Реферат по "политологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 17:05, реферат

Описание работы

Ежелгі үндістандық Аллахабад қаласында, жоғарғы каста – брахмандарға тиеслі Неру отбасында астрологтардың анықтауынша, екі белгі: нәзіктік пен тіршілік күшке ие қыз бала дүнеге келеді. Бұл Ұлы Қазан социолистік төңкеріске тұспа-тұс 1917 жылдың 19 қарашасында дүниеге келген Индира Ганди болатын. Әдетте, дәстүр бойынша бала анасының үйінде дүниеге келуі тиіс еді, бірақ ол қасиетті жер атасының үйінде дүниеге келді. Оның есімін өз елінің құрметіне арнап Индира – «Айдың елі» - деп атады. «Ұлттың әкесімен» - Махатма Гандимен танысуында Индира небәрі екі жаста болатын.

Содержание

1.Индира – «Айдың елі» (Страна луны).
2.И.Гандидің Үндістанның ішкі саясатына қосқан үлесі.
3.И.Гандидің ақырғы сәті.

Работа содержит 1 файл

Индира Ганди.docx

— 36.44 Кб (Скачать)

Жоспары:

 

1.Индира – «Айдың елі» (Страна луны).

2.И.Гандидің Үндістанның ішкі саясатына қосқан үлесі.

3.И.Гандидің ақырғы сәті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ежелгі үндістандық Аллахабад қаласында, жоғарғы каста – брахмандарға тиеслі Неру отбасында астрологтардың анықтауынша, екі белгі: нәзіктік пен тіршілік күшке ие  қыз бала дүнеге келеді. Бұл Ұлы Қазан социолистік төңкеріске тұспа-тұс 1917 жылдың 19 қарашасында дүниеге келген Индира Ганди болатын. Әдетте, дәстүр бойынша  бала анасының үйінде дүниеге келуі тиіс еді, бірақ ол қасиетті жер атасының үйінде дүниеге келді. Оның есімін өз елінің құрметіне арнап  Индира – «Айдың елі» - деп атады. «Ұлттың әкесімен»  - Махатма Гандимен танысуында Индира небәрі екі жаста болатын.

«Бірақ біз ер баланы күттік...Ер бала болуы керек еді ғой...»  деген Сваруп Раннидің, сәбидің әжесінің аузынан еріксіз күйде көңілді  қапаландыратын сөздер шықты. Сонда атасы Мотилал Ганди «Менің ұлым Джавахарлалдың қызы әлі-ақ мыңдаған ұлдан асып түсетін болады, мұны барлығы білетін болсын» деп үлкен сеніммен және шын жүректен айтты.

Кішкене Индира атасымен ойнағанды  өте жақсы көретін. Өкінішке орай, оның үш жасында Мотилал атасын тұтқынға алды... Индияның тәуелсіздігі үшін күрес жолында жүрген Неру отбасы үшін қиын жылдар басталады.  Сот қарарын орындаушылардың жиі мазалауы,  анасының туберкулез ауруына шалдығуы Индира үшін ауыр соққы болды. « Мен осыдан кейін өзім үшін жауапкершілікті сезіне бастадым» деп он бес жыл өткен соң Индира Ганди мойындаған болатын.

Сегіз жыл ол үй тоқымашылығын  дамыту бойынша балалар одағын құруға белсене ат салысты. Джавахарлал Неру – өте  бай және атақты қорғаушы, ұлт азаттығы үшін белсенді күрескер, 42 бөлмесі бар кең үйдегі үлкен отбасының патриархі болды. Онда әйелдердің өмірі ежелгі үнді тұрмыс-салтына сәйкес өтіп жатты. Бірақ білікті Мотилал Неру, сәбидің атасы, оған британдық тұрмыстың үлгілерін орнатқысы келді. Барлық жерге арнайы дивандар қойып, ағылшын төсек-орындарын және арнайы қызмет көрсетуге қызметшілер жалдады.

Сол жылдары Үндістан Британ империясынан тәуелсіздігін алу  үшін күрес жүргізіп жатты. Индираның  отбасы европалық отаршылдарды жек  көретінін білдіру үшін барлық батыс  заттарынан құтылуға бел буды. Үйдің терезесінің түбінде үлкен отта кешке арналған көйлек, шәлі, смокингтер, бағалы әшекейлер, фарфор алаулап жанып жатты.Тек олардың арасында Индира үнемі ажырамайтын француздық қуыршақ жоқ болатын.

Бірнеше ай өткен соң, Неру отбасына Парижден немере жиеніне әдемі  көйлек әкелген нағашы әпкесі келді. Шетелдік сыйлықты қабылдаудан бас  тартқан қызға нағашы әпкесі қатты  ашуланып, былай деген болатын: «Сонымен,не себепті сен, қасиетті отансүйгіш қыз, европалық қуыршағыңды тастамайсың?!». Келесі түні Индира үйдің артындағы террасаға барып, кішігірім от жағып, сол отқа европалық қуыршағын лақтырды. Көзі жасқа толы қыз өзінің ойындағы досын от алаулары шарпып жатқандығын көріп қысымы көтерілді. Бұл болашақ саясаткердің, Индираның саясаттық идея үшін өзіне тән заттан бас тартқан бірінші есті қадамы болатын.

Жастайынан ол ағылшын  отаршылдарына қарсы үнді халқының күресіне қатысты. Ол соңыра күлімсірей отырып еске алады: «Менің қоғамдық өмірім үш жасымда басталды, менің жадым  балалық ойындарды немесе басқа  балалармен арақатынасты есте сақтамады. Менің сүйікті ісім үстелдің үстіне түрегеліп, қызметшілерге қатты дауыспен сөз сөйлеу».

Әкесі аз уақытқа тұтқындалған кезде өзінің жұбайы мен қызын хаттар арқылы жұбатуға тырысты. Индира нәзік те ауырғыш, өзінің жалғыз қызын жан-тәнімен сүйетін анасының жанында қалды. 1925 екінші босануының сәтсіз болуы және сәбиінің шетінеп кетуі ауруын одан әрі күшейтті.Индира тоғыз жасқа толған уақытта, отбасы анасы Камалды емдетуі үшін Швейцарияға жол жүреді. Индира Женевада екі тілді мектепке барады.  Осы уақытта әкесі мен қызының арасында терең достық қатынас орнайды. Оның құрдастары қуыршақ ойнап, ертегі  тыңдап жүрген уақытта, Индира әкесінің оқыған қызықты кітап әлемін аңғарды және қызықтағанды жақсы көрді. Джавахарлал Неру қызымен өзінің тұңғиық жасырын сырлары жөнінде ұзыннан-ұзақ философиялық пікірталастар жүргізді. 1930 жылы Индира Үндістанға оралғаннан кейін өзіне деген ерекше тапсырманы сезінді. 1934 жылы Индира поэт Рабиндранат Тагор негізін салған Ұлттық университетте білім алады. Анасына ешқандай ем көмектеспей, 1936 жылы Камал көз жұмады. Осы үлкен қайғыдан кейін туған үйі анасын еске түсіретіндіктен, үйіне қайта алмайтынын түсінген  Индира білім алып жатқан оқу орнын тастап, Оксфорд университетіне оқуға түсу үшін Европаға барады. Оксфордтағы курстастары бұл үнді қызының күңгірт мінезі мен ауыршаң түрін байқайды: «Ол  өзінше әдемі , бірақ желмен ұшырып әкететіндей өте нәзік болатын. Біз оның жанындағыларға онша мән бермейтітін және үнемі туған жеріне асығып тұратынын байқайтынбыз».

Жалғыздықтың мұхитынан  құтқарған – ақкөңіл және тіл  табысқыш, толығымен Индирамен қарама-қайшы  пікірдегі жас жігіт  - Фероз  Ганди болатын. Олар әлдеқашан, анасын емдетіп жүрген уақыттан бастап, бір-бірімен таныс еді.

Олардың ара-қатынасына Үндістан үшін маңызды жайт себеп болды: екеуі екі түрлі кастадан еді, Индира – индудікі, ал Фероза – ежелгі Парсының қоныс аударушыларынан тараған парсының өкілі болатын.  Ұлы Махатма Гандимен тек тегі ғана бір болған. Екеуінің арасындағы ара-қатынас отбасындағы үлкен дау-жанжалға әкеліп соқты. 1937 жылы жылы жазғы демалысында Индира Ферозбен кездесу үшін Парижге барады. Индираға Фероздың ойы, пікірі, адамдармен қатынасы ұнайтын. Осы Парижде Менмортра баспалдағында Фероз Индираға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.1938 жылы Индира Үнді Ұлттық Конгресі (ҮҰК) партиясына мүше болады. Жалғыздықта, тынымсыз саяси күресте жалғыз қалған әкесінің жанында болуы үшін бұл ұсынысты кейінгі қалдырды. Кейіннен Екінші Дүниежүзілік соғыс басталуына орай  оның барлық жоспары өзгерді, оқуын тастауға мәжбір болып,  1941 жылы Үндістанға қайта оралып, 1942 жылы Ферозға тұрмысқа шығады.

1942 жылдың қыркүйегінде  кезекті жаппай репрессияның  ҮҰК қарсы күресіне байланысты  Фероз бен Индира Ганди тұтқынға  алынады. Индира Ганди 1943 жылдың  мамыр айында тұтқыннан босайды.  1944 жылы Индираның тұңғышы - Раджив, кейін екі жылдан кейін, 1946 жылы 1980 жылы көз жұматын екінші ұлы Санджай дүниеге келді.  Фероз Индираның саяси өмірге ене бастауынан қатты қорықты. Фероза мен Индираның отбасылық өмірі ұзаққа созылмады. 1960 жылы қыркүйек айында Фероз жүрек талмасынан қаза тапты...Ол үшін жеке өмір осымен аяқталды...

1946 жылы Джавахарлал Неру  Үндістанның премьер-министрі болып тағайындалған уақыттан бастап, Индира Ганди оның жеке хатшысы болып қызмет атқарды және бар күш-жігерімен көмектесті.1955 жылы Дж.Нерумен бірге Индира қосылмау қозғалысына негіз болған Қарақшылар конференциясының жұмысына қатысады. Неру бұл қозғалыстың иделогі және ең белсенді көсемі болды. Осы жылы Индира Ганди ҮҰК-нің Жұмыс комитетіне таңдалады, ал 1959 жылы ҮҰК-нің аз уақытқа төрағасы болады.

1964жылы Джавахарлал Неру  қаза табады. Көбі әкесі қаза тапқаннан кейін орнына Индира билікті қолына алады деп ойлады, бірақ ол ақылдырақ шешім қабылдады. Премьер-министр болып мүмкін үміткерлердің әлсізі 60 жастағы Лал Бахадур Шастри тағайындалды. Л.Б.Шастри И.Гандиге ақпараттық және радиохабарлар министр болуға ұсыныс жасады және Индира бұл ұсынысты қабыл алды. Индира Гандидің бұл орынға тағайындалуына жеке саяси билігінің нәтижесі емес тек Дж.Неруға құрмет және бірінші премьер-министрдің атақты қызы болуы ықпал етті. Гандидің Үкімет басына келуі халық тарапынан ең ірі ұлттық  көшбасшының өсетін сақтау ретінде түсіндірілді.

Индира 1966 жылы Л.Б.Шастри қазасынан кейін премьер-министр орнына келеді және 1984 жылы қаза тапқанға дейін қызмет жасайды. Бұл 18 жыл Үнді тарихында үлкен оқиғаларға толы болды және Гандидің өміріндегі ең мағыналы әрі драмалық кезеңдерді сыйғызуға болады. Индира Ганди бірінші лауазымға, кейінен ғана билікке ие болғандығын айтады. Бұған қол жеткізудің өзі оған оңайға соқпады. Әйелге елді басшылық ету оңай болды ма? «Мен үшін әкемнен алған білім және көптеген ірі тұлғалармен, тек саясаттанушылар ғана емес, сонымен қатар суретшілер, жазушылармен кездесуге мүмкіндігін иемдену үлкен артықшылық.  Саясатта тек қызы ғана емес, сонымен қатар өз-өзін билейтін тұлғаға айналу үшін екі есе жұмыс істеу керек» деп жауап береді бұл сұраққа Индира Ганди. Ганди үкімет басында билікте отырған жылдарда тәулігіне 18 сағат жұмыс істейтін.

Оны тек қана өз күшін  жұмыс қабілеттелігі мен дайындығына  аямау ерекшелеген жоқ, сонымен  қатар өзіндік көзқарасы, жеке із қалдыруға ұмтылыс,  алға қойған мақсатына жету жолында табандылығы  мен қайсарлығы ерекше орын алды.

1967 жылғы сайлау басқарушы  партияға маңызды ескерту болып  табылды. Үлкен еңбекпен ҮҰК  бүкіл ел масштабында жеңіске  жетті. Бұған дейін ешқашан  парламентте оппозиция мықты  болған жоқ. 5 штатта ҮҰК-і билікті  қолынан шығарып алды, қалған  үшеуінде маңызсыз және тұрақсыз  өзін беделі мен танымалдығының құлдырауына әкеліп соқты. ҮҰК үшін сайлау нәтижесінде ұлт көсемінің болмауы, 1965-1967 жылдары етек жайған қуаңшылыққа байланысты жалпы елдегі жағдайлардың нашарлауы, Неру өлімінен кейін басшылықтың өз бағытынан айырылуы  ұнамсыз болды. ҮҰК-нің жариялаған «Қоғамның социалистік бейнесі» Нерудің кезінде айқын емес түсінік болатын, ал оның билігін қабылдаушларының кезінде мүлдем мәнінен айрылды. Сайлаушылардың барлығы өмір деңгейін көтеруде ҮҰК-нің қабілетсіздігіне қапалы болды.Орын алған жайсыз жағдайлардан кейін Индира Ганди іс-жүзінде шешім қабылдауға мәжбір болды. ҮҰК-нің Индира Ганди 1967 жылдың көктемінде өз сайлаушыларының назарына      Үндістанның экономикасын тұрақтандыру үшін «10 пункт »бағдарламасын ұсынды, бұл идеяны тек осы жылдың мамыр айында ҮҰК-нің жұмысшы комитетінен қолдау тапты. Бағдарлама банктердің үстінен қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, экспорттық және импорттық тауарларды мемлекет қолына тапсыру, монополиялардың өсуін шектеу, жер реформасын өткізу және басқа шаралардың қатарын ескерді. Кейіннен «10 пунк» бағдарламасы бойынша алауыздықтар туындады. Кабинет министрлері бағдарламаның барлық ережелерімен келіспеді. 1967 жылы қазан айында банктерді национализациялау орнына «қоғамдық бақылау» тұжырымдамасына қайта оралды.

ҮҰК бөліне бастады. Келіспеушілік  себебі «ескі гвардия» деген атпен  белгілі партияның ірі өкілдерінің  премьер-министрдің саясатымен келіспеуі. Индира Гандидің еркіндігі және саясатты жаңартуға ұмтылысы тек наразылықты тудырып қана қоймай, сонымен қатар «синдикаттың» тікелей қарсылығын тудырды.  «Синдикаттың» 5 мүшесінің қолында саяси биліктің бірі – партиялық аппарат болды және олар өз жағдайына кішкене ғана қауіп төнсе шешім қабылдауға құқылы еді. «Синдикаттарға» айтқанға көнетін министрлер қажет болатын. Лал Бахадур Шастри «синдикаттарға» өздерінің қамқорлығына бас имегені үшін жақпаған болатын. Индира Ганди кезінде қайшылықтар тез өрістеді және түбегейлі сипатқа ие болды. Енді сөз жай ғана билік үшін күрес жағдайында болмады. 1969 жылдың желтоқсанында, шиеленістердің қызған кезінде Индира Ганди «Правда» газетінің тілшісімен сұхбатында: «Бұл күрестің негізінде экономикалық, әлеуметтік және саяси қиындықтарды шешуде партияның келіспеушілігі жатыр. Бұл Нерудің саясатына сенетіндер мен оны тек сөз жүзінде мойындап, саясатының өмірде іске асуына кедергі жасайтындар арасында болды. Жақтаушылар мен қарсыластар арасындағы қайшылық пен келіспеушілік Неру көзі тірісінде орын алған. Дегенмен, сол кездері Неру оппонттері партияның саясатына жасырын, астыртын қасақана жасап, көлеңкеде қалуға тырысты. Алайда өмірінің соңғы жылдары Неруге қарсы ашық түрде, тікелей қимыл жасайтын. Менің әкемнің саяси көзқарастарына қарсылығын ашық білдіретіндердің бірі М.Десаи болды. Осылайша, бүгін орын алып жатқан қақтығыстар – жаңа құбылыс емес, тек ескі күрес пен келіспеушіліктің жалғасы».

Әуеліде синдикат пен Десаи бір-бірімен қас дұшпан болды. Жаңа жағдайларға байланысты Индираның прогрессивті бастамасына деген жауыздық екеуін біріктірді.

1969 жылдың шілде айында  Индира Ганди елдегі ең ірі  банктерді национализациялау туралы  шешімін жариялады, одан бұрын Мемлекеттік банк және әлеуметтік сақтандыру жүйесі нациолизацияланған болатын. Банктердің нациолизациясы жоспарлы шаруашылықты көбірек игере бастаған Үндістанға мемлекеттің барлық саласында экономиканың ықпалының күшейуіне мүмкіндік туғызды.

Индира Ганди халық  бұқарасы мен «10 пункт» бағдарламасын  жақтаушыларды біріктірді. 1969 жылдың ақпанында Үндістанның 5 штатында болған сайлау ҮҰК-нің алдағы абыройының төмендеуін, «синдикат» жақтаушыларының жеңілісін және премьер-министрдің табысын көрсетті.

1969 жылы ҮҰК-і бөлуінің басты себебі Индира Гандиді партиядан шығарып жіберуі болды. Осы оқиғаны өзі былайша түсіндірді: «Менің әкем өмірінің соңғы жылдары Конгрессде өзгерістерге қарсы тұра алатын адамдардың болғанын қатты қалады. Менің жеке басымның тәжірибесі қуатты экономикалық мүдделермен тығыз байланысты қазіргі орын алып отырған жағдайдың сақталуына мүдделі күштер маған қарсы ұйымдасқанын дәлелдей аламын». 12 қарашада партияда шығару жөнінде шешімді ҮҰК-нің  төрағасы Наджалингаппа қабылдаған болатын. Бірақ бұл ҮҰК-нің 2 фракцияға бөлінуіне әкелді. 1969 жылы желтоқсан және қараша айларында Бүкіл Үндістандық Конгресс комитетінің қатар екі жақты жиналысы өтті. Шын мәнінде, ол Наджалингаппа құрған «Ұлттық Конгресс» ҮҰК-нің құрамынан шет қалды, осы уақытта Индира Ганди әлі күнге дейін партияның беделді көшбасшысы болып қала берді.

1971 жылдың тамыз айында Делиде Индира Ганди Кеңес Одағымен Әлем, Достық және келісім жөніндегі шартқа қол қойды. Шарттың қолданылу мерзімі алдағы уақытта ұзартылады деген ниетпен 20 жылға есептелінген болатын. Бұл екі елдің арасындағы бұдан 15 жыл бұрын болған достықтың, татулықтың, шынайы қарым-қатынастың,  Дж.Неру негізін қалаған алғашқы социалистік мемлекеттің дәстүрлі достығының дамуының заңды нәтижесі болатын. Келісімшарт үнді-кеңестік қарым-қатынастың саласын кеңейте отырып, әлдеқайда жоғары деңгейге көтерді, оған тұрақтылық беріп және оның алдынан жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Ол әртүрлі қоғамдық құрылымдағы мемлекеттердің бейбіт саясатының табысы болды және өзара сенім мен құрметке негізделген ынтымақтастықтың көрсеткіші бола білді. Келісімшартқа отырушы елдер олардың арасындағы достық қатынасты нығайтып және кеңейту ниетін растады және бұл екі елдің ұлттық түбірлі көзқарасына жауап беретіндігін атап өтті. Келісімшарттың 1-ші тарауында тәуелсіздікке, егемендікке, аумақтық тұтастыққа, елдің  ішкі істеріне қол сұқпаушылыққа құрметпен қарау екі елдің арасындағы қарым-қатынасының негізгі дамуындағы принциптер болды.  Шартқа отырушы елдердің арасында екіжақты қызығушылыққа ие маңызды халықаралық мәселелер атап айтқанда, экономикалық, ғылыми, техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту алға қойылған болатын.  Егер екі елдің бірі біреуге қауіп төндірсе немесе өзіне қауіп төнетін болса, ол мемлекеттердің арасындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жоғарғы келісуші мемлекеттер тез арада өзара келіссөздер өткізеді деп  ІХ-тарауда көрсетілген болатын. Бұл СССР-дің Жоғарғы Кеңесімен және Үндістанның президентімен сол айда бекітілген еді.

Информация о работе Реферат по "политологии"