Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 16:37, реферат
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады, тек тайпа-тайпа болып жүрудің арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін, күн көрісін қамтамасыз ете алды. Тапқан табыстары бәріне ортақ болды, артық өнім болған жоқ.
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Саяси жүйе туралы түсінік
Саяси жүйенің мәні мен құрылымы.
Саяси жүйедегі адам құқығы мен бостандығы
III.Қортынды бөлім
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н.ГУМИЛЕВ атындағы ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Саяси жүйе
Орындаған: Жаңабергенова Н.С
Тексерген: Ибраев Е.Е
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Саяси жүйе туралы түсінік
Саяси жүйенің мәні мен құрылымы.
Саяси жүйедегі адам құқығы мен бостандығы
III.Қортынды бөлім
Кіріспе
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады, тек тайпа-тайпа болып жүрудің арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін, күн көрісін қамтамасыз ете алды. Тапқан табыстары бәріне ортақ болды, артық өнім болған жоқ. Мұндай жағдайда еңбек құралдары, еңбек өнімдері ұжымға ғана тиісті еді. Мұндай ру-тайпаларды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар ұжым мәселелерін ортаға салып, реттеп, шешіп отырды.
Адамдар бірте-бірте тек табиғаттың
бергенін тұтынып қана қоймай, енді
сонымен қатар өздерінің
Артық өнім өмірге теңсіздік әкелді. Осылай құл иеленушілік құрылыс келді. Бұл қоғам құл иеленушілер мен құлдар, басқарушылар мен бағынушыларды тудырды. Үстем тапқа қоғамды бағындыру, таптар, жеке адамдар, тұлғалар мен қоғам, осы мемлекет пен басқа мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу үшін құрал, қоғамның мәселелерін шешетін әлеуметтік топ қажет болды. Бұл топ төменгі топқа бақылау жүргізді. Енді күштеу, зорлау арқылы орындаттыратын анық заң ережелері, нормалары қалыптасты. Олар экономикалық қызметті ұйымдастырды, қоғамдық өнімді өндірді.
Билікті иеленушілер мен оған бағынушылардың рөлдері институционалдық қалыпқа түсті. Мемлекет, саяси партиялар, басқа да қоғамдық ұйымдар қалыптаса бастады. Олар белгілі бір таптың мүддесін қорғады. Осылардың барлығын бір сөзбен қоғамның саяси жүйесі деуге болады.
Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығы айтады.
Саяси жүйе теориясын XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон дүниеге әкелді. Оның ойынша саяси жүйе сыртқы ортамен “кіріс” , “шығыс” принциптері арқылы байланысады.
Кірістің екі түрі бар. Олар: талаптар мен қолдау.
Д. Истон, Г. Митчел, Г. Спиро, Г. Алмонд саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктерін көрсетті:
1. Топтар мен жеке адамдардың
іс-әрекетін басқаруға
2. Өзінің қызмет етуіне қажетті
экономикалық және басқа
3. Қорларды, иліліктерді, қызметті, үздік белгілерді бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі;
4. Әлеуметтік ортаның
Қорыта келе саяси жүйе үстемдік етіп отырған қоғамды басқаратын аппарат болып саналады.
Саяси жүйе туралы түсінік
«Саяси жүйе» ұғымын саяси ғылым XX ғасырдың орта шенінен қолдана бастады. Саяси жүйелер теориясының негізін қалағандар американ саясаттанушылары Д.Истон мен Г.Алмонд. Д.Истон өзінің «Саяси жүйе» (1953), «Саяси өмірді жүйелік талдау» атты еңбектерінде саяси жүйені сырттан келетін импульске жауап беретін дамып және өзін-өзі реттеп отыратын организм ретінде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, саяси жүйе біртұтас, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы.
Г.Алмондтың«Салыстырмалы саяси жүйелер» (1956) деген мақаласында саяси жүйе саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға басты назар аударады. Марксизм позициясынан саяси жүйе саяси процестср субъектілері әлеумсттік топтардың мүдделерін бейнелейтін қоғамдық қондырманың элементі ретінде талданады. Бұл мүдделер саяси процестср арқылы, саяси шешімдерді қабыддау мен іскс асыру арқылы саяси құрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады (қараңыз, Фарукшин М-Х. Политическая система общества. Социальнополити-ческие науки. 1991, 5, 60 бет. Мұндай тәсіл бойынша саяси жүйе ең алдымен саяси институттар жүйесі болады, автор институционалданған жүйені басқа жүйешелермен қатар тұратын жүйеше ретінде қарастырады. Әдебиетте басқа ұғымды байқауға болады, атап айтсақ: саяси жүйе саяси институттар жүйесінде жүзеге асатын саяси идеялар жүйесі ретінде қарастырылады. Саяси жүйені түсінудегі мұндай әртүрліліктің болуы кездейсоқ емес, ол кепбейнелі тараптардың бірлігі ретіндегі феноменнің өзінің күрделілігіне негізделінген.
Саяси жүйенің лайықты түсінігі өзекті белгілері мен одан шығатын тараптардың қатаң айырмашылығын талап етеді. Жоғарыда көрсетілген анықтамалар көбінесе осы проблемаларды қарастырумен байланысты.
«Саяси жүйе» ұғымы ең алдымен қоғамның саяси сферасының жүйелік сипатын білдіреді. Антика кезеңінен бастап саяси ойшылдар қоғамның әртүрлі саяси қүрылыстары өмір сүретінін түсіне білді. Мысалы, Платон мемлекеттік басқарудың үш формасын көрсетеді: монархия, анархия, демократия, олардың әрқайсысы өз кезегінде заңды және заңсыз болып болінеді. Бұған ұқсас пікірді Аристотель де айтады, ол басқарудың төрт формасы болатындығын көрсете отырып, оларды дұрыс және дұрыс емес деп беледі.
Саяси ғылымдар тарихында бірте-бірте саяси сфера жүйелік біртұтас деген идея қалыптасты. «Саяси жүйе» ұғымы жалпыланған түрде осы идеяны бейнелейді.
Саяси жүйе теориясының негізін салушы Д.Истон, сондай-ақ француз саясаттанушысы Дювержье саяси жүйе элементтер жүйесі ретінде олардың өзара әрекеттерінің, рольдерінің, қатынастарының, сонымен бірге нормалар мен ережелердің жиынтығы деген ойға басты назар аударады. Осы тұрғыда саяси жүйенің институционалды, коммуникативті, функционалды, нормативті тәрізді әртүрлі жүйешелерін айырады. Бүл жүйешелердің әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, өз функцияларын атқарады және жүйенің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып басқалармен өзара байланысқа түседі.
Батыстық саясаттануда екі идея басым: біріншіден, саяси жүйе туралы белгілі бір нәрсені оның сыртқы ортамен байланысын сараптау арқылы айтуға болады; екіншіден, саяси жүйені нақты түсіну элементтердің өзара әрекетін, ролъдік функцияларын және реттеуші нормаларын талдау нәтижесіндс жолға қойылады.
Осыған байланысты саяси жүйені ортамен «кірудегі» және «шығудағы» өзара әрекеті бойынша қарастырылатын «қара жәшікпен» теңестіреді.
Осыған ұқсас жайтпен, яғни
жәшіктің ішіндегі болып
Жүйе орта импульстеріне жауап бере отырып ортаға ықпал етеді. Орта жүйе тарапынан импульс ала отырып өз кезегінде жүйеге ықпал етеді, және барлығы жаңадан басталады. Бір сөзбен айтқанда, жүйе мен ортаның өзара әрекеті тұйық кибернетикалық мақсаттардың өрекеті принципі бойынша өтеді.
«Кірісте» қогам тарапынан болатын талаптар мен қолдауларды белгілеуге болады. Саяси жүйе оларды «игеруге», қайта өндеуге және сыртқы сигналдарга лайықты жауап беру үшін шақырылған. Бұл саяси жүйенің басқалар тәрізді тікелей және қайтымды байланыстың болуы арқылы қалыпты қызмет етуін білдіреді. «Шығыста» жүйенің сырттан келетін сигналдарға өзіндік реакциясы болып табылатын шешімдср мен әрекеттерді белгілеуге болады. Олар қоғамның барынша немесе барынша емес талаптары мен күтулері болуы мүмкін. Осымен жүйенің легитимділік деңгейі, яғни қоғам тарапынан оны қолдау мен қабылдау анықталынады. Легитимділік ұғымының тұтастай жүйеге де, оның жүйешелері мен элементтеріне де таратылатындығы айқын. Жүйе ішіндегі кез-келген асыра тырмысудың болуы, жекелеген жүйешелердің келісімділігінің болмауы тұтастай саяси жүйенің легитимділік деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Дел осылай қоғамда да жүйсдегідей тәрізді болады.
Сонымен, импульстың екі түрін немесе кірістің екі түрін бөліп көрсетеді, мысалы, сайлаушылардың жүйеге деген талабы мен олардың жүйені қолдауы.
Талаптардың ауқымы оте кең жалақыны көтеру, еңбек жағдайын жақсарту, білім берудегі ассигнованиялар жәнс т.б. Егер де талаптар көп болса, бұл тек белгілі бір шекке дейін шешуге қабілетті жүктемелердің көбейіп кетуіне байланысты жүйенің әлсіреуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер де талаптар көп болып, оны парламент немесе үкімет шешуге физикалық жағынан дайын болмаса жүктемелер сандық, егер де талаптар күрделі болса сапалық болуы мүмкін. Сондықтан да оларды жүйе мүмкіншіліктерімен сәйкестендіру керек. Мұның салдарының ауырлығынан құтылу жолын саясаткерлер іздестіруге тиіс. Бұл мәселені талаптарды белгілі бір шеңберде ұстап тұратын қоғамда өмір сүріп отырған құндылықтар жүйесі, мәдени нормалар, қондырмалар және т.б. атқарады.
Импульстың немесе кірістің екінші түрі — қолдау да жүйе үшін өте маңызды. Тұтастай алғандағы қауымдастықты (елді) қолдауды, режимді қолдау, үкіметті қолдау және оның қалған барлық мүшелерін қолдауды айырып алғанымыз абзал. Мысалы, өмір сүріп отырған режимді жек көре отырып, өз отанының патриоты болуы мүмкін, әрекет етуші үкіметтің қызметін жаратпай режимді қолдауы мүмкін, жекелеген мүшелеріңе теріс баға бере отырып тұтастай үкіметті қолдауы мүмкін.
Кез-келген саяси жүйеде маңызды екі механизмнің болуы шарт. Біріншіден, бұл қадағалаушы механизм, осы арқылы жүйені әрекетке түсіретін талаптар мен қолдаулар белгіленеді. Екіншіден, талаптар мен қолдауларды шешімдер мен әрекетке өзгерте конверсивті (өзгертуші) механизм жұмыс істеуі керек. Д.Истон талаптардың келесі түрлерін бөліп көрсетеді:игіліктер мен қызметтерді бөлуді қарастыратын талаптар (еңбекақы, зейнетақы мен көмек туралы зандар қабылдау, жекелей алғанда, оларды төменгі деңгейге дейін орналастыру мен көтеру; жұмыс уақыты туралы зандар қабыддау, жекелей алғанда 8 сағаттық жұмыс күнін белгілеу; білім беру мүмкіндіктерін кеңейту туралы; жолдарды жақсарту, көлік құралдары мен транспорттың жұмысын жақсарту туралы заңдар қабылдау);
- жүріс-тұрысты реттеумен
- коммуникация мен ақпарат
- материаддық қолдау: салық төлеу, қоғамдық бастаулардағы еңбек, әскери қызмет;
- заңдар мен директивалардың сақталынуы;
- саяси өмірге араласу: дауыс
беру, саяси дискуссияларға қатысу
және т.б. саяси қатысу
- ресми ақпараттарға назар
Саяси жүйе мемлекеттік
Саяси жүйенің негізгі
- билік — шешімдерге ықпалын
тигізе алатын бәсекелес
– мүдделер — мақсаттар
жиынтығы, оларды көздей отырып
жекелеген тұлғалар немесе
– саясат — әдетте заңнама
түрінде болатын билік пен
топтардың мүдделерімен бірге
олардың арасындағы өзара
Д. Истон мен Дювержьенің зерттеулері саяси жүйе табиғатын түсінуге қадам жасады. Бірақ оларда бір-бірімен қатынаста, өзара әрекетте және т.б. табылатын элементтердің өзі нені біддіреді деген мәселенің басы ашылмай қалғандығы даусыз.
Осы мәселені қарастыруда өзінің көрнекті үлесін Алмонд қосты. Ол саяси жүйеде институциональды және құндылықты тәрізді элементтердің екі тобын айырып алу керек деп есептейді. Мұнымен саяси жүйенің жоғарыда Алмонд көрсеткен анықтамасы байланысты. Ағылшын саясаттанушысы Уайт пен поляк саясаттанушысы Е. Вятр құндылықтар жүйссін саяси жүйеге қатынас бойынша сыртқы бір дүние деп есептсйді. Тиісінше, саяси жүйе әртүрлі әлеуметтік топтар мүдделерінің белгілі бір құндылықтар мен идеалдар негізінде келісімі үшін қажетті саяси институттарды бейнслсйді. Оның моні мынада, институттар жүйссі мен құндылықтар жүйесі бір-бірінен ажыратысыз және олар жиынтығында ғана саяси жүйені құрады. Институциональды жүйенің негізінде жатқан құндылықтар жүйесі қондырмалы және жүріс-тұрыстық қалып, оның шегінде саяси жүйе орналасады, және ол занды түрде рәсімделген немссс рәсімделмеген болуы мүмкін.
Сонымен, саяси жүйс кұрылым, яғни элементтер мен олардың арасындағы өзара әрекеттің жиынтығы екен. Жүйе элсмснтіне мыналар жатады: