Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 09:49, реферат
Саяси сана деп – өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп, сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекетіне бағыт – бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі – мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономикалық мүдделерімен мақсаттары, өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері, бұл жолдағы әрекет, амал, ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Саяси идеологияға түсінік
1.1 Саяси сананың мәні мен құрылымы
1.2 Саяси сана деңгейлері
1.3 Саяси идеология теориялық тұрғыда
2. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері
2.1 Саяси идеология ерекшеліктері
2.2 Саяси идеология түрлері
III. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
МАЗМҰНЫ
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Саяси идеологияға түсінік
1.1 Саяси сананың мәні мен құрылымы
1.2 Саяси сана деңгейлері
1.3 Саяси идеология теориялық тұрғыда
2. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері
2.1 Саяси идеология ерекшеліктері
2.2 Саяси идеология түрлері
III. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Саяси идеология – «қоғамдық
санадағы түрлі формада болатын идеялар,
елестер, түсініктер жүйесі (философиядағы,
саяси көзқарастардағы, құқықтағы, моральдағы,
мәдениеттегі, діндегі) Идеология қоғамдық
тұрмыстың адам санасында қабылдануының
айнасы деп те қарастыруға болады, және
ол пайда болғаннан кейін-ақ ол қоғамның
дамуына белсенді түрде әсер етеді: дамытады
(прогрессивті идеология), оған кедергі
келтіреді (реакционды идеология) Таптық
қоғамда идеология әрқашан таптық болады.
Идеологиялық күрес саяси және экономикалық
күреспен қатар таптық күрестің негізгі
формаларының бірі болып табылады.
1 САЯСИ ИДЕОЛОГИЯҒА ТҮСІНІК
Саяси сана деп – өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп, сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекетіне бағыт – бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі – мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономикалық мүдделерімен мақсаттары, өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері, бұл жолдағы әрекет, амал, ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.
Саяси сана әр түрлі қызмет атқарады. Олардың ішінде негізгілері мыналар:
Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.
Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдеп-ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірбиесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қортынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады.
Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдар мен көзқарастардың жүйесі болып табылады.
Саяси психология саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарына, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады. Ол қарапайым саяси сана сияқты саяси өмірдің тікелей тәжірбиесінен туады. Бірақ қарапайым саяси санада өмірді танып-білуіне, хабардарлығына көңіл бөлінбесе, мұнда сол жағдайларда адамның қатынасуына, өмірді бағалауына баса назар аударылады. Қандай болсын саяси идея адамдардың белгілі бір сезімін тудырып, көңіл-күйге әсер етпей қоймайды. Мұның бәрі саяси психологияға жатады. Қарапайым саяси санамен саяси психология бір деңгейде. Сондықтан олар бір-біріне әсер етіп, жымдасып жатады.
Саяси идеология саяси сананың жоғары деңгейі есебінде, саяси билікке байланысты түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін бейнелейтін көзқарастардың, идеялардың, құндылықтардың жүйеленген жиынтығы болып табылады.
Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі – саяси идеология. “Идеология” деген ұғым гректің идея-бейне және логос-ғылым деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғалымы және философы А. Дестют де Траси (1754-1836) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөніндегі ғылым деп түсіндірді. Кейін келе бұл сөздің мән-мазмұны өзгерді. Қазір идеология деп – адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
Идеология әр түрлі
– саяси, құқықтық, этникалық, діни,
эстетикалық, философиялық болып келеді.
Сонымен қатар қандай идеология
болсын саясатпен тығыз байланысты
және саяси сипаты болады. Саяси
идеологияға белгілі бір
Саяси идеология Ағартушылық дәуірде дүниеге келді. Бұл кезде адамдар өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алға тартылады. Адамдардың мақсатты түрде іс-әрекет жасау мүмкіндігін негіздеу идеялар туралы ғылымды талап етеді. Ол үміт етіп, болашақтан күткен қоғам туралы идеялистік түсініктерде білінеді.
Қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Олар ең алдымен оның төмендегідей қызметтеріне бөлінеді:
Саяси идеология теориялық тұрғыдан топтың, таптың негізгі мүдделерін танытады, оларға мұраттар, ережелер, рухани байлықтар, бағалы бағыттар жүйесін береді. Сол арқылы күрестің нақтылы мақсаттарын, оларды жүзеге асырудың құралдары мен жолдарын белгілейді. Саяси идеология арқылы тап өзіндік санаға, жеке тұтастық сезімге ие болады. Көзқарастары бірыңғай қоғамдастықтың мүшесі болып сезіну – әрбір саяси қозғалыстың мүшесін байланыстырып тұратын түйіні. Сонымен қатар идеология – сезім тудыратын нышандар жиынтығы. Олар адамдар мен топтпрдың іс-әрекеттеріне мән-мағына беріп күшейтеді, асқақтатады. Мысалы, Отан үшін, ұлты үшін, халқы үшін адамдар ғажап ерлік жасап, өзңн-өзі құрбан етуге дейін барады.
Жүйеленген түрде саяси идеология партия бағдарламаларында, декларацияларында, манифестерінде, жарғыларында, сондай-ақ түрлі насихаттық құжаттарда қалыптасады. Сондықтан А. Грамши идеология халықтың ұжымдық еркін оятып, ұйымдастыру үшін қызмет етеді деген.
Идеологияны, жоғарыда айтылғандай, саналы түрде қоғамның білімді өкілдері, идеолог-саясатшылар, философтар, әлеуметтанушылар, заңгерлер, экономистер, ақын-жазушылар т.б. сияқтылар жасап шығарды. Ол ақпарат құралдары арқылы таратылады.
Саяси идеологиялар мазмұны, мақсаты жағынан прогресстік, либералдық, революциялық, консервативтік радикалдық, реакциялық, шовинистік, ұлтшылдық және т.б. болып бөлінеді.
Кейбір ғалымдар идеологияның ұғымдары мен принциптерін нақтылы ғылымдардағы сияқты тәжірбие жүзінде тексеріп білуге келмейді деп оған күмәнмен қарайды. Әрине, “еркіндік”, “теңдік”, “достық”, “егемендік”, “демократия”, “адам құқығы”, “азаматтық қоғам”, “құқықтық мемлекет” сияқты категорияларды тап басып көрсетуге келмейді. Дегенмен, идеология қоғамдық-саяси шындықты бейнелейтініне дау келтіруге болмайды.сондықтан К. Маркс идеялар халық санасына сіңген материялдық күшке айналады деп тегін айтпаған. Ол жоқ жерден бостан бос пайда болмайды. Жаңа идеялар пісіп-жетілген тарихи міндеттерді көрсетеді. Адамзат өзінің алдына өзі шеше алатын міндеттерді ғана қояды. Себебі, міндеттің өзі осы шешуге қажетті материалдық жағдайлар болып отырған кезде ғана немесе болуға таянған кезде ғана туады.
XX ғасырдың орта кезінде америкалық саясаттанушы және әлеуметтанушы Д. Белл (1919) “Идеологияның ақыры” деген еңбегінде идеологияның дәуірі өтті деп жазды. Ол ғылыми – техникалық прогресс заманында идеологияның рөлі бірте-бірте өшеді деп пайымдады. Бұл тезис 60 жылдары кең тараған студенттік қозғалыстарға жауап ретінде пайда болған. Бірақ одан өткен американың атақты әлеуметтанушысы және экономисі У. Ростоу (1916) дүние таным, көзқарасты қоғамды дамытатын қозғаушы күш деп санады. Басқаша айтқанда, оның ойынша, дүниені билейтін идеялар. Сондықтан ескірген “идеологиясыздандыру” тұжырымдамасының орнына “қайтадан идеологиялану” ой – тұжырымы алға тартылды. Оның мағынасы саяси және әлеуметтік өмірдің идеологиядан тәуелділігі артыпкеле жатқандығын білдіреді. Тіпті, “идеологиясыздандыру” теориясының негізін қалаған Д. Беллдің өзі осы ғасырдың 70 жылдары қоңамдық өмірден идеологиялық фактордың жойылмайтындыңын, оның қозғаушы күш екенін мойындады. Ол ескі идеологияның әлсіреуі жаіасын қажет етеді деген тоқтамға келді.
Бүгінгі таңда
идеологияны тудыратын
2 ҚАЗІРГІ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
2.1 Саяси иделогияның
Жалпы алғанда,
идеология ұғымына келесідей
анықматаманы беруге болады. Идеология – саясат субъектілерінің
белгілі бір шындыққа қатысты көзқарастары
мен идеялары жүйесі, мақсаттары, мүдделері,
ұмтылыстарының теоретикалық жүйесі.
Идеология терминін алғаш рет ғылымға
еңгізген француз философы Лестют де Граси
еді. Оның 1801-1815 жылдар аралығында жазылған
4 томдық «Идеология элементтері» бар.
Ол өз еңбегінде сана көріністерінің этикалық,
моральдік және саяси негіздерін, оның
логикалық, психологиялық түсіндірмелерін
табуға талпынады.
2.2 Саяси идеология түрлері
Қазіргі заманда
саяси идеологияның көптеген түрлері
бар. Олардың негізгілеріне либералд
Саяси идеологияның тұңғыш түрлерінің біріне либерализм (латынша либералист – еркін деген сөз) жатады. Оның негізін салушылар: Дж. Локк (1632-1704), Ш. Л. Монтескье (1689-1755), А. Смит (1723-1790), И. Кант (1724-1804), Т. Токвиль (1805-1859), Дж. Милль (1806-1873). Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржиазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болған. Буржуазия ол кезде экономиаклық жағынан белсенділік, іскерлік білдіреді, бірақ саяси жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либералдық саяси доктарина арқылы білдіреді.
Бүгінгі таңда либерализм – ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанмен, кейін келе оның көптеген принциптері жалпы адамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Либерализмнің мұраты қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне, дамуына зор ықпал етіп, оның қазына байлығына енді. Оның идеалдық негізінде көптеген басқа теориялар пайда болды.
Либералдық идеологияның негізгі принципі – адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғаммен мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. Экономикалық салада классикалық либерализм мына қағидаларға негізделген: адамның жеке меншікке құқығы, нарықтың, бәсекеліктің, кәсіпкерліктің еркіндігі, экономикалық іс-әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі. Осыған сәйкес мемлекет бір ғана қызметті- меншікті қорғау, “түнгі сақшылық қызметті” атқарады.
Саяси либерализм адамның еркіндігін шексіз құндылық деп біледі. Ол тек әділеттілікті білдіреді және ажырамас адам құқығына қол сұғудан, озбырлықтан қорғайтын заңмен ғана шектеледі. Демократияның либералды түсінігі – адамдардың теңдігі, олардың өмір сүруге, еркіндікке, меншікке құқықтарының теңдігі. Мемлекет азаматтық қоғамнан ажыратылған. Мемлекет заңмен шектеледі, билік тармақталады. Кейінірек либералдық саяси алуан түрлілік, жергілікті өзін-өзі билеу және т.б. идеялармен байытты.