеген концепциялар, трактовка, мектеп, әдістер болуы нәтижені синтездеп жалпылауда қиындық келтіреді. Басқару теориясының әрі қарай дамуын қамтамасыз ететін ситуациялық жол болып табылады.

Басқару теориясының  қазіргі даму сатысында төмендегідей негізгі тенденцияларды бөліп көрсетуге болады.

  1. Ұйымдастырудың материалдық технолгиялық базасын көп мән беру.
  2. Басқарудың әрі қарайғы демократизациясы. Ұйымдастыруды басқару объектісінен өзін-өзі басқару субъектісіне айналдыру.
  3. Менеджмент пен бизнес интернационализациясы басқарудың жаңа мәселелері.

Басқару теориясының  негізгі бейнесі жоғарыда келтірілген  тенденциялар басқарудың жаңа көзқарасы  қалыптасуына әкелді.

  1. Басқарушылық рационализмнен бас тарту. Басқару иілімді, сыртқы орта өзгерісіне бейімделген болу керек.
  2. Басқаруды жүйе теориясын қолдану.
  3. Басқаруда ситуациялық тұрғыдан келу. Оның негізгі тезисі – мекеменің бүкіл ішкі ұйымдасуы сыртқы әсерге жауап беру.
  4. Менеджменттің әлеуметтік жауапкершілігін бүкіл қоғам алдында әрбір жұмыс істеуші жеке тұлға алдында сезіну.

 

 

 

 

 

 

3.БАСҚАРУДЫ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯ ТҰРҒЫСЫНАН ҚАРАУ ЖОЛДАРЫ

       Басқару теориясында 4 негізгі жолы бар.

  1. Басқарудың негізгі мектептері көзқарасы тұрғысынан.
  2. процестік
  3. жүйелік

      4.ситуацялық.

Осылардың алғашқы  адамдар арасындағы қатынас, басқарудың сандық әдістері,мінез- құлықтық пәндердің ғылыми административтік басқару мектебі.

 Басқару теориясын жалпы  тұрғыдан қарау.

Үрдістік тұрғыдан қарау.

Бұл жол административтік мектептің негізгі идеясын дамытушы, басқарудың негізгі әмбебап функцияларын басқаруды біртекті үрдісіне айналдыруға ұмтылу негізінде құрылған. А.Файоль негізгі бес басқару функцмясын берді: «Басқару дегеніміз» 1) алдын-ала болжау, жоспарлау; 2) ұйымдастыру; 3) шешім қабылдау; 4) координациялау (топтау); 5) бақылау- деді кейіннен ол функциялар толықтырылып, нақтыланды.

Жүйелік жол.

Басқару теориясына «жалпы жүйе теориясы» үлкен әсер етеді. Әрбір ұйым бұл бірнеше бір-бірімен байланысты тұтас жүйенің функциялануын қамтамасыз ететін бөліктер жиынтығынан тұрады. Басқарушы бүкіл мекемені тұтастай оның бөліктерін сыртқы әлеммен байланыстыра көре білуі керек.

Ситуациялық жол.

Оның негізгі тезисі мекеме-ашық жүйе, ол сыртқы әлеммен үнемі қарым-қатынаста 4 негізгі этапы бар.

  1. басшының басқарушылық компонентін қалыптастыру.
  2. ситуацияға қатысты қандай да бір әдістердің нәтижесін алдын ала көріп, анализдеу.
  3. ситуацияның адекваттың трактовкасы оның негізгі факторын анықтау оған әсер етушіні бағалау.
  4. оң  эффектіге жету жолындағы басқару тәсілдерін нақты жағдайлармен сәйкестендіру. Негізгі болып 3 –этап есептеледі.

            

4.БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ.

Басқару жүйесі екіге бөлінеді: басқарушы және орындаушы және оның әрқайсы көп салалы иерархиялық құрылымнан тұрып әрбір жүйе бөлігі өзінің локальды бағытын құрайды.

Әлеуметтік басқару  жүйесі екі индивидуальды субъектінің  белсенді қарым-қатынас үрдісі болып  табылады, олардың әрқайсысының реттелуші  және өзіндік реттелуші қасиеті бар.

Басқарушы мен орындаушы  субъект бола тұрып мақсатқа бағытталған  саналы іс-әрекет атқарады. Олардың  іс-әрекетін ақпаратты өңдеудің төрт деңгейінен тұрады.

  1. ақпаратты жинау және бағалау (афференттік синтез). Түскен ақпараттың бағасы субъектіге тән мотивацияға, оның кәсіптік дайындығына, басқару іс-әрекеттінің тәжірибесіне байланысты.
  2. Мақсат қою, әрекет бағдарламасын құру. Бұл кезеңде мақсаттың алдын алу қалыптасады – ол қажетті (мүмкін болатын) нәтиже бейнесі.
  3. Нақты міндетті шешудегі, мақсатқа жетудегі практикалық (іс-жүзіндегі) әрекет.
  4. Нәтиже бағасы және істі орындауды бақылау. Алынған нәтижені алға қойған мақсатпен салыстыру.

Егер алынған нәтиже мақсатпен сай келсе алға қойған мақсат орындалды деуге болады.

Кез келген әлеуметтік жүйенің жүйе түзуші факторы болып мотив пен мақсат есептеледі; себебі әлеуметтік бірлестіктер мен жеке тұлғалардың (басшы мен орындаушы) іс-әрекеттің бағыты мен мазмұнын көрсетеді. Басқару қатынасының әр түрлілігі ретінде тәртіп пен инициатива көрінеді. Бұл қатынас горизанталь бағытта да вертикаль бағытта да көрінеді.

Әлеуметтік басқару  психологисының негізгі тірегі адамдар, топтар, мекемелер арасындағы қатынастардың  психологиялық аспектісі саналады.

Қазіргі біздің еліміздегі мемлекеттік құрылымның дамуынды нарықтық қатынастың даму кезеңінде басқару мәселесін бөліп көрсету ғылыми тандау мен іс жүзіндегі әрекеттің негізгі сферасы ретінде бөлінеді. Жоғарыда айтқандай ағылшын тіліндегі американдық термин «менеджмент» қолданылады.

Менеджер – экономикалық, өндірістік құрылымдардағы басқару әрекетін орындаушы маман мысалы: банк президенті, қамту бөлімінің бастығы т.б. Менеджмент  - нарықтық экономика жағдайында қолданылатын басқару принциптері мен құралдары жиынтығы. Ғылыми жағынан менеджмент басқарудың (ғылыми) әлеуметтік, техникалық ұйымдастыру аспектілерін оқып үйренетін ғылыми пәндер комплексін береді. Менеджмент басқарудың жалпы принциптерін қалыптастыруды мақсат етіп қояды. Ол принциптерге жататындар.

  • басқару ісінің мақсаты мен міндетін анықтау.
  • міндеттерді белгілі түрлер мен этаптарға бөлу.
  • нақты шараларды құру олардың шешімін анықтау.
  • мекеме ішіндегі әртүрлі бөлімдердің байланысы мен міндеттерін бөлу.
  • мекеменің формальды емес иерархиялық құрырылымдарын жетілдіру.
  • формальды емес құрылымдарды анализдеу, есепке алу.
  • шешім қабылдау мен коммуникация процестерін (үрдістерін) оптимизациялау.
  • әлеуметтік жауапкершілік пен басқарудың эффектілі стилін қалыптастыру жолдарын іздестіру.
  • Менеджердің жеке басының дара сапаларына қойылатын талаптар мен сұраныстарды анықтау.

Информация о работе Басқару психологиясы