Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 12:06, лекция
Қазіргі кезенде саясат пен саяси катынастарға, саяси институттардың кызметіне және бұлардың экономикаға, идеологияға, мәдениетке тигізетін ыкпалы күрт өсе түсуде.
Саясатты, саяси катынастарды, мемлекеттік билікті зерттеу бірқатар коғамдык пәндердің шенберінде, ең алдымен, саясаттану саласында жүзеге асады. Сол себепті коғамтану ғылымдарының кұрылымында саясаттану пәні берік орын алып отыр. Кең мағынада алғанда, саясатты, саяси жүйелер мен ұйымдарды зерттейтін ғылымның әр елде саясаттану, саяси ғылым, саяси әлеуметтану, саяси философия және т.б. деп әр қилы аталатындығын айта кету керек. Асылы, бұл атаулардын қайсысы болса да, көпсалалы, аукымды пәннің кайсы бір ерекшеліктері мен нюанстарына ғана назар аудартады. Алайда, іс жүзіндегі сөз колданыстарында бұл ерекшеліктер езінен-езі түсінікті сияқты.