Тақырыбы; НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫ ЖАҒДАЙЫНДА

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 14:28, реферат

Описание работы

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорын ішінде де, оның сыртында да пайда болатын ақпарат көлемін едәуір ұлғайтуды ұйымнан талап етеді. Сыртқы кәсіпорындар тарапынан кәіпорынның қызметіне немесе оның қызметінің нәтижесіне нақты қызығушылық туындайды.

Работа содержит 1 файл

Файл.docx

— 26.75 Кб (Скачать)
 

 Файл: Word (.doc)

Реферат

Тақырыбы; НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫ ЖАҒДАЙЫНДА

БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

Нарықтық экономикаға  көшу кәсіпорын ішінде де, оның сыртында да пайда болатын ақпарат көлемін  едәуір ұлғайтуды ұйымнан талап  етеді. Сыртқы кәсіпорындар тарапынан  кәіпорынның қызметіне немесе оның қызметінің нәтижесіне нақты қызығушылық туындайды.

Шығарылатын өнімге сұраныс, белгілі бір жағдайлар мен талаптарда өнімді өткізу мүмкіншілігі, бұл өнімнің өндірісін материалдық – техникалық қамтамасыз ету, негізгі өндіріс, өндірістің техникалық дайындыңы, өндіріске шығындар мен белгілі бір бұйымдарды шығарудың тиімділігі және т.с.с. жайлы ақпарат көлемі ұлғайады.

Ұйымдардың қызметін басқару табыс алуға негізделген кәсіпкерлікті дамыту және қазіргі нарықта тауар өндірушінің бәсекеге қабылетті болуымен байланысты басқару есебінің теориялық және әдістемелік негізінің мәселелері қажетті ақпаратты қалыптастыруға нақты көзқарасты талап етті. Бухгалтерлік есептіѕ қазіргі жүйесі барлық деңгейдегі менеджерлерді жедел ақпараттармен қамтамасыз етеді. Қаржылық есеп, өзінің ерекшеліктеріне орай, құрылымдарды ішкі басқару үшін жедел ақпарат ұсынуға мүмкіндігі жоқ. Кәсіпкерлік қызметті басқару механизмі технологиялық, жоспарлы, есептік –аналитикалық ақпараттар негізінде іске асырылады. Ұйымдарда оның құрылымдық бөлімшелерінің болашақтағы дамуын бюджеттеу, жоспарлау аналитикалық есептеулер, ішкі есеп берулер негізінде жүргізіледі.

Сонымен қатар, басқару  персоналын қамтамасыз етуге арналған ақпараттар жүйесі қазіргіге қарағанда  көлемді түрде ұсынылуы керек. Өндірістік ұйымдар ішінде ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған бухгалтерлік есепті жетілдіру қажет. Қазіргі кездегі ақпарат кәсіпорындарда, соның ішінде, оның құрылымдық бөлімдеріндегі процестердің ағымдағы жағдайы туралы есеп мәліметтері бойынша дайындалуы қажет. Мұндай ақпарат өндірістік, технологиялық операцияларды табысты орындау үшін, тек қана ішкі емес, сонымен қатар сыртқы жағдайлардың қысқа жәее ұзақ мерзімді кезеѕдегі өндірісіне болжам жүргізу үшін қажетті болып табылады.

Ресей ғалымдары  А.Д.Шеремет пен Н.П.Кондраков  осы мәселе жөнінде: “Отандық тәжірибеде казіргі басқарушы есеп ұәымы кеңінен қолданылмайды” деп әділ атап көрсетеді. Оның көптеген элементтері бухгалтерлік есепке (өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау); жедел есепке (жедел есеп беру); экономикалық талдауға (өнімнің өзіндік құнын талдау, қабылданған шешімдердің негізделуі, жоспарлы тапсырмаларды орындауды бағалау және т.б.) кіреді. Сонымен бірге, отандық тәжірибеде басқарушы есеп маркетингпен әлі де үйлеспеген, нақты шығындардың болжамды шығындардан ауытқуы анықталмайды /5,19 б., 55, 19 б./.

Басқарушы есептің  қалыптасуы, деп жазады Т.П.Карпова ол калькуляциялық есептің базасында (негізінде) қалыптасқан, сондықтан оның негізгі мазмұны болашақтағы және өткен кезеңдердегі өндіріс шығындарының әр түрлі классификациялық аспектідегі есебін құрайды. Бұл жағдай, соңғы кездерде пайда болған аудармалы және отандық экономикалық әдебиеттерде, сондай-ақ басқару қызметінде қолданып

жүрген ақпараттарда, және бухгалтерлік есеп бойынша шыққан еңбектерде, “Басқарушы есеп” туралы берген ұйымының анықтамасында кездеседі /9,28 б/.

Кеңестік бухгалтерлік есептің кері әсері, бұл басқарау есебіне жетік мән берілмеуінде болып отыр. Бұл ақпараттық қамтамасыз етудің жалпылай кәсіпорын, министрлік бойынша жоспардың орындалуына бақылау жасаудың орталықтандырылуына бағытталуымен түсіндіріледі. Жұмыс түрі бойынша шығындар мен кірістерді басқару мақсаты қадағаланбады. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін жоғарлату, қатаң бәсекелестік жағдайында өмір сүру жолдары, коммерциялық құпияны сақтау және т.б. ізденістер қолға алынбады. “Шығындарды, жұмыс, қызметті есепке алу тиімділігі” ұғымы болмады. Есептің басқару аспекті тоталитарлық сипатта болып, бухгалтер мемлекеттік бақылаушы статусына ие болды.

Бұл тұрғыда Өзбекстандық ғалым О. Алдабергенованың осы мәселе жөнінде көз қарасымен келіспеуге болмайды: “Бухгалтерлік есептің негізгі функциясы кјсіпорынның қаржылық жағдайына баға беруден гөрі, жетістіктер жоспарына баға беру үшін қажетті нақты мәліметтерді жазумен ғана шектелді” /3, 7 б./.

Сонымен бірге, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мәселесі қаржылық нәтижелерді емес, ал жоспардың орындалуын анықтауға арналған нақты мәліметтерді көрсетуде болды. Бухгалтерлік есеп одақтық тұрғыдағы жоспарлау талаптарын орындады.

Ресейлік ғалымдар, мәселен А.Д.Ларионов бұған кері дәлел айтады: “Бухгалтерлік есеп өзінің мәні, табиғаты және логикасы тұрғысынан бастапқыда ґзіде басқарушы болып табылды /4, 77. б/. А.Д. Ларионовтыѕ пікірімен келісуге болады, себебі кеңестік есеп жүргізуде басқару аспектілері де орын алды. Бірақ біртіндеп кеңестік дәуірдегі есеп орталықтанрылған басқару және мемлекеттік бақылау құралынан мемлекетті басқару құралына айнала бастады.

Отандық экономикада  басқару есебін жаңа құбылыс түрінде қарау қателік болар. Бухгалтерлік қызметтің атқаратын жұмысы совет өкіметінің кейінгі жылдарымен салыстырып қарағанда, 20-30 жылдардың басында едәуір кеңірек болған. Сол заманның бухгалтері есептік те, сондай-ақ жоспарлы –талдамалық жұмыстарымен де айналысқан. Социалистік шаруашылық жүргізу жүйесі мен орталықтандырылған жоспарлауды нығайтуды көздейтін елдердің даму деңгейлерінде біртіндеп бухгалтерлік қызметтен жоспарлы және қаржылық бөлімдерінің бөлінуі, оларға бухгалтерлік өкілеттіктің бір бөлігін беру орын алды. Осының нәтижесінде бухгалтердің бұл қызметі іс жүзінде кәсіпорынның шаруашылық өмірінің фактілерін есептік тіркеумен ғана шектелгені баршаға мәлім.

Қайта құру кезінде, нарықтық экономиканың пайдасына орталықтандырылған басқару жүйесінен бас тартып, бірақ жоспарлаудың ролін дәлелсіз төмендетудің салдарынан –кәсіпорынның техникалық -өнеркәсіптік –қаржылық жоспарының мәні жойыла бастағаны байқалды. Басқарушы есебіндегі бюджеттеу, көбінесе отандық тјжірибеде қолданылған техникалық –өнеркәсіптік –қаржылық жоспарды жасаудың тәртібін еске салады.

        Кеңестік экономикасының, тұсында  басқарушы есептің бір тұжырымдамасы (концепциясы) – жауапкершілік орталықтары бойынша басқару болып табылды, яғни осының бір белесіндей көрінген, ішкі шаруашылықтың есеп айырысуды енгізуге бірқатар табанды талпыныстар жүргізілді.

        Бірақта, қазіргі кезде тек  шығындарда ғана басқарып қоймай, жабдықтау процесі, өндіру және өткізу немесе қызмет көрсетуді де басқаруға болады. Сондай-ақ, әрбір процестің аумағында нақты жұмыстар жүргізіледі, сондықтан ақпаратты дайындауды әр процестің ішіндегі жұмыс түрлері бойынша жүргізу қажет. Осыған орай, біздің пікірімізше, бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланумен қатар,

жоспарлауға, талдауға, бақылау мен болжауға жатқызылатын жұмыс түрлеріне сәйкес аналитикалық есеп шоттары бойынша аналитикалық ақпараттардың кең кәлемін дайындау қажеттігі туындайды. Мұндай функцияларды басқару есебі орындайды.

        Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру  және жетілдіру мәселелерін шешу  үшін, қаржылық бухгалтерия мен  өндірістік бухгалтерияны болу, сонымен қатар басқару есебін қалыптастыру қажет.

        Басқару есебін қалыптастыру  мен дамытуда епті қадам болып,  кәсіпорынның жалпы бухгалтерлік қызметінен калькуляциялық (басқарушылық) бухгалтерияны бөлу қажет болды. Екі дербес бухгалтерияны (қаржылық және калькуляциялық) құру ең алдымен өндірістің ұлғаюымен, оны шоғырландырудың өсуімен, капиталды орталықтандырумен, ірі компанияларды құрумен, сондай-ақ оларда коммерциялық құпияларды сақтау кажеттілігімен байланысты болып келеді.

        Бұл белгілі бір жағдайда біртұтас ұлттық шоттарды қалыптастыруға әсер етті.

        “Батыс бухгалтерлерінің бағалауы  бойынша, - деп жазады” А.М. Карминский және т.б. – тек басқарушы есептің жолға қойылуы мен жүргізілуі ресурстар мен уақыттың 90 пайызына жуығы кетеді, ал дәстүрлі қаржы есебіне қалған уақыт бөлігі кетеді” /56, 90 б./. Осыған ұқсас пікірлерді проф. П.С.Безруких пен Н.П. Кондраковта растайды, жалпы экономикалық ақпараттардың жиынтығында, 2/3 жуығын бухгалтерлік есептің мәліметтерін құрайды”, және олар басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет /55, 8 б./. Бірақта, есептің екі түрі де өз кезегінде мынадай жүйе элементтерінен тұрады: алғашқы құжаттау мәліметтері бойынша ақпараттарды өңдеу; әр түрлі өндіріс сипатын немесе оның жекелеген бөліктерін өлшеу; бақылау қызметтерін орындау кезінде тура және кері байланысты көздейтін және тағы басқа реттеуші ролін атқарады және ол оны атқарып та жүр. Жоғарыдағыны растау үшін бухгалтерия мен кәсіпорын службаларының және бөлімшелерінің арасындағы есеп беру құжаттамасының қарқыны қозғалысын айтсақ болғаны. Одан басқа, соңғы жылдары ақпаратпен қаныққан басшылар шаруашылық субъектінің ішіндегі есептік пен қаржылық қызметтердің интеграциялануына байланысты, бухгалтерлік есептің дәстүрлі процедурасының тиімділігін арттыру мәселелеріне басты назар аударып отыр.

        Бүгінде зерттеушілердің басым  көпшілігі басқарушы мен қаржы  есебінің өзара байланысты екендігін  мойындағаны жөнінде айтуға болады, ал ол өз кезегінде басқарушылық процестерді ынталандырады. Бұл есептің екі түрінің өзара байланысты екеніне саяды, бірақ сонымен қатар есептің әр қайсысы өздеріне тән қызметтерді атқаруға арналған.

 

Кесте

Басқарушы және қаржы  есептерінің өзара байланысының әдістемелік негізі

 Өзара әрекеттесу  критериясы Басқарушы (өндірістік) есеп Қаржы есебі

1. Ақпараттар Жедел ақпараттың қолдануы

  Шешім қабылдау үшін Қаржылық құжаттарын жасау үшін

2. Алғашқы ақпаратты жүргізу Алғашқы ақпараттың бір-ақ дәркін жәргізілуі

3. Есепті жүргізу қағидалары

  Мақсаттар мен міндеттерді таңдауда олар біртұтас жалпы қабылданған бабы бойынша жүргізіледі

4. Есептің объектілері

  Біртұтас объектілер (объектілерінің бір тектестігі”

5. Есептің әдістері Қолданатын әдістерінің ортақтығы: құжаттау, түгелдеу бағалау және калькуляциялар, топтастыру, есеп беру (ішкі және сыртқы) шоттар 

 

 

Қазақстандық тәжірибе көрсеткендей, қаржы есебі сыртқа есеп берулерді (негізінен салық  салу мақсатында) жасауға арналған, ал басқарушы есеп болса басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажет. Қаржы  есебінің мәліметтері басқарушылық мәліметтерінен ерекшелігі бар, бірақ  дәл қазір қазақстандық есепте ол жоқ.

Қаржы мен басқарушы  есептері бухгалтерлік есептің өзара  тәуелді және өзара уәделескен біртұтас компоненттерін білдіреді. Есептік  екі түрін біріктіретін маңызды ерекшелігі болып, олардың ақпараттары негізінен шешім қабылдау үшін пайдаланады.

Есеп түрінің әр қайсысында өзіндік ерекшеліктердің болуына қарамастан, оның құру қағидаларында, қолданылатын әдістерінде ортақ сипаты болады, еңбастысы басқарушы және қаржы есебінде ағымдағы өндірісті басқару процесінде біртұтас объектілер ретінде еңбек құралы және еңбектің өзі, яғни материалдық және еңбек ресурстары алға шығады.

Мәселен, қаржылық бухгалтерлік есептің мәліметтері инвесторларға  инвестициялаудың мақсаттылығын, потенциалын  және перспективасын бағалауға көмектессе, ал басқарушы есепте басқару мәселелерін (тауқыметтерін) кең өрісте шешу үшін менеджерлер пайдаланды. Бірқатар авторлардың пайымдауынша, оларды бір ұғымдық тұрғысынан түсіну немесе тек механикалық өзгешілігі бойынша ажырату, біреуін жете бағаламау, екіншісін артық бағалауға әкеледі деп ой толғайды. “Қаржы мен басқарушы есебінің арасындағы жалпы қабылданған айырмашылықтары бизнесте айтарлықтай емес”, деп жазды басқарушы есеп саласының ірі ғалымы проф. Райан Боб /12.11б./. Біздің пікірімізше, әрбір есептің өзіне тән табанды айырмашылықтары да бар сияқты. Дегенмен де, басқару есебі көп жағдайда, қаржы есебінің жалғасы болып танылады.

Басқару есебі қандайда бір ақпараттарға қатаң шектеу қоймайды. Біздің көзқарасымыз, оны жетілдірумен бірге басқарма қажетін қанағаттандыратын, мәні бар ақпараттармен қамтамасыз ететін есеп беру нысандарын енгізудің толық мүмкіндігі туып отыр.

Сонымен, басқару  есебі өндіріс қызметін басқарудың негізгі механизмі болып отыр. Нарықтық экономиканың қалыптасуымен қатар, есеп жүйесін жетілдіру қажеттілігі туындады. Осыған орай, басқару есебінің өзі әрдайым басқарманың өскелең талаптарына жауап беруі қажет болды.

Қазақстан Республикасында 1997 жылдың қаңтарынан бастап қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес бухгалтерлік есепті қайта құру бағдарламасы жасалды. Қайта құрудың мақсаты, нарықтық экономиканың талаптары мен қаржы есебінің халықаралық стандарттарына сәйкес ұлттық бухгалтерлік есеп жүйесін, аталған талапқа сәйкес келтіру болып табылады. Бұл мақсатқа – кәсіпорын

өзін-өзі тиімді басқару үшін қажет ақпараттар жүйесін қалыптастыра алса ғана жетеді.

Есеп жүйесін жетілдіру  процесінде, біздің пікіріміз, басқару есебінің төмендегі міндеттерін бөліп көрсету керек:

Басқару есебінің мақсаты

Нарық жүйесінде  басқару есебінің орны мен ролін анықтау

Басқару есебінің сұрақтарын ашу:

шетелдік тәжірибе;

теориялық мәселелер;

методологиялық мәселелер;

ұйымдастыру мәселелері.

Басқару есебінің мақсаты  – ұйымдарда шаруашылық процестерді  бақылау, жоспарлау және басқару  үшін пайдаланушыларды ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында уақытылы жинау және өңдеу.

Егер қаржылық есеп шаруашылық субъектініѕ есеп саясатында және қаржылық есеп берудің халықаралық  стандартында белгіленгендерді қатаң  сақтаса, басқару есебі бойынша  маман есеп және талдаудың тәсілдерін, формалары мен әдістерін өз еркімен  таңдайды.

Осыған орай, басқару  есебі бір жағынан – бұл шаруашылық субъектінің ақпараттық жүйесінің бір бөлігі, басқа жағынан – қызметтер немесе жұмыстарды жоспарлау мен шешім қабылдау үшін басшыны қажет ақпараттармен қамтамасыз ету, жедел түрде басқару мен бақылауға көмек беру, белгіленген бағдарламаны орындау барысында шаруашылық субъектінің қызметкерлерін ынталандыру, ұйым ішіндегі басқару аппаратының, жеке қызметкерлердің, бөлімшелердің қызметтерін (жұмыстарын) бағалау мақсатындағы жасалатын іс әрекет.

Осыдан келіп, басқарушы есептің мақсаты болып, өткен құбылыстарды талдау негізінде болашаққа ұсыныстар жасау болып табылады. Міне, сондықтан басқарушы есепті кейде болашаққа талдау жасау деп те атайды. Осы мақсаттарға қол жеткізу ұшін басшылар басқарушы есеп бойынша оларға мамандар дайындап берген қажетті ақпараттармен істес болуы қажет. Есептің бұл тұрі салыстырмалы түрде жақында ғана пайда болды, ол шаруашылық субъектінің ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан, дәстүрлі қаржы есебінің жалпы ерекшеліктеріне ие, бірақта оның одан айырмашылығы болуы да міндетті емес.

Информация о работе Тақырыбы; НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫ ЖАҒДАЙЫНДА