Флуоресценция спектрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 22:04, реферат

Описание работы

Люминесценция - сыртқы энергия көзінің әсерінен кейбір дененің жарық шығаруы. Люминесценция кезінде шыққан жарықтың жиілігі оны қоздырушы жарық жиілігінен өзгеше. Люминесценция құбылысын жарықтың шашырауы, шағылуы және денелердің термодинамикалық тепе - теңдік күйіндегі жылулық сәуле шығаруы тәрізді құбылыстардан ажырата білу керек. Қыздырғандағы жарық шығарудан бұл бөлек, мұнда жылуды шығаратын жүйе энергиясы пайдаланылмайды. Сондықтан да оны «салқын жарық» деп те атайды. Люминеcценция электрон қоздырылған күйінен негізгі күйге ауысқанда пайда болады. Люминеценциялаушы кез - келген агрегат күйде болуы мүмкін. Люминесценттік өлшеу әдістері химиялық және биохимиялық реакциялардың жүруін, кинетикалық зерттеулерді бақылау үшін, заттарды, әсіресе, органикалық қосылыстарды тазалау, құрамындағы қосалқы қосымшаларды айқындау, оның тазалық дәрежесін анықтау үшін жиі пайдаланады. Әдістің ең жоғарғы сезімталдығы заттың болмашы дәрежедегі түрленуін де, аралық жоғары активті немесе тұрақты емес өнімдердің түзілуінде де белгілей отырып, оны әр түрлі реакциялардың механизмін зерттеу қолдануға мүмкіндік береді.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
а) Флуоресценция спектрлері
б) Люминесценттік сапалық және сандық талдау
в) Флуориметр көмегімен органикалық және бейорганикалық қосылыстарды талдау және ауа тазалығын бақылау.
ІІІ.Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
V .Глоссарий

Работа содержит 1 файл

флуориметрия.docx

— 32.11 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Қорытынды

Флуориметрия әдісінің спектрофотометриядан артықшылығы - едәуір сезімталдылығы. Өйткені бұл әдісте басқалардан  гөрі заттың тұрақты концентрациядағы флуоресценция интенсивтілігінің  едәуір жоғары мәнін алу үшін одан да жоғары интенсивтілігі бар қоздырылған  сәуле шығаруды пайдалануға болады. Атап айтқанда, спектрофотометрия 10-5 М-ге дейінгі затты, ал флуориметрлік  әдіс 10-8 М-ге дейінгі затты анықтауға  мүмкіндік береді. Мұндай жоғарғы  сезімталдықка жету үшін. әрине, онда қолданатын ыдыс, реактив т.б. өзі  өте таза болуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Құлажанов Қ.С.«Аналитикалық химия»  II томдық оқулық .

 II - том. Оқулық. Алматы:«ЭВЕРО» баспаханасы, 2005

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Фармокапеясы

Алматы. «Жібек жолы» баспа  үйі, 2008

  1. О.М.Петрухина«Практикум по физико - химическим методам анализа»

Москва, 1986

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Глоссарий

  • Люминесценция - сыртқы энергия көзінің әсерінен кейбір дененің жарық шығаруы.
  • Фотолюминесценция – ультракүлгін және көрінетін  электромагнит-тік  сәуле шығару арқылы қоздыру.
  • Катод - люминесценция  – электрон   әсерімен  туындайды.
  • Хемилюминесценция - химиялық реакция энергиясының есебінен жарқырау.
  • Рентгенолюминесценция  - рентген сәулесінің әсерінен туындайды.
  • Флуоресценция – сіңірілген    жарықты  кері  шығаратын  құбылыс, сондықтан, әдетте, флуоресценция спектрлері  сәйкес қоздыру спектріне ұқсас әрі ұзын да, үлкен толқынды аймаққа қарай ығысқан сияқты болып келеді.
  • Флуориметрия – бұл сыналатын заттың флюресценциясы қарқындылығын сәйкес стандарттық үлгінің флюресценциясы қарқындылығымен салыстыра өлшеуге негізделген әдіс.   

Информация о работе Флуоресценция спектрлері