Жүсіп Баласағүн

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 16:19, статья

Описание работы

Көп жылдар бойы жинақталған деректер бойынша Жүсіп Баласағұнның Қараханид мемлекетінің үлкен сауда қолөнер орталығы Баласағұн қаласында дүниеге келгені белгілі. Қараханид мемлекетінің үлкен мәдени орталықтары – Фараб, Қашқар, Бұхар қалаларында білім алған. Араб және парсы тілдерін жақсы игерген. Мәдени тілдік қатынаста бұл қалалар түркі тілдес халықтардың көне өркениеті, әрі соынмен бір мезгілде қазақтар мен қырғыздардың да нәр алып сусындайтындай орталықтар деп саналды. Қараханид мемлекеті сол кезеңде ислам дінін қабылдап жатса да зайырлы адамдар оған қоса философияға, ғылымға, поэзияға, саясатқа және жаратылыстануға деген қызығушылықтар танытты.

Работа содержит 1 файл

Қ.С. Ермағанбетованын мақаласы.doc

— 68.00 Кб (Скачать)

                                          Жақсы айтыпты ел басқарып тіс қаққан,

                                          Ақыл, білім жиған біреу іс баққан:

                                          «Билер әлем – білім болса тірегі,

                                          Ел басқарса – болсын ақыл жүрегі.»– деп ақын, егер билеушінің тірегі білім болса оның әлемдей болатыны және ел басқарғанда жүрегінде әрқашан ақыл болуы керектігін айтады. [7, 307б] Ендеше, жоғарыда көрсетілген қасиеттердің бәрі елбасына тән болуы керек.

                                          Әлем билеу үшін керек парасат,

                                          Ел билеуге ақыл – жүрек жарасад.

                                          Зердесімен ұстайды адам әлемді,

                                          Білімменен билейді екен әр елді. [8, 34б]

Бұдан шығатын түйін, әділетті ел басқарудың тірегі – ақыл, білім, парасат.

              Жүсіп Баласағұн поэмасының келесі бір өзекті мәселесі – бақыт. Бақытты болу үшін де ақынның түсінігі бойынша білім керек. Білімді адам өзінің жинақтаған білімін еңбекке, қызметке жұмсайды. Ал еңбек еткен адам табысы арқылы, қызметінің нәтижесі арқылы, игі іске жұмсаған ісі арқылы бақытқа жетеді, одан ләяззат алады. Бұған дәлел ақынның мына өлең шумақтары:

                                          Бар ізгілік тек білімнен алынар,

                                          Білімменен аспанға жол салынар.

                                          Әр сөзінің білім болсын сағасы,

                                          Білімменен үлкейер ел ағасы.

                                          Ой – білімнің тұрған бойы – ізгілік,

                                          Соған еріп биіктей бер, көзге ілік. [9, 33-34бб]

Түйіндеп айтар болсам, Жүсіп Баласағұн әділет, бақыт, байлық, дәулет ұғымдарын ақыл-парасатпен, біліммен байланыстырады. Адамды бақытқа да, дәулетке де, байлыққа да жеткізетін ақыл мен білім. Өлгенне кейін де адамның есімі мен даңқының қалуы ақылы мен білімінің жемісі болып табылады.

Құдай бізге ақылды білім жинау үшін берді, сол себепті адам Құдайдың алдында ақылы мен білімі үшін де жауап береді. Ақыл мен білім адамды тұғырықтан, қйын жолдан шығаратын арқан тәрізді. Адамдар тек ақыл мен білімінің көмегі арқылы ғана арман тілектеріне жете алады.

Бүгінгі таңда қазақ философиясының өзекті мәселелерін жетілдіру әлемдік философия алдында тұрған мәселелердің бірі деп айтуға болады.

Жүсіп Баласағұнның поэмасында қарастырылған мәселелер бүгінгі таңда да өзекті болып табылады. Жүсіп Баласағұнның ұсынған ойларын қазіргі кезедгі білім жүйесінде, мәдениет саласында қолдануға болады.

Қорыта келгенде, Жүсіп Баласұғынның «Құтты білік» жәдігері өз заманының теңдесі жоқ сәтті туындыларының бірі болып табылады. Салыстырмалы тұрғыда айрықша көзге түсетіні, аталмыш дәуірдегі иә сәл кейінгі кезеңдердегі еуропалық Дунс Скотт, Кентерберийлік Ансельм, Брабанттық Сигер тіптен Фома Аквинскиймен салыстырғанда «рационалдылығы аздау таза шығыстық» негіздегі «Құтты білік» жарқырап, өзінің шоқтылығын  көрсетіп тұр. Басқа сөзбен айтқанда бұл шығармадағы «ақыл», «білім», «өнер», «ой», «парасат»  сияқты этикалық категориялар дәлме-дәлдігімен және айрықша бір айқындығымен көзге түседі.

 

        

Қолданылған әдебиеттер:

1.      Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1986

2.      Конфуций. Уроки мудрости. - Москва, 2007

3.      Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1986

4.      Сонда

5.      Сонда

6.      Сонда

7.      Сонда

8.      Сонда

9.      Сонда

10. Қ. Бейсенов. Қазақ даласында қалыптасқан ғақлиятты ой кешу үрдістері. - Алматы, 1999

 

 

 

 

Резюме

В данной статье рассматривается проблема знания и разума в поэме «Кутадгу билиг» Юсуфа Баласагуни. Человек – это особое существо, обладающее разумом и знанием. По Баласагуни разум – это луч света, а знание – возвышает человека. Только идеальный человек, обладающий разумом сердца и знанием может правит миром.

 

Summary

In this article the problem of knowledge and reason in a poem Yusuf Balasuguni’s «Qutadgu bilig» is considered. The human is the special being person possessing reason and knowledge. According to Balasuguni the reason is the ray of light, and the knowledge ennobles the person. Only the ideal person possessing reason of heart and knowledge can govern the world.

 

 

 

 



Информация о работе Жүсіп Баласағүн