Turbo Pascal тілінде шартты операторлармен жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2013 в 11:10, курсовая работа

Описание работы

Паскаль бағдарламалау тілі (француз математигі және философы Блез Паскальдің (1623-1662) құрметіне) 1968-1971 ж.ж Информатика Институты Швейцариялық жоғарғы политехникалық мектептің директоры, профессор Никлаус Вирттың еңбегімен құрастырылған. Паскаль тілі алғашында бағдарламаны жүйелік деңгейде оқу үшін, кейіннен кеңейтілген көлемде кәсіби бағдарламалау құралы болып құрастырылды.

Содержание

Кіріспе ..............................................................................................................


І Тарау. Turbo Pascal тілінің операторлары

1.1 Паскаль тілінің операторы.............................................................
1.2 Меншіктеу операторы.....................................................................
1.3 Мәліметтерді енгізу операторы.....................................................
1.4 Мәліметтерді шығару операторы.................................................
1.5 Циклді оператор...............................................................................


ІІ Тарау. Turbo Pascal тілінде шартты операторлармен жұмыс..
2.1 Шартты операторлар туралы түсінік...................................................
2.2 Программа құруда шартты операторларды пайдалану...................


Қорытынды....................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................

Работа содержит 1 файл

шартты оператор.doc

— 148.00 Кб (Скачать)

 REPEAT <оператор> UNTІL <шарт>                 

{бір оператор қайталанады}

мұндағы  UNTІL-түйінді сөз, “дейін” болып аударылады. Ал бірнеше оператор қайталанатын жағдайдағы жазылуы:   

 REPEAT  <1-оператор>;                 

<2-оператор>;                         

?                 

<n-оператор>;   

 UNTІL    <шарт>;

Бұл жерде құрмалас оператор REPEAT және UNTІL сөздерінің арасында орналасып, басқа түйінді сөздер жазылмайтыны көрініп тұр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ  Тарау.     Шартты оператор

2.1 Шартты операторлар  туралы түсінік

        Паскаль тілінің программасы  блоктардан тұрады. Қандай да  бір блок ішінде  басқа да  кішігірім  блоктар орналасуы  мүмкін. Блоктар екі бөлімнен  тұрады, Олардың алғашқысы – мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі – сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс-әрекеттерді (операцияларды, амалдарды) атқару бөлімі.

       Мәліметтерді  сипаттау бөлімінің болуы міндетті  емес, ал екінші негізгі бөлімнің  болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок жергілікті (локальді) блок деп аталады.

       Сонымен  кез келген программа синтаксистік  ереже бойынша тақырып пен  блоктардан тұрады.

       Негізгі  блок – негізгі программа блогы,  сондықтан ол басқа блоктарға  кірмеуі тиіс. Жергілікті блоктарға процедуралар мен функциялар кіреді, олар кейбір программаларда болмауы мүмкін.

 


 

 

                               

                                 Прграмма құрылымының диаграммасы

 

       Программалардың  негізгі обьектілері болып саналатын  айнымалы, тұрақты және олардың типтері орналасқан блогына байланысты басты немесе жергілікті деп аталады. Программа обьектілерінің де жұмыс істеу, ықпал ету аймағы  сол өздері орналасқан блокпен шектеледі. Блоктық құрылым программа мәтінін тиянақты түрде қатесіз құрастыруға мүмкіндік береді.

       Турбо  Паскаль программасының тақырыбын  (атауын) жазбай кетуге де болады, бірақ жалпы Паскаль тілінің  стандарты бойынша программада  тақырып болуы қажет.

       Сонымен  Паскаль тіліндегі кез келген  программаның тақырыбы, одан кейін сипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі толық жағдайда 7 бөліктен тұрады, олар:

    1) программамен  байланысатын кітапханалық модульдер  атауларының тізімі (ол uses  түйінді  сөзімен басталады);

   2) белгілерді (label) сипаттау;

   3) тұрақтыларды (const) сипаттау;

   4) мәліметтер типтерін (type) анықтау;

   5) айнымалыларды  (var) сипаттау;

   6) процедураларды (procedure) сипаттау;

   7) функцияларды (function) сипаттау;

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            

 

 

 

 

 

Осы айтылғандарға байланысты программа құрылымы мынадай болуы  қажет:

   program   <программа аты> (Input, Output)

   uses       <1-атау, 2-атау, 3-атау, ...>;

   label       ...;

   const       ...;   

   type        ...;

   var           ...;

   procedure <процедура аты>;

                      <процедура тұлғасы>;

   function    <функция аты>;

                     <функция тұлғасы>;

   begin

    <1-оператор>;

    <2-оператор>;

    …

    <n-оператор>

   end.

 

  Тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді атқарылады. Кейде бір тармақ ішінде ешбір амал орындалмай да қала береді. Шарт ретінде логикалық өрнектің мәні пайдаланылады. Турбо Паскальда екі шартты оператор бар, олар: if және case.

      If шартты  операторы. If егер операторы программадағы  іс- әрекеттердің орындалу реттілігін  өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Оның синтаксистік диаграммасы көрсетілген.

      Диаграммадан  көрінгендей бұл оператор мынадай  түрлердің бірінде жазылады:

       If <шартты өрнек>

             THEN <1-оператор>

              ELSE <2-оператор>;

 Немесе қысқартылған  түрде    

 

        If<шартты өрнек> 

              THEN <1-оператор);

                  (оқылуы:  IF- иф,  THEN- зен,  ELSE -элс).Мұндағы  1- және 2- операторлардың өздері қарапайым  немесе құрама оператор болуы  мүмкін.

IF сөзінен соң жазылатын өрнек түрінде берілген шарт алдын ала есептеледі, оның нәтижесі логикалық(boolean-бульдік) типте болады.Егер ол шарттың мәні TRUE ақиқат болса, яғни шарт ақиқат болып орындалса, онда THEN онда сөзінен кейін жазылған 1- оператор атқарылады, онда ELSE сөзінен кейінгі 2- оператор атқарылмайды.Екінші жағдайда, шарт мәні FALSE жалған болса, яғни теріс болып орындалмаса, онда ELSE сөзінен кейінгі 2- оператор атқарылып, 1- оператор атқарылмайды. If операторлары бірінің ішіне бірі кіріп қабаттасып та орындала береді.

 Әдетте шарт өрнегін  жазу үшін қатынас белгілері  =,>, >=, <, <=, <> жиі пайдаланылады.Жалпы  түрде шартты k1 x k2  түрінде қарастыруға  болады, мұнда х-салыстыру белгілерінің  бірі,к1,к2-тұрақты, айнымалы немесе  кез келген өрнек болуы мүмкін. Бір мезгілде бірнеше шартты, яғни күрделі құрама шартты жазу үшін логикалық амалдарды пайдалануға болады.

    Шартты операторды  оқу, түсіну жеңіл болуы үшін  оны сатылы түрде былай жазуға  болады:

    IF<логикалық өрнек>

        THEN                                    1-оператор

         ELSE                                    2-оператор;

Шартты операторды төмендегідей түрде құрама құрама оператор жиі  пайдаланылады:

    IF<логикалық  өрнек>

        THEN

        BEGIN

                      1-оператор;

                      2-оператор;

                      . . . . . . . . . .

                      n-1-оператор;   

                      n-оператор;                          

    END.

     Енді мысал  қарастырамыз.

1-мысал. y={x+2,           x<0;                                       

                       {2x,              x>0.

Program  ShoN (INPUT, OUTPUT)

     VAR x, y:  REAL;

BEGIN

WRITE (‘x енгіз’);

     READLN (x);

     IF x<0

              THEN y:=X+2

              ELSE  y:=2*x*x*x;

  WRITELN (‘y=’, y:6:3);

   WRITE (‘есептеу бітті’);

END.

     1. Екі айнымалының мәндерін кемуіне қарай реттеу.

 

Program  Prost_1;

     var  a,b,x: real;

begin

     Write('a= '); Readln(a);                    {пернетақтадан a-ға мән енгізу}

     Write('b= '); Readln(b);                    {пернетақтадан b-ға мән енгізу}

     if  b>a  then                                      {b>a болса, онда}

            begin

               x:=a; a:=b; b:=x;                    {a,b мәндерін ауыстыру}

            end;

     Writeln('a = ',a, '  b = ',b);                {a,b мәндерін экранға шығару}

end;

 

Программада, a және b айнымалылары енгізілген нақты мәндерді сақтау үшін, ал x көмекші айнымалысы, b>a болған жағдайда, олардың мәндерін ауыстыру үшін, пайдаланылды.

 

  2.  Үш айнымалының мәндерін кемуіне қарай реттеу.

 

Program  Prost_2;

     var  a,b,c,x: real;

begin

     Write('a='); Readln(a);             {пернетақтадан a-ға мән енгізу}

     Write('b='); Readln(b);            {пернетақтадан b-ға мән енгізу}

     Write('c ='); Readln(c);            {пернетақтадан c-ға мән енгізу}

      if  b>a  then    {b>a болса, онда}

             begin

                x:=a; a:=b; b:=x;               { a,b мәндерін ауыстыру}

             end;

      if  c>b  then    { c>b болса, онда}  

             begin

                x:=b; b:=c; c:=x;               {b,c мәндерін ауыстыру}

             end;

      if  b>a  then    {b>a болса, онда}  

            begin

                x:=a; a:=b; b:=x;              {a,b мәндерін ауыстыру}

             end;

     Writeln('a=',a,' b=',b,' c=',c);       {a,b,c мәндерін шығару}

end;

Бұл программада, a , b және c айнымалыларының мәндерін реттеу үшін,         1 программаның алгортмі 3 рет пайдаланылды.

 

  3. Пернетақтадан қалауымызша енгізілген сандардың ең үлкенін табу.

 

Program  Prost_3;

     var  x,max: real;

            i: integer;

begin

    Writeln('Аяқтау үшін 0 санын енгізіп, Enter түймесін бас');

    i:=0;

    while  true  do                           {алғышартты цикл басы}

         begin

             Readln(x);                          {пернетақтадан x-ке мән енгізу}

   if  x=0 then Break;           {x=0  болғанда циклдан шығу} 

             i:=i+1;

             if  (i=1) or (x>max)  then max:=x;  {үлкенін max-ке меншіктеу}

         end;

    if  i>0 then Writeln('Енгізілген ', i, ' оң санның ең үлкені ', max);

    Readln;

end;

                                  

Қорытынды

Мен, осы Курстық жұмысымды қорытындылай келе ”Турбо Паскаль ортасында операторлармен жұмыс жүргізу” атты тақырыбым бойынша операторлар туралы көп мағлұмат алдым. Паскаль тілінде операторлар, ал алгоритмдік тілде командалар деп атайды. Операторларды қарапайым және күрделі деп  екі топқа бөлінеді. Веgin және end түйінді сөздері операторлық жақшалар деп атайды.

   Оператор дегеніміз-алгоритмдік жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Құрама және күрделі операторлар бірнеше қарапайым операторлардан құралып, бір оператор сияқты орындалады. Осындай құрама операторлар операторлық жақша болып саналатын BEGIN және END сөздері арасында жазылады.

    Операторларды  пайдаланып, айнымалыға мән меншіктеуге  берілген мәліметтерге амалдар қолдануға, программаны басқару мәндер енгізу және шығаруға, процедуралар мен функцияларды орындауға болады.

     Қарапайым  операторлар деп құрамында басқа  операторлар енбейтін операторларды  айтады.

     Құрама  операторлар бірнеше операторлардан  құралады, оларға: шартты  операторлар, таңдау операторы, қайталау операторлары жатады.

     Қарапайым  операторлар құрамына басқа бір  оператор енбейді. Ал күрделі  операторлар еніп тұруы тиіс. Программалау тілдің қарапайым  операторларына: меншіктеу, шартсыз көшу, енгізу-шығару операторлары мен бос оператор және процедураларды орындау операторлары жатады.

     Құрылымдық операторлар: Құрылымдық операторлар басқа операторларда белгілі бір ереже бойынша біріктіру жолымен құрылады. Олар үш топқа-құрама, шартты және қайталау операторлары жіктеледі.

   Құрама  операторлар:Құрама операторлар бір-бірінен нүктелі үтір арқылы бөлінген бірнеше операторларды begin және end түйінді сөздерімен шектей отырып, оларды бір оператор тәрізді орындалатын етіп біріктіру жолымен ұйымдастырылады.

  Шартты  операторлар: Тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады.Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді атқарылады.

   Таңдау операторлар: Жоғарыда тармақталу командасында операторында белгілі бір шарттың орындалу немесе орындалмауына байланысты.

    Қайталау  операторлар: Көп жағдайда аргументтердің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді.

    Қазіргі таңда  Турбо Паскаль ортасында берілген есептер шартына қарай операторлардың бірнеше түрі қолданылады.Сондықтан операторлармен жұмыс жасау ең ыңғайлы тиімді болып табылады.

    Курстық жұмыста  қарастырылған операторлар туралы  теориялық ақпараттарға негізделген  төмендегі программа мәтіні көрсетілген:      

 


Информация о работе Turbo Pascal тілінде шартты операторлармен жұмыс