Қабілет теориялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 22:26, реферат

Описание работы

Қабілет дегеніміз – адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор.

Содержание

. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
а) Қабілет теориялары
б) Нышан және қабілет
в)Қабілеттердің даралық сипаттары
г)Қабілеттің концепциялары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

кабилет.docx

— 42.89 Кб (Скачать)

    Өмір бақылаулары  мен арнайы зерттеулер қабілеттің  табиғи берілетінін қалтқысыз  дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума  берілмейтінін мойындаумен бірге  психология белгілі іс-әрекетті  табысты орындаудың  шарты болатын  ми құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамуының табиғи негізі болған мидің құрылымы , сезім мүшелермен қозғалыстардың анатомиялық-физиологиялық нәсілдік ерекшеліктері нышан деп аталады. Шын мәнінде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілеттерде емес , дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет дамуының бастауы болғандықтан , адамның барынша жетіліп, кемелдену жолы осы екі құбылыстың  өзара ұштасып , байланысқа келуінен болады.  Нышанның арқасында дамығанымен , қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процесінің нәтиже жемісі.

  Мысалы, ақыл-ес қабілеттері  ең алдымен  ми қызметінен  – қарқынды не бәсен қозулардан, жүйке процестерінің қозғалмалығынан  , уақытша байланыстар түзілімінің   шапшаң не баяулығынан және тағы басқа яғни Павлов генотип (жүйке жүйесінің тума ерекшеліктері) деп атаған құбылыстан көрінеді.  Мидің қанмен қамтамасыз етілуі  де ақыл-сана қабілетіне ықпал жасайды. Толық қан айналымы – ми қызметінің ақыл-ой , зейін шоғырландыру , жақсы есте қалдыру, жүйке байланыстарының тез жүруінің , сана жұмысымен шаршамай , мүлтіксіз жоғары  тиімділікпен орындалуының кепілі.

  Мидің тума қасиеттері  адамның типологиялық ерекшеліктерінде екі түрлі көрінеді(Павлов) :

1. Жоғары жүйке жүйесіне тәуелді

2. Бірінші және екінші  сигналдық арақатынасына байланысты.

  Адам қабілетінің  дамуында жоғары жүйке жүйесінің   типі үлкен маңызға ие.  Осыдан, жүйке процестерінің күші , тепе-теңдігі және қозғалмалығымен байланыса отырып , адамның ұйымдастырушылық қабілеттерінің  қалыптасуына қажет  көптеген еріктік және тілдестік қасиеттерінің түзіліп , орнығуына жәрдемін тигізеді.

  Сонымен нышан деп  –әрбір адамның іштей туа берілетін  анатомиялық , физиологиялық қасиеттерін  айтады. Адам қабілетінің нышаннан  өркендеп , дамуын дұрыс түсіну  үшін ,  мынадай топтарға бөліп,  қарастырып көрелік:

    1. Әлеуметтік өмірде қалыптасып, тұқым арқылы беріліп отыратын нышандар: іштей туа берілетін тілге үйренуі мен интеллектіге байланысты мүмкіншіліктері мен қабілеттері.
    2. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп ,  бірақ туғаннан кейін қалыптасатын нышандар . Нышандардың бұл тобына адамдардың әр-алуан қимыл-қозғалыстары, тік жүруге, сыртқы ортаны ақыл-ойымен сана – сезімі арқылы талдап , біріктіру арқылы танып білуге бейімділігімен байланысты. Нышандардың бұл тобына К.Леви – Стросстың «Ойдың алғашқы табандары» Деген пікірлері де жатады.
    3. Тіршілікте шартсыз рефлекстерді  бөгде тітіркендіргіштер мен ұштастырудан пайда болып отыратын нышандар. 

Адамның сана-сезімі өскен сайын оның нышандарымен  ұсақ қабілеттілігі күрделі қабілеттіліктің құрамына енеді.

Нышан іс-әрекеттің нақты  формасына байланыссыз көп мағыналы келеді: Сондықтан , белгілі бір нышан  негізінде іс-әрекет  талабына орай әртүрлі қабілеттер қалануы мүмкін. Осыдан , жақсы есіту әрі әуен ырғағын  сезінуден адам күй орындаушы, педагог, әнші т.б болары  ықтимал. Сонымен бірге , болашақ қабілеттермен  іс-әрекеттердің  сан алуан болуынан нышан жеке адамның дара таңдамалық қасиетіне негіз болады.

Ұлы ойшыл Кіші Сенека: «Адам  өз қабілетінің қандай екенін бір  іске кіріскенде ғана біледі», - депті. Ол рас. Сол себепті әрдәйім өз ісіңе сын тұрғысынан қарап, одан қорытынды шығара білуің қажет. Сірә, сондықтан да шығар, Дельфий храмында: «Өз бойыңа өзің үңіл» деп жазылып қойыпты. Мұны психологтар көпке дейін айтып та, жазып та жүрді. Мұнан туатын қорытынды: әрбір адамның өмірдегі бағыт, бағдары да, іс-әрекеті де, бәрі-бәрі өзінің бойына үңілуден басталады.

Қабілеттілік – адамның  мінез-құлқын реттеп, оның тіршілік етуіне қызмет етеді, психикалық әрекеттің негізіне, шартына айналады. Қабілеттілікті анықтайтын қасиеттер: сезімталдық, байқағыштық, аңғарымпаздық, зеректік, ойлампаздық, көрегендік, зерделілік, идеяларды оңай туындата алушылық, сөз саптау еркіндігі, тұтас қабылдауға, ұғымдарды салыстыруға (алыстату, жақындату, қиыстыру, т.б.), топшылауға бейімділік және тағы да басқалар. Тек есіңізде болсын, өз қабілетің өз ырқыңа көнеді. Саллюстий айтпақшы: «Әр адам өз тағдырын өзі шешуге тиіс». Ал адам қабілетінің қайнар көзі ешқашанда таусылмайды. Адам қабілеттілігінің артуына байланысты оның дарындылығы мен данышпандылығы да айқындала түседі. Осыған орай психолог-мамандар былай деген: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі», - деген сөз оның іс-әрекететінің өлшемі. Әрине, ауыз ашпай тұрып ән сала аласың ба, дауысың келе ме – жоқ па, білу қиын.Біз қабілеттің бастау алар қайнары бейімділік. Ал қабілеттіліктің ең шырқау шыңы не? Философ, психолог, зерттеушілердің пайымдауынша, ол – дарындылық пен данышпандық, кемеңгерлік. Мұндағы дарындылық – іс барысында үлгі боларлық, жетілген, қоғамдық мәні бар нәтиже алуға мүмкіндік беретін қабілеттілік; данышпандық пен кемеңгерлік – белгілі бір шығармашылық саласында айрықша өзгерістер тудыру.

Ғалым Б.М.Тепловтың түсіндіруінше: «Қабілеттердің дамуының табиғи негізін  құрайтын нышандардың жинағы дарындылық деп аталады... Адамның дарындылығы  оның жоғары жүйке саласының туа  біткен қасиетімен тығыз байланысты. Белгілі бір қабілеттіліктің  дамуына себепші болатын жақсы  нышанға тән қасиеттің бір  белгісі – ондай қабілеттің арнауы педагогикалық шара қолдануды тілемей-ақ өз бетімен ерте көзге түсуі.

Бірақ әрқашан қабілет  пен дарынның ерте дамуын кездестіруге бола бермейді... кейбір қабілет ерте көзге түспеуіне қарап, қабілеттілікке нышан жоқ деген қорытынды жасауға болмайды. Дарынды бірер іске шеберлік дегенмен шатастырмау керек. Қызметті жақсы орындау үшін қабілеттің бір ғана түріне сүйенуге болмайды. Адамға белгілі бір қызметті көңілдегідей атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қыйысуын – қызметтің сол саласына талант деп атайды. Адам неғұрлым талантты, дарынды болған сайын, ол өзінің еңбегін, шығармашылық тапқырлығын үстей береді, сөйтіп, оның еңбегі жігерлі еңбек болады... Талант – «Бұл жұмыс үрдісінің өзін», еңбекті сүюшілік. Еңбекке бейімділік және қабілет әрбір таланттылықтың ең басты құрамасы болады. Әркім өзінің өмірін саналы түрде құруы үшін, өзінің қабілетін дұрыс бағалай білуі керек».

Біздің де пікірімізше, еш нәрсеге қабілетсіз адам жоқ. Тек  жатып ішер жалқаулар ғана өз қабілетін  жарқыратып тұрып көрсете алмайды. Белгілі бір істе адам өз қабілетін таныта алмаса да оны оған мүлдем жарамсыз деп санау – қателік. Адамның бір іске, өнерге деген қабілетінің оянатын, қалыптасып, дамитын, иесін атақ-абырой биігіне көтеретін кезі әрқилы. Тек үмітіңді үзбей, еңбектене біл. Алайда, ойшыл Фалес айтпақшы: «Бәрінен де өзіңнің кім екеніңді білу қиын». Өмірден өз орныңды табу жөнінде де тап солай. Сіз қабілетіңізді, талантыңызды дәл индикатордай өлшейтін, сізді адам қатарына қосатын қолайлы жағдайға тек еңбегіңіз арқылы, еңбеккер ұжымның ішінде жүріп сарыла істеген шығармашылық қызметіңіз арқылы ғана жете аласыз».

Қабілеттің дамып, қалыптасуы әртүрлі деңгейде өрістеп отырады. Оның алғашқы деңгейін репродуктивтік, екінші деңгейін шығармашылық деп атайды. Мұндағы репродуктивтік деңгей – жұрттың бәріне ортақ оқи, жаза, есептей білу, шығармашылық деңгей – арнайы қабілеттіліктің танылуы. Әрбір адам баласы өз бойындағы қабілеттің дамып, қалыптасуындағы алғашқы деңгейінде оқу, білімді игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруда икемділік көрсететін болады. Екінші деңгейде жаңа бір заттар мен туындыларды жасай алатын мүмкіндігін байқатады.

Қабілеттің қандай түрі де еңбекпен дамып, қалыптасады. Ешкім  маңдай терін тамшылатып еңбек етпейінше, оның бойындағы қабілет ешқандай мән-маңызға ие бола алмайды. Өйткені, қабілет ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр-қайрат, ұшқыр  қиял тәрізді адамның жан қуаттарының  сан түрлі жақтарымен тығыз байланысты. Қабілетті адам шығармашылықпен  іс атқармаса, тіпті талантты болса  да өз қабілетінен айырылып қалады. Адам баласы күнделікті тұрмыс-тіршілігінде бар уақытын тамақ ішіп, ұйықтап, арақ-шарапқа салынып өткізбей, қандай да болмасын, бір жұмыспен айналысатын  болса, әр күнгі ісін, қызметін, шаруасын тыңғылықты тындырып отырса, өз бойындағы  қабілетін өлтіріп алмай, дамытып, қалыптастырып отырады. Бұл өмір тәжірибесі дәлелдеген ақиқат. Қабілеттіліктің  даралық ерекшеліетеріне : дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.

Адамның қабілеті жайлы сөз  болғанда оның іс-әрекеттің белгілі  бір түрін орындай алу мүмкіндіктері  есте болады. Мұндай мүмкіндіктер іс-әрекеттерді  меңгеруде айтарлықтай табысқа, еңбекте жоғары көрсеткішке жетуге әкеледі.

Біркелкі тең жағдайларда (дайындық деңгейі, білім, дағды, білік, жұмсалған уақыт, ақыл-ой, дене күші) қабілетті кісі қабілеті төмендеу адамға қарағанда істе мейлінше жақсы нәтиже көрсетеді.

Қабілеттердің бірнеше концепциялары  бар.

1. Тұқымқуалаушылық теориясында  қабілетті дамуы мен көрінуі  тұтастай және толығымен тұқымқуалаушылық  қорына тәуелді биологиялық детерминді  құбылыс ретінде түсінеді. Бұл  ұстанымды белгілі адамның генеологиясы  және энциклопедиялық сөздіктерге  сүйене таланттың тұқымқуалаушылығын  зерттеген Ф. Гальтон ұстанған.

2. Жүре пайда болған  қабілеттер теориясы. 18 ғасырдағы  Гельвецийдің тұжырымдауынша, тәрбие  арқылы данышпандылықтың кез-келген  деңгейін қалыптастыруға болады. Эшби бұл тұжырымды былай жеңілдетті, қабілет бұл тума бағдарламалар  және жұмысқа деген қабілеттілік  арқылы қалыптасады. 

3. Негізінен Кеңестік  психологияда дамыған қабілеттегі  тума және жүре пайда болған  диалектиканы  нақтылаған үшінші  концепция болды. Анатомо –  физиологиялық ерекшеліктер ғана  тума бола алады, ал қабілеттің  өзі – қалыптасу нәтижесі. Қабілеттер  іс-әрекетте қалыптасатындықтан  оның мазмұнына және балаға  іс-әрекеттер мен жетістіктер  этолонын беретін ересектермен  қарым – қатынасқа тәуелді. Осыны негізге ала отырып, П.Я.Гальперин қабілет интериоризация нәтижесі болып табылатындығын анықтаған.

Қорытындылай кеткенде, адам қабілеті баға жетпес мұра. Адам өз қабілеттілігінің белгілерін жастайынан –ақ байқаса , неге бейім екенін мезгілінде сезсе , нұр үстіне нұр болған болар еді. Бірақ, әрқашан солай боп шыға бермейді. Талайлар өзінің қабілетінің қандай екенін де, оны іс жүзінде анықтауды да еш білмейді, сондықтан көпке дейін өмірден өз орнын таба алмай жүреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    1. М.Ә. Құдайқұлов «Қабілеттілік. Дағды. Шеберлік», «Қазақстан» баспасы. 5-8 бет
    2. Ә. Алдамұратов «Қызықты психология», 99-101 бет
    3. Сәбет Бап-БАБА «Жантану негіздері»  80-90 бет. Алматы «Дәнекер» баспасы
    4. Виктор Пекелис «Адам қабілетінің қайнары»  36-41 бет. «Қазақстан» баспасы, 1976 жыл.
    5. Интернет желісі

Информация о работе Қабілет теориялары