Тақырыбы; НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫ ЖАҒДАЙЫНДА

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 14:28, реферат

Описание работы

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорын ішінде де, оның сыртында да пайда болатын ақпарат көлемін едәуір ұлғайтуды ұйымнан талап етеді. Сыртқы кәсіпорындар тарапынан кәіпорынның қызметіне немесе оның қызметінің нәтижесіне нақты қызығушылық туындайды.

Работа содержит 1 файл

Файл.docx

— 26.75 Кб (Скачать)

Қазіргі жағдайда Қазақстанда  басқару есебі қаржы есебімен тығыз интегралданған, өйткені шоттардың  стандартты жоспарында өндірістік шығындар есебі мен қызметтерінің нәтижесі үшін арнайы шоттар қарастырылған.

Біздің елдегі нарықтық қатынастарға, барлық меншік нысандарын дамытуға және шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістерін енгізуге бағытталып жасалып жатқан шаруашылық механизм, сондай-ақ өндіріс аясында басқарушы есептің барлық басты элементтерінің пайда болуы және басқарушылық пен қаржылық немесе қаржылы-экономикалық талдаудың қалыптаса бастауы, жалпы бухгалтерлік есептің бірнеше салаға бөлінуі, яғни бұларда және басқалары да, өндірісті басқарудың экономикалық механизмін жасаудан тұратындықтан (немесе туындайтындықтан), олар міндетті түрде аталған салаға күрделі өзгерістерді әкеледі.

Нарықтық экономика  жағдайында, яғни қатал бәсекелестік күресте, табыс табу мен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, өнімнің өзіндік құнын төмендету, ал ол үшін өндіріс шығындары мен өнім бірлігінің өзіндік құны туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет.

Осыдан келіп, өндірісті басқару жүйесінде басқарушы есептің атқаратын ролі ең алдымен “басқарушылық шешімдерді жасау” мәселесін шешумен анықталады, бірақта бұл үшін бір мезгілде, өндірісті басқаруда жақсы жағдайы болу керек.

Басқарушы есептің  ролі – бұл екі бапты ұйлестіру  немесе өндірісті басқарудың барлық шешуші элементтерін, бизнесте ірі жетістікке жетуге бағышталған бір бүтінге айналдыру.

Яғни, болашақта кәсіпорынды  тиімді басқару мақсатында, оның қаржылық жаңдайын талдау, есеп беруді жасау  және ағымдағы есепті қамту қызметтерін  біріктіретін бухгалтерияның ролін түбегейлі өзгертуге тура келеді. Бұл:

Біріншіден, нарық  жағдайында меншік құрылымының өзгерісін  түсіндіреді және мемлекеттік меншік сол меншіктің бір ғана түрі; шаруашылық субъектісінің қызметінің нәтижесіне көптеген мүдделі жаңа меншік иелері пайда болады, өйткені оған олар өз қаржысын жұмсайды;

Екіншіден, шаруашылық субъектісінде қажетті қаржылық және бәсекелестік күресте жеңіске жету үшін басқарушылық шешімдерін іздеуге мәжбїр болады. Осы мақсатта нарықтық коньюнктураны зерттейді, өзінің қызметін өз бетінше дербес жоспарлайды, жабдықтаушылар мен сатып алушыларды табады, бағаны белгілейді және т.б.;

Үшіншіден, бюджеттік  қаржыландыру мен мемлекеттік несиелендіру көп жағдайда шаруашылық субъектісінің  қаржыландыру көзі болып табыла бермейді. Олар қаржыландырудың басқа да көздерін іздестіреді. Сондықтан шаруашылық субъектісі бәсекелестік күреске тек сатып алушылар мен өткізу нарығы үшін ғана енбейді, сонымен қатар коммерциялық банктердіѕ несиелері үшін, басқа да потенциалды инвесторлардыѕ қаражаттарын тарату үшін де енеді.

Осының барлығының нәтижесінде шаруашылық субъектісіде, бір жағынан, басқарушылық шешімдерді қабылдау және олардың нәтижелерін бағалау үшін, толық және дер кезінде ақпараттардың болуына деген қажеттілік туындайды. Басқа жағынан, шаруашылық субъект өзіне өз қаражаттарын салуға (немесе салуға ниеттенуге) сәйкес ақпараттар беріп отыруы керек. Сонымен бірге, нарық жағдайында салықтық аударылымдардың дұрыстығы туралы мемлекетке есеп беру қажеттілігі сақталады.

Әкімшіліктің жаңа мүддесін қанағаттандыру мүмкіндігіне тек қана менеджер ғана ие, себебі ол шаруашылық субъектінің экономикасын ұғынуға қабілетті, қаржылы-есептік мәліметтер негізінде, оның олқы жерлерін анықтай алады, және де ол салықтық жоспарлауды жасайды.

Менеджерлер әр заматта ақпараттар бойынша шешім қабылдайтын болса, онда оның түпкі әсері де қарастырылуы керек. Басқарушы есепті дұрыс ұғынудың қажетті жағдайы, шешім қабылдау процесін және түсіну болып табылады. Дәлірек айтсақ, оптималды шешімдерді қабылдаумен басқарушы есептің ролі тығыз байланысты, онда ол іс әрекеттің баламалы варианттарын дайындау үшін қарапайым және қисынды негіз жасауға мүмкіндік береді.

        Қазақстандық ғалым Н.К.Мамыровтың  пікірінше: “Ақпарат реттеу әдісі ретінде екі жақты сипатқа ие болуы мүмкін: бір жағынан, ол реттеудің барлық әдістерінің оларды тарату негізі және бақылау құралы ретінде қажетті элемент болып табылады, басқа жағынан ақпарат өзіндік мәнге ие және тұтынушының талабының өзгеру және онда жаңа бағыттардың пайда болу құралы ретінде орын алады. /8, 150 б./. Осыған орай, ақпаратты пайдаланушыларды ішкі және сыртқы деп бөлу қажет.

 

Әдебиет

1.   Друри К.  Введение в управленческий и  производственный учет: Учебн. пособие  для вузов/Пер. с англ. под ред. Н.Д.Эриашвили; Предисловие проф. П. С. Безруких. - 3-е изд., перераб. и доп. - М.: Аудит, ЮНИТИ, 1998. - 783с.

2.   Мюллер Г., Гернон X., Миик Г. Учет: международная  перспектива: Пер. с англ. —  М.: Финансы и статистика, 1992.-136с.: ил. 136. — (Серия по бухгалтерскому  учету и аудиту UNCTC).

3.   Хорнгрен  Ч. Т., Фостер Дж. Бухгалтерский  учет: управленческий аспект: Пер.  с англ./Под ред. Я.В.Соколова. —  М.: Финансы и статистика, 1995. —  416 с.: ил.- (Серия по бухгалтерскому  учету и аудиту).

4.    Управленческий  учет / Под ред. В. Палия и Р.Вандер Вила. - М.: ИНФРА-М,1997 -480с.

5.   Управленческий  учет: Учебное пособие/ Под редакцией А.Д.Шеремета. - М.: ИД ФБК-ПРЕССДООО. — 512 с. (Серия «Академия бухгалтера и менеджера»).

6.   Мюллендорф  Р., Карренбауэр М. Производственный  учет. Снижение и контроль издержек. Обеспечение их рациональной  структуры: Пер. с немецкого  М.И.Корсакова. — М.: ЗАО «ФБК-ПРЕСС», 1996. - 160с.: ил.

7.   Кондратова  И. Г. Основы управленческого  учета. - М.: Финансы и статистика, 1998. - 144с.: ил.

8.   Скоун Т.  Управленческий учет / Пер. с англ. под ред. Н.Д.Эриашвили. — М:  Аудит, ЮНИТИ, 1997. – 179с.

9.    Карпова  Т. А. Управленческий учет: Учебник  для вузов. – М.: Аудит, ЮНИТИ, 1998.- 350с.

10. Анализ и аудит  в системе управления предпринимательской  деятельностью: (Учеб. Практ. Пособие),/Под ред. Тасмаганбетова Т. А.- Алматы: «Юнчи», 1999. — 159с.

Информация о работе Тақырыбы; НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫ ЖАҒДАЙЫНДА