Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 18:49, реферат
Қоғамдағы әр мемлекет пен оның ең басты байлығы саналатын халықтың еркіндігіне қанат бітіретін басты белгі – бостандық. Бостандық – адамдардың еркін әрекет жасап, қалағанын орындауға, оған қол жеткізуге мүмкіндік беретін, елдің теңдігі мен тәуелсіздігін білдіретін ең маңызды белгі.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
СӨЖ
Орындаған: РПЗС-21 тобының студенті
Шәріпбаева Ұлбосын
СӨЖ №8
Тақырыбы: Жаңа заман философиясы
Философ-тар |
Туған жылдары |
Негізгі еңбектері |
Таным әдістері |
Ашқан жаңалықтары |
Ілімдерінің мазмұны |
Ф.Бэкон |
1561-1626 |
«Жаңа органон», «Жаңа Атлантида», т.б. |
Адамның танып-білуіне кедергі |
Эмпирикалық бағыт негізін қалады. Индукция – жекедан жалпыға өту. Ғылымды топтастыруды қарады. |
Гносеологияның мағынасын, рөлін жоғары көтеріп, оны онтологиямен теңестіріп, маңызды ілім ретінде қалыптастырды. |
Т.Гоббс |
1588-1679 |
«Философия негізі», «Адам туралы», «Левиафан» |
Таным әдісі ретінде индукция мен дедукцияны қолданады. |
Философия негізгі мәселесі қоғам мен мемлекет мәселесі деп есептеді. Философия мақсаты – ғылыми жетістіктерге сүйеніп адам қызметіндегі практикалық нәтижелерге жету. |
Адам табиғатынан зұлым, «Адам адамға қасқыр», схоластиканы терістеді, мемлекет теориясын жасады, |
Дж.Локк |
1632-1704 |
«Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». |
Таным негізінде тәжірибе жатыр. Адам санасы – таза тақта. |
Сенсуализм – барлық білімдердің шығу тегі сезімдік қабылдаудан болады. |
Классикалық либерализм идеясын дамытты. Өмірге, еркіндікке, меншікке адам құқы болу керек. |
Р.Декарт |
1596-1650 |
«Әдіс жөніндегі пікірлер», «Бірінші философия жөніндегі ойлар», «Философия бастамасы» |
Таным әдісі – дедукция. Дедукция дегеніміз – жалпыдан жекеге өту. Таным ақиқаттылығы – күмәндану. Танымның негізгі түрі – ақыл, парастақа негізделген рационалдық таным. |
Райионализмнің, дуалистік философияның негізін қалаған. Дедукция – жалпыдан жекеге өту. Модус. |
Адам дегеніміз – материалдық және рухани субстанцияның механикалық қосындысы. Адамға туа біткен идеялар тән. |
Б.Спиноза |
1632-1677 |
«Геометрияда қолданылатын әдіспен жазылған этика», «Құдай, адам және оның бақыты туралы», «діни-саяси трактат», «Этика», т.б. |
Таным бастамасы – интеллектуалды интуиция. |
Біртұтас субстанция ілімі. Субстанция – біртұтас, шексіз, бөлінбейді. Пантеизм – құдай мен табиғат тұтастығы. Модус – түр. |
Өзінің философиялық ілімдерін геометриялық аксиома, теориялармен байланыстырған. Құдай – жоғарғы сбстанция. Еркіндік – танылған қажеттілік. |
Г.Лейбниц |
1646-1716 |
«Метафизика туралы ойлар», «Адам парастаы туралы жаңа тәжірибелер», «Монадология» |
Тәжірибелік білім |
Монада туралы ілім – монадология негізін салды. |
Монада – болмыстың қарапайым, рухани бөлінбейтін бөлігі.Монаданы 4-ке бөледі. |
Дж.Беркли |
1685-1753 |
«Адам білімінің принциптері туралы трактат», «Алсифрон», «Сейрис», т.б. |
Адам танымдық қабілеті шексіз – субъективті идеализм. |
Субъективті идеализм. |
Материя ұғымының өзі жалған, идея дегініміз – түйсіктер. Адам санасы – ең айқын шындық. |
Д.Юм |
1711-1776 |
«Адам табиғаты туралы трактат», «Эссе» |
Адам таным қабілеті шектеулі – агностецизм. Тәжірибелік таным негізі – қабылдау. |
Агносецизм. Адам екі идеалды бастамадан
тұрады: сыртқы тәжірибемен әсерлену
– қабылданған білім мен |
Адамның өзі дегеніміз – шоғырланған идея. Адам санасы идеяға бейімделген. Болмыс пен рух қатынасы мәселесі шешімі жоқ. |
Сөздік жұмысы
Эпистемология – объект туралы мәлімет алып, ол туралы нақты ақиқат көзқарас қалыптастыру туралы теория.
Парадигма – түрлі модельдерді шешуге бағытталған идея, көзқарас, түсініктерің жүйесі.
Рационализм – білім тек ақыл-ой арқылы болады.
Эмпиризм – тәжірибе негізінде білім жинау.
Сенсуализм – барлық ілімдердің шығу тегі сезімдік қабылдаудан болады дейтін принцип.
Дуализм – екіұдайлық, екімағыналық бастама.
Агностицизм – адамдардың таным қабілетінің шектеулілігі.
Туа біткен идеялар – дайын ақиқат емес, ол тек ақылдың аксиома мен ережелерді жасауға мүмкіндігі.
Идол – адамның танып-білуіне кедергі жасайтын құбылыс.
Субстанция – алғашқы бастама.
Монада – болмыстың қарапайым, бөлінбейтін рухани бөлігі.
Азаматтық қоғам – адамның еріктігі мен қолындағы меншігі сақталуы қажет қоғам.
Шығарма
“Бостандық – саналы қажеттілік”
Қоғамдағы
әр мемлекет пен оның ең басты байлығы
саналатын халықтың еркіндігіне
қанат бітіретін басты белгі
– бостандық. Бостандық – адамдардың
еркін әрекет жасап, қалағанын орындауға,
оған қол жеткізуге мүмкіндік
беретін, елдің теңдігі мен
Бостандық
– саналы қажеттілік. Себебі, бостандық
адамзат үшін еркіндік пен ерік-жігер,
бастамаларына қанат бітіреді.
Ауа қалай қажет болса, әрқайсысымыз
үшін бостандық астындағы ғұмыр
солай аса қажет. Бостандық таңы
үшін қаншама бабаларамыз құрбан
болды, бүгінде біз аға-апаларымыз
аңсаған бостандық аспаны астында
тіршілік етудеміз, соны бағалауымыз
керек. Бостандықтың ауасы ескен
ортада сен өзіңді еркін, жақсы сезініп,
ерікті түрде әрекет етіп, ойыңдағынын
қоғам қауымдарына жеткізе
СӨЖ №9
Тақырыбы: Француз ағартушылар философиясы
Философтар |
Туған жылдары |
Негізгі еңбектері |
Таным әдістері |
Ашқан жаңалықтары |
Ілімдерінің мазмұны |
Ш.Л. Монтескье |
1680-1755 |
“Парсы хаттары”, “Заңдардың рухы туралы” |
адамның ақыл-ойы, парасаты құдай белгілеп берген нәрсе емес, оның өмір сүріп отырған ортасының жемісі, сол ортаның өзгеруімен ол да өзгеріп отырады. Тәжірибелік әдіс. |
Қоғам құрылысына табиғат, климат әсер етеді. «Билікті бөлу» идеясы – мемлекеттік билік 3 тармағы: заңшығарушылық, атқарушы, сот билігі диспотизмді тежеу үшін тиімді құрал. |
Жан мәңгілігі идеясын терістеді. Тарихты Құдай алдын ала болжап қоймайды, оны адамдар өзі жасайды. Дінді қоғамда тәртіпті сақтау үшін, адамгершілікті қалыптастыру үшін қажет деп есептейді. Монтескье адамның табиғи еркіндігі теориясына сүйене отырып, оның бақытты болуға құқылы екендігін түсіндірді. Оның саяси идеялары классикалық либерализмге негізделген. |
Ф.Вольтер |
1694-1778 |
«Философиялық хаттар», «Кандид», «Метафизика туралы трактат» |
Эмпиризм мен рационализмді |
Мемлекеттік жүйеде абсолютті монархия болғанын қолдады. «Ағартушылық абсолютизм» - мемлекеттің білімді билеушісі. |
Дінге, католицизмге қарсы шықты. Құдай бар екенін ешқандай практика мен теория дәлелдей алмайды. Дәстүрлі дінді терістеп, «табиғи дінді» қолдады. |
Ж.Ж.Руссо |
1712-1778 |
"Қоғамдық келісім туралы" |
Эмпириялық (тәжірибелік) таным |
Материя жаратылмаған және әрқашан объетивті өмір сүреді. |
Құдай тағылымында әлемдік ерік пен парасатты көрді. Адам дүниені ақырына дейін тани алмайды. Жалпы дінге, христиандыққа қарсы болды. Дінді ұлы құдаи құдіретпен ауыстыру керек деп есептеді. Жеке меншікке қарсы болды. |
Ж.Ламерти |
1705-1751 |
«Жан туралы трактат», «Адам – машина», т.б. |
Дүниені толық тануға болады, таным көзі – сезім мүшелері. |
Қоршаған дүние -біртұтас субстанция- материяның әр түрлі көріністерінің жиынтығы, ол мәңгі, шексіз, жаратылмаған. Утилитаризм – адам өмірі мәні жеке бақытқа жету. |
Идеализм мен теологияны терістейді. Жан, сана, сезім табиғи пайда болған. Тәрбие көрмеген адам қандай қабілеті күшті, ақылды болса да, оның құны болмайды. Мемлекет мұраты – зайырлы абсолютизм. |
Д.Дидро |
1713-1784 |
«Ғылым, өнер және кәсіп энциклопедиясы», Жиен Рамо», «Философиялық ойлар», т.б. |
«Біз – түйсігі мен зердесі бар аспаппыз». |
Философия дегеніміз – сенбеушілік, сенімсіздік. |
Табиғат – ең соңғы беті жабылмайтын кітап. Қоғам мен мемлекет негізінде «қоғами келісім» жатыр. |
К.Гельвеций |
1715-1771 |
«Ақыл туралы» |
Таным негізі – түйсік. |
Әлем шексiз материя уақытында және кеңiстiк шексiз заттық тұрақты қозғалыста болады. Ойлау және сезiну материяның қасиеттерi, оның өте күрделi бiлiмдерiмен болып табылады. Агностицизм және әлемнiң құдайшыл тегiнiң идеясына қарсы шығады. |
Зерде – әлсіреген түйсік. Ойлау – түйсікті комбинациялау қызметі. Адамдардың бақыты істейтін істерін бағалап, сүюден көрінеді. |
П.Гольбах |
1723-1785 |
«Табиғат жүйесі – материализм інжілі», |
Табиғатта кездейсоқтық болмайды. Табиғат – бәрінің себепшісі. |
Көпшілікті ағарту мен қоғам заңдылықтары – парасат патшалығына жол салу. |
Ағартушылық философия – антитеологиялық, антифеодалистік, қалыптаса бастаған буржуазиялық философия.
Атеизм – Құдай тіршілігін жоққа шығарады.
Деизм – Құдайлық тұлға идеясын терістейді.
Жатсыну – өмірден түңіліп, ақиқатты терістеу. Шеллинг өмірінің соңында жатсынуға бет бұрған.
Табиғилық – бұл даосизм ұғымы, сол дао мінездемесіне қолданылады.
Шығарма
“Менің түсінігімдегі идеалды қоғам”
Идеалды қоғам - сонау дана бабаларымыз аңсаған, елестеткен қоғамы. Менің түсінігімдегі идеалды қоғам қандай? Идеалды қоғам – тәуелсіздіктің тұғырынан көрінген, басты байлығы – халқы бар, тұрмыстары жақсы, қолайлы ортада ғұмыр кешетін, басшысы халқына жақын, бірлесіп қызмет жасап, өз елін бірге өркендетіп, биіктерге шыға білетін, адамдары қарапайым әрі қайырымды қоғам. Мұндай мемлекетте жанжалдасу, жатсыну, келіспеушілік, жауласу сынды теріс қылық белгілері кездеспейді, болған жағдайдың өзінде де дұрыс әрі әділ шешім табады. Сонымен қатар оның өркениеті, мәдениеті бар, білімнің бұлағымен халқын сусындататын, әрі елі салауаттылықты қолдап, қоршаған отраны қорғайды. Қоғам басшысы халқымен жақсы қарым-қатынас орнатқан, қашан да халық пікірімен, көзқарастарымен санасады. Мен идеалды қоғамды осылайша елестететіп, ұғынамын.
СӨЖ №10
Тақырыбы: Неміс классикалық философиясы
Канттың этика философиясының негізгі ұғымдары бойынша кесте:
Ұғымдар |
Ұғымның мазмұны |
Мораль |
Кант бойынша мораль адамды адамдандырады. Ал моральдылық сферасында өзіндік зат немесе бостандық себептігі әрекет жасайды. |
Ар-ұят |
Адамның ізгілігі, адамгершілігінің, сана тереңдігінің өлшемі. |
Парыз |
мораль, өнегелік адам өмірінің маңызды жағы ретінде қарастырылатын философиялық ағым. |
Категориялық императив |
басқа адамнан әр уақытта мақсат көретін адамның абсолютті моральды қылықтары. Этикалық ілім мен моральды кант осылай атаған. |
Гегельдің триадасы бойынша кесте:
Тезис |
Антитезис |
Синтез | |
өзінде |
Өзге үшін |
Өзі үшін | |
тікелейлік |
жанамалану |
Өзіндік жанамалау | |
барлық |
Алынған, берілгендік |
Қайта оралу | |
анықталмағандық |
Шектілік және ақиқи шексіздік |
Мағынасыз шексіздік |
НКФ өкілдерінің негізгі ілімдері бойынша кесте:
Философ-тар |
Ту-ған жыл дары |
Негізгі еңбектері |
Таным әдістері |
Ашқан жаңалықтары |
Ілімдерінің мазмұны |
И.Кант |
1724-1804 |
«Таза парасатқа сын», «Практикалық парасатқа сын», «Пікір қабілеттілігіне сын» |
Таным бастамасы – сезім. Таным теориясы тезис пен антитезистен тұрады. |
Математикада теріс сандар шамасын, табиғатын зерттеді. Аналитикалық, синтетикалық , апостериорлық-синтетикалық пікірлер, парасат антиномиясы. Болашақта міндетті түрде «мәңгі бейбітшілік» орнайды. |
Табиғат – мәңгі бола алмайды, оның уақыттық аяқталуы бар. Адам санасының 3 формасы бар: пайым, парасат, сезім. Парасаттың екі жағы бар: ішкі, сыртқы. Категориялар туралы ілімі 4 класқа бөлінеді. Адам табиғатынан зұлым. |
Фихте |
1762-1814 |
«Ғылым жөніндегі ілім», «Жалпы ғылыми ілім негіздері», «Тұйық сауда мемлекеті», т.б. |
Өзінің таным әдісін «диалектикалық» емес, «антитеикалық» деп атады. Антитетика – тезис пен антитезис қарсы қойылмайды. |
Философия дегеніміз дүниетаным емес, ол – өзіндік сана. Философия адамның мінез-құлқымен, практикалық іс-әрекетімен түсініледі. |
Өзінің философиясын бостандықтың алғашқы жүйесі деп есептеді. Философиясы «Мен», «Мен емес», «Жоғарғы мен» ұғымдарымен түсініледі. Бостандық мәселесін қарастырды. |
Шеллинг |
1775-1854 |
«Табиғат философиясының идеялары», «Трансценденталдық идеализм жүйесі», «Өнер философиясы» |
Танымдағы негiзгi қағида шартсыздық және толық бiрлiктен айырмашылығы болуы керек. табиғатты түсінуге қайшылықтар арқылы даму идеясын енгізді. |
Табиғатты зерттеуде диалектика ұғымын енгізді. Барабарлық идеясы – философиясының негізі. Абсолютті түсіндіру арқылы болмыс пен ойлау бастамасын анықтау. |
Табиғат – бәрінің бастамасы. Материя мен рух – бір. Тарих дамуы – кездейсоқтық, тарих пен теория көбіне қарама-қарсы болады. |
Г.Гегель |
1770-1831 |
«Рух феноменологиясы» |
Таным теориясының келелі мәселелерін
көтере отырып, өзіне дейін қалыптасқан
“сезімділік, пайым — нақтылықтық
бейнесі, ал абстрактылық — ойдың
жоғарғы даму үрдісімен тығыз
байланысты” деген пікірге |
Философияны 3-ке бөледі: логика, табиғат философиясы, рух философиясы.. Тұңғыш рет диалектика ұғымын нақты теория, ғылым дәрежесіне жеткізді. |
Адам мәселесінде онтология |
Л.Фейербах |
1804-1872 |
«Гегель философиясына сын», «Христиандық мәні», «Философия тарихы» |
Қоршаған ортаны тануға болады, адамның таным қабілеті шексіз. Таным – объективтік дүниенің субъективтік бейнесі. |
Болмыс пен ойлау идеясы барабарлығын жоққа шығарды. Антропологиялық материализмді алға тартты. Адам – табиғат бөлігі, философияның негізгі мәселесі. |
Фейербах философиясының басты бағыты
– НКФ сынау, материализмді негіздеу.
Құдай мен дінді адам табиғатынан
іздеу. Құдай мәселесін |
Сөздік жұмысы
Транцендентті – сезімде де, санада да, ақылда да, сенімде де қабылданбайтын тек сенімді талап ететін заттар туралы ой жүгіртеттін философия болып табылады.
Транцендентальды (латын т. «аттап кетушілік, межеден асып кетушілік») – ғылым мен философияда априорлық синтетикалық ой-пікірлердің болу мүмкіндігі. Канттың тәжірибеден алынбаса да тәжірибеге ықпал жасайытн о баста есте бар нәрсені белгілейтін философиялық ұғым. Оның түрлеріне кеңістік пен уақыт, себептілік, қажеттілік сияқты басқа да категориялар жатады.
Таза ақыл-ой – Кант философиясындағы теоретикалық сана. Өз танымының шегінен шығуға тырысатын адам ақылындағы шешілмейтін қайшылықтар.
Антиномия – тезис пен антитезистен тұратын ойлау формасы. Қарама-қайшылық өзіндік зат әлеміне тәжірибе мен құбылыс әлеміндегі шексіздік пен абсолют ұғымына тән.
«Өзіндік зат» - парасат пен сезімдерге бейнесін түсіретін шындықтағы дүние. Ақыл-ой арқылы танып-білуге болмайтын заттар.
Ноумен – идеалистік философияның түсінігі. Ойлаумен жетуге болатын мәнді білдіреді, парасатты пайымдау тәсілі. Ноумендердің жиынтығы ақылдылық дүниесін құрайды.
Феномен – өзіндік зат туралы теория.
Агностицизм – қоршаған ортадағы шындықтың ақиқи мәнін тануға болмайды.
Мораль – Кант бойынша адамды адамдандырады. Ал моральдылық сферасында өзіндік зат немесе бостандық себептігі әрекет жасайды.
Этика – мораль, өнегелік адам өмірінің маңызды жағы ретінде қарастырылатын философиялық ағым.
Парыз – Канттың ойынша адамды қалыптастыру үшін материя қажет. Бұл мүмкіндікті жүзеге асыру үшін, адамгершілік болу үшін форма қажет. Мұндай категориялы форма парыз деп аталады.
Категориялық императив – басқа адамнан әр уақытта мақсат көретін адамның абсолютті моральды қылықтары.
Абсолютті идея – абсолюттік парасат философиясының ең бастапқы ұғымы, барлық қарама-қарсылықтардың бірігіп, өзінің шешімін табуы. Гегель философиясы бойынша бір уақытта субстанция мен субъектті, универсумды, жаопылықты, нақытылықты білдіретін ұғым.
Өзіндік сана – өзіне бағытталған сана, бірақ «мен» ұғымымен теңестірілмейді.
Акциденция – заттардың субстанционалды маңызды қасиетінен басқа уақытша өтпелі елеусіз қасиеті. Бұл термин тұңғыш рет Аристотельде кездеседі; схоластикада және ХҮІІ-ХҮІІІ ғасыр философиясында кең таралды (Спиноза және т.б.).
Шығарма