Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 12:36, доклад
Қазақ халқының саяси тарихы саяси өмірді реформалауға бағытталған ой-пікірлерге кенде емес. Саяси шешімдерге тірек болған, тағдырлық мазмұндағы құжаттар қатарына көне дәуірдегі күлтегін жазуларын, орта ғасырлар кезеңіндегі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» заңдар жинағын жатқызуға болады. Қазақ халқының саяси өмірде бұл құжаттардың қолданылуы рулық-тайпалық ала-ауыздықты тыйды, қазақ мемлекеттілігін күшейтті, елдің саяси тұрақтылығымен біртұтастығын нығайтты. Ал Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң егемен ел болған Қазақстан халқын жаңа жасампаздық істерге бастаған, азаматтардың зор құлшынысын тудырған саяси маңыздағы құжат «Қазақстан 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 1997 жылы жасаған Жолдауы болды /
Саяси партиялар – Қазақстанда демократиялық қоғам құру жолында |
Қазақ халқының
саяси тарихы саяси өмірді реформалауға
бағытталған ой-пікірлерге кенде
емес. Саяси шешімдерге тірек болған,
тағдырлық мазмұндағы құжаттар қатарына
көне дәуірдегі күлтегін жазуларын,
орта ғасырлар кезеңіндегі «Қасым ханның
қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы»,
«Жеті жарғы» заңдар жинағын жатқызуға
болады. Қазақ халқының саяси өмірде бұл
құжаттардың қолданылуы рулық-тайпалық
ала-ауыздықты тыйды, қазақ мемлекеттілігін
күшейтті, елдің саяси тұрақтылығымен
біртұтастығын нығайтты. Ал Қазақстан
тәуелсіздік алғаннан соң егемен ел болған
Қазақстан халқын жаңа жасампаздық істерге
бастаған, азаматтардың зор құлшынысын
тудырған саяси маңыздағы құжат «Қазақстан
2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,
қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы»
атты ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына 1997 жылы жасаған Жолдауы болды
/1/. «Қазақстан
2030» Жолдауында Президент Қазақстанның
алдындағы 7 басымдылықты атап көрсетті.
Солардың қатарындағы 1,2,4, және 7-ші басымдылықтардың
іске асуы елдегі саяси партиялардың да
ат салысып, араласуына қатысты болды.
Қазақстандағы саяси партиялар «Қазақстан
2030» стратегиясындағы ұлттық қауіпсіздік
мәселесін қуаттады. «Аумақтың тұтастығын
толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз
егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз
ету»/2/ мәселесі әрбір саяси партия үшін
маңызды міндеттер қатарында болды. Сонымен
қатар өздерінің саяси мақсаттарының
әр түрлілігіне қарамастан елдің саяси
партиялары «ішкі саяси тұрақтылық пен
қоғамның топтасуын жақтады. Қазақстанға
бүгін және алдағы орнаған жылдар ішінде
ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық
біртұтастықты сақтап, нығайта беру» /3/
мәселесі маңызды болды. Қазақстан саяси
партиялары түгелдей дерлік Қазақстан
азаматтарының денсаулығын, білімін және
материалдық әл-ауқатын көтеруді жақтады.
Саяси партияларды біріктіретін келегі
мәселелердің бірі-экологиялық ахуалды
жақсарту болды. Қазақстандағы саяси партиялар
ұзақ мерзімді басымдылықтар қатарына
мемлекетілікті күшейтуді де жатқызады.
«Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға
қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға
қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерінің
ықпалы жене осы заманғы корпусын жасақтау»
/4/ мәселесі де елдегі саяси партиялардың
ортақ мақсаттары деп атауға болады. Аталып өтілген
2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму
стратегиясының бағыттары елдегі саяси
партиялардың басым көпшілігінің саяси
бағдарламаларын ортақ Қазақстан халқы
үшін тағдырлық маңызы бар мемлекеттік
ортақ міндеттерді елдегі оппозициялық
партиялар мен қозғалыстар да жоққа шығарған
жоқ. Мысалы, 2003 жылы желтоқсанда құрылған
Қазақстанның демократиялық таңдауы «(ҚДТ)
партиясының бағдарламасында билік партиясы
күн тәртібіне қойып отырған мәселелер
өзінше орын алды. ҚДТ партиясы Біріккен
демократиялық қозғалыс «Азат» негізінде
құрылған. ҚДТ-ның мақсаттары: Биліктің
үш тармағының бөлінуі; Азаматтың және
азаматтар бірлестіктерінің құқықтары
мен бостандықтарын қамтамасыз ету; Экономиканың
дамуына сай халықтың әл-ауқатын көтеру;
Ұлттық байланыстарды қоғам мүддесіне
сәйкес игеру; Корупция мен қылмыскерлікке
қарсы тиімді күрес; Ақпараттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету»/5/. Аталған міндеттерді,
құндылықтарды ресми билік те
демократиялық қоғам құрудағы басымдылықтар
ретінде белгіледі. Саяси партиялардың
биліктің мақсаттарын айқындауға көзқарастары
бірдей болғанымен сол мақсаттарды орындау
әдіс-тәсілдерін басқаша түсінеді. Оппозициялық
партиялар биліктің халық алдында толық
ашықтығын және есептілігін жақтаса билік
партиялары мемлекеттік міндеттерді өз
күшімен, өздерінің саяси шараларымен
шешкенді дұрыс көреді. Билік партиялары
Қазақстан халқы алдындағы ашықтықты
және толық есептелікті міндетті емес
деп санады. Билік көптеген мәселелерді
өз бетімен шешуге құштар болды. Халыққа
есеп формалды жағдайға қалды. Билік партияларының
халық алдында нақты есеп бере бастауы,
әкімдердің есебі, министрлер кабинетінің
есебі саяси практикада 2000-ші жылдардың
басында «Отан» және «Нұр Отан» партияларының
қызметіне қатысты кірді. Қазақстаның
саяси партияларының демократиялық мемлекет
құруға қатысуы мәселесін зеттегенде
естен шығарылмайтын маңызды мәселе мемлекеттің
мүдделі топтардан елдің конституциясы
мен заңдары шеңберінде ғана қызмет етуін
талап етуі болды. Бұл талап өз бастауын
1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақ ССР
Мемлекеттің егемендігі туралы Декларациядан
алады. Кеңес Одағы күйреуі жағдайында
қабылданған бұл тарихи құжатта «Саяси
партиялар, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық
бірлестіктер, өзге де топтар немесе жекелеген
адамдар тарапынан Қазақ ССР-нің конституциялық
құрлысына қарсы жасалатын кез келген
күштеу әрееттері, оның территориясының
тұтастығын бұзуға шақыратын, сондай-ақ
ұлт азадығын қоздыратын жария ұрандар
заң бойынша жазаланады» /6/,- деп көрсетеді.
Қазақстандағы
басқарушы билік ел егемендікке
қол жеткізе салысымен түрлі полярлық
позициядағы саяси күштердің жас мемлекеттің
тәуелсіздігін шайқалтпауын назарға ерекше
ұстады. Себебі, саяси партиялар қызметінің
заң шеңберінен шығуы сол жылдарда белсенділік
көрсеткен сеспаратистік қозғалыстарға
дем берген болар еді. Әсіресе Қазақстанның
солтүстігі мен шығыс региондарындағы
сеспаратистік, шовинистік пиғылдағы
орыс тілді топтар белсенділік көрсете
бастаған болатын. Сонымен бірге саяси
тұрақтылыққа тым ұраншыл ұлтшыл- патриоттық
партиялар да кері ықпал етті. Бұл жағдайда
мемлекет саяси партиялардың өзара күресін
заңмен қатал реттеуді дұрыс деп тапты.
Бұл талап
Қазақстан Републикасының 1993 жылы 28
қаңтарда қабылдаған тұңғыш Конституциясынан
көрініс тапты. Онда «партиялар азаматтардың
саяси еркін қалыптастыруға және
іске асыруға ықпал етеді. Саяси партиялардың
құрылуы, қызыметі және тоқтатылуы заңмен
белгіленеді. Қазақстан Республикасы
аумағында басқа мемлекеттердің саяси
партияларының құрылуына жол берілмейді»-
делінген /7/. Мемлекет
саяси партиялар қызметіне ерекше
мән береді. Демократиялық қоғамның қалыптасуының
міндетті сегменті ретінде көппартиялық
дамытылды. Бірақта Қазақстан олардың
қызметіндегі қоғамдық келісімге және
этникалық татулыққа жат пиғылдардың
бірден жолын кесті. Мемлекеттік саяси
тұрақтылық саясаты шеңберінде қызмет
ететін саяси партиялар ғана ресми танылды.
Қазақстанда ұлтшылдық, сеспаратистік,
экстремистік саяси бағыттағы партиялар
өз қызметтерін бастай да алмады. 1995 жылғы
Конституция Қазақстандағы Осы талаптардан
1995 жылғы Конституция елдегі саяси реформаларға
ғана емес, саяси партияларда да заңдық
кеңістікте қызмет етуіне жағдай туғызғандығын
көреміз. Конституциялық ережелер аз ғана
мерзім ішінде саяси партиялардың қазақстандық
ішкі саяси ахуалға байланысты құрылуын
және дамуын қамтамасыз етті. Жас мемлекеттің
жаңа саяси партиялары жүйелі өмірге келді.
Олар елдің экономикасына, саясатына және
әлеуметтік қатынастарына ықпал жасай
бастады.Ірі саяси партиялар билік үшін
күресіп қана қойған жоқ. Олар елдегі саяси
тұрақтылықтың және этносаралық келісімнің
берік бола түсуіне жағдай жасады. Екінші 1995 жылы
қабылдаған Конституция ел өмірінің
саяси реформалауы үшін және демократия
эволюциясына жол ашты. Көзқарастардың
әр-алуандығына, саяси дискуссияларға
жағдай туғызатын, саяси мүдделі топтардың
заңнамалық шеңберде еркін жұмыс істеуіне
қажетті құқықтық-нормативтік алаң қалыптаса
бастады. Конституция әр азаматтың саяси
көзқарасын білдіруіне, саяси партиялар
қызметіне қатысуға және өз құқықтары
үшін күресе білуіне тең жағдай жасап
кепілдік берді. Азаматтардың заң алдында
теңдігіне конституциялық кепілдіктердің
берілуі олардың саяси белсенділігін
арттырды. Осындай саяси құқықтық ахуал
елдегі саяси жүйенің демократиялануының
теңдігіне және көппартиялықтың саяси
шындыққа айналуына әкелді. Саяси партиялар
жүйесінде оппозициялық партиялар да
өз орнын алды. Алайда үшінші шақырылымдағы
Парламент депутаты Н. Жылқышиев айтқандай
«Оппозиция бұқарадан алыс. Уақытында
Ленин айтқандай, бұл қозғалыс ел талабынан
өте алыс. Сосын демократиялық партиялар
бірнешеге бөлініп кетті. Атаулары да
және өзгеріске ұшырайды. Жаңа атаумен
халыққа танылып, сеніміне ие болғанша
да ұзақ уақыт керек. Бұл оппозициялық
күштерді одан сайын әлсірете түсуде»
/10/. Қазақстандағы
саяси партиялардың дамуы 1995 жылдан
елде қалыптасқан президенттік республика
жағдайында жүргенін естен шығармау керек.
Саяси партиялардың елдегі қызметіне
президенттік биліктің ықпалы күшті болады.
Сондықтан Қазақстандағы саяси партиялар
құбылысын зерттегенде бұл жүйеге президенттік
билік әсерін, президенттің жеке басының
және оның дүниетанымының ықпалын назардан
сырт қалдыра алмаймыз. Себебі, бүкіл саяси
реформаның негізгі бағыттары, Қазақстан
қоғамын демократияландыру үрдістері,
саяси партиялардың қызметтерінің заңдық
негіздерін анықтау, азаматтық қоғам институттарына
мемлекеттің көзқарасы және қатынасы
сияқты келелі мәселелерде президенттің
позициясының өте ықпалы болғаны ақиқат.
Н.Ә. Назарбаев бұл жағдаят туралы «1995
жылы шынайы президенттік республиканы
құруға бара отырып, мен дамудың осындай
нұсқасында елді басқару мүмкіндігі күшейетіндігін
және жанға бататын реформалар нәтижесінің
көп күттірмейтіндігін түсіндім. Реформаны
жүзеге асыру барысында президенттің
тікелей жауапкершілігінің артуы, сол
сияқты оның бірқатар өкілеттілігін арттыруды
да талап етті», - деп жазады /11/. Экономикалық
реформаларды пәрменді жүргізу талаптарынан
туған президенттік вертикалды биліктің
күшеюі жергілікті жерлердегі әкімшілік-атқарушылық
билігінің күшеюіне әкелді. Бұл шаралар
экономикалық даму талаптарынан туғызғанымен
елдегі саяси жүйенің демократиялану
үрдісін біршама кідіртті. Саяси партиялардың
аймақтарда еркін дамуына жергілікті
әкімшіліктер мүдделі болған жоқ. ХХ ғасырдың
90-шы жылдарында саяси партиялар тек ірі
мегаполистер Алматы, Астана, Шымкент,
Қарағанды, Өскемен сияқты қалаларда ғана
дами алды. Саяси өмірдің белсенді ортадығы
ретінде Алматы қаласының орны ерекше
болды. Елдегі 90-жылдарда ресми тіркеуден
өткен жиырмаға тарта саяси партиялардың
барлығының орталық аппараты Алматы қаласында
орналасты. Алматы саяси дискуссиялардың,
саяси күрестің және саяси партиялардың
бәсекелесуінің орталығына айналды. Қазақстандағы
демократияландыру үрдісінің локомотиві
Алматы қаласы болды,- деп батыл айтуға
болады. Сондықтан саяси партиялардың
Қазақстан қоғамын демократияландыру
үрдісін зерттегенде Алматы қаласының
саяси тартыстардың негізгі аренасына
айналғанын атап өтеміз. Қазақстандағы
саяси реформалар Батыс демократиясының
негізгі бағыттары мен Президенттік
биліктің демократиясының эволюциялық
жолын таңдағанын анық көреміз. Саяси
партиялардың кейбірі Батыс демократиясына
тән шектеусіз сөз бостандығын,
ереуілдер мен жиналыстар бостандығын,
дін бостандығын талап етуі Қазақстанның
жас демократиясы үшін қауіпті екендігін
басқарушы элита біледі. Ғасырларға созылған
тоталитарлық саяси жүйе мемлекеттің
жеке адам өмірін реттеуі әкімшілдік-әміршілдік
ойлауға бейімділік қазақстандықтар үшін
із түссіз кеткен жоқ. Ел басшылығы мен
электорат саяси қызметтің әкімшілдік
әдістеріне бейім болады. Биліктің демократиялық
тетіктерінен гөрі, әкімшілдік тетіктері
басым жұмыс істеді. Тоталитарлық, әкімшілдік
ойлауға бейімділік Қазақстандағы саяси
партиялар құрылысына міндетті түрде
өзінің кері ықпалын жасады. Партиялар
Қазақстанда халықтық әлеуметтік тамырлардан
қарағанда, әкімшілдік жүйемен көбірек
қатыста болды. Өтпелі кезеңдегі
саяси және әлеуметтік шындықтарға
адекватты прзиденттік билік
күшейе түсті. ТМД мемлекеттерінің
транзиттік қоғамдарын зерттеушілер пікірінше
Қазақстандағы әкімшілдік жүйенің осы
жылдарда нығаюы өзін ақтады. Ал демократиялық
әдістерге барлық есіктерін ашып тастаған
Қырғызстан, Грузия, Украина сияқты мемлекеттер
саяси тартыстардың перманентті күресу
алаңына айналды. Осындай құбылыстар Ресейде,
Молдавада да байқалды. Демократияның
эволюциялық дамуын әкімшілдік жүйенің
сақталуымен оңтайлы ұштастыра білген
Қазақстанда саяси тұрақтылық сақталып,
экономикалық модернизация саясатының
құлаш жаюына қолайлы ахуал туды. Қазақстандағы
саяси партиялардың пайда болуы мен дамуындағы
ерекшеліктер ретінде оған президенттік
биліктің ықпалының күшті болуын және
партиялық құрылыстың атқарушы әкімшілдік
биліктің басымдылығы жағдайында жүргенін
атаған жөн. Қазақстан авторитризмнен
демократияның аралығында тұрды. Сол себепті,
сарапшылар елдегі демократиялану үрдістеріне
транзиттік демократия немесе өтпелі
демократия деген атау берді. Шындығында
тәуелсіз дамудың бастапқы кезеңінде
1991-1995 және одан кейінгі 1995-2000 жылдарда
елде толыққанды демократиялық мемлекет
болған жоқ. Бұл құбылыс саяси партиялардың
әлсіздігінен де байқалады. Әлеуметтік
базасы ұлттық сипатталған, бағдарламасын
жалпы халық мойындаған, мемлекеттік билікке
ықпалы бар бірде-бір саяси партия тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарында болған жоқ. 90-шы жылдардың
ортасына дейін Қазақстандағы
саяси партиялар әлсіз Сондықтан Қазақстан
басшылығы және Қазақстан халқы
елдің демократиялық таңдауында
өз жолымен жүруді көздеді. Бұл жолды
«демократиялық таңдаудың қазақстандық
моделі» деп те атайды. Елдегі саяси партиялардың
басым көпшілігі осындай эволюциялық
демократияны таңдауға дұрыс дұрыс деп
тапты. Оның мақсаты – охлократияға жол
бермеу, хаос пен анархияны ауыздықтау.
Ашық қоғамды белсенді құра отыра азаматтық
қоғам институттарын біріншіден дамыту,
сөз бостандығын және жиындар бостандығын
қатаң заң шеңберінде ғана жүргізу. Саяси
партиялар өзара бәсекесін, саяси және
идеологиялық плюрализмді ел халқының
саяси мәдениеті мен саяси санасының дамуы
дәрежесіне сәйкес дамыту. Елде жұмсақ
авторитаризм демократия үрдістерін қуаттауға
көмектесті. Елдегі саяси
партиялардың мемлекет өмірін демократияландыруға
қатысуын эволюциялық үрдіс ретінде
зерттеуді дұрыс деп Саяси шындықта
Саяси шындықта авторитаризм мен демократияның
қос қабат жүруі ақылға сыимсыз сияқты
болуы мүмкін. Саяси ғылым дәстүрінде
авторитаризм мен демократия дихотомиялық
құбылыстар болып есептеледі. Бірақта,
ТМД елдерінде, қалыптасқан саяси - әлеуметтік
ахуал жас мемлекеттердің бірден демократияны
таңдауына мүмкіндік бермеді. Авторитарлық
билік ел бірлігін, тұтастығын сақтай
отыра демократиялық институттар біртіндеп
енуіне өзі көмектесті. Бұл құбылысты
ТМД сарапшылары «басқарылатын демократия»
деп те атады. Қазақстан басшылығы қоғамды
реформалауды объективті дайындауды мақсат
тұтты. Саяси биліктің
аралық сипатта болуы саяси партиялар
қызметіне әсер етпей қойған жоқ.
Біріншіден, саяси партиялар өркениетті
елдердегідей жалпыхалықтық сипат
алып экономикалық, ұлттық және әлеуметтік
саясатта шешуші рөлге ие бола алмады.
Екіншіден, вертикалды
президенттік билік пен атқарушы
биліктің аймақтардың барлығындағы
басымдылығы саяси плюрализмді ғана емес,
митингілік демократияны да тежеді. Халық
негізінен ресми билік айқындаған саяси
экономикалық басымдылықтарды ғана жақтаумен
болды. Үшіншіден, басқарылатын демократия, немесе транзиттік демократия жағдайында ел халқының саяси белсенділігі, саяси мәдениті мен саяси санасы әлсіз болды. Соның нәтижесінде халық үлкен саясатқа белсене араласқан жоқ. Шындығында қарапайым қазақ халқы мен қазақстандықтар өз тағдырын ресми мемлекеттік билікке тапсырды. Олардың саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстарға белсене қатыспауының, саяси индеференттілігінің негізгі себебі де осында болатын. Төртіншіден,
Қазақстандағы билік Президенттің маңында
шоғырланған аз санды саяси элитаның қолында
болды. Өтпелі кезеңде шешуші мемлекеттік
мәселелерге бизнес элитада ықпал ете
алмады. Саяси элита Президенттің тікелей
басшылығымен қызмет ете отыра Қазақстанның
тағдырлық мәселелерін шешуде басым болды.
Кейінірек осы аз санды элита Қазақстанның
негізгі бөлгімен бірге негізгі байлықтарына
ие болып оның саяси - әлеуметтік дамуын
айқындаушы күшке айналды. Бесіншіден,
Қазақстанның саяси элитасы өз тағдырын
Қазақстан тағдырымен толық байланыстыра
алды. Ол өзінің саяси билігін және экономикалық
қуатын мемлекеттік мүдделері шешуге
бетбұрыс жасата білді. Билік өзінің эгоистік
мүддесін жалпыұлттық мүдделерге біртіндеп
бағындра бастады. Бұл іске Президентің
саяси еркі мен талапкерлігі шешуші рөл
атқарды. Саяси элита экономикалық модернизацияны
саяси модернизацияға трансфармациялады.
Қазақстан «жұмсақ авторитаризмнен» демократияға
бетбұрыс жасауды қолға алды. Алтыншы, Қазақстандағы
бизнес элитаның бизнес олигархияға
айналуы процесі анық байқалады.
Бизнес олигархтар өз мүдделерін жақтайтын
БАҚ-ты ғана емес саяси партияларды да
құруға тырысты. Олигархтар Қазақстанның
табиғат, кен байлықтарын, еңбек ресурстарын
еркін пайдаланғанымен қоймай саяси билікті
де өз ықпалдарымен шығармауды көздеді.
Бірақта, ресми мемлекетік билік жалпыұлттық
және жалпымемлекеттік мүдделерді бірінші
кезекке қоя алды. Жетіншіден,
Қазақстанның түрлі аймақтарындағы
этносаяси және этнодемократиялық
ахуал саяси партиялар Сегізіншіден,
70 жылдан астам үстемдік еткен этатистік
социализм құрылысы Қазақстан халқының
санасы мен саяси мәдениетіне өз ықпалын
бірден жойған жоқ. Ел халқы бір партиялық
коммунистік идеология жағдайында тәрбиеленді.
Коммунистік партия мен кеңес өкіметіне
халық өзінің ең қасиетті арман, мақсаттары
байланыстырды. КОКП-ның халық мүддесін
ақтамауы оның партияларға деген жалпы
сенімін нашарлатты. Қазақстан халқы
санасы тоталитарлық, коммунистік идеологияның
нәтижесінде қалыптасты. Коллективтік,
ұжымның сана, қоғамның дамуының перспективалары
туралы біркелкі ойлау, адамның жеке мүдделерінен
мемлекеттік ортақ мүдделері бірінші
қою, ұлттық өмірдің мақсат – мұраттарын
біріккен Кеңес халқының мақсат – мұраттарына
бағындыру, коммунистік партия көрсетіп
берген ортақ линиядан ауытқымау сияқты
догмалардан құтылмайынша Қазақстанда
өркениетті елдерге тән көппартиялық
жүйені жасау қиын болатын. Маркстік –
лениндік социализм теориясында көптүрлі
әлеуметтік мүдделерге негізделген партиялық
жүйенің мәселелері мүлдем қарастырылмайтын.
Өтпелі кезеңдегі Қазақстан халқының саяси мәдениеті мен дүниетанымы Қазақстанда партиялық құрылыстың жылдам бел алып, күшейіп кетуіне бөгет болды. Жаңадан құрылған саяси партиялар өмірге жылдам келіп, жылдам тарап жатты. Оның себебі халықтың басым көпшілігі жас партиялар қызметтеріне қатыспады. Бұрынғы көпсанды партия КОКП-ның мүшелері Кеңес Одағы тарағаннан кейін партиялық жұмысқа жаңа жағдайда араласуға ниет білдіре қойған жоқ. Партиялар құрылысының елдегі экономикалық даму басымдылықтарына, психологиялық ахуалға, саяси дүниетаным мен этнодемократиялық ахуалға қатысты дамитындығын Қазақстанның саяси шындығы толықтай дәлелдеді. Жас партиялардың әлеуметтік базасы әлсіз болғандықтан демократиялық қоғам принциптерін Қазақстанда тез мерзімде қалыптастыруға шамалары жетпеді. |
Төраға - Әбілов
Болат Мұқышұлы Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның
бөлінуі нәтижесінде 2005 жылғы 29 сәуірде
құрылған және 2006 жылғы 17 наурызда «Нағыз
АҚ ЖОЛ» атауымен тіркелген. Мүшелерінің
саны 97 157 адамды құрайды. Партияның барлық
облыстарда, Астана және Алматы қалаларында
өз филиалдары бар. «АЗАТ» - орташа таптың
партиясы. Партияның мақсаттары – демократиялық,
зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет
пен ашық қоғам құру. Тәуелсіз, гүлденуші,
демократиялық, еркін Қазақстан құру үшін
азаматтардың күш-жігерін шоғырландыру.
2007 жылғы 23 маусымда «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның
III съезінде Жалпыұлттық социал-демократиялық
партияға қосылу туралы шешім қабылданды.
2007 жылғы 20 қазанда «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның
IV съезінде «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның III съезінде
бұрын қабылданған ЖСДП-ға қосылу туралы
қаулысының күшін жою туралы шешім қабылданды.
2008 жылғы 29 ақпанда IV съездің екінші отырысында
«Нағыз АҚ ЖОЛ» партиясын «АЗАТ» ҚДП деп
қайта атау туралы шешім қабылданды, осы
атаумен ол 2008 жылғы 11 сәуірде қайта тіркелді.
24 қазан 2009 жылы «Азат» ҚДП және ЖСДП Біріктіруші
съезде «Азат» Жалпыұлттық социал-демократиялық
партияға бірікті. Жаңартылған Жарғыға
байланысты партияны басқару екі тең төрағаларға
тапсырылды. Съездің делегаттарының бірауызды
дауыстарымен олармен Жармахан Тұяқбай
мен Болат Әбілов сайланды. Партияның
Бас хатшысы болып Әміржан Қосанов сайланды.
«Алаш айнасы» газеті, 7 мамыр 2009ж.
– Әңгімені жақында ғана билік басында болып өткен өзгерістерден бастағымыз келіп отыр. Шенеуніктердің бірталайы қызметтерін ауыстырып үлгерді. Тіпті кейбірі қош айтысты. Мұны мансап иелерінің қызметін ойдағыдай атқара алмағаны деп қараған дұрыс па, әлде саяси реформаға жасалған қадам деп санағанымыз жөн бе? Сіз қандай пікірдесіз? Қосылғыштар ауысқанымен, бәрібір қосынды өзгермейді деп ойлайсыз ба?
– Әрине, Президент әр саланың басшыларын оқтын-оқтын ауыстыру арқылы сол бағыттағы істерге серпін бергісі келеді. Және қазіргідей экономикалық-әлеуметтік дағдарыс етек алып тұрған кезде әлеуметтік психологияға орай қоғам назарын аударатын, өзіне тартатын оқиғалар керек. Саясаттың айналасындағы әңгімелерге бейім жұрт соған ден қояды да, өздерінше жаңа бір өзгерістер күтеді.
Ал ауыс-түйістің астарынан терең саяси мағына іздеудің қажеті шамалы. Оның саяси реформаға да қатысы жоқ. Егер саясатты үлкен идеялар мен елді алға дамытудың жолдары жөніндегі пікір алмасу мен бәсекелестіктің аренасы десек, оған да қатысы жоқ. Ал саясатты, Макиавеллидің пікірінше, көзге көрінбейтін ішкі қарым-қатынастың күресі деп қарайтын болсақ, оған қатысы бар.
Сапасы жағына келсек, ауысулардан өзгеріп кеткен ештеңе жоқ дер едім. Өйткені осы сала басында отырғандар – Елбасына берілгендігі және қажет адамдармен тіл табыса білетін ептілігімен отырғандар. Мен кезінде олардың көбімен қатарлас жұмыс істедім. Кейбіреулерін биліктің бір тармағын ұстап отырса да, өзі деңгейлес шетелдің мамандарымен кездескенде, тиісті деңгейде әңгіме жүргізеді деп айта алмаймын.
– Ал бүгінгі билікте демократ жастар бар ма?
– Биліктің ішінде түрлі көзқарастағы адамдар бар. Жалпы, қоғамда әсіресе билікте жүрген не билікте болған топтардың ішінде демократиялық және реформалық бағыттарда ойлайтын, билікке сын көзбен қарайтын күштердің болуы – заңды құбылыс. Сол себепті де осы ортадан оқтын-оқтын жаңашыл күштердің, демократиялық бағыттың баламасыз екенін түсінетін күштердің тууы заңды.
Билікте болған, өзін элитаның бір бөлігімін деп есептейтін адамның бір парызы – өз білгенін халыққа адал жеткізу. Халықтың есебінен шетелге шығып, қолына ақпарат тиген министр, әкім, не елшілер көрген-білгенін халыққа теріс жеткізсе, ол қате болар еді. Осы тұрғыдан алғанда, мен кейбір өзім сыйлайтын адамдардың кей істеріне қынжыламын. Мысалы, Олжас Сүлейменов ағамызды мен қатты сыйлаймын. Кеңес дәуірінде қазақтың рухының сақталуына үлкен үлес қосқан адам. Кезіндегі «Невада-Семей» қозғалысының белсенділерінің бірі ретінде де құрметтеймін. Бірақ Фазиль Ескендрдің «құрметтеу – ол өткен еңбегін және бүгінгі атқарып жатқан істерін сыйлау» деген бір сөзі бар. Сол секілді Олжас ағамыздың өткен еңбегі мен үшін өте маңызды. Бірақ бірде Мемлекеттік кеңестің отырысында «қазір Батыс Еуропаның өзі демократияға күмәнмен қарайды» дегенді айтып қалды. Міне, бұл бар ақпаратты халыққа бұрмалап жеткізудің мысалы. Сосын мен: «Олжеке, саясаткер болып жүріп, демократияға күмәнмен қарайтын Батыстағы бір адамды айтыңызшы», – дедім. Сол кезде Францияда президенттік сайлауға Николя Саркози түсіп жатқан. Саркози де, тіпті ұлтшыл Лепеннің өзі де демократияға күмәнмен қарамайды. Себебі демократия деген халықтың, әрбір азаматтың дауысын, орнын, мемлекеттің ортақ істерін шешудегі рөлін көтеру болмақ.
Олар халық арқылы ғана мансапқа қолы жететінін біледі. Сол себепті халықты өздеріне қарсы қойғысы келмейді. Осы жайлардан хабардар, көзі ашық, көкірегі ояу, демократияның баламасыз жол екенін түсінетін жастар бүгінгі билікте жүрген азаматтар ішінде де, сөзсіз, бар. Олар Президент әкімшілігінде, Үкіметте, «Нұр Отан» партиясының ішінде де жүр деуге болады.
– Олар неге өз көзқарастарын ашық айтуға ұмтылмайды?
– Өйткені оларды тежейтін бірнеше фактор бар. Біріншіден, біздің қоғамда қалыптасып қалған бір жалған құндылық бар. Ол – лауазым құндылығы. Өткенде белгілі бір азамат туралы таныстарынан оның жағдайын сұрадым. Сонда әлгі танысы «жағдайы жаман емес шығар, бірақ машинасын өзі жүргізіп жүр» дейді. Таңғалмасқа амалың жоқ. Оны айтып отырған да білімді адам. Бірақ миға қандай теріс ұғымды сіңіріп алған десеңізші!? Бізден он есе бай Англияда өзіне жеке жүргізуші қажет ететін 15-20 ғана лауазым иесі бар. Қатардағы министрлер мен басқа да әкімшілік бірліктің басшылары машиналарын өздері жүргізеді. Мен Оксфордқа барған кезімде тұрған үйімнің иесі Қазақстан туралы сұрай келіп, менен «сендерде де Ресей секілді бастықтардың бәрінің жеке жүргізушісі болады дейді ғой, рас па?» деп сұрады. Осы лауазым құндылығының тағы бір келеңсіз көрінісі – әрбір облыс әкімдері, қолында машина нөмірін пайдалануға ықпалы бар әр адам, 001, 002, 003 нөмірлі машина мінуге тырысады. Негізі, KZ – ерекше нөмірлері тек қана Конституцияда көрсетілген лауазым иелеріне, сосын арнайы қызметтерге ғана керек ерекше нөмірлер. Ал басқаларына қажеті жоқ. Себебі облыс әкімінің, министрдің ондай нөмір тағуы – МАИ қызметкеріне «мен келе жатқанда көзіңді жұм» дегенмен бірдей нәрсе. Біз лауазым емес, тұлға құнды болатын қоғам құруымыз қажет.
Тағы бір кедергі – материалдық игілікті бәрінен жоғары қою көзқарасы. Қарақан бастың қамы. Себебі біз соңғы ғасырларда рухани құндылықтарды шайып алдық. Біз дамыған елдердегідей діни тәрбие мен зиялы қауымның жұмысы арқасында, ғасырлар бойы жауһарымыз саналған әдебиет пен өнердің арқасында, сонымен бірге философия мен идеологиялық бағыттардың күресінің арқасында қалыптасқан материалдық аурудан, дерттен сақтайтын рухани екпемен егіле алмадық.
– Демократ адам қандай болуы керек?
– Біріншіден, ол өзгенің пікіріне төзімді адам болу керек. Демократия, жалпы, өзгенің пікірін тыңдай білуден басталады. Екіншіден, демократ адам өзін халықтың қызметшісімін деп сезінуі қажет. Үшіншіден, ол халықтың таңдауына күмәнданбауы тиіс. Ал біздің өтпелі кезеңдегі демократ адамның тағы бір парызы – азаматтық тұрғыдан халықтың көзін ашу. Демократиялық билік пен демократиялық күштердің ерекшелігі – балама пікірге жол беруінде. «Мен сіздің пікіріңізбен келіспеймін, бірақ сіз өз пікіріңізді айту үшін мен күресемін» деген адам болу керек. Өткенде теледидарда Померанц деген Ресейдің өркениеттанушысы жақсы ой айтып қалды. Өзі кеңес дәуірінде түрмеде отырған, қазір 85 жас шамасындағы адам. Сол кісі: «кейде пікір алмасудың мазмұнынан гөрі, оның қандай стильде өткені маңызды», – дейді. Бөтен пікірге төзімділік жоқ жерде кез келген пікір алмасу мен басқосу не біреудің басқаға жекуіне, не жеке бастар шайқасына алып келеді де, мазмұнды әңгіме болмайды.
Демократиялық басқарудың бір артықшылығы – балама пікірлерге жол беру арқылы сапалы шешімдер қабылдау. Балама пікір иелері өзіне біреулердің өктем сөйлемейтінін біліп отырса, өзін ешкімнің жау деп есептемейтінін сезсе, билікпен келіспеген жағдайда да өз ойлағанын ашып айтады. Сол арқылы әр ойлы азаматтың әлеуеті ел мүддесіне жұмыс жасайды. Есті билік оны дұрыс пайдаланады. Әрине, бұдан мемлекет, ел ұтады.
– Сіздің ойыңызша, демократтық сана адамның ішкі түйсігі, болмыс-бітімі арқылы қалыптаса ма, әлде өзі өмір сүріп отырған қоғамның ықпалы, азаматтық көзқарасы адамды демократ болуға жетелей ме?
– Кез келген адамның даму ерекшелігі секілді бұған да бірнеше фактор әсер етеді. Біріншісі – бүкіл адамзаттың жүріп өткен жолы. Кейде демократия туралы айтылғанда, бізге әлі ерте, асықпау керек деген сөздер бой көрсетеді. Біз – адамзаттың бір бөлігіміз. Ендеше, адамзатқа ортақ жетістіктерді пайдалануымыз керек. Мысал үшін алсақ, электр шамын қазақ ойлап тапқан жоқ деп, пайдаланбай жүрген жоқпыз ғой. Еуропа болса оқ-дәріні, қағазды, компасты, қағаз басуды қытай ойлап тапты деп одан қашқан жоқ. Соның арқасында олар ұтты. Біз – аспаннан салбырап түскен бөлек жаратылыс емеспіз. Адамзаттың бөлігіміз. Осы далада мың жыл бұрын жасаған әл-Фарабилер сол кезде неше түрлі озық ойлар айтқан. Оның ішінде мемлекеттік басқару туралы ойды Макиевеллилерден бұрын өмірге әкелді. «Батыс философиясының тарихы» деген кітапты қараңыз. Онда орта ғасырдағы Еуропа философтарының әл-Фараби еңбектерінен қалай үзінділер алып пайдаланғандығы жөнінде жазылған. Біз сол әл-Фрабидің жерлесі әрі ұрпағы емеспіз бе?!
Осыдан бір айдай бұрын Қазақстанға келген ағылшынның Джонатан Айткен деген жазушысымен кездестім. Кезінде қорғаныс министрінің орынбасары болған, 1972 жылы Никсон туралы кітап жазған адам. Қазір Қазақстан туралы, Елбасы туралы жазып жүр. Сол кісі маған «сіздердің әлі тәжірибелеріңіз аз, демократияға ақырындап аяқ басқан жөн емес пе» деп сауал қойды. Мен оған: «сіздердегі Азаттықтың ұлы хартиясы 1200 жылдары қабылданды. Ал әйелдердің саяси құқығы жөнінде одан кейін 700 жылдан соң ғана жетістікке жеттіңіздер. Біз болсақ егемендікті 1991 жылы ғана алдық. Сонда, сіздің ойыңызша, біз асықпай дайындалып, енді 700 жылдан кейін әйелдерімізге саяси құқық беруіміз керек пе?» – дедім.
Сондықтан демократтық көзқарасқа әсер ететін, ең алдымен, адамзаттың жолы. Алла тағала адамзатқа тәжірибе ретінде екі Германия, екі Корея нысанын жібергендей. Бас-аяғы 30-40 жылда демократияның арқасында Оңтүстік Корея әлемдегі ең дамыған өмір деңгейі жоғары елдердің қатарына жетті. Ал ақиқатты бір адам, бір партия ғана айтты деп жеке басқа табынуға жол берген Солтүстік Корея халқы кедейшілікте өмір сүруде. Демократия – халықтың өз еңбегін, өзі төккен терін, ата-баба мұрасын өз игілігіне пайдалану жолы. Экономиканың ұзақ мерзімді тұрақты дамуы тек демократиялық елдерге тән. Оны біздегі 16 миллион халық бірдей түсіне бермейді. Оны дұрыс түсіндіру – өзін зиялымын, элита өкілімін деп есептейтін азаматтардың міндеті. Сонымен қатар қазақ халқының жолы – Қазақстанның тарихы, біздің мәдениетіміз.
Информация о работе Саяси партиялар – Қазақстанда демократиялық қоғам құру жолында