Жүсіп Баласағүн

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 16:19, статья

Описание работы

Көп жылдар бойы жинақталған деректер бойынша Жүсіп Баласағұнның Қараханид мемлекетінің үлкен сауда қолөнер орталығы Баласағұн қаласында дүниеге келгені белгілі. Қараханид мемлекетінің үлкен мәдени орталықтары – Фараб, Қашқар, Бұхар қалаларында білім алған. Араб және парсы тілдерін жақсы игерген. Мәдени тілдік қатынаста бұл қалалар түркі тілдес халықтардың көне өркениеті, әрі соынмен бір мезгілде қазақтар мен қырғыздардың да нәр алып сусындайтындай орталықтар деп саналды. Қараханид мемлекеті сол кезеңде ислам дінін қабылдап жатса да зайырлы адамдар оған қоса философияға, ғылымға, поэзияға, саясатқа және жаратылыстануға деген қызығушылықтар танытты.

Работа содержит 1 файл

Қ.С. Ермағанбетованын мақаласы.doc

— 68.00 Кб (Скачать)


ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ЕҢБЕГІНДЕГІ АҚЫЛ, БІЛІМ МӘСЕЛЕСІ

 

Ермағанбетова Қ.С.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің

философия кафедрасының аға оқытушысы.Астана қаласы

 

«Құтты білік» Батыс және Шығыс мәдениеттерін тығыз байланыстыратын мәдени мұра болып табылады.

Жүсіп Баласағұн – түрік жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның көрнекті, ғұлама өкілі.

Көп жылдар бойы жинақталған деректер бойынша Жүсіп Баласағұнның Қараханид мемлекетінің үлкен сауда қолөнер орталығы Баласағұн қаласында дүниеге келгені белгілі. Қараханид мемлекетінің үлкен мәдени орталықтары – Фараб, Қашқар, Бұхар қалаларында білім алған. Араб және парсы тілдерін жақсы игерген. Мәдени тілдік қатынаста бұл қалалар түркі тілдес халықтардың көне өркениеті, әрі соынмен бір мезгілде қазақтар мен қырғыздардың да нәр алып сусындайтындай орталықтар деп саналды. Қараханид мемлекеті сол кезеңде ислам дінін қабылдап жатса да зайырлы адамдар оған қоса философияға, ғылымға, поэзияға, саясатқа және жаратылыстануға деген қызығушылықтар танытты. Осындай даналардан кең білімді және өмірлік тәжірибелік әфсаналарды игерген Жүсіп Баласағұн Қашқар қаласына келіп, он жеті айдың ішінде өзінің «Құтты білік» поэмасын жазып шығарады. Бұл кітап сол кездегі Қараханид мемлекетінің билеушісі Табғаш-Богра-Қара-Хақан-Али-Хасанға сыйға тартылады. Осы кітап үшін Хас-Хаджиб – «қамал министрі» деген лауазымға ие болды. Қараханид мемлекетінде ресми әдебиет тілі – араб тілі бола тұрса да, Жүсіп Баласағұн өзінің поэмасын қарапайым көшпелі қараханидтерге түсінікті болу үшін ана тілі – түркі тілінде жазған. Бұдан Жүсіп Баласағұнның бойындағы ана тіліне деген махаббаты мен отан сүйгіштік қасиетін байқауға болады. Бұл поэма -сол кездегі көшпелі қараханидтердің бойында өз тілін құрметтей білу мен отанға деген үлкен махаббатты оята білді.

Поэманың аты әр елде әртүрлі атқа ие болды; мысалы: Шын елінің данышпандары «Билеушілердің әдептілігі», Машын ғалымдары «Мемлекеттің қамқорлығы», Шығыс патшалығының даналары «Патшалардың көркі», ирандықтар «Бақытты болу ғылымы», басқалары «Патшаларға арналған өсиет» десе, ал түріктер өз тілінде «Құт әкелетін ғылым» деп атаса да, ортақ идеясы бір, яғни шығарманың патшаларға арналған даналық кітабы екені белгілі. «Құтты білік» сөйлемінде «Құт» деген сөз бір жағынан «бақыт, береке» деген мағынаны білдірсе, екінші жағынан патшалық атақ пен даңқты білдіреді, ал «білік» деген сөз бір жағынан «білім», екінші жағынан «билік ету» деген ұғымды білдіреді.

«Құтты білік» - дидактикалық, энциклопедиялық шығарма, саяси трактат ретінде танымал болса да, ол өз дәуірінің мәдениеті мен ғылымының әртүрлі салаларын қамтыған білім жинағы. Бұл поэмада адам, оның өмірі, табиғат пен қоғамдағы орны мен рөлі сияқты дүниетанымдық мәселелер жан-жақты негізде қарастырылады. Жүсіп Баласағұнның поэмасы өмірлік, тәжірибелік, этникалық, эстетикалық, жалпы философиялық сипаттағы мәселелерді тұтасымен қамтитын кең, ауқымды жүйелі кітап.

Жүсіп Баласағұн өзінің шығармасында ақылды билік жүргізудің негізгі принциптерін айқындап, өнегелік жетістіктері мен рухани бағдарларын айқындайды. Саяси трактат болғандықтан басқару мақсатына, яғни әділетті қоғам құруға және соның арқасында адамның жеке бақытына жетуіне үлкен мән беріледі.

Жүсіп Баласағұнның шығармасынан философияның әр саласы қарастыратын мәселелерді байқауға болады. Ең басты мәселе адам және оның қоғамдағы орны мен рөлі, адамның өмірінің мәні, оның бақытқа жету жолы. Осы дүниелердің мәнін терең ашу үшін Жүсіп Баласағұн поэмасының орталық идеясы ретінде төрт кейіпкерді, төрт үлкен және құдіретті ұғымдарды қарастырады: біріншісі – Күнтолды - Әділет; екіншісі – Айтолды – Бақыт; үшіншісі – Огдүлміш – Ақыл; төртіншісі – Одғұрмыш – Дәулет, байлық. Осы төрт кейіпкердің бойындағы қасиеттерді сипаттай отырып және олардың бір-бірімен қатынасын айқындаудың арқасында, Жүсіп Баласағұн адамды бақытқа апаратын жолын іздеді және төрт құдіретті ұғымдарға, төрт кейіпкерге мемлекет басынан қызмет бере отырып, олардың адам өмірінде алатын орны мен рөлін түсіндіруге тырысты.

Жүсіп Баласағұн поэмасының ең басты кейіпкері – Күнтолды Елік – ол мемлекеттің басшысы, халықтың бақытын ойлаушы, әділеттілікті орнатушы. Осы Күнтолдының іс-әрекеті, сөйлеген сөзі, істеген ісі, мінез-құлқы арқылы ақын адамға жат және жағымсыз қасиеттерді айқын ашып көрсетеді.

Қандай кезеңді, заманды, дәуірді алып қарасақ та барлық адамзаттың мақсаты - бақытты өмір сүру. Бірақ «бақыт, бақытты» деген сөзді әркім әртүрлі түсінеді. Мысалы: біреу үшін бақыт дегеніміз – байлық, дәулет; екіншісі үшін бақыт - өнер; үшіншісі үшін - әділеттілік, әділ заң; төртіншісі үшін – білу, білім, ғылым және тағы басқалары. Шын мәніне келгенде жалпыға ортақ бақыт – қажеттілігін қамтамасыз ету, ал ол қажеттілік адамның ішінде, өзінің санасының түп жағында жасырылған.

«Құтты білік» патшаларға арналған поэма болғандықтан халықтың бақытты болуы патшаның қолында екенін байқауға болады. Жүсіп Баласағұн бойынша бақытты болу патша мен халықтың бірігіп қызмет істеуі, өзара түсінушілік пен үйлесімділіктің нәтижесі болып табылады. Адам – жаратушының ең құдіретті туындысы. Сондықтан адам бойындағы қасиеттердің бірі туа біте қалыптасса, енді бірі жүре біте қалыптасады. Жүсіп Баласағұн бойынша әділет – ана сүтімен берілетін құдіретті қасиет, ал ақыл Алладан берілетін қасиет. Ол туралы былай дейді:

                                          Жаратты адамды Алла керек етіп,

                                          Ой, білім, ақыл берді зерек етіп.

                                          Берді оған ақыл, ұят, өткір тілді,

                                          Һәм қылық, таза пейіл бере білді.

                                          Адамды биік қылар білім берді,

                                          Берді ақыл шешетін не түйіндерді. [1, 29б]

Ендеше, ақыл Алладан берілетін қасиет болса, бақыт, дәулет жүре бітетін қасиеттер. Жүсіп Баласағұн мемлекет мәселесін қарастырғанда идеалды мемлекет жасау үшін әділетті заң қажет деген болатын. Ал әділетті заң тек шынайы, таза білім арқылы ғана қалыптасады. Риясыз, шынайы білім алу үшін адам өзінің ақылын тек ізгі істерге жұмсауы керек және даналардың ақылды сөзі мен тіліне еруі керек. Өйткені ақыл жаманға да, жақсыға да бітеді. Жаман өзінің ақылын жаман іске жұмсаса, жақсы өзінің ақылын ізгі іске жұмсайды. Ақыл әрқашан ізгілікпен үштасып жатады. Ізгілік ісі – ақылдылықтың көрінісі болып табылады.

              Жүсіп Баласағұн білім мәселесін қозғағанда өз заманындағы көшпенді қараханидтердің өмір сүру салтын сынап қарастырады. Көшпелі қараханидтердің мәдениеті, ғылымы, өнері дамыған отырықшы халықтардан үйренуіне, солармен бірігіп елді өркендетуге шақырады. Ал ел басшыларын халық еңбегін қанағанша, оларды білімге, ғылымға үйретуге шақырады. Әр адамға сана туа біте беріледі, ендеше сол сананы біліммен, ақылмен дамыту қажет. Мемлекеттің ең басты қазынасы – халық. Мемлекеттің гүлденуі осы халыққа байланысты. Халықтың өзі үш буыннан тұрады – байлардан, орталардан, кедейлерден. Байларды бай етіп отырған орта тап, олар – шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер, малшылар және тағы басқалары. Олардың әрқайсысы өзі игерген ісімен шұғылданады, өйткені олар білгенімен жетістікке жетіп отыр. Басшының мақсаты – байлардың ісін заңмен, ақылмен қадағалау, ортаны бай, кедейді орта тапқа жеткізу. Бұл мақсат жүзеге асу үшін жоғарыда айтып кеткендей адамның барлығына сана туа біткен, тек сол сананы дұрыс игеру үшін, саналы іс-әрекет жасау үшін халықты білімге үйрету керек. Сол кезде ғана адам дұрыс алған білімін ізгі іске жұмсай алады. Ол үшін әрине басшы халыққа үлгі болуы керек. Жүсіп Баласағұнның мұндай пікірлері ежелгі Қытай ойшылы Конфуцийдің және шығыс Ренессансының ойшылы әл-Фарабидің ойларымен ұштасып жатыр.

              Ежелгі Қытайдың ұлы данышпаны Конфуций жан-жақты жетілдірілген идеалды мемлекеттің басты тірегі ретінде отбасын қарастырған, яғни идеалды қоғам мен идеалды мемлекет жасау үшін идеалды отбасын құру керек деп түсіндіреді. Отбасының басшысы - әке. Осы әкенің балаларға берген тәрбиесі мен білімі, қоғам мен мемлекетте көрініс табады. Сондықтан әкенің мақсаты – балаларын білімге, ғылымға, үлкенді құрметтеуге, сыйлауға, даналардың сөзін ұғуға үйрету. идеалды отбасын құра білген әке, идеалды басшы болып, білімі мен әділ заңы арқылы күшті дамыған мемлекет жасай алады. [2, 20-21бб] Конфуцийдің пікірі бойынша басшы халқына баласындай қараса, халқы басшысына әкесіндей сый-құрмет көрсетеді. Сол сияқты Жүсіп Баласағұн да өз поэмасында билеушілердің халқына баласындай ізет көрсетуін ұсынады. Оны мына өлең шумақтарынан байқауға болады:

                                          Бала білім алсын десең басынан,

                                          Бер оқуға балаларды жасынан.

                                          Туа біте сана болса өзіңде,

                                          Жайлап білім үйрене жас кезінде.

                                          Өнер, білім, қылық жайлы ойланар,

                                          Үйренер де, ол әдетке айналар.

                                          Адам не бір өнер, білім үйренер,

                                          Жас ұлғайса бәрін білер күйге енер. [3, 150б]

              Халықтың «бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» деген дана сөзінде айтылғандай, бала жасынан дұрыс білім алып, оны ізгі іске жұмсай алса, соны әдетке айналдырады және оларды өздерінің болашақ істерінде қолданады. Сондықтан өнерге, білімге, жақсы қылыққа үйренген адам ғана тек жақсы, ізгі істер жасауға ұмтылып отырады. Білім алу, үйрену жасты таңдамайды, білім алу ешқашан кеш емес, әр адам қандай жаста болмасын білім алуға, үйренуге ұмтылуы керек.

              Жүсіп Баласағұнның поэмасы патшаларға арналған туынды болғандықтан, әрине, ең басты мәселе, патшаның мінез-құлқы мен іс-әрекетіне бағытталған. Білім мәселесін көтерген кезде патшаның ақылы мен білімі бірінші орында тұрады. Білім деген ұғымды Жүсіп Баласағұн күнделікті өмір тәжірибесімен, қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани жағдайлармен байланыстырады. Білім – ол күнделікті өмірде көргеніңді, естігеніңді жинақтау, оқып үйрену, сөйлей білу, жинақтаған тәжірибеңді халықпен бөлісу. Ежелгі Қытай ойшылы Мао-цзы айтып кеткендей «адамдар жалпыға бірдей махаббат принципімен өмір сүру керек». Ендеше, адамдар жинақтаған білімі мен тәжірибесін басқалармен бөлісу, бір-біріне жанашырлықпен, сүйіспеншілікпен қарау керек. Сол кезде ғана адам бақытқа жетеді. Ал Жүсіп Баласағұн бойынша бақытты болғысы келетін адам білімге деген қызығушылығын арттыруы керек және оның көмегі арқылы табиғат күштерін өзіне бағындыра алуы керек және оны дұрыс қолдана білуі қажет. Жүсіп Баласағұн үшін білім адамды қайырымдылыққа, ізгі істерге, жақсы қылықтарға үйрететін маңызды құрал. Тек білімнің көмегі арқылы ғана адамдар ұлы адамдар деңгейіне жете алады және өзінен кейін қайырымды атын қалдырады.

                                          Адам емес, мәңгі өлмейтін жақсы ат қой,

                                          Мәңгілікке ат қалдыру – мақсат қой. – деп, Жүсіп Баласағұн білімді, парасатты, дана адамның аты ғана мәңгі өмір сүретінін ерекше атап өтеді. [4, 35б]

              Жүсіп Баласағұнның поэмасына терең үңіліп қарасақ, сонау адамзат тарихы, мәдениеті, діні қалыптасқаннан бастап келе жатқан мәңгілік күрес мәселесі жатыр. Бұл жерде «мәңгілік күрес» деп тұрғаным «жамандық пен жақсылық», «қайырымдылық пен зұлымдық», «әділеттілік пен әділетсіздік» және тағы сол сияқты мәселелер, яғни қарама-қарсы ұғымдыр. Ненің жаман, ненің жақсы, ненің қайырымды, ненің зұлым екенін түсіну жеке адамның өзіне, оның алған тәрбиесі мен өмірлік тәжірибесіне, оны қоршаған ортасына байланысты. Грек ойшылы Сократ айтып кеткендей, адамға ненің жақсы, ненің жаман екенін түсіндіру мүмкін емес, сондықтан адамды өзін өзі және жан-жағын танып білуге бағыттау керек.

              Адам – ақыл-парасаты бар ерекше пенде, оны хайуаннан ажырататын қасиеті осы.

                                          Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын,

                                          Білім – жарық, нұрын саған шашатын. – деп, Жүсіп Баласағұн адамның ақыл-парасатының құдіреттілігін көрсетеді. Адамның ақылы және білімі оны биік шыңдарға көтереді. [5, 93б]

              Жүсіп Баласағұн поэмасында елбасы Күнтолды Елік - әділет нышаны болып есептеледі. Ал әділет ананың ақ сүтімен берілетін қасиет. Бірақ ананың ақ сүтін ішіп, әділетті бола салмайды, ол анадан алған тәрбиеден қалыптасады.ананың айтқан ақылы, берген тәрбиесі, үйреткен істері, баланың бойына сіңірген білімі әділеттің түп негізі болып табылады. Жүсіп Баласағұн бойынша идеалды мемлекетті жасау үшін әділетті заң керек дейді. Ал әділетті заңды кім жасайды? Әділетті заңды тек білімді, ақылды, дана адам жасай алады.

                                          Есі дұрыс, ісі үлгілі кісі енді,

                                          Көтереді «ақыл» деген кісенді.

                                          Ақыл – шырақ, жанып тұрған мандайдан.

                                          Ақыл ылғи жақсылыққа саяды,

                                          Ер білімнен өсіп, атып жаяды.

                                          Ақыл, білім ұлы қылған адамды,

                                          Солар басқан әділетке қадамды.– деп Жүсіп Баласағұн елбасы үшін, жалпы адам үшін ақылдың қажеттілігін сипаттайды. [6, 151б] Әр адамның, соның ішінде елбасының істеген ісінде ақылдың, білімнің қажеттілігін және оның әділетке жеткізетінін айтады. Бір сөзінде Жүсіп баласағұн ақыл жаманға да, жақсыға да бітеді деген. Жаман мен жақсының ақылы істеген ісімен және білімімен анықталады. Жүсіп Баласағұнның пікірінше, ақылды адамның қылығы дұрыс, қуанышы – мол, көркі – сұлу, құлқы – таза, әрқашан мейірімін төгіп тұрады, көзі – жылы, сөзі – жіті, құлығы – адал, істеген ісі өнеді, сөйлеген сөзінен гүл атады,  ласты тазалап, бұзақыны түзетеді, жомарт болады.

Информация о работе Жүсіп Баласағүн