Саясаттану ғылым ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 12:06, лекция

Описание работы

Қазіргі кезенде саясат пен саяси катынастарға, саяси институттардың кызметіне және бұлардың экономикаға, идеологияға, мәдениетке тигізетін ыкпалы күрт өсе түсуде.
Саясатты, саяси катынастарды, мемлекеттік билікті зерттеу бірқатар коғамдык пәндердің шенберінде, ең алдымен, саясаттану саласында жүзеге асады. Сол себепті коғамтану ғылымдарының кұрылымында саясаттану пәні берік орын алып отыр. Кең мағынада алғанда, саясатты, саяси жүйелер мен ұйымдарды зерттейтін ғылымның әр елде саясаттану, саяси ғылым, саяси әлеуметтану, саяси философия және т.б. деп әр қилы аталатындығын айта кету керек. Асылы, бұл атаулардын қайсысы болса да, көпсалалы, аукымды пәннің кайсы бір ерекшеліктері мен нюанстарына ғана назар аудартады. Алайда, іс жүзіндегі сөз колданыстарында бұл ерекшеліктер езінен-езі түсінікті сияқты.

Работа содержит 1 файл

лек 1.doc

— 61.00 Кб (Скачать)

Ф КГМУ 4 /3- 04/01

ИП  №6 УМС при КазГМА

От 14 июня 2007 г

 

Қарағанды мемлекеттік медицина  университеті

 

Қазақстан тарихы және саяси -әлеуметтік пәндер кафедрасы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДӘРІС

 

Тақырыбы:  Саясаттану ғылым ретінде.

 

 

 

 

 

 

 

Пән:  «Саясаттану»

Мамандық: 051301-Жалпы медицина

Курс: 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды-2010

Тақырыбы:Саясаттану ғылым ретінде.

Дәрістін мақсаттары:Саясаттанудың ғылым ретінде көрсету және оқыту.

Дәрістін жоспары:

    1. Саясаттанудың объектісі, пәні мен әдістері.
    2. Саясаттанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
    3. Саясаттанудың атқаратын қызметі.

      4.   Саясаттанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс тезістері:

 

Қазіргі кезенде саясат пен саяси  катынастарға, саяси институттардың кызметіне және бұлардың экономикаға, идеологияға, мәдениетке тигізетін ыкпалы күрт өсе түсуде.

Саясатты, саяси катынастарды, мемлекеттік  билікті зерттеу бірқатар коғамдык пәндердің шенберінде, ең алдымен, саясаттану саласында жүзеге асады. Сол себепті коғамтану ғылымдарының кұрылымында саясаттану пәні берік орын алып отыр. Кең мағынада алғанда, саясатты, саяси жүйелер мен ұйымдарды зерттейтін ғылымның әр елде саясаттану, саяси ғылым, саяси әлеуметтану, саяси философия және т.б. деп әр қилы аталатындығын айта кету керек. Асылы, бұл атаулардын қайсысы болса да, көпсалалы, аукымды пәннің кайсы бір ерекшеліктері мен нюанстарына ғана назар аудартады. Алайда, іс жүзіндегі сөз колданыстарында бұл ерекшеліктер езінен-езі түсінікті сияқты. Мысалы, ағылшын-саксон тілді елдерде - "Саяси ғылым", Францияда - "Саяси әлеуметтану", Испанияда - "Саясаттану" және т.б. атауларды ұнатады. Сондықтан, бұл тақырыпта "саясаттануды" ғылым ретінде жоғары бағалай отырып, бүл атаулардың бәрін де тең тұрғыда колдануды жөн кәрдік.

Саясаттанудын ғылым ретіндегі  камтитын мәселелерінің аукымы өте  кен. Сондыктан, бір ғана такырыптың аясында саясаттанудын ғылым  ретіндегі күллі мәселесін жан-жакты, әрі барынша терең карастыру  мүмкін емес. Осыған байланысты, өз пайымдауларымызда  абсолюттік акикатка үмтылмай-ак, саясаттану курсының кіріспе такырыбы шеңберінде проблеманын кайсыбір түйінді мәселелерін ғана ашып көрсеткенді жөн деп білдік.

Саясаттану пәні

Саяси ғылым да баска ғылым салалары секілді, калыптасу мен дамудын  үзак жолынан, яки, саясат туралы ғылым коғамдық ғылымдармен тұтастыкта және философиямен ара жігі ажырамаған антикалык (ежелгі) саяси-әлеуметтік әмбебаптыктан (универсализмнен), ен бастысы, саясаттың зандык нормалар ой-өрісінің ыкпалымен дамып, мемлекет пен кұкык женіндегі ғылымдардын жіктелу кезені аркылы, содан кейін саясатты окып үйренуге философиялык, әлеуметтанулык және психологиялык бөліністер кезеңі аркылы, әлеуметтану, кұкыктыктык және т.б. әр килы көзкарастар мен ыкпалдарды жинактап, тұтастыратын саясат (саясаттану) туралы ғылымның калыптасуы, жүріп жаткан казіргі кезенге жетуі сиякты ұзак жолынан өтті.

Қоғам туралы білім дамуының әр түрлі  кезеңдерінде саяси ілімді зерттеуге  Платон, Аристотель, Әл-Фараби, Н.Макиавелли, Т.Гоббс, ДжЛокк, Ш.Монтескье, Т.Пейн, Т.Джефферсон, А.Токвилльжәнеөткен дәуірлердін т.б. ойшылдары зор үлестерін косты. Саяси ойдын дамуында К.Маркс пен В.И.Ленин де маңызды орын алады. Сонымен бірге, саясаттанудын казіргі кездегі зерттелуіне М.Вебердің, К.Луйистің, Р.Риплидін, В.Пареттонын, Г.Монтескьенің, Ч.Мерриамнын, А.Финиф-тердің және т.б. көзкарастар жүйесі елеулі ыкпал жасады. Казіргі кезде дүниежүзінде саясаттануды, онын объектісі мен ғылым ретінде зерттеу ісінде оның түрлі тәсілдері мен әдістерін, жолдары мен түрлерін іздеу белсенді түрде жүргізіліп жатыр

Саяси талдаулар мен ұсыныстар  нәтижелерінін ғылыми нактылығы  әр түрлі саяси жүйелер козғалыстарынын  түрлі кезендерінде әркалай болып  шығатындығы - табиғи нәрсе. Егер, тұтастай алғанда, саясаттанушылар белгілі  бір жүйенін кызметінен жалпы  және өзіндік ерекше факторларды көбірек ашып, накты өмірді ең жоғары дәрежеде және объективті түрде кәрсететін кокамдық құрал жасактай алса, онда мұндай ғылыми нақтылыкта жоғарырак болады.

Әр елде саясаттану ғылымының, әсіресе, баска кез келген коғамдык ғылымға карағанда, ұлттық өзіндік ерекшелікпен көбірек байланысты болуы -табиғи кұбылыс. Оның тұжырымдары мен кағидаларынын, пайымдаулары мен ұсыныстарының, көбіне, тек тікелей белгілі бір елге бағытталуы да сондыктан. Бұлардын баска елдерде қолданылуын ен әуелі кисындык талдаумен, әлеуметтік тәжірибемен, сезімге жүгінумен тексеруін алу керек.

Сондыктан, әрбір елдің әртүрлі  аймактарында елеулі айырмашылыктары  болуы әбден мүмкін өзіндік ерекшелікті  кейбір белгіленген жалпы зандар аясында терендетіп зерттейтін плюралистік (көппікірлік) тұрпаттағы саясаттанымды көз мектебі болуға тиісті де.

Саясаттану ұғымдары мен категориялары, зандары мен әдістері

Саясаттану ғылым ретінде өзінін ұғымдык аппаратын (аспабын) жасақтайды. Оның тек езіндік пәндік келбетін, өзіндік зерттеу нысанасы ғана емес, сонымен бірге зерттеу аясының  өзіндік ерекшелігін бейнелейтін  үғымдардың, категориялардың, зандар мен  тану әдістерінің жүйесі де бар. Әрбір саясаттанымдык үғымнын сапасы мүны растайтын. Не болмаса теріске шығара алатын тәжірибемен тексерілетіндігін айта кету керек. Сайып келгенде, азды-көпті тиянакты білімдер мен шынайы проиестер болжамдарыі қамтамасыз етуде өзінің бейімділігін таныткан үғымдар ғана ерекшеленіп калады.

Қазіргі кезде әртүрлі саясаттанушылар  мен саясаттану мектептері колдана  алатын ұғымдардын түжырымдапған жүйесін  ұсыну өте-мөте күрделі күйінде  калып отыр. Әйтсе де. казірдін өзінде-ак саяси өмірді біршама тиянақты және объективті түрде талдап, бағалауға мүмкіндік беретін кейбір ортак үғымдар орныкты.

Саясаттанудағы мүндай ортак ұғымдардын катарына ең алдымен "саясат" және "саяси"деген енбасты категориялар жатады. Мағынасы неғүрлым кең де жалпылама "саясат" категориясын талдауға көшпей тұрып, әуелі "саяси" түсінуге болатынын карастырып көрелік.

Саяси өмірде әлеуметтік зерттеулер.

Саясаттануда саяси күбылыстарды зерттеулерге бихевиоралдык (тәртіптілік) әдіске үлкен маныз беріледі. Мүнын мәні жекелеген адамдармен әлеуметтік топтардың көп кырлы тәртібін нақтылы зерттеу аркылы саяси кұбылыстарды окып-үйренуде жатыр. Бүл әдісті саясаттануда колдану мына теменгі бастапкы ережелерге, алғышарттарға сүйенеді:

біріншіден, саясат әлеуметтік кұбылыс  ретінде өзіндік өлшемге ие, ал саяси кызметтін барлык топтык түрлерін зерттеуді, басты нысандары есебінде көрінетін нактылы индивидтердің тәртібін талдаудан шығаруға болады;

екіншіден, саясатка қатысудын басты  сылтауы психикалык бағдарлар болып  табылады;

үшіншіден, тәжірибелік фактілерді жинау жэне саяси кұбылыстар сандык өлшемдерге ұшырауы мүмкін, ал мұнын өзі саясаттанудын алдында математикалык және баска да әдістерді, статистикалык керсеткіштерді, сауалнамалар аркылы алынған мәліметтерді сүрыптау әрі талдау кезіндегі компъютерлік техниканың нәтижелерін пайдаланудың кең мүмкіндігін ашатын болады.

Қазіргі кезде бихевиоризм саясаттанудағы жетекші зерттеушілік бағыттардың  біріне айналуда. Ол, әсіресе, тоталитаризмнін  табиғатын ашып керсетумен адамдардың саяси тәртібін түсіндіруде өте тиімді әдіс болып шыкты.

Қоғам жөніндегі ғылымдар күрылымындағы  саясаттанудын орны.

 Саясаттанудын міндеттері:

Ғылым ретіндегі саясаттанудын  мәні менезінді ерекшелігін анык түсіну үшін, біріншіден - оның шектес ғылымдармен аракатынасын және озара  байланысын, екіншіден - коғам мен саясат женіндегі баска да ғылымдардан даралайтын онын міндеттерін дұрыс аныктап алу өте-мөте манызды. Осымен байланысты айтатын нәрсе - саясаттанудын ен басты негізгі катынастар мен байланыстарды ашып көрсететін өзіндік зерттеу нысаны. ұғымдары, категориялары мен зандары, танымдык әдістері болумен бірге. саясаттану ен әуелі философиямен, мемлекет және күкыктык теориямен. тарихпен, әлеуметтанумен, әлеуметтік психологиямен барынша тығыз байланысты. Бұлардын езара байланысының негізі - зерттеудін ортак нысаны – накты көріністері сан алуандығымен бейнеленетін Коғамнын саяси өмірі.

Коғам туралы ғылымдардың әркайсысы  коғамның саяси емірін езінің алдында  тұрған өзіндік ерекше аттарына, міндеттеріне сәйкес зерттейді де, мәселенің мәнін өзінің белгілі бір көзкарасы тұрғысындағы кұралдарымен, әдістерімен шешеді. Мысалы, философия саясаттың неғұрлым жалпы мәселелерін карастырады. Әлеуметтік философия шеңберінде көптен бері калыптаскан ерекше бағыт — әлеуметтік кұбылыс ретіндегі саясатты дүниетанымдык сараптаумен шұғылданатын саясат философиясы деген бағыт дамуда.

Философияның тікелей пәні саясаттын  зандары, коғамның саяси өмірінін ұйымдасуы, кызмет жасауы жэне дамуы зандары  емес, керісінше, саяси саладағы неғұрлым жалпы, философиялык зандардың көрініс табуы мен кимыл-әрекетінін ерекшеліктері болып табылады.

 

 

  • Әдебиет:
  1. Әбсаттаров Р.Б. Саясатану – ғылым // Хабаршы. Қоғамдық және тарихи ғылымдар сериясы. – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2001, №2. -71-79 беттер.
  1. Әбсаттаров Р.Б. Салыстырмалы саясаттану: мәселеге жалпы көзқарас // Хабаршы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2002.   №2. -104-123 беттер.
  2. Әбсаттаров Р.Б.Саяси технологиялар : теория мен тәжірбие // Хабаршы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2004, №1,2. -64-82, 81-104 беттер.
  3. Балғымбаев А.С. Саясаттану. Оқу құралы. – Алматы, 2003. -302б.
  4. Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2003. -288б.
  5. Жамбылов Д.Ә. Тәуелсіздік және саяси сана. – Алматы: Жеті жарғы, 1999. -160б.
  6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995.

 

    • Иллюстративті құрал:  -
  • Бақылау сұрақтары ( кері байланыс):
    • Саясаттану ұғымына анықтама беріңіз.
    • Саясаттану ұғымын ғылымға кім енгізді ?
    • Саясаттану пәні қалай жүзеге асырылуы ?
    • Құрылым дегеніміз не ?
    • Саяси білім қалай қалыптасады ?

 


Информация о работе Саясаттану ғылым ретінде