Қабілет теориялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 22:26, реферат

Описание работы

Қабілет дегеніміз – адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор.

Содержание

. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
а) Қабілет теориялары
б) Нышан және қабілет
в)Қабілеттердің даралық сипаттары
г)Қабілеттің концепциялары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

кабилет.docx

— 42.89 Кб (Скачать)

«Астана медицина университеті» АҚ

«Неврология, жалпы және медицина психология» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Зейін

 

 

 

Дайындаған: Тұрсын А.Б.

 

 

Тексерген: Исимова А.Е.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2012

 

 

 

Жоспар:

I. Кіріспе

 

II. Негізгі бөлім:

а) Қабілет теориялары

 

б) Нышан және   қабілет

 

в)Қабілеттердің даралық сипаттары

 

  г)Қабілеттің концепциялары

 

III. Қорытынды

 

IV. Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қабілет  дегеніміз –  адамның бір іс-әрекетті орындауда  әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір  көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен  біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан  келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан  бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына  жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор.

Яғни, адам неғұрлым қабілетті  болса, ол соғұрлым қай істі де табысты  орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар  үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұмсағаннан артық  бақыт жоқ. Тек есте болатын бір  жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір  көзге түсетін бірнеше де қабілет  кездеседі. Бұл – Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі. Бірақта  біз оны күндемей, өз бойымыздағы  қабілетті танып-біліп, оны бағалай, баптай білуге тиістіміз. Өмірде кездесетін бір сәтсіздіктен соң: «Менің бойымда  еш қабілет жоқ, бәрібір мен бұл  істі атқара алмаймын», - деген сары уайымға салынып, түңілмегеніміз, өз қабілетімізді одан әрі жетілдіре  түскеніміз жөн.

Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да бір қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз ететін жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде , бір жағынан , өзіндік психологиялық табиғатына ие болудан , екіншіден – әркімде өз алдына , қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті деп аталады. Адам болғанның  барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі-психологиялық құбылыс емес , екіншісі-баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлық дара-өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздерге қарағанда қабілетті адам әс-әрекеттерді тезірек меңгереді, қажетті, мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әртүрлі психофизикалық  қызметтермен психофизикалық процестерді ғана емес , сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму денгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік , дағды әрекеттерінде көрінгенімен, қабілет табиғаты әс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз , ал кейбіреулер арнайы оқып , үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер. Жалпы қабілеттер іс-әрекеттердің барша түрінде қажет. Олар қарапайым және күрделі болып ажыратылады.

Қарапайым қабілеттер - болмысты жай бейнелеуде, қабылдау, ес, ойлау, қиял мен еріктің әдеттегі, барша  тек өкіліне тән деңгейде қалаған  әрекет орындауда іске қосылады.

Күрделі қабілеттер - оқуда, бақылау, шығармашылық істерінде көрініп, ақыл-ес дамуының жоғары деңгейін танытады. Қарапайым және күрделі қабілеттердің  қажетті деңгейдегі дамуы болмаса, тұлға адами іс-әрекеттердің бірде  біріне араласа алмайды.

Іс-әрекет түрлеріне орай арнайы қабілеттер - сызу, көркемөнер - әдеби, нақты-ғылыми (математикалық  және т.б.), тәжірибелік-ұйымдастыру, тұрмыстың-жасампаздық, т.с.с. болып ажыралады.

Қабілеттер тек өкілі  бойындағы білім, ептілік және дағдылармен  шектелмейді. Олар нақты іс-әрекет тәсілдерінің шапшаң әрі берік игерілуінен  көрінеді, тек өкілінің психикалық әрекеттерін реттеп баптаушы тетік ретінде қызмет етеді.

Нақты көрінетін білім , ептілік және дағдылар қатарында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, жерге тастаған дәнмен  бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері жағдайда көрінбей ақ жойылады. Осыдан, қабілет- білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асуы , аспауы көп жәйттерге тәуелді.

Мысалы, балада керемет математикалық қабілеті болуы ықтимал, бірақ ол сол баланың керемет математик ғұлама болатынына кепіл емес. Арнайы шарттар (бағдарлы оқу, шығармашыл педагог, отбасы мүмкіндіктері) орындалмаса , қабілет дамымай жатып өшеді. Қоғам қолдамауынан қаншама даналардың болмай жатып өшіп жатқанын ,  кім санапты? Ал мектепте «үштік» бағаға ептеп ілесіп жүрген Альберт Эйнштейн әлемге әйгілі ғалым-физик болыпты.

Білім, ептілік және дағдылардың  игерілуімен олардың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысында  қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиды,  іс-әрекетке жаңа мазмұнмен сипат береді. Математиканы оқымаған адамның математикалық қабілеті ешқашан да жарыққа шықпайды: оны тек сандарды танып, олармен есеп құрап, мәселе шешу және тағы басқа барысында ғана қалыптасуы мүмкін.

Сонымен, қабілет білім, ептілік  және дағдылардың өздерінде көрінбей , танып үйренуге орай нақты әрекетті тану динамикасында ( тез-шабан, оңай-қиын) байқалады. Іс-әрекеттің нәтижесі, орындалу денгейімен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.

Белгілі бір істі үздік  орындауға мүмкіндік беретін  адамның әртүрлі жеке қасиеттерінің  қиысып келуін , яғни адам қасиеттерінің  синтезін қабілет деп атаймыз.

Қорытындылай келе ,  «қабілет»  түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін ( Б.М Теплов) атайық:

  1. Қабілет- бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.

2. Қабілет- барша тұлғаға  тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай  да бір немесе бірнеше іс-әрекетті  табысты  орындауға жарайтын өзара ептілік.

3. Қабілет нақты адамда  топталған  білім, ептілік және  дағдылардан оқшау, қажет әрекетті  игеру желісінде ғана көрінеді.

Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс-әрекетке  байланысты талаптарды орындай алмаса , оның қабілетінің  жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын  жинақтап , ептіліктермен дағдыларды қалыптастыру үшін талай күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші  педаготар оны оқытып, үйрету үшін үлкен шеберлік пайдалануы лазым.  Әйгілі режиссер В.Немирович – Данченко

«Кім болса , сол режиссер бола алады ма?» деген сұраққа «Әлбетте , әркімде болады, бірақ біреуге ол үшін 3 жыл оқып, тәрбиеленуі қажет, ал екіншіге – 30 жыл, үшіншіге- 300 жыл да аз» - деп жауап беріпті. Сонымен бірге , адам қабілеті уақыт өтумен пайда болып , немесе қандай да қызметке орай қалыптасуы мүмкін.

Көрінген іс-әрекет жеке адам қабілетін дамыта алмайды. Адам тіршілігінің жалпы құрылымына назар аудара отырып , қабілет дамуына ықпалсыз, керісінше,  көрінген қабілет нышандарын тежеп, олардың жойылуына себепші іс-әрекеттер  барын байқау қиын емес. Мысалы, ән-күй не шығармашылық қабілеті бар адам ауыр, қарапайым дене жұмыстарымен шұғылдануына тура келсе , әрине, кейінгі іс ондағы табиғи қаланған қабілеттердің дамуына оң әсер етуі екіталай.

Жеке тұлғаға байланысты дамытушы іс-әрекет жайында әнгіме қозғалғанда , алдымен маңызды болуынан төңірегіне адамның барша мүмкіндіктерін жинақтай алатын іс –әрекет   ескерілуі қажет. Сондықтан, нақты іс-әрекеттің   дамытушылық қасиетін тану үшін , оны жеке адаммен байланыстыра сипаттау керек. Бұл жағынан бүкіл адам өмірімен қабысқан кәсіби қызметтің өзі де иесі үшін аса мәнді де  маңызды болмауы мүмкін. Өндірістік тапсырыстар мен қызметтік міндеттер адамның шығармашылық мүмкіндіктері мен тұрмыстық бай тәжірибесін толық және жан-жақты ашып бере алмайды.

Іс-әрекет адам қабілетін  ұдайы дамыта бермейді, оның себебі- қабілет пен іс-әрекет арасында белгілі сәйкестіктің болмауы. Бұл сәйкессіздіктің мәні : әрқандай өзінде қалаған іс-әрекет мүмкіндіктерін қамтуынан қай бір жағынан нақты орындалып жатқан іс-әрекеттегі қарағанда ауқымда да кең мағыналы. Екінші жағынан , нақты іс-әрекет өзіне қатысты қабілеттен кеңірек болып, басқа да қабілеттерді қажетсінуі мүмкін. «Қалыпты адам өзінің дене және ақыл  қабілеттерінің 10 пайызын ғана пайдаланады. Қолданған және пайдаланбай қалған мүмкіндіктер айырмашылығы – адамның кім болып танылғанымен  әлі де кім болатынының көрсеткіші»(Коупленд)

Осыған орай қабілеттер нақты (актуальный) және мүмкін (потенциальные) болып екіге бөлінеді.

Мүмкін болар қабілеттер нақты іс-әрекеттің қандай да түрінде  көріне бермейді, алайда белгілі әлеуметтік жағдайлардың өзгеруімен қызмет желісіне қосылуы мүмкін. Нақты қабілеттер қатарына жалпы қызмет бабында іске асатыны ғана емес, сонымен бірге дәл бір уақытта және нақты шақтағы әрекетке қажет болғандары да кіреді. Мүмкін болған және нақты қабілеттерді тұлға қабілетінің дамуына ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер өрістей түседі не кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп не пайдалану сәті болмай қалады.

Адам қабілеттерінің табиғаты осы күнге дейін ғалымдар арасында қызған ой-пікір таласын тудырады.  Солардың ішінде өз басымдылығын танытқан , тарихы Платоннан бермен қарай  жалғасып келе жатқан қабілеттердің  биологиялық негізді екендігі және олардың нәсілдікке тәуелдігін дәріптейтін көзқарас. Бұл бойынша оқу мен тәрбие қабілеттердің пайда болу қарқынын өзгертуі ғана мүмкін, ал олардың көрініс беруі бірыңғай емес.  Мысалы, Моцарттың музыкалық дарыны 3 жаста белгіліболған , Гайдн -4, Дина Нұрпейісованың күйшілік өнері 8 жасында  байқалған. Сурет және сәулет өнері қабілеттері кейіндеу білінеді: Рафаэл-8жаста,  Ван-Дейк-10 жаста, Дюрер-15 жаста өнермен айналыса бастаған.

Қабілеттердің нәсілдікке тәуелділігі  туралы ғылыми зерттеулер әр адамның  қабілетін оның миының салмағы және көлемімен байланыстыра түсіндіреді. Белгілі болғандай , ересек адамның  ми салмағы орташа 1400 г. Ұлы тұлғалардың , мысалы , И.С Тургеневтің миы -2012 г, Д.Байрон -1800 г. аталған  көрсеткіштер біршама жоғары болған.  Мұндай дәлелдер біршама баршылық. Бірақ қабілетпен ми байланысына орай  басқаша, кері дәлелдерді де келтіруге болады: Ю. Либиктің миы-1362 г, А.Франстың -1017г . Ал еңғажайыбы , өте ауыр ми 3000 г.артық – ақыл-есі кем адамда байқалған. Солайда болса , кең қауым арасында « миы көп-ақылды» деген ұғым көбірек жайылған , осыдан маңдайы биік , жазық маңдай адамды сыртынан  данаға баламалап, одан келелі ой пікір күтеміз, ал екі , тар маңдайлы адамның қабілетін жоққа шығарып, одан ешбір негізсіз үмітімізді үземіз.

Қабілетіне байланысты  нәсілдік идея Франц Галлдың «  Френология» (phrenos- ақыл,  logos-ғылым) деп аталған психологиялық тағылымында дәріптеледі. Френологтар адамның психикалық ерекшеліктерін оның бас сүйегінің сыртқы формасымен ұштастыруға талпынды. Мұндағы тұжырым мәні : бас миының қабығы белгілі қабілеттерге мекен болған бірнеше орталықтардан құралады. Осыдан мидың тиісті бөлігінің ауқым көлемінен онда мекен алған қабілеттің даму деңгейі   анықталатын көрінеді. Арнаулы зерттеулер негізінде әрқайсысы белгілі дара қабілетке сәйкес келетін бас сүйегінің 27 учаскесі анықталып , картаға түсірілген.  Осы картадан музыка , поэзия, сурет өнеріне сай « қабілет ісіктерін» , менмендік, сарандық, батырлық, «қабілет дөңестерін» , және тағы басқаларды айыруға болады екен.  Дегенмен, кейінгі дәуірде әдейі медициналық ашып көрумен тексергенде, бас сүйегі ми қабығының формасын тіпті де қайталамайтын болып шықты.  Сондықтан адамның ақыл және адамгершілік қабілеттерін бас сүйегінің «дөңестігі» не «сайларымен» анықтау ғылым тұрғысынан  ерсі әрі негізсіз.

Солай да болса Ф. Галль ұсынған мидің қызметі жөніндегі жорамалы ғылым үшін өте маңызды болды. Бұл идея кейін Фрич және Гитциг еңбектерінде өз дәлелін тауып , дами түсті. Аталған бағытты зерттегендер  арасында Дарвиннің эволюциялық теориясына негіздеп , қабілеттің тұқым қуалаушылыққа байланысты екенін тұжырымдаған Ф. Гальтон есімі өз алдына. Әлемге әйгілі тұлғалар өмірнамаларын талдай отырып , ХХ ғ. Котс жоғары қабілеттілігі бірнеше әулетте байқалған 400 адам тізімін түзді. Бұл қатарда аса белгілі болған неміс музыканттарының тобын ұлғайтқан Бах отбасынан шыққандар.  Бах жанұясындағы алғашқы ән-күй қабілеті 1550 жылы көрініс берген. Әулет атасы Бах – қарапайым наубайшы күй тартып, ән салғанды сүйген. Оның екі баласынан өрбіген Германияны екі ғасыр бойы дүркіреткен  музыканттар легі үздіксіз жалғасып барған. Бах жанұясынан 60 музыкант шыққан, солардың 20 аса көрнектілер, ал осы әулетті әлемдің өшпес даңққа бөлеген  әйгілі композитор- Иоганн Себастьян Бах. Осындай ғажайып қабілет құбылысын қазақ ән-күй өнерін дамытуда көзге түскен жерлесіміз Төлеген Момбеков шыққан әулет тарихынан да байқауға болады.

Әлбетте, мұндай әлеуметтік жоғары  қабілеттің нәсілдікпен байланыстылығын ешкімде жоққа шығара алмас , дегенмен бұл арада қабілет негізі ретінде әлеуметтік тәрбиені өте маңызды екенін мойындамауға болмайды. Бесігінен ән-күй теңізінде шарықтап , шалқып өсуіне қолайлы жағдай қалыптаспағанда , сол  бағытта ана сүтімен қосып үлкендердің музыкалық тәрбиесін алмағанда , ол баланың кім болары бір Аллаға аян.

Жоғарыда аталған тұқымқуалаушылық идеяларына тікелей қарсы шыққан ғалымдар тобы оқу мен тәрбие маңызын  бірбеткей әсірелеумен болды. XVIII ғ өзінде –ақ К.А.Гельвеций адамды тәрбие арқылы дарындылыққа жеткізуге  болатындығы туралы ғылыми еңбектерін жариялады. Бұл бағыт тарапындағылар дамуы өте кешеуілдеген тайпа балалары оқу, тәрбие нәтижесінде Европа зиялыларының деңгейіне көтерілгенін дәлелдейтін кейбір деректерді тілге тиек етіп, өз идеяларының дұрыстығын негіздеп бақты.  Сонымен бірге, бұл еңбектер әлеуметтік тәрбие аймағынан мүлде тыс қалған жағдайда жастардың орны толмас зиянға ұшырап, қоғамдық қасиеттерден жұрдай «маугли, тарзан» болатынын бетке ұстады. Мұндай тұжырымдардың ізімен әрқандай адамда оқу мен тәрбиенің негізінде қалаған қабілетті дамытуға болатыны жөнінде қорытынды жасады.Осы көзқарасты қолдаумен американ  ғалымы У.Ушби қабілет ең алдымен балалық шақтан қалыптасқан ақыл-сана  әрекеттер бағдарламасына байланысты екенін дәлелдеп көрсетеді. Қазіргі күнде бұл идеяны ұстанғандар АҚШ-тағы өз дарынды балаларын «өсіретін» арнайы орталықтар ұйымдастырып жатыр (Фладельфия институты) , Қазақстанда арнайы «Дарын» орталығы іске қосылды.

Информация о работе Қабілет теориялары