Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 16:37, реферат
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады, тек тайпа-тайпа болып жүрудің арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін, күн көрісін қамтамасыз ете алды. Тапқан табыстары бәріне ортақ болды, артық өнім болған жоқ.
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Саяси жүйе туралы түсінік
Саяси жүйенің мәні мен құрылымы.
Саяси жүйедегі адам құқығы мен бостандығы
III.Қортынды бөлім
Тікелей емес саяси бірлестіктерге: саяси қажеттіліктен емес экономикалық немесе басқадай себептермен құрылатын бірлестіктер жатады. Оларға кәсіподақтар, кооперативтер сияқтылар жатады. Олардың қызметінің негізін саяси мақсаттар емес, өндірістік, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени, сауда және тағы басқалар құрады.
Көптеген ұйымдардың ішінде жеке мүдделері бойынша құрылатындары да бар: нумизаттар, филателистер, автоәуесқойлар, туристер және басқалары.
Саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесін қарастырғанда біреулері: оның құрылымдық элементтерімен қоса әртүрлі қоғамдық-саяси инстиуттармен қоса саяси қатынастарды да қарастырмақшы, екіншілері: құрылымдық элементтеріне, институттарына қоса еңбек ұжымдарын, таптарды, халықты, ұлтты, отбасын, түрлі қоғамдық ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, демократияның тікелей формаларын және басқаларды жатқызады. Үшіншілері: құрылымдық элементтеріне саяси идеяларды, көзқарастарды, нанымдарды, саяси сананы, саяси идеологияны т.с.с. жатқызады.
Саяси жүйедегі адам құқығы мен бостандығы
Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі- жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп адамның белгілі игілік алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке адамның мбостандығына оған өз қалауынша орындауға мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады.
Адам өмірге келгенде тең болып туады, мұны Аристотель – табиғи құқық деп атаған. Феодализм уақытында әр таптың өзгеше құқығы болды. Ал капитализм уақытында құқық либерализммен байланысты болды. Либералдар монархияның билігін парламент арқылы шектеп, сайлау құқығын кеңейтуді және саяси бостандықты өрістетуді талап еткен болатын.
Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес мұра қалдырған ойшылдарға Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо. И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн және т.б. жатады.Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп берді. Мысалы: 1776 жылы 4шілдесінде АҚШ – та Тәуелсіздік Декларациясы бекітілді. Мұнда барлық адамдардың өмір сүруге, еркіндікке, жеке меншікке, бақытқа ие болуға тең құқығы бар, үкімет билігінің қайнары – халық, үкімет – халықтың қызметшісі, барлық мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс, ал егер олар бұл сенімді ақтамаса, халықтың ондай ұнамсыз, лайықсыз үкіметті жоюға еркі бар: өкіметтің заң шығарушы, атқарушы, сот билігі болып бөліну керектігі,т.с.с.айтылған.
АҚШ – тың Тәуелсіздік Декларациясында көрсетілгендей, негізгі баптар конституциялық түрде 1789 жылы Францияның адам және азаматтар құқығының Декларациясында да бекітілді.
26 мемлекет ұлтшылдыққа қарсы, адам өмірі, бостандығы туралы, тәуелсіздігі оның құқықтары мен әділеттілік үшін күресу еркіндігі жайлы Декларация қабылдады.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы адам құқықтарының халықаралық Декларациясын қабылдады. Онда адам құқықтары ғана емес, оларды қорғау шаралары да қарастырылады.
1948 жылы геноцидтің алдын алу және ол үшін жаза қолдану туралы конвенция, 1965 жылы нәсілдік алалаушылықтың барлық түрін болдырмау туралы конвенция, т.с.с. қабылданды.
БҰҰ шешімі бойынша 10 желтқсан жыл сайын дүние жүзінде адам құқығының күні ретінде атап өтіледі.
Қазіргі саяси ғылымда адам құқығына байланысты әр түрлі көзқарастар бар:
1. Табиғи-тарихи бағыттағы жақтаушылардың ойынша, адамның табиғи құқықтарының пайда болуы мемлекетке не заңға байланысты емес. Мемлекет бұл құқықты сыйлап, қамтамасыз етуі немесе оларды бұзуы, басып-жаншуы мүмкін, бірақ оларды ешқашан еш адамнан тартып ала алмайды дейді.
2. Заңдылық-позитивтік бағытты қолдаушылар, керісінше, азаматтардың құқығының пайда болар, шығар жері, көзі мемлекетте деп санайды. Жеке адамның құқығына тек қана мемлекет кепіл келтіріп, шарт бола алады.
3. Марсизм де адам құқығын
мемлекеттік құқыққа
Қазіргі кезде әлеуметтік саяси ғылымда адам құқығына табиғи-тарихи тұрғыдан қарап, соған орай түсіну басым. ”Адам құқығы” тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынасына жеке адамның құқығы мен бостандықтарының өте бай барлық түрдегі жиынтығы кіреді. Тар мағынада мемлекет тарапынан берілмеген, ол тек конститутциялық түрде жеке мемлекеттік шеңберде бекітілген құқықты білдіреді
Қорытынды
Қорыта келгенде, саяси идеялар, көзқарастар, нанымдар қоғамның саяси ұйымының материзацияланған құрылымы болып табылады. Осыдан келіп қоғамның саяси ұйымы материалдық жүйе болғандықтан оның құрамды бөліктері де материалдық болып келеді деп тұжырымдай аламыз. Бірақ олардың барлығы өзара тығыз байланыста ғана комплексті түрде қоғамның саяси жүйесінің элементтері ретінде көрініс таба алады.
Шетелдік саясаттанудағы саяси жүйе проблемалары. Проблеманы толық түсіну үшін шетелдік саясаттанушылардың көзқарастарын білу қажет. Бұл ретте отандық және шетелдік көзқарастар сәйкес келуде. Дегенмен, батыс саясаттануында қоғамның саяси жүйесі туралы бір нақты түсінік жоқ.
Сонда батыс саясаттануында қоғамның саяси жүйесі қалай түсіндіріледі? Бірнеше нұсқалар бар. Әрқайсысы өзінің мүддесін көздейді. Мысалы, Дэвид Истон мен Габриэль Алмонд деген саясаттанушылардың бағыты жиі айтылады. Олар саяси жүйені құратындарды жиыстырып қарастыруды ескерген. Ал К.Дойтчтың «Ұлтшылдық және әлеуметтік байланыс», «Басқару нервілері» деген еңбектерінде саясат саласынла теримнологияның атауларын механикалық жолмен енгізуді және кибернетиканың басты қағидаларын енгізуді көздейді. Бұдан басқа Д.Трумэннің «Американ саяси жүйесінің дағдарысы», «Басқарушылық процесі» деген еңбектерінле саяси жүйе теориясы әлеуметтік плюрализмнің негізгі қағидалары мен «қыспаққа алу топтары» теориясына сәйкес жағдайлар қалыптастырылған.
Мұндай теориялардың көптеп қалыптасуы олардың қоғамның саяси жүйесі туралы бір-біріне қарама-қайшы теориялардың жасалғанын көрсетеді. Олардың біреулерінде саяси жүйе қоғамдағы субъектілердің бірлесе қарым-қатынас жасау арқылы қоғамдағы құндылықтарды билік арқылы бөледі деген ұғым қалыптасқан. Келесі біреулерінде саяси жүйеге анықтама — принциптердің, заңдардың, доктриналардың, т.с.с. комплексі деген анықтама берілген.
Алайда қаншама әркелкі анықтамалар болса да, олардың баршасын ортақ экономикалық, саяси, идеологиялық негіздер біріктіреді. Олардың барлығы бірдей іргелі (әдістемелік) және қолданбалы рөл атқарады.
Осы рөлдер қалай орындалады деген мәселеге келетін болсақ, ең алдымен саяси теориясының әдістемелік аспектісінен бастаған жөн. Батыс саясаттанушылары саяси жүйе теориясын даралап қарағанда оны «әлеуметтік және саяси талдаудың өте бағалы құралы» деп атайды, «саяси ғылымдар саласында ғылыми зерттеулердің жалпы шеңберін» айқындайтын перспективасы бар тұжырымдама дейді, басқалары құрылымдар мен процестерді талдауда басты доктрина болып келеді дейді. Болашақты бағдарлап білуге көмектеседі дейді. Сонда саяси жүйе теориясының қолданбалы, практикалық та маңызы бар болып шығады.
Бұл теорияны батыс саясаттанушылары
практикалық проблемалар
1) Саяси жүйенің құрылымын
2) Бұқара арасындағы тірегінен
айырылып бара жатқан саяси
жүйенің экономикалық, саяси және
әлеуметтік негіздерін
3) Саяси жүйе теориясы қоғамдық-
4) Саяси жүйе тұжырымдамасы «
5) Қай елде болмасын саяси
тұрақтылықтың деңгейін
Сондықтан басқа елдерде капиталы бар іскер адамдар ол елдің саяси климатын қырағы бақылап отыруы тиіс. Әсіресе революциялар өте қорқынышты, қатерлі екенін олар әр кезде назарда ұстайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР