Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 17:05, реферат
Ежелгі үндістандық Аллахабад қаласында, жоғарғы каста – брахмандарға тиеслі Неру отбасында астрологтардың анықтауынша, екі белгі: нәзіктік пен тіршілік күшке ие қыз бала дүнеге келеді. Бұл Ұлы Қазан социолистік төңкеріске тұспа-тұс 1917 жылдың 19 қарашасында дүниеге келген Индира Ганди болатын. Әдетте, дәстүр бойынша бала анасының үйінде дүниеге келуі тиіс еді, бірақ ол қасиетті жер атасының үйінде дүниеге келді. Оның есімін өз елінің құрметіне арнап Индира – «Айдың елі» - деп атады. «Ұлттың әкесімен» - Махатма Гандимен танысуында Индира небәрі екі жаста болатын.
1.Индира – «Айдың елі» (Страна луны).
2.И.Гандидің Үндістанның ішкі саясатына қосқан үлесі.
3.И.Гандидің ақырғы сәті.
1971 жылдың желтоқсанында
Үндістан түбегінің
1975 жылдың маусым айында
Үндістанда төтенше жағдай орын алды.
Жинақталған қиындықтарды шешу мақсатында
Индира Ганди және оның үкіметі одан бұрын
қабылданған, бірақ жүзеге асырылмаған
«10 пунктілі бағдарлама» негізінде жаңа
«20 пунктілі бағдаламаны» өңдеді. Бір
кездері атақты болған партия тез арада
өз абыройынан айрылды. 1977 жылдың қаңтар
айында өткізілген парламенттің халықтық
палатасының сайлауында үкімет Индира
Гандидің жеңіліске ұшырағанын жариялады.
Бірінші рет билікте отыз жыл болған ҮҰК-нен
Ұлттық Конгресске қарсы, әртүрлі одақтардан
құралған «Джаната» партиясы көпшілік
дауысқа ие болды.
Үндістан премьер-министрі болып қандай
да болсын жолмен түгелімен Индира Гандидің
беделіне нұқсан келтіргісі келетін Морраджи
Десаи тағайындалды. Жасы ұлғайған әйелді
аяусыз екі рет тұтқындап, 1978 жылы тағайындалған
парламенттен шығарып тастады.
1978 жылдың басында Индира
Ганди ҮҰК партиясының
Индираның өмірінде көптеген қайғылы жағдайлар болды. Ол атағынан да айрылды, көптеген сәтсіздіктерді бастан кешірді, саяси қарсыластары тарапынан қысымға ұшырап, тіпті абақтыға да қамалды, бірақ бұның бәрі оның сағын сындыра алмады. Жеке басының қасіреттері де болды. Индира 1960 жылы күйеуінен айрылды, 1980 жылы өзінің саяси билігін жалғастырушы Санджай атты ұлының жол апатына ұшырауы ол үшін өте ауыр соққы болды. Бұл қайғыға қарсы тұра білген қайратына барлығы таңғалды. Бұл кішкене ғана әйел тағдырдың тәлкегіне мойынсұнбайтындай көрінді. Бірақ оның сыртқы сабырлылығы, батылдығы және алдағы биліктің қиындықтарына қарсы тұра білуі оған қиынға соққанын білуіміз керек. Бұрынғы кездегідей қазір де Индираның өміріне қызығушылық танытушылар әлі де кездесуде. Сонда да Үнді мемлекеті үшін сари киген премьер-министр ерекше жайт болатын. Премьер-министрліктің де «әйелдің ісі» бола алатындығын өзі үлгі болу арқылы дәлелдеп, Маргарет Тэтчердің мына ойымен толықтай келіседі: «Ер адамдармен бірдей құрметке ие болу үшін, әйелдер екі есе көп еңбектену керек». Осы қасиеттердің бәріне ие бола отырып, Индира өзінің әйелдік қалпын сақтап қалды және отбасының қамқоршысы бола білді.
Жыл өткен сайын оның өмірі туралы шындықтар жарыққа шыға бастады. Қазір де Индираның өзінің қазасын қатты сезінгендігін айтып жүр. Өмірінің соңғы жылдарында оның мазасыздыққа ұшырап, тіпті ауыр күйзеліске түсуіне себеп болған өзіне бағытталған «тылсым қара күштердің» әсері туралы еске алынады. Өзінің өліміне дейінгі уақытта Индира: «Егер де мен біреулердің қасақана ұйымдастыруымен өлтірілсем, бұл қиянат менде емес, сол қылмыскердің ойы мен іс-әрекетінен көрініс береді, себебі менің еліме және халқыма деген кіршіксіз махаббатыма дақ түсірерліктей ешқандай қара күш жоқ».
Бұл керемет сөздер расымен де шындыққа айналды. Индира Ганди айуандықпен жасалған қастандықтың құрбаны болды.
Үкімет басшылығы Индира
Гандиге оққағарлар құрамынан сикхтарды
алып тастауды ұсынған болатын, бірақ
Индира үшін бұл қорғаныс шарасы артықтау
көрінді. Ол «Мені қорғау міндеті
жүктелген адамдар өзімнен
Өзінің өлімінен бір күн бұрын Индира: «Бүгін мен тірімін, бірақ ертеңгі күні болмауым да мүмкін. Бірақ менің қанымның әрбір тамшысы Үндістанға тиесілі.Өмірімнің ұлтыма арналғандығына мен қарсылығым жоқ...» .
1984 жылдың қазан айының
31 жұлдызы күні таңертеңгісін
Гандиге ағылшындық атақты
Біраз жасқа келген сымбатты әйел жібек саримен бақ ішінде жүріп келеді. Күзетшісі тұрған торға қарай жақындап келіп, онымен сәлем белгісі ретінде күзетшісіне күлімсірей қарап, екі қолын беттестіріп, басын изеді. Күзетшісі жауап ретінде сәлемдеспек болып, қолын көтерді, бірақ...қарумен бірге. Индира Ганди өзіне 6 жыл бойы жеке қорғанысында қызмет еткен және сенімді әрі бірнеше рет тексеруден өткізілген оққағарының қолынан қаза табады деп кім ойлаған?! Ол оққағар сикх тегінен болатын...Сикх тегінен шыққан тағы бір оққағар автоматты карабиннен оқ жаудырған болатын. Отыз екі оқпен жараланған Индира ханымның денесі Үнді медициналық институтына жеткізілді, ондағы хирургтар ешқандай үміт жоқ екендігін, Индира Гандидің бірден жан тәсілім еткендігін хабарлады. Бірақ оның өліміне себепші болған Беантом және Сатвантом Сикхтардың қолынан Индира туралы естеліктерді жою келмеді. Халқы үшін ол әрқашанда Үнді елінің қызы болып қалмақ. Осылайша, 700 миллион халықты басқарып, Үндістанның жаңа тарихында құдіретті әйелге айналған Индира Гандидің өмірі осылайша қасіретпен аяқталды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Индира Ганди. Внешняя политика Индии
Перевод с английского и хинды: А.М.Кадакина
2. http://www.indostan.ru/indiya/
3. http://www.tonnel.ru/?l=gzl&
4. http://tatianis.ucoz.ru/publ/
5. Журнал «Вокруг Света», Август 2007