Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 01:26, автореферат
Актуальность исследования. Сегодня в Казахстане во всех сферах жизни общества проводятся важные реформы, наиболее сложными и деликатными из которых являются социальные реформы. Социально-политические проблемы общества всегда будут актуальными, поскольку имеют прямое отношение к жизни и быту всех ее членов. Социальная политика государства находится в центре постоянного внимания, обсуждения и критики населения, поэтому занимает важное место в государственном управлении и укреплении государственности.
Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта мемлекеттік даму тәжірибесін жинақтаған Қазақстан Республикасының 1995 жылы жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейін әлеуметтік саясатта құрылып жатқан нарықтық үлгіге сәйкестендірілген, әлеуметтенуді күшейтуге бағытталған заңдық актілерді дайындау үрдісі басталды. Дәл осы уақытта Үкімет республика халқының әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мемлекеттік механизмін құруды көздейтін елдің әлеуметтік құрылымын жасауды қолға алды. Бұл концептуалды құжатта әлеуметтік саясаттың мынадай басымдықтары анықталды:
- жаңа Конституцияда
- әлеуметтік саланы нарықтық қатынастың белсенді субъектісіне айналдыру;
- аталған құрылымды жүзеге
- психологиялық, рухани салада
құқықтық қамтамасыз етуді
Әлеуметтік реформалардың
- тұрғындардың радикалды
- халықтың экономикалық
- нарықтық механизмдер мен
- білім беру, медициналық, әлеуметтік қамтамасыз етуде мемлекеттік стандарттар негізінде әртүрлі деңгейдегі бюджетті қалыптастыру;
- қоршаған ортаның бұдан арғы құлдырауын, кері кетуін тоқтату.
Әлеуметтік саясаттың
саяси мүмкіндіктері
Қазіргі таңда әлеуметтік саясатты іскерлік менеджменттің құралы ретінде қарастыру заманауи талаптардың сұранысына сәйкес бағытқа айналып отыр. Қоғам дамуының бастапқы кезеңдерінде шаруашылық прогресі көбінесе теңсіздік пен әділетсіздікке негізделетіні белгілі. Осы күні қалыптасып отырған нарықтық қатынастар да әлеуметтікті қамтамасыз ете бермейді. Нарықтық қатынастардың дамуы - бостандық пен қызмет еркіндігіне, әлеуметтік әділеттілікке жол ашып берді. Осының барлығы индустриалды елдерде әлеуметтік теңсіздікті азайту заңдылығын қалыптастырды. Жалпы алғанда нарықтық экономиканың осы күнгі үлгісі біршама әлеуметтік теңестіруді көздейді деп айтуға болады. Біріншіден, қоғамдық сананың нарықтануы қатысушылардың өзара келісімге келу деңгейін ұғынуды көрсетеді. Екіншіден, пісіп-жетілген нарық пен бәсекелестіктің қатты дамыған жағдайы тауар мен қызмет көрсету өнімдеріне тұтынушылардың табыстары жоғары деңгейде жауап беруіне мүдделі болуда. Демек, осы күнгі дамыған нарықтық қатынастар салыстырмалы түрде әлеуметтік теңдіктің қалыптасуына мүмкіндік береді. Бірақ оларды іске асыру белгілі бір қағидалар тұтастығына негізделген мақсаттық шараларды қажет етеді. Осы шаралар әлеуметтік саясат немесе мемлекет саясатының әлеуметтік аспектісі болып табылады.
Әлеуметтік бағдарламаларды жасағанда және оларды іске асыру кезінде тұрақты қоғамдық бақылаудың рөлі - институционалдық күштердің тепе-теңдігін қадағалап, қоғамда демократиялық мәдениеттің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ұмтылады. Дамыған елдердің әлеуметтік саясатта жүргізген тәжірибелерінен бірнеше бағыттар қалыптасқан болатын. Олар әлеуметтік сақтандыру, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау, еңбекақы саясаты, еңбек нарығындағы әлеуметтік шаралар, тұрғын үй саясаты. Қазақстан жағдайында болсын немесе басқа да өтпелі кезеңді басынан өткеріп отырған мемлекеттерде де болсын еңбек қатынастарын таза нарық қағидалары негізінде анықтау дұрыс емес.
Қазіргі кезеңде Қазақстан экономиканың өсу жағдайына байланысты кешенді әлеуметтік саясаттың негіздерін орнықтыру үшін алдымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын, инфрақұрылымдарды, әлеуметтік салаларды қажет құрылымдармен қамтамасыз ету үшін айтарлықтай қаржы бөлінуі керек. Бұл мақсаттарға қажетті қаражаттарды мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу арқылы қатысуы - реттеудің барлық жүйелерінің негізі болып табылады. Мемлекет қысым жасап, табыстың біршама бөлігін салық салу арқылы алады. Мұндай елеулі қаражаттардың мемлекет бюджетіне бөлінуі ұлғаймалы өндіріс процесіне ықпал етуге мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда әлеуметтік қарама-қайшылықты жою үшін, мемлекет еңбек пен капитал арасындағы қатынастарға араласуға мәжбүр болып отыр. Мемлекет еңбек пен капитал арасындағы қатынастарды жалақыны реттеу жолымен, жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы, зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз етулермен, өндірістік жарақат алған науқастарды ескере отырып реттейді. Елдің заңды мекемелерінің күшін ескере отырып, жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы қарым-қатынастар жоғары дәрежедегі мемлекеттік реттеу объектісі негізінде қарастырылуда.
Сол
себепті біздің ойымызша
Әлеуметтік саясатты әлемдік тәжірибеге сүйеніп жасау жеткіліксіз. Оны еліміздің ұлттық-тарихи даму ерекшеліктерін ескере отырып, теориялық әдіснамалық тұрғыда негіздеу талап етіледі. Соңғы жылдардың саяси тәжірибесі көрсеткеніндей әлеуметтік саясатты тиімді жүзеге асыру үшін тек қана қарқынды экономикалық даму жеткіліксіз. Мемлекеттік әлеуметтік саясат конституциялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылуы үшін біріншіден, әлеуметтік саясаттың құқықтық негізі жасалуы керек. Екіншіден, экономикалық дамудың гуманистік бағдары болуы қажет. Қазақстан жағдайында бұл маңызды саяси-әлеуметтік факторлар әлі де болса қалыптасу үстінде келеді. Сондықтан да осындай саяси-әлеуметтік дамудағы императивпен (міндетті талаппен) санаспай ешбір мемлекет өркениетті даму жолына түсе алмайды. Ал, Қазақстан әлемдік тәжірибеде қалыптасқан әлеуметтік саясат үлгілерін есепке ала отырып мемлекеттік әлеуметтік саясаттың өзіндік үлгісін қалыптастыру бағытында саяси ізденістер үстінде келеді.
«Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың қалыптасу эволюциясы» атты екінші бөлім де үш тараушадан тұрады. «Әлеуметтік саясаттың қалыптасу ерекшеліктері» деп аталатын бірінші тараушада Қазақстанда «Әлеуметтік доктринаны» жасақтау мәселелері қарастырылады. Аталмыш құжаттың негізгі идеясы – республика халқының әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік саяси тетіктерді қалыптастыру. «Әлеуметтік доктрина» қоғамдағы ең басты әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға басымдық бере отырып, инновациялық жолдарды талап етеді. Бұл бағытта уақыт оздыруды көтермейтін іс-шаралар күтіп тұр. Олардың барысы елдегі азаматтардың саяси мәдениеті мен демократиялық санасын арттыру болмақ.
Қазақстанның әлеуметтік саладағы реформаларының таяу жылдардағы басты мақсаттары мыналар болып табылады: демографиялық өсімді ынталандыру және өлім-жетім деңгейін төмендету мен салауатты өмір салтын насихаттау есебінен күтілетін өмір жасын ұзарту жөніндегі шараларды қамтамасыз ету, медициналық қамтамасыз етуді жақсарту және тұрмыста әрі өндірісте жарақаттануды азайту, сондай-ақ көші-қон процестерінің реттелуіне қол жеткізу жолымен демографиялық жағдайды жақсарту; әйелдердің қоғамдағы жағдайын жақсарту және нақты гендерлік теңдікке қол жеткізу; халықтың тұрмысы төмен топтары үшін экономикалық өсуді ынталандыру жолымен экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту – еңбекке қабілетті халықтың неғұрлым жоғары әлеуметтік тұтыну деңгейін қамтамасыз етіп, табыс табуына мүмкіндік беретін экономикалық жағдай туғызу; экономиканың нақты секторында жұмыспен қамтуды ынталандыру; халықтың экономикалық және әлеуметтік жағынан әлсіз топтарының тиімді жүйесін құру; халықтың тұрмыс деңгейін, жұмыспен қамтуды арттыру және кедейлік деңгейін төмендету; медициналық қамтамасыз етудің, жалпы кәсіптік және жоғары білім берудің жалпыға бірдей қол жетімділігін қамтамасыз ету; ұсынылатын әлеуметтік игіліктер мен қызметтердің жоғары сапасы мен оларды халықтың кеңінен таңдау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін қаржыландырудың жаңа көздерін айқындау және қазіргілерін неғұрлым тиімді пайдалану [11].
Мемлекеттегі әлеуметтік
ахуалды жақсартуда қоғамдық
институттар мен бизнес
Қазақстанда әлеуметтік саясатты жүзеге асыру барысында әлеуметтік қамсыздандыру міндетінің кезек күттірмейтін мәселе екендігі дәлелденді. Ол – мемлекеттің алғаш заңдастырылған міндеттері болғандықтан қоғам және тұлға қатынастарының өзгеруінің бастамасы болды. Сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру өндірістегі материалдық игілік жасына, жынысына, денсаулығына және тағы да басқа жағдайына қарамастан, қоғамның барлық мүшесіне тиісті болуы керек. Әлеуметтік қамсыздандыруды қалыптастыру кезеңі оның құқықтық негізінің пайда болуы мен әлеуметтік үрдістердегі құқықтық реттеу қызметін мемлекеттің өз міндетіне алуымен тікелей байланысты. Одан әрі бұл қызмет әлеуметтік бағдарламаны бюджеттік қаржыландыру арқылы және әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік құрылымын құру барысында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік әлеуметтік саясатты жүзеге
асыруының бағдарламалық
Қазіргі кезде Қазақстан Халықаралық Еңбек ұйымының толық мүшесі. Аталмыш ұйымға мүше болған елдерде оның негізгі қағидаларының орындалуы талап етіледі және сол бағытта ауқымды іс-шаралар жасалады. Мысалы, тұрақты төленетін еңбек әрекетінде ынталандыру шаралары; негізгі әлеуметтік төтенше жағдайларда әлеуметтік сақтандырулар механизмдерінің көмегімен кіріс бөлігінің орнын толтыру және алдын алу; әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын халықтың әлсіз топтарына әлеуметтік көмек механизмін көрсету; білім және медициналық көмек алуда азаматтардың басты құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуіне жағдай жасау.
Әр түрлі әлеуметтік топтар мен категорияларға қатысты әлеуметтік қорғау механизмі төмендегідей қорғау мен қолдауды жүзеге асырады. Біріншіден, халықты негізгі өмірлік қолдау қызметімен барлық тұрғындарды қамтамасыз ету; Екіншіден, азаматтардың жұмыспен қамтылуында олардың құқықтарын жүзеге асыру; Үшіншіден, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қажетті тұтыну деңгейіне көмек көрсету мен қолдау білдіру.
«Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру: өзекті саяси мәселелер» деп аталатын екінші тараушада халықтың әлеуметтік жағдайын көтерудің өзекті проблемалары қарастырылады. Егер бұл мәселелерді кешенді түрде қарастыратын болсақ, бүкіл дүниежүзі мемлекеттеріндегі әлеуметтік ахуал, әлеуметтік тұрақсыздық, кедейшілік локальдық сипаттан тұтас ғаламдық мәселеге айналады. Сол себепті де 1990 жылдан бастап БҰҰ-ның Даму бағдарламасы адамзаттың дамуы мәселесі жөнінде әлемдік ауқымда есептерін жариялай бастады. Әлеуметтік - экономикалық дамудың жаңа өлшемі ретінде адамзат дамуының индексі алынды. Оны төмендегідей көрсеткіштермен, яғни жан басына шаққандағы кіріс, денсаулық жағдайы, қоршаған ортаның ластануы, өмір сүру ұзақтығы, білім алуы, ақпарат алу мүмкіндіктерімен анықтады. Егер осылардың барлығын топтастырсақ онда негізгі көрсеткіштер – экономика, денсаулық сақтау, білім беру болады. Қазақстандағы адам дамуы жөніндегі есептің бірінші басылымы 1995 жылы жарыққа шықты. БҰҰ ДБ есебі бойынша Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанда адам дамуының индексінің көрсеткіштері құлдырап кетті. 1991 жылы оның төмендеп кетуінің себептері 84%-ы экономикалық құлдыраудан, 13%-ы адам жасының ұзақтығының қысқаруынан және 3%-ы білім берудің сапасының төмендеуінен болған. Ал 1990 жылдардың аяғына таман бұл көрсеткіштер жақсара бастады. Адам дамуының индексінің жақсаруы Қазақстанда қалай жүрді? БҰҰ ДБ есебі бойынша АДИ көрсеткіші 0,5 болса, онда ол әлеуметтік - экономикалық дамуы төмен елдер қатарына жатқызылады. Оған Африканың экватор бойындағы елдері, кішігірім аралдардағы мемлекеттер, Пакистан және Үндістан жатады. Ал, АДИ деңгейі 0,5–0,799 аралығында болса, олар дамудың орта дәрежесіндегі елдерге жатады. АДИ 0,8 және одан жоғары болса, олар индустриясы дамыған, сондай–ақ табиғи қазынасы бай мемлекеттерге енеді. Мысалы, мұнай экспорттаушы елдер. 1996 жылы Қазақстанда АДИ 0,7 құраған, ал бұл көрсеткіштер Атырау облысында 0,813, Маңғыстауда – 0,835, Алматыда – 0,844-ке жетті [12]. Бұл Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың біршама жақсарғанын, яғни оның 1990 жылдардың аяғында сезіле бастағанын көрсетеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бірінші кезекте экономикалық реформалар мен инвестициялық саясат тұрғанымен, Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың аса тиімді болмаса да, жүйелі түрде жүзеге асырылғанын байқауға болады.