Жаңа заман философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 18:49, реферат

Описание работы

Қоғамдағы әр мемлекет пен оның ең басты байлығы саналатын халықтың еркіндігіне қанат бітіретін басты белгі – бостандық. Бостандық – адамдардың еркін әрекет жасап, қалағанын орындауға, оған қол жеткізуге мүмкіндік беретін, елдің теңдігі мен тәуелсіздігін білдіретін ең маңызды белгі.

Работа содержит 1 файл

сож.docx

— 36.24 Кб (Скачать)

 

“Бақыт дегеніміз не? Мен  өзімді бақыттымын деп есептеймін бе?”

 

Бақыт! Бұл сөздің астарында қандай терең ұғым, кең мағына жатыр десеңізші?! Бақыт – әр пенде өміріндегі ең асыл сезімдердің бірі. Адам баласының  өмірден адаспай өз орнын тауып, армандарының орындалып, ойлағандарына  қол жеткізіп, махаббат айдынында  жолы болып, жеке өмірін құрып, артына ұрпақ қалдырып, олардың жетістігіне  қуанып, дұрыс жолмен жүріп өту  – бақыт. Алайда, бұл ұғым әркімнің жеке көзқарастарына қатысты әр  түрлі болып келеді. Мен жоғарыда аталғандарды осы бақыт аталатын ұлы ұғым төңірегіне топтастырар  едім. Осы орайда «мен бақыттымын ба?»  деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа  мен ойланбай-ақ «ИЯ!» деп жауап  беремін, өйткені он екі мүшем  сау, өз туғандарым мен бауырларым, достарым қасында аман-есен ғұмыр  кешіп келемін. Өмір болғасын оның міндетті түрде ағы мен қара тұстары  бірге жүреді, кешіп келе жатырған өмірімнің жолында түрлі қиындықтар кездесті, қайғы да қауышты. Соған  қарамастан мен өзімді бақыттылардың  қатарына қосамын. Себебі әрбір арайлап  атқан таң мен шуақ шашқан күн  өткенмен өмір сүріп, қайғыру, өкіну  үшін емес! Мен – бақыттымын! Өйткені  мен алға қойған мақсаттарыма біртіндеп  жетіп келемін, көпшілік үшін болмаса  да, арнаулы орта үшін керек екенімді, оларға қаншалықты маңызды екенімді білемін! Бақыттың баянды бесігінде тербелгенге не жетсін?!

 


Информация о работе Жаңа заман философиясы