Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 07:36, реферат
Халықтық демократияны білдіру нысаны ретіндегі өкілді билік қазақстандық қоғамға ежелден тән. Ол қалыптасқан саяси жүйеге байланысты өзгеріп отырды.
Қабылданған заңдардың тиімділігі артып, сапасы едәуір жақсарды. Осының бәрі ынтымақтастықтың арқасы, Парламент қатарында жеті рет өлшеп, бір кесетін депутаттар санының көбейгендігінің белгісі деп білемін.
Қазақстанның нарықтық қайта құрулар жолындағы бүгіндері қол жеткізген табыстары, экономикалық ілгерілеу және халықтың тұрмыс деңгейінің өсуі баршаға мәлім, оны дүниежүзілік қоғамдастық та мойындап отыр. Мемлекет әлеуметтік-экономикалық, ішкі саяси тұрақтылықты, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, қоғамды демократияландыру, өңірлік ынтымақтастықты дамыту жөнінде дәйекті шаралар қабылдауда.
Көптеген мемлекетпен салыстырғанда біздің Парламентіміз үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан бозбала секілді. Алайда, сол жастығымызды біздің игілігіміз деп білгеніміз жөн. Біздің жастығымыз – ғұмырлы да жарқын болашағымыздың кепілі. Біз – келешегі зор, әрі жас, әрі жігерлі мемлекеттің заң шығарушы органымыз.
Сонымен менің семестрлік жұмысымның мақсаты екі палатлы парламенттік жүйе қалыптасқалы 17 жылдың ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен жетістіктеріне тоқталып, қазіргі күнгі мен өткенді салыстырып өту.
Кіріспе...................................................................................................................3
ІІ.Негізгі бөлім:
1.Қазақстан Республикасының Парламенті...............................................4
2. Қазақстан Парламентінің Сенаты............................................................7
3. Қазақстан Парламентінің Мәжілісі.........................................................8
4. Қазақстандағы парламентаризмнің даму тарихы................................ ..9
ІІІ.Қорытынды.......................................................................................................21
IV.Қолданылған әдебиеттер.................................................................................22
ЕКІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ: 1999-2004 жылдар
Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес 1999 жылғы қыркүйектегі
және 2002 жылғы қазандағы сайлауларда
Сенат құрамының жартысы қайта
сайланды. Қазақстан Республикасының
бес облысы таратылуына байланысты
екінші сайланған Сенат депутаттары
14 облыстан және Алматы мен Астана қалаларынан
сайланды. Таратылған облыстардан сайланған
депутаттар өкілеттік мерзімі біткенге
дейін жұмыстарын жалғастырды, сондықтан
1999 жылғы желтоқсанға дейін
2003 жылы Сенатта 39 депутат болды. Олардың үшеуі әйел. Барлық депутаттардың жоғары білімі бар, соның ішінде 9 – заңгер, 6 – экономист, 11 – инженер, 7 – ауыл шаруашылығы маманы, 6 – педагог, саясаттанушы, журналист.
4 академик, 6 ғылым докторы,
3 профессор, 3 ғылым кандидаты Сенат
депутаты болды. Палата
Көптеген сенаторлар бұрын Жоғарғы Кеңестің және бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болып сайланған.
Екінші сайланған Қазақстан
Республикасы Парламенті Сенатының
Төрағалары болып Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ
(2004 жылғы 10 наурызда депутаттық өкілеттігі
аяқталғанға дейін жұмыс
1999 жылдың күзінде енгізілген
конституциялық өзгерістерге
Осындай жаңалықтардың нәтижесінде бұл сайлау, парламенттік үлгідегі саяси партиялар құру процесін ынталандыра отырып, жоғары саяси мәнімен және баламалы түрде өтуімен ерекшеленді. Сайлауға 10 саяси партия қатысты. Мажоритарлық бір мандатты округтерде 547 кандидат тіркелді. Жалпы сайлау барысында сол кезеңде Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған кандидаттар саны – орташа есеппен бір орынға сегіз адам тіркелді.
Парламент Мәжілісіне сайлау
қорытындылары бойынша бір
Сайланған 77 депутаттың 8-і - әйел, 74-і – жоғары білімді, 30-ға жуығы екі жоғары оқу орындарын бітірген адамдар болды. Депутаттар арасында бір академик, жеті доктор және әртүрлі мамандықтары бар жиырма ғылым кандидаты болды.
Депутаттық корпустың
басым көпшілігі инженерлер – 30,
заңгерлер – 22, экономистер – 16,
педагогикалық білімі барлар – 14, ауыл
шаруашылығы ғалымдары мен
Екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып Жармахан Айтбайұлы ТҰЯҚБАЙ сайланды.
ҮШІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ: 2004-2007 жылдар
1999 жылғы қыркүйекте алты жыл мерзімге сайланған 16 сенатордың сайлауы 2005 жылғы тамызда өтті.
Жаңадан сайланған сенаторларды
қосқанда 2005 жылғы желтоқсанда Парламент
Сенатында 39 депутат өз қызметін атқарды.
Парламентшілердің орташа жас мөлшері
– 57 жас, 37 ер адам, 2 әйел. Депутаттардың
барлығы жоғары білімді, олардың 19-ы
екі жоғары оқу орнын бітірген.
Депутаттардың қатарында
Депутаттардың көпшілігі
сайланғанға дейін мемлекеттік
секторда жұмыс істеген, оның ішінде
28 парламентші басшы лауазымдарда
қызмет істеген. Көпшілігінің заң шығару
қызметіндегі, сондай-ақ өндірістік, әлеуметтік
және кәсіпкерлік салалардағы, ғылыми-зерттеу,
ғылыми-педагогикалық
2005 жылғы 1 желтоқсанда
үшінші сайланған Қазақстан
Үшінші сайланған Қазақстан
Республикасы Парламенті Сенатының 2007
жылғы 11 қаңтардағы отырысында жасырын
дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасы
Президентінің ұсынуымен Қасым-
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін сайлау 2004 жылғы қыркүйекте болып өтті. Сайлауға 12 саяси партия қатысты, олардың ішінде 4-уі – екі сайлау блогының құрамында.
Сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 77 депутат сайланды.
67 депутат Республиканың
әкімшілік-аумақтық бірлігі
10 депутат тең өкілдік
жүйесі бойынша және біртұтас
жалпыұлттық сайлау округінің
аумағы бойынша партиялық
Сайланған парламентшілердің жалпы санынан 59 депутатты саяси партиялар ұсынды: «Отан» республикалық саяси партиясынан – 42, «АИСТ» сайлау блогынан - 11, «Асар» республикалық партиясынан – 4, «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 1, Қазақстан Демократиялық партиясынан - 1. Өзін өзі ұсынғандар – 18 депутат.
Палатаның депутаттық құрамында 69 ер адам және 8 әйел бар. Үшінші сайланған Мәжілістің депутаттық құрамының орташа жас мөлшері – 53 жас, ең жасы – 28 жаста, ең егдесі – 73 жаста.
Барлық депутаттар жоғары білімді. 37 парламентші екі жоғары оқу орнын бітірген.
28 депутаттың ғылыми дәрежесі мен атағы бар, олардың ішінде 13 ғылым кандидаты мен 15 ғылым докторы бар.
Парламентшілер арасында әртүрлі мамандықтағы инженерлердің саны едәуір, олар – 21, заңгерлер – 14, экономистер – 16.
Бұдан басқа, үшінші сайланған Мәжілісте ауыл шаруашылығы, халықаралық қатынастар мамандарының кәсіби біліктілігін иеленгендер, менеджерлер, дәрігерлер, педагогтар, әскери қызметшілер, журналистер, мәдениет қайраткерлері және т.б. бар.
Соңғы жылдар ішінде Палатада парламенттік стажы бар депутаттар саны өсті. Мәжілістің 29 депутаты осының алдындағы сайланымда жұмыс істеген, 3 – бірінші және екінші сайланымда, екеуі - Сенатта, 12 депутат бұрын әртүрлі сайланған Жоғарғы Кеңестің депутаттары болған.
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып Орал Байғонысұлы МҰХАМЕДЖАНОВ сайланды
«Үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Президенті Жарлығының қабылдауына байланысты 2007 жылғы 20 маусымда үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі өз қызметін аяқтады.
ТӨРТІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ: 2007-2011 жылдар
Конституцияға 2007 жылғы мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес төртінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау 2007 жылғы тамызда болып өтті.
Парламент Сенатында Президент тағайындайтын депутаттар санының 15 адамға дейін ұлғаюын көздейтін өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Мемлекет басшысы 2007 жылғы 28 тамызда қосымша 8 сенаторды тағайындады.
Жаңартылған Конституцияға сәйкес Мәжіліс 107 парламентшіден тұрады. Олардың 98 депутаты біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы партиялық тізімдер бойынша сайланды. Қалған депутаттар Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды.
Жеті саяси партия қатысқан 2007 жылғы 18 тамызда өткен сайлауда «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы ғана 7 пайыздық кедергіні еңсерді, оның қатарындағы депутаттар Парламент Мәжілісіндегі барлық 98 орынды иеленді. Палатадағы 9 орын 2007 жылғы 20 тамызда Қазақстан Халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттарға берілді.
Мәжілістің құрамына өткен
сайланымдағы депутаттық корпустың
39 депутаты, мемлекеттік басқару органдарынан
– 24 адам, жергілікті мемлекеттік басқару
органдарынан – 19 адам, бизнес құрылымдарынан
–
8 адам, білім, ғылым және мәдениет саласынан
– 8 адам және басқа салалардан 9 адам кірді.
Палатада білімі бойынша әртүрлі мамандықтағы инженерлердің саны едәуір, олар – 42 депутат, заңгерлер – 34, педагогтар – 23, олардың бірқатары басқа мамандық бойынша екінші жоғары білім алған. 21 депутаттың экономикалық білімі бар, ауыл шаруашылығы мамандары - 9.
Бұдан басқа, депутаттық корпуста дәрігерлер, халықаралық қатынастар мамандары, журналистер, мәдениет және өнер қайраткерлері мен басқа да мамандықтың иелері бар.
Мәжілісте 15 ғылым докторы
және 27 ғылым кандидаты бар,
35 парламентші екі жоғары білім алған.
Палатада түрлі ұлттар өкілдерінің саны артты. Депутаттық корпустың құрамына 82 қазақ, 17 орыс, 2 неміс және бір-бірден белорус, балкар, кәріс, украин, өзбек және ұйғыр кірді.
Әйелдердің саны екі еседен астам артты, олар – 17 депутат.
Төртінші сайланған Мәжілістің
депутаттық корпусының орташа жасы –
52 жас, бұл үшінші сайланымға қарағанда
бір жасқа төмен. Жас шамасы бойынша
ең көп топты 50 мен 59 жас аралығындағы
депутаттар құрайды, олардың саны –
44, одан кейінгі орында 40 пен 50 жас
аралығындағылар –
36 депутат, 60 жастан асқан депутаттар –
23 адам және ең аз топ 30 бен 40 жас аралығындағылар
– 4 депутат.
Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып Аслан Есболайұлы МУСИН сайланды. Өкілеттігін 2008 жылғы қазанда тоқтатты.
2008 жылғы қазанда төртінші
сайланған Қазақстан
Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлық шығаруына байланысты 2011 жылғы 16 қарашада тоқтатты.
БЕСІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ: 2012 жыл -
Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамы 2012 жылғы қаңтарда қалыптастырылды.
Бесінші шақырылымда конституциялық нормаларға сәйкес 2008 және 2011 жылдары сайланған, 2007 және 2011 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған Сенат депутаттарының өкілеттіктері жалғастырылды.
Парламент Мәжілісінің сайлауына
жеті саяси партия қатысты, олардың
үшеуі қорытынды нәтижелер
Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясынан 83 депутат, «Ақ жол» партиясынан – 8 депутат, ҚКХП-нан – 7 депутат жұмыс істейді. Қазақстан халқы Ассамблеясынан – 9 депутат. Мәжіліс құрамында барлығы 107 депутат бар.
Мәжілістің құрамына өткен сайланымдағы депутаттық корпустың 43 депутаты кірді.
Палатада білімі бойынша біліктілігі әртүрлі инженерлер бар, олар – 30 депутат, педагогтар – 21, заңгерлер – 13 депутат. 21 депутаттың экономикалық білімі бар, ауыл шаруашылығы мамандары - 10.
Бұдан басқа, депутаттық корпуста дәрігерлер, философтар, тарихшылар, саясаттанушылар, әскерилер, журналистер, мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері және басқа да мамандық иелері бар.
Мәжілісте 2 академик, 17 ғылым докторы мен 27 ғылым кандидаты бар, 60 парламентші екі жоғары білім алған.
Палатада түрлі ұлттар өкілдерінің саны артты. Депутаттық корпустың құрамына 76 қазақ, 21 орыс, 3 украин, 2 неміс және бір-бірден татар, шешен, кәріс, өзбек және ұйғыр кірді.
26 депутат - әйел адам.
Бесінші сайланған Мәжілістің депутаттық корпусының орташа жасы – 56 жас, бұл төртінші сайланымға қарағанда төрт жасқа жоғары. Жас шамасы бойынша ең көп топты 50 жастан 59 жасқа дейінгі депутаттар құрайды, олардың саны – 47, 60 жастан асқан депутаттар – 34 адам, одан кейін 40 жастан 49 жасқа дейінгі депутаттар – 22 адам және ең аз топ 30 бен 39 жас аралығындағылар – 4 депутат.
Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып Нұрлан Зайроллаұлы НЫҒМАТУЛИН сайланды.
Қорытынды
Тұтастай алғанда, Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстанның жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр алшақтықтарын азайтып, өзара ынтымақтаса жұмыс iстеуiн мақсат етедi: палаталар бiр-бiрiне бағынбайды, бiр-бiрiне тәуелсiз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртiбiнде қызмет атқарады, өздерiнiң қызмет аясы мен мiндеттерi бар. Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бiрлесiп қызмет атқаруға мiндеттi.