Зертханалық жұмыс №2 TCP/IP протоколы және оның құрамы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 02:33, курсовая работа

Описание работы

Файл (ағылш. File) — дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.Файл компьютердің бір дерек жинағын екіншісінен айыруына мүмкіндік береді. Мәтін жазылған немесе суреті бар кез келген қағаз құжат сияқты, файл дерек жинағы болып табылады, ондағы деректі бөліп алуға, өзгертуге, жоюға, сақтауға я болмаса басып шығарғыш немесе электрондық пошта бағдарламасы сияқты шығару құрылғысына жіберуге болады. Файлдардың ішінде бағдарлама, бағдарламада қолданылатын деректер немесе пайдаланушы жасаған құжат болуы мүмкін. Әрбір файлдардың кеңейтілімі болады. Файл атауының кеңейтімі (ағылш. File name extension) файл атауындағы нүктеден кейін келеді де, файлда сақтаулы деректер түрін білдіреді. Мысалы, Windows жүйесінде файл атауларының үш әріпті кеңейтімі болады. Example.txt деген файл атауындағы кеңейтім .txt әріптері болады.

Содержание

Кіріспе

І. Зертханалық жұмыс №1
Командалық қабық және оның қасиеттері

II. №1 оқу тапсырмасының орындалу реті
2.1. Copy командасы
2.2. Xcopy командасы
2.3. Move командасы
2.4. Replace және Ren командасы
2.5. Fc командалары
2.6. Del және Erase командалары
2.7. Каталогтар және файлдармен тікелей жұмыс
істеу үшін арналған командалар

III. №2 оқу тапсырмасының орындалу реті
3.1. Дискілермен жұмыс кезіндегі негізгі командалар

ІV. Зертханалық жұмыс №2
TCP/IP протоколы және оның құрамы
4.1. №1 оқу тапсырмасының орындалу реті
4.2. Hostname және Ipconfig командалары
4.3. Arp командасы
4.4. Route командасы

IV. №2 оқу тапсырмасының орындалу реті. Негізгі
Қызметтік утилитасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курсовая.docx

— 1.91 Мб (Скачать)

1.2.Зертханалық  жұмысты орындауға дайындық.

Windows XP ОЖ-сіндегі  командалық қабық арқылы файлдар,  дискілер, томдармен жұмыс кезінде  қолданылатын негізгі командалар  мен қызметтік утилиталар қатарына  жататындар: Assoc, Attrib, Cacls, Cd, Chdir, Chkdsk, Chkntfs, Comp, Compact, Convert, Copy, Date, Del, Dir, Diskcomp, Diskcopy, Erase, Fc, Find, Findstr, Format, Label, Md, Mkdir, Move, Print, Rd, Recover, Ren, Rename, Replace, Rmdir, Subst, Tree, Type, Vol, Xcopy және т.б.. Осы командалар бойынша қосымша ақпараттар, және де олардың қолдануы және мысалдар Windows XP ОЖ-нің анықтамасының сәйкес бөлімдерінде көрсетілген.(Пуск|Справка и поддержка).Командалық қабықтың жолында Help командасын теріп, Enter батырмасын басу арқылы да осы командалар бойынша анықтамаларды алуға болады. Windows XP ОЖ-нің командаларының толық тізімі, сонымен қатар ОЖ-нің анықтамасында  ресми деклрация жасалмаған командалар Майкрософт корпорациясының  ресми сайтында http://www.microsoft.com немесе тікелей Интернет ғаламдық желісінен табуға болады.

Объективті  себептері бойынша команда жұмыстары, мысалы, Format және Convert командалары үйрету процессі негізінде толықтай жүзеге асырылуы мүмкін емес. Сондықтан осы зертханалық жұмыстың міндеті жұмысты көрсету және командалардың мүмкіндіктерімен танысу болып табылады. Бұл зертханалық жұмыста негізгі командалар жиынтығымен және файлдар, иілгіш дискілермен(3,5 иілгіш дискісі зертханалық жұмыстың әдістемелік қамтамасыз етуіне кірмейді) жұмыс жасауымен таныстыру және командалық қабықты қолдануымен жүзеге асырылатын бірнеше оқу тапсырмаларын орындау жобаланады.

Зертханалық жұмысты Windows XP ОЖ-сінде орындамастан бұрын келесілерді орындау қажетті:

  1. Windows XP ОЖ-сін жүктеу және анықтамалық мәзірді белсендіру(активировать).(Пуск|Справка и поддержка).
  2. Cmd.exe командалық интерпретаторының сипаттамасымен және синтаксистік енгізуімен таныстыру.
  3. Келтірілген командалардың  және қызметтік утилиталардың синтаксистік енгізуі мен сипаттамасын таныстыру.

1.3.1.Оқу  тапсырмасы №1. Windows XP ОЖ-сіндегі файлдармен жұмыс кезіндегі негізгі командалар және қызметтік утилиталарды зерттеу.

Орындалу  реті:

I.Командалық  қабықты жүктеу.

  • Пуск/Выполнить батырмасын басыңыз
  • Пайда болған терезеде Cmd.exe командасын теріңіз(немесе жай cmd)
  • Енгізу үшін Enter-ді басыңыз.

II.Командалық  қабық ортасында қол жетімді  және бір немесе бірнеше файлды  орналасу нүктесінен берілген  бір маршрутпен, тағайындалған орынға  көшіру анықталған басқа маршрутпен  көшіруді жүзеге асыратын ең  негізгі командалардың бірі Copy.  Файлдарды көшіруді сол атауларымен немесе басқа атаулармен(көшіру процессінде өзгерту арқылы)жасауға болады. Сонымен қатар, бір емес бірнеше файлдың көшірілуін қамтамасыз ететін жұлдызша символы(*) және сұрақ белгісі(?) командалық жолда команданы қалыптастыруда қолдануға болады.

Copy командасының синтаксисі:

 

Сурет 2. Copy командасының синтаксисі.

 

Copy [/d] [/v] [/n] [{/y | /-y}] [/z] [{/a | /b}] шығу көзі[{/a | /b}] [+ шығу көзі [{/a | /b}] [+ ...]] [тағайындау [{/a | /b}]],

Мұндағы параметрлер:

/d-шифрленген  файлды құру мүмкіндігін нұсқайды.

/v-файлдың  көшірілуінің дұрыстығын файл  көшірмедерін салыстыру арқылы  тексереді.

/n-егер көшірілген  файлдың атауындай ат табылып,сонымен  қатар 8.3 қатарын қанағаттандырмаса,  көшірілетін файлдың қысқа атауын  қолданады.

/y-соңғы бар  файлдың қайта жазылуын растайтын  шығару сұранысын  қайта алңыныз.

/-y-соңғы  бар файлдың қайта жазылуын  растайтын сұраныс шығарылуына  бастамашылық етеді.

/z-файлдарды  желі бойынша қайта құру режиминде  көшіру. Егер көшіру фазасы кезінде  желілік қосылу жоғалса(мысалы, егер  сервер қосылуды үзіп, автономдық  режимге ауысса), команда қосылуды  қайта қалпына келтіргеннен кейін  көшіруді жалғастыруға мүмкіндік  береді. Одан басқа, бұл параметр  әрбір файл тобы үшін көшіру  операциясының аяқталуы туралы  хабарды процент түрінде көрсетеді.

/а-ASCII қалпындағы  мәтіндік файлға нұсқайды

/b-бинарлы  файлға нұсқайды. Бұл параметр  келісім бойынша(по умолчанию)  беріледі және каталогтағы файлдың  размеріне тең байт санын командалық  интерпретатор арқылы санауды  қамтамасыздандырады.

Шығу көзі(источник)- көшіру талап етілетін файл немесе файлдар тобының орналасуын анықтайтын қажетті параметр. Бұл параметр дискінің, файлдың, буманың атауында қос нүкте  кездесетін (:),файлдың толық атауымен берілуі мүмкін. Плюс (+)символы шығу көздерін біріктіруді қамтамасыз етеді.

Тағайындау(назначение)- көшіру талап етілетін файл немесе файлдар тобының қонысын анықтайтын қажетті параметр. Егер соңғы файл берілмесе, онда келісім бойынша  файл сол атауымен, ағымдағы дисктің  ағымдағы каталогындағы уақыты мен  мерзімі көшіріледі. Егер бастапқы файл ағымдағы дисктің ағымдағы каталогында  бола тұрып, команданың орындалуы келесі қате туралы хабарламамен шығарылады: «Невозможно скопировать файл в себя. Скопировано файлов: 0».

Copy командасы  ұзындықтары 0-тең файлдарды көшірмейді. Бұл операцияны орындау үшін Xcopy командасы қызмет етеді.

Файлдың мазмұнын өзгертусіз уақытты түрлендіру ретінде  ағымдағы уақытты және мерзімді орнату керек болса, онда клесі синтаксисті  пайдалану қажет: Copy /b шығу көзі+ «Үтірлер тағайындау параметрін ауыстырады».

№1.1а. Тапсырмасы. Copy көшіру командасының қолдануның негізгі тәсілдерін нақты мысалдармен зерттеу.

1.Анықталған  кеңейтілімімен жолын өзіңіз  беретін орында орналасқан,қолдану  нүктесі d:\Temp\ жолымен берілген  барлық файлдарды көшіріңіз.

2. Анықталған  кеңейтілімімен жолын өзіңіз  беретін орында орналасқан, қолдаун  нүктесі басқа жолмен берілген  барлық файлдарды көшіріңіз.

3.Жолын өзіңіз  және қолдану нүктесін сол  жолмен беретін,файлдың атауының  басына «сору» жолын қосып,  анықталған атымен файлдарды  қайталаңыздар.

4.Екі мәтіндік  файлды(*.txt)  жолдарын өзіңіз беретін,  толық атауы d:\Temp\Merged.txt. болатын  бір файлға біріктіріңіз.

5.Соn шығу  көзін қолдана отырып, мәтіннің  бөлігін жолын өзіңіз беретін  мәтіндік файлға енгізіңіз.Жолды  енгізудің соңының белгісі Enter болып табылады. Мәтінді файлға  енгізудің соңының белгісі Ctrl+Z және Enter батырмаларының басылуы.

6. Ағымдағы  тапсырманың алдыңғы пунктінде  алынған мәтіндік файлдың соңына  пернетақта арқылы бірнеше жолдарды  енгізіңіз.

Тапсырманың орындалуы кезінде келесі нұсқауларды  белгілеңіздер: 

  • Командалық қабық терезесіндегі әрбір тапсырмалық пунктінен қажетті кілттерімен сәйкес командаларды теріңіз.
  • Енгізу үшін Enter-ді басыңыз.
  • Алынған нәтижені зерттеп және жасалған жұмыс туралы қорытынды жасаңыз.
  • 1.2. кестесін толтырып, алынған ақпараттан отчет жасаңыз.

Кесте 1.2.. Copy командасының орындалуының нәтижесі

п/п

Кілтті командалар

Команданы қолдану тәсілінің қолдануы мен шығарылуы

1

   

2

   

3

   

4

   

5

   

6

   

 

Бақылау сұрағы:

Copy командасы  арқылы мәтіндік текстті теру  үшін,тағайындау(назначение) параметрі  ретінде нені таңдау керек? Copy командасын қолданып, кез келген  мәтіндік файлды шығарып көріңіз.

III.Алдыңғы  команданың функционалын кеңітетін  және тек қана файлдардың емес  файл топтарының, каталогтардың,  ішкі католагтардың көшірілуін  жүзеге асыратын басқа команда Xcopy деп аталады.

Xcopy командасының синтаксисі:

 

Сурет 3. Xcopy командасының синтаксисі.

Xcopy шығу көзі [нәтиже] [/w] [/p] [/c] [/v] [/q] [/f] [/l] [/g] [/d[:мм-дд-гггг]] [/u] [/i] [/s [/e]] [/t] [/k] [/r] [/h] [{/a | /m}] [/n] [/o] [/x] [/exclude:файл1[+[файл2]][+[файл3]] [{/y | /-y}] [/z],

Мұндағы параметрлер:

Шығу көзі-көшіру үшін берілген фаулдың атауымен тұрған жерін көрсететін міндетті параметер.

Нәтиже- көшіру талап етілетін файл немесе файлдар тобының қонысын анықтайтын қажетті параметр. Бұл параметр дискінің, файлдың, буманың атауында қос нүкте кездесетін (:),файлдың толық атауымен берілуі мүмкін. Егер нәтиже параметрі берілмесе, кһшіру ағымдағы каталогқа жүргізіледі.

/w-көшірудің  басталуының растауын күтуімен  келесі хабарламаны шығарады  «Нажмите любую клавишу, чтобы начать копирование файлов» ( «файлдардың көшіруін бастау үшін кез келген пернені басыңыз»)

/p-файл нәтижесін  құру кезінде растауды сұратады

/c-көшіру  процессіндегі қателіктерді елемейді

/v-көшіру  процессінде әрбір көшірілген  файлды оның түпнұсқасының сәйкестігіне  тексереді

/q-көшіру  процессінде командалар және  файл атауларын хабарламалық  экранына шығаруды болдырмайды

/f-көшіру  процессінде файл нәтижесін және  бастапқы файл атауларын шығарады

/l-көшірілген  файлдардың тізімні шығарады

/u-тек нәтиже  каталогында бар шығу көзіндегі  файлдарды(файлы-источники) ғана  көшіреді(жаңартады)

/d-[:мм-дд-гггг]-берілген  уақыттан кейін өзгертілген файлдарды  ғана көшіреді. Егер мм-дд-гггг  мағынасын іске қоспаса,нәтижелік  файлдарда жаңадан пайда болған  барлық шығу көзіндегі файлдарды  көшіреді.

/i-егер щығу  көзі болып қойылатын белгілері(мысалы, жұлдызша *) бар каталог немесе  шығу көзі болса және нәтиже  болмаса, онда нәтиже-жаңадан  құрылған каталогтың атауы болып  саналады. Келісім бойынша команда  параметр каталогтың нәтижесі  немесе файл болып табылуының  растауын сұратады.

/s-каталогтар  және ішкі каталогтарды олар  бос болмаған жағдайда ана  көшіреді.

/e- бос және  бос емес каталогтардың барлық  каталогтарды көшіреді.

/t-ішкі каталогтың  құрылымын(ағашын) көшіреді.

/k-«тек оқу  үшін»(«только для чтения») атрибутты  файлдарды көшіріп, бұл атрибіттарын  файлдардың көшірмелерінде де  сақтайды.

/r-«тек оқу үшін»(«только для чтения») қол жетімді файлдарды алмастырады.

/h-жасырын  және жүйелік файлдарды ғана  көшіреді.

/а-«архивтік»  атрибуты бар файлдарды ғана  көшіреді.

/m-«архивтік»  атрибуты бар файлдарды ғана  көшіреді./m параматерінің /а параметрінен  айырмашылығы,/m параметрі файл көшірмелерінде  «архивтік» атрибуттарын жояды.

/n-NTFS файлдық  жүйесіндегі қысқа атауларды  қолданатын файлдарды ғана көшіреді.Бұл  параметр NTFS файлдық жүйесінен FAT файлдық жүйесіне көшіргенде  немесе FAT  жүйесіндегідей диск-нәтижесінде  8.3. стандартының  қолданылуы талап  етілгенде қолданылады.

/о-файлдарды  тиістілік мәліметі және рұқсатты  басқарудың таңдау кестесі туралы  мағлұматын (DACL) көшіреді.

/x-файлдың  аудит параметрі туралы ақпараты  және рұқсатты басқарудың жүйелік  кестесі (SACL) туралы мағлұматын  көшіреді. (/p параметрінің бар болуы  түсіндіріледі)

/exclude: файл1[+[файл2]][+[файл3]]-жолдардан тұратын файлдар кестесін анықтайды. Әрбір жол файлдың жеке сызықтарында орналасу керек.

/у-түпкі  файлды қайта жазуды растауға  шығару сұранысын бодырмайды.

/-у- түпкі  файлды қайта жазуды растауға  шығару сұранысын тіркейді.

/z-қайта жіберу  режиміндегі желі бойынша файлдарды  көшіреді. Егер көшіру фазасының  уақыты кезінде жүйелік қосылу  жоғалса, онда команда қосылудың  қайта қалпына келтірілуінен  кейінле жалғастыруды рұқсат  етеді.

 №1.1б. Тапсырмасы.  Xcopy көшіру командасының негізгі әдістерін нақты мысалдар негізінде зерттеу.

1. Барлық  бос және жасырын файлдардың  және ішкі каталогтардың жолын  және қоныстағы орналасуын, басқа  жергілікті дискіде тағайындау  нүктесін өзіңіз беріп көшіріңіз.Және  де қайта жазудың растау сұранысын  бастамашылық етіңіз(инициируйте).

2. Барлық бос каталогтардың жолын және қоныстағы орналасуын, басқа жергілікті дискіде тағайындау нүктесін өзіңіз беріп, каталогтың ағашын көшіріңіз.

3. «Архивтік»  және «тек оқу үшін» атрибуттары  сақталған, жолын және қоныстағы  орналасуын өзіңіз берген,тағайындау  нүктесі, d:\Temp\ жолымен анықталған  нәтижелік файлдарды көшіріңіз.

4.Мерзімі  анықталған мерзімінен бұрын  барлық файлдарды және ішкі  каталогтарды көшіріңіз. Шығу  көзін және тағайындау нүктесін  өзіңіз беріңіз. Көшіру процессіндегі  файлдар тізімін көрсетіңіз.

Тапсырманың орындалуы кезінде келесі нұсқауларды  қолданыңыз:

  • Командалық қабықтың әрбір тапсырмасының пунктінен қажетті кілттерімен сәйкес командаларын таңдаңыз.
  • Енгізу үшін Enter батырмасын басыңыз.
  • Алынған нәтижені зерттеп және жасалған жұмыстан қорытынды шығарыңыз.
  • 1.3. кестесін толтырып, алынған ақпараттарды есеп беруге жазыңыз.

Информация о работе Зертханалық жұмыс №2 TCP/IP протоколы және оның құрамы