Зертханалық жұмыс №2 TCP/IP протоколы және оның құрамы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 02:33, курсовая работа

Описание работы

Файл (ағылш. File) — дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.Файл компьютердің бір дерек жинағын екіншісінен айыруына мүмкіндік береді. Мәтін жазылған немесе суреті бар кез келген қағаз құжат сияқты, файл дерек жинағы болып табылады, ондағы деректі бөліп алуға, өзгертуге, жоюға, сақтауға я болмаса басып шығарғыш немесе электрондық пошта бағдарламасы сияқты шығару құрылғысына жіберуге болады. Файлдардың ішінде бағдарлама, бағдарламада қолданылатын деректер немесе пайдаланушы жасаған құжат болуы мүмкін. Әрбір файлдардың кеңейтілімі болады. Файл атауының кеңейтімі (ағылш. File name extension) файл атауындағы нүктеден кейін келеді де, файлда сақтаулы деректер түрін білдіреді. Мысалы, Windows жүйесінде файл атауларының үш әріпті кеңейтімі болады. Example.txt деген файл атауындағы кеңейтім .txt әріптері болады.

Содержание

Кіріспе

І. Зертханалық жұмыс №1
Командалық қабық және оның қасиеттері

II. №1 оқу тапсырмасының орындалу реті
2.1. Copy командасы
2.2. Xcopy командасы
2.3. Move командасы
2.4. Replace және Ren командасы
2.5. Fc командалары
2.6. Del және Erase командалары
2.7. Каталогтар және файлдармен тікелей жұмыс
істеу үшін арналған командалар

III. №2 оқу тапсырмасының орындалу реті
3.1. Дискілермен жұмыс кезіндегі негізгі командалар

ІV. Зертханалық жұмыс №2
TCP/IP протоколы және оның құрамы
4.1. №1 оқу тапсырмасының орындалу реті
4.2. Hostname және Ipconfig командалары
4.3. Arp командасы
4.4. Route командасы

IV. №2 оқу тапсырмасының орындалу реті. Негізгі
Қызметтік утилитасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курсовая.docx

— 1.91 Мб (Скачать)

Кесте 1.3. Xcopy командасының орындалу нәтижесі

п/п.

Кілттік команда

Нәтиже және шығару

(командалардың қолдану  әдісі бойынша)

1.

   

2.

   

3.

   

4.

   

 

Бақылау сұрағы:

Файлдарды көшіру кезінде Xcopy және Diskcopy командалары арасындағы прициптік айырмашылығы не болып  табылады?

«Архивтік»  және «тек оқу үшін» артрибуттарын Xcopy командалары арқылы өзгертуге  болама?Иә болса, калай?

IV.Move командасы бірнеше файлдардың  бір каталогтан екінші каталогқа орын ауыстыруы үшін қызмет етеді.

Move командасының синтаксисі:

 

Сурет 4. Move командасының синтаксисі.

 

Move [{/y|/-y}] [шығу көзі] [нәтиже],

мұндағы параметр:

шығу көзі-орынын ауыстыруға арналған бір немесе бірнеше  файлдардың толық атауы.

нәтиже-таңдалған  файлдардың орынын ауыстыру орнының  толық атауы.

/у-нәтижелік  файлдың қайта жазуға растау  сұранысының шығаруын болдырмайды.

/у- нәтижелік  файлдың қайта жазуға растау  сұранысының шығаруын бастамашылық  етеді.

Тапсырма  №1.1в. Move орын ауыстыру командасының негізгі әдістерін нақты мысалдар негізінде зерртеу.

1.Анықталған  кеңейтілімімен,орналасу орны шығу  көзінде болатын,жолын өзіңіз  таңдап,тағайындау нүктесі d:\Temporary\ болатын кез келген 5 файлды көшіріп алыңыз.Көшіру кезінде алдында оқытылған кез келген әдістерді пайдаланыңыз.

2.Команданы  бір рет пайдаланып,жаңа ғана  көшірілген файлдарды d:\Temporary\ берілген жолымен қайта шығу көзіндегі орнына орналастырыңыз.

Тапсырманы  орындау кезінде келесі нұсқауларды  қолданыңыз:

  • Командалық қабықтың әрбір тапсырмасының пунктінен қажетті кілттерімен сәйкес командаларын таңдаңыз.
  • Енгізу үшін Enter батырмасын басыңыз.
  • Алынған нәтижені зерттеп және жасалған жұмыстан қорытынды шығарыңыз.
  • 1.4. кестесін толтырып, алынған ақпараттарды есеп беруге жазыңыз.

Кесте 1.4. Move командасының орындалу нәтижесі

п/п.

Кілттік команда

Нәтиже және шығару

(команданы қолдану әдісі  бойынша)

1.

   

2.

   

 

 

Бақылау сұрақтары:

Move командасының көмегімен таңдалған файлдың қалай атауын өзгертуге болады,мысал келтіріңіз?

V. Replace командасы тағайындау каталогындағы файлдарды сол атауларымен шығу көзінің басқа каталогындағы файлдарды алмастыруға арналған. Әлі каталогта пайда болмаған файлдарды қосу үшінде осы команда қолдданылуы мүмкін.

Replace командасының синтаксисі:

 

Сурет 5. Replace командасының синтаксисі.

Replace [диск1:][жол1] файл_аты [диск2:][жол2] [/a] [/p] [/r] [/w]

Replace [диск1:][жол1] файл_аты [диск2:][жол2] [/p] [/r] [/s] [/w] [/u],

мұндағы параметрлер:

[диск1:][жол1] файл_аты-файлдың орналасуын,атауын және бастапқы файлдардың жиынтығын береді.

[диск2:][жол2]-нәтижелік файлдың орналасуын береді.Егер параметр берілмесе,онда ағымдағы диск пен каталог қолданылады.

/а-файлдарды  нәтижелік каталогқа қосады. Берілген  параметрді /s  және /u параметрлерімен  бірге қолдануға болмайды.

/p-файлдарды растауымен қосады немесе қайта жазады.

/r-тек оқуға  арналған және жай файлдарды  алмастырады.Егер параметр берілмесе,  бағдарлама тек оқуға арналған  файлдарды ғана алмастыруға тырысады, экранға қателік жөнінде хабарлама  шығарылып, алмастыру операциясы  тоқтатылады.

/w-бастапқы  файлдарды іздеместен бұрын қолданушы  дискжетекке диск салғанға дейін  жүйе күту режимінде болады.Егер  кілт берілмесе, файлдарды Enter пернесін басқаннан кейін алмастыру(қосу) басталады.

/s-тағайындау  каталогының барлық каталогтарынан  файлдарды іздеп сәйкес атауларымен  алмастырады. /а параметрімен сәйкес  бұл параметрді бірге пайдалануға  болмайды.

/u-бастапқы  каталогтағы файлдарға қарағанда  ертерек түрлендіру уақыты бар  файлдарды алмастырады(жаңартады) . /а параметрімен сәйкес бұл  параметрді бірге пайдалануға  болмайды.

Replacе командасының  шектеуі жасырын және жүйелік  файлдар үшін қолданылмауында  болып табылады.

Тапсырма  №1.1г. Replace алмастыру командасының негізгі әдістерін нақты мысалдар негізінде зерртеу.

1.Шығу көзі  каталогында орналасқан,әрбір 2 каталогтағы  тағайындау, келесі жолдармен берілген  d:\Temp\Begin\ және d:\Temp\-End\ кез келген 3 файлды көшіріңіз. Көшіру кезінде алдында оқытылған кез келген әдістерді пайдаланыңыз.

 

2.Алмастыруды  растай отырып, d:\Temp\Begin\ шығу көзі каталогындағы файлын d:\Temp\End\ тағайындау каталогындағы файлымен ретімен алмастырыңыз.

3. d:\Temp\Begin\ шығу көзі каталогындағы файлын алдын ала қандай да бір бейнемен түрлендіріп,түрлендіру мерзімі ертерек жасалған d:\Temp\End\ тағайындау каталогындағы файлымен ретімен алмастырыңыз.

4. d:\Temp\Begin\ және d:\Temp\End\ каталогындағы реті бойынша  үшінші файлда «тек оқу үшін»  атрибутын іске қосыңыз. d:\Temp\Begin\ шығу көзі каталогындағы реті бойынша үшінші файлды d:\Temp\End\ тағайындау каталогындағы файлымен алмастырыңыз.

Тапсырманы  орындау кезінде келесі нұсқауларды  қолданыңыз:

  • Командалық қабықтың әрбір тапсырмасының пунктінен қажетті кілттерімен сәйкес командаларын таңдаңыз.
  • Енгізу үшін Enter батырмасын басыңыз.
  • Алынған нәтижені зерттеп және жасалған жұмыстан қорытынды шығарыңыз.
  • 1.5. кестесін толтырып, алынған ақпараттарды есеп беруге жазыңыз.

Кесте 1.5. Replace командасының орындалу нәтижесі

п/п.

Кілттік команда

Нәтиже және шығару

(командаларды қолдану  әдісі бойынша)

1.

   

2.

   

3.

   

4.

   

 

Бақылау сұрағы:

Файлдар топтарының алмастырылуы қалай жүзеге асырылатынына  жазбаша мысал келтіріңіз?

VI.Ren(Rename) командасы файлдардың атын өзгерту үшін арналған.

Ren командасының синтаксисі:

 

Сурет 6. Ren командасының синтаксисі.

 

Ren [диск:][жол] файл_аты1 файл_аты2,

мұндағы параметр:

[диск:][жол] файл_аты1-атын өзгерту керек файлдың аты және орыны.

файл_аты2-файлдың жаңа аты; атын өзгерту кезінде диск және каталог беріле алмайды.

Тапсырма  №1.1д. Ren(Rename) алмастыру командасының негізгі әдістерін нақты мысалдар негізінде зерртеу.

  1. Анықталған кеңейтілімі,орналасқан орны бойынша, жолды өзіңіз таңдап,тағайындау нүктесі d:\Temp\  жолымен берілген кез келген 5 файлды көшіріп алыңыз.
  2. d:\Temp\  жолымен берілген барлық көшірілген файлдардың түрлерін басқа, өзіңіз таңдаған түрге өзгертіңіз.
  3. d:\Temp\  жолымен берілген барлық файлдарды Renamed1.Ren, Renamed2.Ren, … , Renamed5.Ren. файлдарының атауларына өзгертіңіз.

Тапсырманы  орындау кезінде келесі нұсқауларды  қолданыңыз:

  • Командалық қабықтың әрбір тапсырмасының пунктінен қажетті кілттерімен сәйкес командаларын таңдаңыз.
  • Енгізу үшін Enter батырмасын басыңыз.
  • Алынған нәтижені зерттеп және жасалған жұмыстан қорытынды шығарыңыз.
  • 1.6. кестесін толтырып, алынған ақпараттарды есеп беруге жазыңыз.

Кесте 1.6. Rename командасының орындалу нәтижесі

п/п.

Кілттік команда

Нәтиже и шығару

(команданың орындалу  әдісі бойынша)

1.

   

2.

   

3.

   

 

VII. Fc утилитасы және аттас командасы екі файлдың салыстыруын және арасындағы айырмашылығын шығаруды қамтамасыз етеді.

Fc командасының синтаксисі:

 

Сурет 7. Fc командасының синтаксисі.

 

Fc [/a] [/b] [/c] [/l] [/lbn] [/n] [/t] [/u] [/w] [/nnnn] [диск1:][жол1]файл_аты1 [диск2:][жол2]файл_аты2,

мұндағы параметр:

/а-ASCII мәтіндің  режиміндегі салыстыруының қысқаша  қорытындысын береді. Барлық айырмашылығы  бар жолдардың қорытындысының  орнына тек бастапқы және соңғы  жолдарының айырмашылықтары шығарылады.

/b-файлдарды  бинарлық режимде салыстырады.Екі  файл байттан кейін байт бойынша  салыстырылады.Бұл режим келісім  бойынша кеңейтілімі мынадый  бинарлық файлдарды салыстырады: .exe, .com, .sys, .obj, .lib или .bin.

/с-бас және  кіші әріптердің есептеуінсіз  салыстырады.

/l-файлдарды  ASCII мәтіндік режимінде салыстырады.  Екі файлды айырмашылық табылғанға  дейін реттік салыстырады. Бұл режим келісім бойынша кеңейтілімі мынадый бинарлық файлдарды салыстырады: .exe, .com, .sys, .obj, .lib или .bin.

/lbn-ішкі буфердің n жолының санын береді. Егер салыстырылып жатқан файлдағы айырмашылығы бар жолдар, келісіммен буфер ұзындығының саны 100 жолда болса, салыстырылу тоқтатылып қателік туралы хабарлама шығарылады: «Не удается выполнить синхронизацию строк. Слишком мно-го различий между файлами».

/n-мәтіндік  режимде салыстыру кезінде жолдар  нөмерінің шығарылуын береді.

/t-пробелдегі  белгі табуляциясының пайда болуынан  команданың алдын алады.Келісім  бойынша табуляторлар әрбір сегізінші  позицияда тоқтатылуында бос  орындармен(пробелы) ауыстырылады.

/u-Unicode мәтіндік  форматында файлдарды салыстырады.

/w-салыстыру  кезінде бос орындармен табуляциялардың  қысылуын(сжатие) береді.

Егер жолда  бірнеше бос орын немесе табуляция  қатарынан болса, /w параметрін қолдану  кезінде олар бір белгі секілді  қарастырылады.Жолдың басында және аяғында бос орындар мен табуляциялар еленбейді.

/nnnn-Файлдарды салыстыру кезінде дәл келетін жолдардың санын береді. Егер файлдағы дәл келетін жолдардың саны nnnn-нан кіші болса, онда айырмашылығы ретінде дәл келетін жолдары шығарылады.

[диск1:][жол1]файл_аты1-салыстырылатын бірінші файлдың атауы мен орналасу орнын көрсететін негізгі параметр.

[диск1:][жол2]файл_аты2- салыстырылатын екінші файлдың атауы мен орналасу орнын көрсететін негізгі параметр.

Файлдарды ASCII мәтіндік режимінде салыстыру кезінде  олардың арасындағы айырмашылық  келесі ретпен көрсетіледі:

  • Файл_аты1
  • Файлдарда айырмашылығы бар,Файл_аты1 параметріндегі жолдар
  • Екі файлдада дәл келетін бірінші жол
  • Файл_аты2
  • Файлдарда айырмашылығы бар,Файл_аты2 параметріндегі жолдар
  • Екі файлдада дәл келетін бірінші жол

Файлдары  бинарлық режимде салыстыру кезінде, табылған сәйкессіздік xxxxxxxx: yy zz түрінде  көрсетіледі. хxxxxxxx өлшемі он алтылық  адреске қатысты айырмашылығы бар  байттың жұптарын көрсетеді.yy және zz он алтылық өлшемдері файлдардағы  айырмашылығы бар байттар сәйкес 1 және  2 атаулары арқылы таныстырады.

Тапсырма  №1.1е. Fc салыстыру командасының негізгі әдістерін нақты мысалдар негізінде зерртеу.

1.Екі мәтіндік  файлдарды салыстырыңыз, олардың   жолдарын өздеріңіз беріңіздер.Салыстырудың  нәтижесін Result.txt файлына енгізіңіз.

2.Екі бинарлық  файлдарды салыстырыңыз, олардың  жолдарын өздеріңіз береңіздер. Салыстырудың нәтижесін Result.txt файлына  енгізіңіз.

Тапсырманы  орындау кезінде келесі нұсқауларды  қолданыңыз:

  • Командалық қабықтың әрбір тапсырмасының пунктінен қажетті кілттерімен сәйкес командаларын таңдаңыз.
  • Енгізу үшін Enter батырмасын басыңыз.
  • Алынған нәтижені зерттеп және жасалған жұмыстан қорытынды шығарыңыз.
  • 1.7. кестесін толтырып, алынған ақпараттарды есеп беруге жазыңыз.

Информация о работе Зертханалық жұмыс №2 TCP/IP протоколы және оның құрамы