Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 22:04, реферат
Люминесценция - сыртқы энергия көзінің әсерінен кейбір дененің жарық шығаруы. Люминесценция кезінде шыққан жарықтың жиілігі оны қоздырушы жарық жиілігінен өзгеше. Люминесценция құбылысын жарықтың шашырауы, шағылуы және денелердің термодинамикалық тепе - теңдік күйіндегі жылулық сәуле шығаруы тәрізді құбылыстардан ажырата білу керек. Қыздырғандағы жарық шығарудан бұл бөлек, мұнда жылуды шығаратын жүйе энергиясы пайдаланылмайды. Сондықтан да оны «салқын жарық» деп те атайды. Люминеcценция электрон қоздырылған күйінен негізгі күйге ауысқанда пайда болады. Люминеценциялаушы кез - келген агрегат күйде болуы мүмкін. Люминесценттік өлшеу әдістері химиялық және биохимиялық реакциялардың жүруін, кинетикалық зерттеулерді бақылау үшін, заттарды, әсіресе, органикалық қосылыстарды тазалау, құрамындағы қосалқы қосымшаларды айқындау, оның тазалық дәрежесін анықтау үшін жиі пайдаланады. Әдістің ең жоғарғы сезімталдығы заттың болмашы дәрежедегі түрленуін де, аралық жоғары активті немесе тұрақты емес өнімдердің түзілуінде де белгілей отырып, оны әр түрлі реакциялардың механизмін зерттеу қолдануға мүмкіндік береді.
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
а) Флуоресценция спектрлері
б) Люминесценттік сапалық және сандық талдау
в) Флуориметр көмегімен органикалық және бейорганикалық қосылыстарды талдау және ауа тазалығын бақылау.
ІІІ.Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
V .Глоссарий