Саяси сана деп

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 09:49, реферат

Описание работы

Саяси сана деп – өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп, сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекетіне бағыт – бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі – мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономикалық мүдделерімен мақсаттары, өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері, бұл жолдағы әрекет, амал, ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.

Содержание

I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Саяси идеологияға түсінік
1.1 Саяси сананың мәні мен құрылымы
1.2 Саяси сана деңгейлері
1.3 Саяси идеология теориялық тұрғыда
2. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері
2.1 Саяси идеология ерекшеліктері
2.2 Саяси идеология түрлері
III. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Саяси сана.doc

— 94.50 Кб (Скачать)

Консервативтік  (латынның консервативус – қорғаушы деген сөзінен шыққан) идеология Ұлы Француз революциясының саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келген. Бұл революцияны олар қоғамдық былықтың, бүлінушілік пен күйзелістің себебі деп санады. Бірақ ол бастауын XVII ғасырда пайда болған дәстүрлік діни монархистік қорғаушы ағымынан алады. Ол ағым дәстүрлі монархиялық биліктегі саяси өмір құрылысын, феодалдық тәртіптер мен оның рухани құндылықтарын сақтағысы келді. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын философы және мемлекет қайраткері Эдмунд Берк (1729-1797), француз публицисті және қоғам қайраткері Жозеф де Местр (1754-1821), немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиньи (1779-1861), Австрияның канцлері Меттерних (1773-1859) және т.б. жатады. Консерваторлар монорхияны қалпына келтіруге және феодалдық – аристократиялық құрылыстың дәстүрлі құндылықтарын қайта түлетуге тырысты. Олардың ойынша, ортағасырлық тәртіп, қауымдастық қатынастар, отбасы, мектеп, шіркеу қоғамды біріктіреді, оның бірлігін және дамудағы сабақтастығын қамтамасыз етеді.

Өмірде әдет-ғұрып, дәстүр негізгі рөл атқарады. Сондықтан қоғамдық дамудың негізгі өлшемі әдет-ғұрыпты және халықтың мінезін өзгертуде. Олар аңартушылық пен революцияға, сана мен прогресске қарсы тұрады. Олардың саяси идеологиясының өзекті мәселелері – күшті мемлекет, айқын саяси жіктелу, биліктің төбе топ қолында болуы. Еркіндікті тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы және оларға адалдығы деп түсінді.

“Саяси идеологиялар” деп аталатын немістің оқу құралдарында консервативтік көзқарасқа мынадай анықтама беріледі: “ол – дәстүр, діншілдік, бедел, еркіндік және жауапкершілік, адамдардың табиғи теңсіздігі ,бір нәрсеге сенімсіз, шүбәләнумен қарау принциптерінің жиынтығы”.

Коммунистік (латынның коммунис – жалпы деген сөзінен шыққан) идеялар XIX ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар Карл Маркс (1818-1883) пен Ф. Энгельс (1820-1895). Олар жан – жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келеді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құтқаруы керек. Олардың ойынша, социолизмді орнататын бірден-бір құрал – социолистік революция. Оны жасай алатын бірден-бір күш жұмысшс табы. Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады. Социолистік революция нәтижесінде ескі мемлекет түбімен қиратылады да, оның орнына жаңа мемлекет – пролетариат диктатурасы орнайды. Барлық тарихи прогресс қоғамдық – экономикалық формациялардың жүйелі түрде ауысуымен байланыстырылады. Олар жеке меншікті орнатқысы келді. Коммунистік қоғамда мемлекет, саясат болмайды деп санады.

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында марксистік саяси идеология революциялық және реформистік болып екіге бөлінді. Революциялық ағымды В. И. Ленин (1870-1924) басқарды. Ол марксизді демократиялық революцияда пролетарияттың басшылық ету керектігі, партияның рөлі, буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы, социолизмнің алдымен бірнеше елді немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы теориялармен байытты. Реформистік идеялар немістің социал – демократы Э. Бернштейн мен немістің тарихшысы және экономисі К. Каутскийдің еңбектерінде дамытылды. Кейін ол өзінше бөлек идеялық – саяси бағытқа – социал-демократияға айналды.

Жоғарыда көрсетілгендей, социал-демократиялық идеологияның негізін қалаған Э. Бернштейн. 1899 жылы оның “Социализмнің алғы шарттары және социал-демократияның мақсаты” деген еңбегі жарық көрді. Онда капитализмнің өзін-өзі дамытуға мүмкіншілі бар екенін көрсетті. Соның негізінде классикалық марксизмді қайта қарап, оған өзгерістер енгізді.

Социал-демократия идеологиясы “демократиялық социолизм” идеясын алға тартты. Оның басты құндылықтары – еркіндік, теңдік, әделеттілік және ынтымақтастық. Бұл құндылықтарды, олардың ойынша, экономикалық, саяси және рухани демократия арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Ол аралас экономиканы, мемлекеттік әлеуметтік – реттеу рөлін, саяси өмірді демократиялық түрде ұйымдастыруды талап етеді.

Саяси демократияға мынадай принциптер кіруі тиіс: адам құқықтары, сөз, ой-пікір, баспасөз, білім  алу, ұйымдар құру, дінге сену, өзін-өзі  басқару және сол сияқтылар. Сонымен  бірге мұнда халықтың өз еркімен  көңіл білдіруі арқылы бөгетсіз үкіметті бейбіт жолмен алмастыруға мүмкіндігіде де кіреді.

Қазір социал-демократтар  экологиялық қауіпсіздікке, адамды қоршаған ортаны жаңартуға, жандандыруға көп көңіл бөлуде. Олар Еуропадағы әлеуметтік және экологиялық түленген индустриалды өркениеттілік орнатпақ.

Социал-демократияның  Социалистік интерноционал деп  аталатын халықаралық ұйымы бар. Оған барлық континент 70-ке жуық партиялар  кіреді. Оларға кіретін басым бағыттар: бейбітшілік және халықаралық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету, Батыс пен Шығыстың арасындағы қатынастарды жақсарту, колониализм мен нәсілшілдікті жою, жаңа халықаралық экономикалық тәртіпті жасау, қоршаған ортаны сақтау және т.б.

Фашизм (Италияның фашизмо – бірлестік деген сөзінен шыққан) 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф. Ницше, Дж. Джинтилле, О. Шпенглер. Бұл кезде капиталистік елдер терең дағдарысқа ұшыраған. Мұндай жағдайда классикалық либералдық құндылықтар адамзат іс-әрекетіне дем беріп, ынталандыра алмады және қоғамды біріктіруге шамасы келмеді. Халықтың жалпы жоқшылыққа ұшырауы, кедейленуі, бұрынғы әлеуметтік құрылымның ыдырауы, көптеген табынан айырылған қаңғыбастар таптарының апйда болу либералдық еркін тұлға идеяларын құнсыздандырды. Олардың басын біріктіріп, рухтандыратын ұлттық бірігу және қайта өркендеу идеялары болды. Ол 1914-1918 жылдары бірінші дүние жүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған Германия үшін өте қажет еді. Сондықтан фашистік идеология олардың ойынан шықты.

Бұл идеологияның басты ерекшеліктері – еңбекшілерді басып жаншу үшін зорлықтың шектен шыққан түрін қолдану, шовинизм, нәсілшілдік, экономиканы мемлекеттік – монопологиялық реттеу тәсілдерін кеңінен пайдалану, азаматтардың қоғамдық және жеке өмірін толық бақылау. Соғысқа дайындалу, көсемшілдік идеялары кең тарай бастады. Фашистік идеологияның негізгі қағидалары А. Гитлердің “Менің күресім” (1925) деген кітабында баяндалады. Онда соғыс тазартушылық процесс негізінде сипатталады, неміс ұлтының тазалығы, оның басқа халықтан артықшылығы дәріптеледі.

Қазіргі кезде фашистік идеологияны көпшілігі жаратпайды. Дегенмен бірқатар елдерде жаңарған фашистік топтар пайда болуда. Олар террорлық әрекеттер арқылы қоғамдық жағдайды, шиеленістерді, саяси дағдарыстарды тудыруға ықпал етеді.

Сонымен біз  қазіргі идеологияның негізгі түрлерін қарастырдық. Енді олардың біздің елдегі жағдайға ықпалына тоқталайық. Біздің республиканың өміріне елеулі ықпал етуші – жаңарған либерализм. Оған айғақ – экономикада жеке меншіктің дамытылуы, жекешелендірілуі,  еркін нарық пен бәсекені мойындау, әлеуметтік теңдік прициптерін жоққа шығару, дарашылдыққа бетбұрыс және т.б. дегенмен мұның бәрін абайлап, жақсы ойластырып енгізбесе болмайды. Себебі, біздің өз дәстүріміз, экономикалық мәдени жағдайларымыз бар. Оның ішінде ең бастысы – қазақ халқында либералдық идеяның тірегі болып табылатын дарашылдық болмаған. Біздің халқымыз ықылым заманнан бірлесіп, ұжымдасып тіршілік еткен. Соны ескерген жөн.

Десе де либералдық құндылықтарды басшылыққа алған  реформаның бастапқы кезеңі біз үшін онша сәтті болмады. Мүліктік теңсіздік өрістеп, көпшілік жұрттың өмір деңгейі төмендеп, күйзеліске ұшырауда. Сондықтан халықтың жалпы алғанда, либералдық құндылықтарға  ұмтылысы бәсеңдеп, жаңа жағдайда өмір сүруге көндікпей жатыр. Нарықтың жабайы түрінен ығыр болған біраз жұрт баяғы әлеуметтік қорғалуды, теңгермешілікті дұрыс көргендей. Коммунистік, ұлтшылдық және т.с.с. идеологиялардың әсері өсіңкіреуде. Әрине, баяғы кеңестік жолға қайта оралу жақсылық әкелмейтіні белгілі. Ал нарықтық экономиканың біздің жағдайымызға лайықты тиімді жолын ғылыми тұрғыдан тексеріп, тауып, байсалды жүргізген абзал.

Кейбіреулер кеңес  үкіметі күйрегеннен кейін коммунистік  идеологияға тойдық қой, енді идеологиясыздану керек дегенді айтады. Ол дұрыстыққа жатпайды. Себебі, идеологиялық құндылықтарды басшылыққа алмаған, оған сүйенбеген тарихта ешбір саяси жүйе болмаған. Сондықтанда болар, белгілі Америка саясаттанушысы Д. Истон идеологияның ақыры деген тезисті іс жүзінде консервативтік-демократиялық идеологияның бүтіндей билеуін бүркемелейтін аңыз деп санады. Ал немістің осы мәселелер жөніндегі ірі маманы К. Мангейм құлатылған идеологияның орнына лайықты алмастыру болмаса, ол жерде сөз жоқ утопия пайда болады деген.

Өтпелі қоғамды  басынан кешіріп отырған біздің еліміз үшін саяси процесті ғылыми тұрғыдан дұрыс түсініп, ұғынудың қажеттілігі зор. Біздің мемлекеттік идеологиямыз болып жатқан оқиғаларға шынайы баға беріп, қазіргі тығырыққа тірелген экономиканы дағдарыстан шығарудың неғұрлым ұтымды жолдарын белгілеп, таяудағы және неғұрым алдағы болатын болашаққа болжам жасап, бағыт беру, халқымыздың салт сана әлеуетін көтеріп, оның рухани мәдениетін сақтау және дамыту сияқты өзекті, өмірлік маңызы бар мәселелерді жиі көтеріп, түсіндіруін халық асыға күтуде. Біздің идеологиямыз адамгершілік, мейірімділік, адалдық, парасаттылық, шыншылдық, еңбекқорлық, кәсіпкерлік, табандылық, ержүректілік сияқты асыл қасиеттерді адамдардың санасына сіңіріп, дарытуға қызмет етуге тиіс.

Саяси ой-өріс тарихында Анархизмнің (грекшеден аударғанда – биліксіздік, бастаманың жоқтығы дегенді білдіреді) де өзіндік орны бар. Бұл ағымның тоқ етер түйіні – мемлекетті және биліктің күшке сүйенген кез-келген түрін жойып, азаматтардың еркін түрде біріккен ассосациясын құру. Анархизм қоғам дамуының обьективті заңдылықтарымен санасуды қаламайды. Ол үшін жеке бостандық – басты мақсат, ортақ мәселелерді келісім арқылы шешу негізгі жол.

Қоғамның осы  заманғы саяси – идеялық даму процесінде басқа да ірілі-уақты  идеологиялық аңымдар бар. Мәселен Радикализм – теориялық және практикалық тұрғыдан заң шеңберінде өзгерістерді батыл әрі түбегейлі жүргізуді жақтайды.

Эктремизм – саяси мақсатқа жету жолында күшейтудің небір тәсілін қолданудан тайынбайды, ештеңенің алдында тоқтамайды.

Популизм болса – саяси мақсатқа жету үшін сөзауырлыққа, құрғап уәдеге жүгінбейді.

Ал Қазақстан  жағдайына келсек, ең әуелі мына нәрселерге назар аудару керек. Конституцияға  сәйкес:  

  1. Бізде идеологиялық және саяси әр алуандылық танылады;
  2. Белгілі бір таптың немесе партияның пікірі халықтың пікірі болып саналмайды;
  3. Еліміздің тұтастығына, мемлекетіміздің қауіпсіздігіне, ұлтаралық татулыығына нұқсан келтіретін кез-келкен идеялық ағымға, іс-әрекетке тойтарыс беріледі;
  4. Мемлекетіміздің болашағына жол ашатын негізгі арқаулар: еркіндік, теңдік, ұлтаралық татулық, ел мен жердің тұтастығы және рухани дүниемізді байыту.

Ендеше енді ғана қалыптасып жатқан мемлекеттік  идеология Конституцияда көрсетілген  осы принциптерден бастау алады.

Сондай-ақ мемлекеттік  идеология, біздіңше еліміздің негізін  құрап отырған қазақ халқының ұлттық мүдделерін де басшылыққа алуы тиіс. Қазақ мемлекеттігі құрылғаннан бергі тарихи жолда халқымыз Қасым салған қасқа жолдан, Есім салған ескі жолдан ауытқымай, керісінше ол дәстүрді кеңейте, көркейте түскені белгілі. Яғни бір жүйеге түскен ұлттық идеология болғаны рас. Ендеше кеше комунистік тотолитарлық жүйе бұзып кеткен дәстүрдің өміршең жақтарын қайта жаңғыртып, бүгінгі заман талабына сай түленте пайдалану орынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. ҚОРЫТЫНДЫ

Сайып келгенде, еліміздің халқын, әсіресе жаңа ұрпақты  патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелемей, қоғамның бұдан әрі дамуының маңызды  факторларының бірі – оны топтастыруға қол жеткізу мүмкін емес.

Осы тұрғыдан алғанда, ұлтымыздың басын қосатын, ілгері жол бастайтын бірнеше ұлттық идеялар дамыту қажет деп есептейміз. Олардың кейбірі мыналар: жоғары технологияны игеруге деген ұмтылыс, ұлттың ішкі бірлігіне қол жеткізу, өскелең ұрпақтың денсаулығы мен тәлім-тәрбиесіне баса көңіл бөліп, бесікті түзету, билікті заңды сыйлауды үйреніп, бойға сіңіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Ұ. Е. Сыдықов

“Саясаттану” ҚазҰТУ, 2006 жыл

  1. Қ. Е. Сламғазыұлы

“Саясаттану негіздері” Астана, “Елорда”, 2000 жыл

  1. Ж. Б. Жамбылов

“Саясаттану” Алматы,2002 жыл


Информация о работе Саяси сана деп