Курстық жұмыс Құбырды сынау және сапасын анықтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 15:09, курсовая работа

Описание работы

Технологиялық өткізгіш тұрбаларды дайындау және жөндеу қазіргі өнеркәсіпте үлкен мәнге ие. Мұндай жұмыстар мұнай, химия, тағамдық, металлургиялық өнеркәсіп мекемесін, минералды тыңайтқыштар өндіру нысандарын тұрғызған кезде қолданылады. Жөндеу жұмыстарының жалпы көлемінде технологиялық өткізгіш трұрбаларды жөндеу құны мұнай және мұнай химиялық өнеркісіп мекемесін тұрғызғанда 65% , химиялық және тағамдықта 40% ,металлургиялықта 25% болады. Технологиялық өткізгіш тұрбалар әр түрлі жағдайларда жұмыс жасайды, үлкен қысым мен жоғары температураларда болады, коррозияға ұшырайды және периодтық суыту мен жылытуда болады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………… 3
1 Өткізгіш тұрбалардың жөнделген құрылғыларын сынау….. 4
1.1 Жөнделген өткізгіш тұрбаларды сынаққа даярлау және қабылдау..............................................................................
4
1.2 Болат өткізгіш тұрбаларды гидравликалық сынау………….. 7
1.3 Өткізгіш тұрбаларды жуу және үрлеу………………………. 10
1.4 Қабылдау-берулік өндірістік құжаттама……………………… 10
2 Дәнекерлік қосылыстардың сапасын анықтау………………... 11
2.1 Нормативті сілтемелер…………………………………………… 13
3 Дәнекерлеу жалғанулардың сапасын бұзбай бақылау әдістері……………………………………………………………...
16
4 Өткізгіш тұрбаларды дайындау және жәндеу кезіндегі еңбекті қорғау…………………………………………………..
18
4.1 Дәнекерлеу жұмыстары және термиялық кесу……………. 18
4.2 Өткізгіш тұрбаларды жөндеу және сынау………………….. 20
4.3 Қолданылу саласы………………………………………………… 21
Қорытынды………………………………………………………… 23
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………… 24

Работа содержит 1 файл

дамир.doc

— 189.00 Кб (Скачать)

 

4.2 Өткізгіш тұрбаларды жөндеу және сынау

 

Өткізгіш тұрбаларды жөндеуге қатысты барлық жұмыстарды жүргізу жобасына орнатылған тәртіппен  жасақталған және бекітілген технологиялық  карталар мен жазбаларға сай жүргізілуі керек. ЖЖЖ нақты сілтемелер мен техникалық шешімдерден тұруы керек. Өткізгіш  тұрбалармен жұмыс жүргізіліп жатқан ауданда тек жасалуы керек. Жөнделуі тиіс өткізгіш  тұрбалар мен бұйымдарды шығару биіктігі 100 мм, өрт және жарылыс қаупі бар материалдарды пайдаланбай, арнайы қарастырылған орындарда жүргізілуі керек. Жөнделуі тиіс тұрбаларды ластан оны көтермес бұрын тазартқан жөн. Жобалық жағдайға орнатылып, төзімділігі мен геометриялық өзгермеуі қамтамасыз етіліп, бекітілгенге дейін жөнделіп жатқан өткізгіш тұрбалар астымен адамдарға жүруге болмайды. Жел жылдамдығы 15м/сек, көктайғақ тұман болғанда, биіктікте өткізгіш тұрбаларды жөндеуге тиым салынады. Өткізгіш тұрбаларды жөндеу кезінде қолданылатын жүк көтергіш механизмдер, аз механизация құралдары өткізгіш тұрба конструкциясының массасына сай келуі керек, ал олардың орналасуы жұмысшылар үшін қауіп тудырмауы керек. Өткізгіш тұрбалардың арматураларын, тұрбаларын, түйіндерін оларды көтерген кезде теңесетіндей етіп және оларды аппараттарға немесе басқа түйіндерге қосқанда жөндеп қажет болмайтындай етіп орналастырамыз. Өткізгіш тұрбалардың жинақтық бірліктерін – тармақтарын, дәнекерленген тігістерінен жақын жерде орналастыруға, арматураны-шпинделінен, штурвалынан және рычагынан ілуге тиым салынады. Жұмыс үзілістері кезінде көтерілген өткізгіш тұрбаларды салмағымен тастап кетуге болмайды. Оларды тұрақты немесе уақытша сенімді бекіткен соң ажыратуға болады. Өткізгіш тұрбаларды бір уақытта бір вертикаль бойында орналасқан, ұстатылуы сенімсіз болғанда, бірнеше этажда жөндеуге болмайды. 1,5м және одан жоғары биіктікте ормандар мен көпірлерді пайдаланбай жұмыс жасағанда жұмысшылар қорғаныс белдіктері мен табаны сырғымайтын аяқ киім болуы керек. Қорғаныс белдігі бригадир көрсеткен жерлерде қозғалмайтын, сенімді конструция элементіне карабиннің көмегімен бекітіледі. Орман үстінде, көпірлерде, биіктегі орнықсыз жерлерде тұрбалдарды бұруға, майыстыруға тыйым салынады, олар жерде орындалуы керек. Биіктікте өткізгіш тұрбаларды жөндегенде арнайы көшірмелі жәшікте сақталатын дұрыс құралдарды пайдалану керек. Қысқа уақытқа болса да жөнделіп жатқан өткізгіш тұрбалар конструкциялар ішінде, сыртында құралдарды, материалдарды, арнайы киімді т.б. қалдыруға болмайды. Құраладрды және басқа заттарды биіктіктен лақтыруға тыйым салынады. ГОСТ 12.2.007-75 бойынша бөлмеден тыс барлық жағдайда, бөлме ішінде жұмысшылардың электр тогынан зардап шегу қаупі бар жағдайда электр тогының соғуынан қорғайтын ІІ және ІІІ класты қол электр машиналары қолдану керек. ІІ класты машиналарының жұмыс жасағанда жеке қорғаныс құралдарын қолдану керек. Электр тогының соғуының қаупі көп болғанда ІІІ класты электр машиналарының, ботты жіне кілемшені қолдану керек. Қол машиналары мен төмендетуші трансформаторлар жерленген өткізгішпен жалғауға контактісі бар штепсельді бөліктер арқылы қосылады. Траншейл мен аранларға салынған тұрбалармен жүруге тыйым салынады. Құдықта, тоннельде, камерада жұмыс істеген кезде жұмысшылардың біреуі жоғарыдан мүмкін қауіпті  бақылап тұруы керек. Құдыққа, тоннельге, камераға түсер алдында зиянды газдардың бар жоғын тексеру керек. Олардың ішінде жоғары температурада (40°С дейін)  вентиляция қондырғысыз жұмыс істеуге болмайды. Өткізгіш тұрбаларды химиялық тазарту, бояу, жабыстыру кезінде өндірістік ережелерді қатаң қадағалау керек. Көрсетілген жұмыстардың  барлық түрлерінің ұйымдастырылуы мен орындалуы барлық кезеңдерінде қауіпсіз болуы керек. Жөнделген өткізгіш тұрбаларды технологиялық құжаттаманы бөлшектеп зерттеген соң және  өткізгіш тұрбаның немесе оның бөліктерінің сынаққа техникалық дайындығын  толтырылған актісі негізінде тапсырма беруші жазбаша рұқсатынан соң ғана сынауға болады. Сынақ алдында мыналарды істеу қажет: электр бөлігінің жерленгенін және изоляцияланғанын тексеру, іске қосу және тоқтату құрылғыларының болуын және дұрыстығын, бақылау-өлшеу құрылғыларының болуын тексеру; сынақ аймағын қоршап, сәйкесінше ескерту белгілерімен белгілеу; уақытша люктерді, фланцты жалғауларды қарап шығу; сынақтағы адамдардың қауіпсіздік жағдайын және орнын анықтау; өрт сөндіру құралдары мен қызмет көрсету персоналының дайындығын жүргізу. Өткізгіш тұрбалардың жөнделген жүйелерін сынауға сәйкесінше дайындықтан және жұмыс орнында жүйеден ауаны шығару, қысымды үнемі көтеру және төмендету, қысымдағы жүйені жөндеу мүмкіндігі, жобамен орнатылғанға қарсы қысымды көтеру және дәнекерлік тігістерді соғу әдістері туралы инструктаждан өткен жұмысшылар жіберіледі. Өткізгіш  тұрбаны жуу және үрлеу алдында оның тірекке сенімді бекітілгендігіне, тірек арматурасының жұмыс жасайтындығына көз жеткізу керек. Пневматикалық сынақтарды жүйенің бұзылу қаупі мен жұмысшылардың жарақаттану мүмкіндіктерімен байланысты қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы талаптарды қадағалап, жоба көрсетумен немесе техникалық жағдайға  сай жүргізіледі. Өткізгіш тұрбаларды қарауға сынақтық қысымды жұмыстыққа дейін төмендеткеннен кейін рұқсат етіледі. Сынақ процесінде табылған кемшіліктерді жою жүйені айырып қондырғы толығымен тоқтаған соң, жауапты инженер-техникалық жұмысшының басшылығымен орындалады.

 

4.3 Қолданылу саласы

 

1.1 «Металл құбырлардан жасалған құбырларды пайдалану бойынша нұсқаулық» атты осы нормативті-техникалық құжат (әрі қарай - Нұсқаулық) металл құбырлардан жасалған құбырларды пайдалану, ревизия жасау  және жөндеуге қойылатын негізгі талаптарды, сондай-ақ оларды тексеру бо фнша жұмыстардың тәртібі мен құрамын, оларды қарау мен жөндеу бойынша қауіпсіздік техникасының негізгі талаптарын белгілейді.  

1.2 Осы нұсқаулықтың талаптары коммуналды кәсіпорынның техникалық персоналы, басқарушы компаниялар, жайлардың және  металл құбырлардан жасалған құбырлар мен оларды жабдықтауды қадағалауды орындайтын кондоминиумның басқару объектілерінің басқа да түрлерінің  меншік иелерінің кооперативтеріне және металл емес құбырлардан жасалған құбырларда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары мен зерттеуді орындайтын кәсіпорын персоналына арналады.

1.3 Нұсқаулық тұрғын  үй- шаруашылықтың инженерлік желілерінде  қолданылатын металл емес құбырлардан  жасалатын құбырларды пайдалану  аясында, атап айтқанда жылумен  қамтамасыз ету, сумен жабдықтау,  су бұру және газбен қамтамасыз  ету жүйелеріне қолданылады.

1.4 Нұсқаулықтың мазмұны  бойынша келесі ақпарат келтіріледі: 

- металл емес құбырлардан  жасалған құбырларды жіктеу;

- пайдалану сенімділігін  қамтамасыз ету бойынша шаралар;

- анықталған ақаулықтар  мен бұзушылықтарды жою әдістері;

- металл емес құбырлардан жасалған құбырларды жөндеу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

1.5 Нұсқаулық металл  емес құбырларды қадағалауды  орындайтын пайдалану персоналы  үшін де және металл құбырлардың  жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары  мен тексеруді жүзеге асыратын кәсіпорын персоналы үшін міндетті болып табылады.

Осы Нұсқаулық негізінде  металл емес құбырларды пайдаланатын ұйымдарда осы Нұсқаулықпен орнатылған талаптарды азайтпай, нақты талаптары  мен техникалық ерекшеліктерін ескере отырып, инженерлік желілерді пайдалану бойынша жергілікті нұсқаулықтар жасалуы керек.

1.6 Металл емес құбырларды  пайдалану бойынша шараларды  жүзеге асыру кезіндегі қауіпсіздік  техникасының негізгі талаптары,  өндірістік санитария және  кәсіпорындағы  еңбекті қорғау қауіпсіздік техникасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бұл курстық жұмыста  қазіргі кездегі өнеркәсіптегі  үлкен мәнге ие  болып тырған технологиялық өткізгіш тұрбаларды дайындау мен жөндеудің әдісі  мен жолдары және сыналуы баяндалған. Өткізгіш тұрбалардың жөнделген  құрылғыларын сынар алдында жүргізілетін тексерулер түрлерімен қамтылған. Сынақ процесі кезінде пайда болатын ауытқулардың алдын-алу кемшіліктерді жою, іс процесінің ойдағыдай нәтижелі аяқталуына мүмкіндік жасау жолдары жазылды. Көрсетілген жұмыстардың барлық түрлерінің ұйымдастырылуы мен орындалуы барлық жағдайда да қоршаған орта үшін тиімді әрі қауіпсіз болуын қадағалау керектігі нақтыланған.

Осы курстық жұмыста  көрсетілгендей тәртіп бойынша қауіпсіздік  ережелерін сақтай отырып, қойылған талапқа  сацй, белгілі бір заңдылықтарға сүйене отырып техникалық өткізгіш тұрбалар сыналса зор нәтижеге қол жеткізуге болатынына сенімім мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Виноградов Ю.Г., Орлов  К.С. Материаловедение для слесарей-монтажников.  М. 1983

2 Лупачёв В.Г. Ручная дуговая сварка. Мн. 2006

3. Тавастшерна Р.И.  Изготовление и монтаж технологических  трубопроводов. М. 1985

4.Тавастшерна Р.И. Монтаж  технологических трубопроводов.  М.1980

5. Тавастшерна Р.И,  Бесман А.И., Позднышев В.С. Технологические  трубопроводы промышленных предприятий. Справочник строителя. М. 1991

 




Информация о работе Курстық жұмыс Құбырды сынау және сапасын анықтау