Саяси партиялар – Қазақстанда демократиялық қоғам құру жолында

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 12:36, доклад

Описание работы

Қазақ халқының саяси тарихы саяси өмірді реформалауға бағытталған ой-пікірлерге кенде емес. Саяси шешімдерге тірек болған, тағдырлық мазмұндағы құжаттар қатарына көне дәуірдегі күлтегін жазуларын, орта ғасырлар кезеңіндегі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» заңдар жинағын жатқызуға болады. Қазақ халқының саяси өмірде бұл құжаттардың қолданылуы рулық-тайпалық ала-ауыздықты тыйды, қазақ мемлекеттілігін күшейтті, елдің саяси тұрақтылығымен біртұтастығын нығайтты. Ал Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң егемен ел болған Қазақстан халқын жаңа жасампаздық істерге бастаған, азаматтардың зор құлшынысын тудырған саяси маңыздағы құжат «Қазақстан 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 1997 жылы жасаған Жолдауы болды /

Работа содержит 1 файл

Саяси партиялар.doc

— 143.50 Кб (Скачать)

– Яғни өткенімізден адасып қалмай, оны алдағы болашаққа үлгі еткеніміз  жөн дейсіз ғой?

– Әрине, бірақ  онда да ішіндегі кері тартатын жақтарын емес, алға бастайтын дүниелерін пайдалануымыз  тиіс. Абай айтқан «дәстүрдің озығы  бар, тозығы бар» деп. Қазақ халқының демократияға бейімділігі бірден байқалады.

Біріншіден, қазақ  халқы табиғатынан біреудің пікіріне төзімді. Екіншіден, қазақтар жаңалыққа, ашық үрдіске бейімделгіш. Сол себептен жаңалықты тез қабылдайды.

Демократ тұлға  қалыптасуға керек келесі фактор – биліктің үлгісі. Өйткені Шыңғысхан заманынан кейін бізде билік діни сенімнен де, заңнан да жоғары болып қалыптасты. Сондықтан билік өзі қабылдаған заңды бұзбай жүрсе, ол қоғамды сол жолмен тез алға бастырады. Мысалы, соңғы бір жылға жуық уақытта көлік жолындағы тәртіп қалай жақсарғанын көріп жүрміз. Себебі жол сақшылары да тәртіпті қатаң қадағалай бастады. Бұрынғыдай жүргізушімен келісе салу азайды. Яғни көлік иелері де соған сай өзгере бастады. Қоғамда жаңа үрдіс байқалды. Ағылшынның бір ұлы драматургі «мен қоғамды түсіну үшін көшеге шығып, көлік қозғалысына бір көз жүгіртсем болды» депті. Ал енді бір ыңғайсыз жағдайды айта кету керек. МАИ қызметкерлері өз қызметін осылай жақсартқан кезде, Қауіпсіздік кеңесінде олар сынға ұшырады. Өйткені осы тәртіп министрлер мен әкімдерге ұнамайды.

Әрине, тұлғаға  өз ұлтының жинаған тәжірибесі әсер етеді. Бірақ өз ұлтын адамзаттың бір бөлігі деп қарау қажет. Әсіресе, жетекші адамдар «қоғамға бейімделуім  керек пе, әлде қоғамды алға тартуым  керек пе?» деген ұғымға назар  аударуы тиіс. Мысалы, мен Ресейдегі Путиннің жолын қоғамға бейімделу жолы деп түсінемін. Яғни қоғамның кемшіліктерін биліктің мақсатына пайдалану жолы. Біздің биліктегі адамдардың парызы – қоғамды алға тарту. Мен әлгі айтқан ағылшын жазушысына: «сіздердің елдегі билік басындағы адамдар қоғамдық пікірдің ортасында болады, біздің еліміздегі билік басындағы адамдар қоғамдық пікірдің алдында болуы керек», – дедім. Демек, демократтық сезім осы айтылғандардың барлығының арқасында қалыптасады.

– Саясат туралы сөз  болғанда, адамдар көбінесе одан аулақ жүру қажеттігін айтып жатады. Онда ластық пен арамдық бар деген түсініктің де бары рас. Саясатты тіпті адамдық ізгілікке қарсы деп қарайтындар да жоқ емес. Өмірде әрі саясаткер, әрі гуманист, әрі демократ тұлға болып жүру мүмкін бе?

– Әрине, мүмкін. Бірақ «оның билікке жетуі  мүмкін бе?» деген сұрақ тағы алдыдан  шығады. Ол қоғамдық құндылықтарға  байланысты. Саясатты лас іс деп  түсіндіру биліктегі идеологтарға тиімді. Себебі олар ашық саясаттан, ашық пікір алмасудан қашады.

Үлкен ұғымдағы саясат – елді дамыту, алға жылжыту тұрғысындағы ойлардың, істердің тоғысып, бәсекеге түсетін алаңы. Кез келген бәсекелестіктегідей оның ашық тұстары да, көлеңкелі жағы да болады. Бұл бәсекелестікке адал, шын оймен келгендер болады және басқаша жолмен жүргісі келетіндер де кезігеді.

Біз ХІХ ғасырдан бастап Ресейдің қол астында болдық. Ресей болса патшалық кезеңде  де, кеңестік дәуірде де, қазір де византиялық басқару моделімен  келе жатыр. Яғни астыртын қарым-қатынас  ашық қарым-қатынастан гөрі көбірек жұмыс жасайтын, рухани ізденістер институттарын, дінді де билік мүддесіне пайдаланатын тәсіл. Біз де осы Ресей ықпалымен қалыптастық. Бүгінгі біздің билікте отырғандардың көбі – Ресей, кеңес мектебінің түлектері. Олардың көпшілігі – көзге көрінбейтін көлеңкелі іс-әрекеттер шебері. Дамыған елдерде олай емес.

Мысалы, әлемдегі соңғы жарты ғасырдағы жарқын тұлға Барак Обама болып отыр. Өзі 45 жаста. Қара нәсіл өкілі. АҚШ-та қара нәсілдер 15 пайыз ғана. Дауыс  берушілердің көбі ақ нәсілді. Соған  қарамастан Б.Обама жеңді. Қандай ашық-жарқын бәсеке өтті! Әрине, бұл – бірінші кезекте АҚШ қоғамының 200 жыл бойғы ішкі орасан зор мәдени еңбегінің көрінісі. Бұл – Обаманың ғана емес, Вашингтон мен Линкольннің, Джеферсон мен Кеннедидің, Рейган мен Клинтонның да жеңісі. Бірақ Обама өзінің табиғат берген қасиеті, шешендігі, көсемдігі, ақылдылығымен алға шықты. Ол билікке басқа оймен келмейді. Обама – жұмысын қарапайым адамдарға көмектесетін әлеуметтік қызметкер ретінде бастаған адам. Өз халқының алдында оның ары таза. Халықаралық қатынастарда әр елдің басшылары өз халқының мүддесін бірінші кезекте ойлауы керек. Сондықтан одан альтуризм күте беруге болмайды. Бірақ өз елі оны құрметтейді. Әлемде Махатма Ганди секілді жаңағы талаптарға сай адамдар болған. Ол аш-жалаңаш жүріп, үнді халқының тәуелсіздігіне үлес қосты. Оны адал емес деп кім айта алады? Болмаса, саясатта жүрген Нельсон Манделла. Ондай адамдар көп. Ата Түріктің бір өзі қандай керемет тұлға?!

Саясатты әділ және ашық бәсекелестіктің аренасына  айналдырған сайын, саясаттағы теріс пиғылдағыларды халық өзі шеттететіні болады. Саясатта өмірдің басқа салаларындағыдай періштелер жоқ. Бірақ демократиялық дамыған елдерде саясаткерлерді пенделіктен алыстататын, оларды біршама таза жұмыс жасауға мәжбүрлейтін билік тармақтарының бір-біріне жасайтын қадағалауы және билік пен саясаткерлердің қоғам алдындағы жауапкершілігі болып табылады.

– Уинстон Черчилдің  «демократия –  қоғамды басқарудың тиімсіз түрі, бірақ  адамзат одан ыңғайлы  жолды әлі тапқан жоқ» деген сөзі бар. Қалай ойлайсыз, болашақта, мүмкін жақын уақытта адамзат әлемді басқарудың жаңа үлгісіне көше ме?

– Жоқ. Демократия жаңа мазмұнмен толыға түседі. Демократия ұғымының өзі басында Грециядағы кішкентай қалалардан басталған. Адамдар  келіп дауыс беретін болған. Кейін  мемлекет үлкейіп, адамның бәрін жинап дауыс бергізу мүмкін болмаған соң, парламент секілді құрылымды ойлап тапты. Парламент билікті мұрагерлік жолмен басқаратын корольдермен тайталасқа түсіп, олардың билігін шектей бастады. Қазір Англияның королевасы шын мәнінде өз елінде ештеңе шешпейді. Испанияның королі де сондай. Жапонияның императорының меншігінде тіпті бір қаламсап та жоқ. Өйткені оның мүддесі азаматтардың мүддесімен қайшы келмеу үшін солай жасаған. Меншігінде ешқандай дүние-мүлік жоқ. Демократия дамып, жергілікті жерлер басшыларын өздері сайлайтын болды. Салық мәселесін де қолдарына алды. Әйелдердің құқығы да өз жөнін тапты. Мүгедектер де заң арқылы басқалармен теңелді.

Мемлекеттік қызмет саласында бір мысал келтірейін. Америкада конкурстық сайлау ХІХ  ғасырдың аяғында енгізілді. Және Америка президентінің адамдарды тағайындау құқығы арнаулы заңмен шектелді. Өйткені сол кездегі бір Америка президенті сайлаудың алдында қалада жүріп біреуге «маған көмектес, кейін сені штаттың басқармасының бастығы етемін» деп уәде береді. Бірақ кейін оны ұмытып кеткен. Әлгі адам хат жазады. Президенттің қабылдауына кіре алмай жүреді. Артынан президент өз қаласына келгенде, оған оқ атып, жаралайды. Тексере келіп, неге атасың десе, өзіне берген уәдесін орындамағаны үшін атқанын айтады. Содан Америка конгресс өкілдері ойланады. «Президент неге бір штаттың адамына басқармаға тағайындаймын деп уәде береді? Әсілі, бұл президенттің құзырына жатпауы керек», – дейді де, қандай лауазым иесін тағайындауда президенттің құзыреті болу керектігі туралы заң қабылдайды.

Демократия –  қатып қалған пішін емес. Демократия – қозғалыс. Ол қозғалыстың мәні мен бағыты – өне бойы азаматтың  мемлекет басқарудағы орнын көтеру. Сол себептен біз өзіміздегі демократия ахуалын тек озық елдермен емес, бірінші кезекте кешегі күнмен салыстырып, ілгерілеудеміз бе, кері кетіп барамыз ба деген өлшеумен таразылауымыз керек. Кезінде Ленин мен Бернштейн таласқанда, Бернштейн «түпкі мақсаттан гөрі, күнделікті сол мақсатқа бастар қозғалыс маңызды» деген. Өмір осы таласты оның пайдасына шешіп тұр. Себебі түпкі мақсатты желеу қылып, мемлекеттік мүддені жалған құндылыққа айналдырып, елін кері кетірген жүйелер аз емес. Жаңағы Солтүстік Корея – соның шектік көрінісінің бірі. Адамзат әзір демократиядан артық басқару жүйесін ойлап тапқан жоқ. Ол әлі де даму үстінде.

Информация о работе Саяси партиялар – Қазақстанда демократиялық қоғам құру жолында