XVIII ғасырдағы Ағарту философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 06:19, реферат

Описание работы

XVIII ғ. Еуропа топырағында дүниеге келген философияға Ағарту философиясы деген атақ берілді. Біріншіден, олар діннен аулақ, ғылымға жақын, ағарған білімді, болмыс жөнінде айқын, түсінікті философиялық қағидалар тудырғысы келеді.
Екіншіден, олар халықты надандықтың құрсауынан шығырып, оларға білім беріп, көздерін ашып, қалайша ақыл-ой арқылы бақытты өмір орнатуға болатыны жөнінде насихат жүргізеді.

Работа содержит 1 файл

VI тарау.doc

— 124.00 Кб (Скачать)

    Мұндай көзқарасты әдебиетте  «географиялық детерминизм» (себептілік! Деп айтады. Өйткені жоғарыда  көрсетілген жағдайлардың ішіндегі негізділері деп, ол «жердің құнарлығын, ауа райын және таулы-жазықтығын атайды».

   Мысалы, ыстық ауа райы адамдарды  әлсіретіп, енжар қылады, ал суық  ауа райы ой мен дененің  күшеюіне, олардың өмірге деген  қажырлы еңбегіне, ұлы істерді жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан ыстық ауа райында өмір сүретін халықтар құлдыққа келді де, суық жерде өмір сүретін халықтар өздерінің бостандығын сақтап қалды, - деп ойлайды Монтескье. Әрине, бүгінгі таңдағы адамдар мұндай көзқарасқа күлкілі көзбен қарауы әбден мүмкін.

    Дегенмен қоғамның дамуында географиялық  жағдайлармен санаспаудың өзі, таза технократиялық көзқарастар қандай салдарларға әкелетінін біз бүгінгі таңда ауылдағы осы уақытқа дейін жүргізілген реформалардың тері жақтарынан көріп отырмыз.

    Кең түрде алғанда, біздің ата-бабаларымыздың  мыңдаған жылдар бойы көшпенділік  өмір салтын ұстауының өзі  (жаңа дәуірге дейін) сол айнама  қоршаған ортаға байланысты болатын.  Әрине, Жаңа дәуір тарихқа келіп,  машиналық техника пайда болған  кезде, көшпенділік өмір салты мүмкіншіліктері сарқылып, қазақ халқы жаңа өмір құндылықтарына өтуге мәжбүр болды.

    Монтескьенің ойынша, жоғарыдағы  көрсетілген жағдайлармен қатар,  жер көлемі және оның таулы-жазықтығы  да қоғамның саяси бітіміне  өзінің зор әсерін тигізеді. «Біріншіден, таулы елдер көлемі жағынан үлкен бола алмайды. Ал кіші елде азаматтар қоғамдық мәселелерді талдап шешіп, қабылдауға жиі қалыптасады. Ал орта көлемді елдерде көбінесе монархиялық басқару жүйесі орнайды. Жері жазық және өте көлемді елдерде деспотиялық басқару жүйесі қажет, өйткені тек күш жұмсау мен қорқыту арқылы ғана алыста жатқан елдерді орталық билікке көндіруге болады», - деп қорытады Монтескье.

    Әрине біз ұлы ойшылдың географиялық  факторлардың қоғам өміріне деген  рөлін асыра көрсеткенін байқаймыз. Бірақ бұл көзқарастар өз заманының мәселелерін жаңаша түсінуде, діним түсініктерге тойтарыс беруде кеңінен падаланылады. 

Вольтер 

    Франсуа Мари Аруэ Вольтер (1694-1778 жж.) – француз ағартушыларының ұлы өкілі. Негізгі еңбектері: «Философиялық хаттар», «Метафизикалық трактат», «Тарих философиясы» т.с.с.

    Вольтердің дүниетанымдық көзқарастарының  негізінде сол кездегі кеңінен  тараған деистік материализм  болды. Дүниедегі сан алуан  материалдық заттар мен құбылыстар  жөніндгі деректерді біз сезімдік тану арқылы аламыз. «Мен тасты сипаған кезде, оның орнын ала алмайтынымды өте жақсы сезінемін, олай болса бұл арада кеңістікте орын алып жатқан бір нәрсе барын түсінемін»,- дейді ойшыл.

    Демокрит пен Эпикурдың атомистік  көзқарасын қолдап, Вольтер: «Дүниенің элементтері материалдық және олар өткізбейтін созылған субстанция», - деген пікірге келеді. Сонымен қатар И.Ньютонның ашқан тарту қасиетін қолдап, оны ол материяның негізгі қасиеттерінің бірі және табиғаттың әлі ашылмаған сан алуан қасиеттері бар деген тұжырымға келеді.

    Ал енді Дүниенің Бәрі материалдық  болатын болса, онда адамның  жан дүниесін қалай түсінуге  болады? «Жан-дүние дегеніміз –  адамның ойлауға және сезінуге  деген қабілеті. Олай болса, денеден  басқа өмір сүріп жатқан жан-дүние  жөнінде менің ешқандай түсінігім жоқ», - деп қорытады ұлы ойшыл. Мұндай көзқарас, әрине, дінге қарсы. Мәселенің қызықтығы – сол дінге қарсы пікірді Вольтердің діни жолмен дәлелдеуге тырысуы. «Егер осы ғажап дүниені Құдай жаратқан болса, онда ол материяға сезіну және ойлау қасиеттерін бере алмайды деп кім айтар екен», - деген сұрақ қояды.

    Екіншіден, Вольтер сол кездегі  жаратылыстану деректеріне сүйене  отырып, адамның жан-дүние құбылыстарының  оның түйсіктері мен жүйесі, миымен  байланысты екенін көрсетеді.

    Үшіншіден, жануарлардың да адамның дене құрылысына ұқсас мүшелері бар екенін көрсетіп, олай болса оларда дүниені сезініп бұлдырда болса дүниені тани алады, - деген пікірге келеді.

    Өзінің шығармаларында Вольтер  адам мәселесіне де көп көңіл  бөлген. Адам – әлеуметтік пенде. Ол өзінің ұлылығын дүниетану және оны қайта өзгерту жолында айқын көрсетеді. «Адамның табиғатындағы «өзін сақтау», «өзін сүю» т.с.с. олар адамдарды бір-бірінен алыстатпай, керісінше, бір-біріне жақындатып, іштесіп, сүюге әкелетін инстинктер. Адам жалғыздан-жалғыз өмір сүре алмайды. Табиғи түрде пайда болатын еркек пен әйелдің арасындағы байланыстар жас ұрпақтарды дүниеге әкеліп, қоғамды біріктіреді», - дейді Вольтер.

    Қоғам өзінің ішінде милиондаған  адамдарды біріктіргеннен кейін,  олардың моральдық және құқтық қарым-қатынастары саяси заңдар мен ережелер арқылы ретке келтіріледі. Оларды адамдардың өзі тудырады. Оған Құдайдың еш қатынасы жоқ.

     Моральдық табиға заң – ол  «өзіңе не қаласаң, басқаларға  да соны жаса» - бүкіл адамзатқа тән нәрсе. «Сиамнан бастап Мексикаға дейін шындық, қайырымдылық, достықты сыйламайтын халық жоқ». Құдай болмаса, адамдар ойларына не келсе, соны істейді, тізгінсіз кетеді деген осы уақытқа дейін кең тараған пікірге қарсы шығып, Вольтер ондай адамдарды қоғамның өзі-ақ неше түрлі заңдар арқылы ауыздықтай алады деген пікірге келеді. Екіншіден, халықтың өзі-ақ ондай адамдарға теріс қарайды, бұның өзі – ондай адамдарға ең күшті тізгін. Олай болса, әр адам жетіле келе, қоғам өмірінде өзін таза ұстау керектігін, өзінің басқа адамдар алдындағы борышын бұлжытпай орындау қажеттігін түсініп орындайды, - деп қорытады Вольтер.

  

Тарих философиясы

    Вольтер адамзат тарихын философиялық  жолмен сараптауда алғашқы із  салғандардың қатарына жатады.

    Біріншіден, тарихшылар көсемдердің жасаған істерінен гөрі, халықтардың өміріне көбірек көңіл бөлулері керек.

    Екіншіден, тарихшылар белгілі  халықтың рухани мәдениетінің мазмұнын мұқият зерттеуі қажет (оған ол мораль, өнер, философия, құқтық және саяси көзқарастар, ғылыми деректер, әдебиет пен мифологияны жатқызады) жалғыз ғана халықтың діни сенімін қарастыру жеткіліксіз.

    Үшіншіден, адамзаттың дүниені  игеру жолындағы жасаған материалдық  мәдениет те мұқичт зерттелуі  керек.

    Төртіншіден, христиан елдерінің  тарихы – ол бүкіл адамзат тарихымен тең емес. Сондықтан басқа халықтардың да тарихын зерттеп, оларды бүкіл адамзаттық тарихқа енгізу қажет.

    Вольтер қоғам дамуының, өзгеруінің  қайнар көзін адамдардың ой-өрісінен, пікірлерінен көреді. «Адамдардың  пікірлері дүниені басқарады», - дейді ол. Бірақ ол пікірді халықтың көпшілігі қолдауы керек. Олай болса, мемлекетті басқарып отырған саясаткерлердің ойы мен іс-әрекеттері халықты бақытты, иә болмаса бақытсыз өмірге әкеледі. Бүкіл адамзат тарихындағы мыңдаған жылдағы болған бақытсыздық, зардап шегу, қылмыс, әпер-бақандықтың бәрі – өкімет басындағылардың арсыз билігінде болды деген қорытындыға келеді.

    Бірақ, сонымен қатар, Вольтер  өз заманына – XVIII ғ. көп үміт артады, өйткені ғылымның дамуы, өнердің өрлеуі, зердеге негізделген философиялық ойлар кеңінен тарап, халық бұқарасының рухани деңгейін өсіріп жатыр. Ал мұндай өрлеу Вольтердің ойынша, өкімет билігіне «ағарған дана патшаның» келуіне себеп болады. Ол қоғамдағы залымдықты құртып, адамдардың бақытты өмір сүруіне керекті жағдайларды жасайды деген оптимистік өміршендік оймен өзінің тарих философиясын аяқтайды.

 

Жан-Жак  Руссо 

    Жан-Жак Руссо  (1712-1778 жж.) Швейцариядағы Женева қаласында сағат жөндеушінің семьясында дүниеге келеді. Негізгі еңбектері: «Қоғамдық шарт жөнінде», «Эмиль, я тәрбие жөнінде» т.с.с

   

Адам  мәселесі

    Руссо адамның табиғатынан екі  алғашқы өзімен бірге туатын  нәрсені байқайды. Олардың біреуі  «бізді өзімізді сақтап, жақсы  өмір сүруге ынталандырса», екінші  – әрбір сезімдік жанның зардап  шегуін, өліп-құруын көргенде табиғи тітіркенушілікті тудырады.

    Егер Т.Гоббс адамның өзін сақтауға  бағытталған табиғи инстинктінен  өзімшілдік (эгоизм) тудырса, Руссо  оның өмірге келуіне дейін  көп уақыттың өткенін көрсетеді.  Руссоның ойынша, адамның өзін  сүю сезімі басқалардың зардабын көргенде оларды аяу сезімімен теңеледі, көбінесе соңғы сезім басым болып, басқалардың қайғы-қасіретіне ортақ  болуға әкеледі.

    Өзінің табиғи жағынан алсақ,  адам – ізгілікке ұмтылатын  пенде. Егер адам ізгі іс-әрекет  жасап, өзінің өзімшілдігімен күресе білсе, оның бұл қасиеті терең етек жаяды. Бірте-бірте ізгілікке ұмтылу қажеттікке айналып, адамға рақат әкеледі. Басқалардың алдындағы адамның борышы – ол ізгіліктің сыртқы көрінісі ғана. Ал табиғи сезімнен шығатын басқа адамдарға деген ізгі іс-әрекет – ол ең биік дәрежедегі адамгершілік, - деп қорытады Руссо.

    Бірақ адамның басқаларға деген  ізгі сезімін дамытуға тежеу  жасалса, ол өзінің қарама-қарсылығына  айналып, эгоизмді, яғни өзімшілдікті  тудырады.

    Өркениетті қоғамдағы адамдардың, бір жағынан алғанда, адамды сүюі, әділеттілік, ізгілікке деген іңкәр байқалса,  екінші жағынан, ол сыртқы сезімнің, өзімшілдіктің шеңберінде екенін  көреміз. Осы екі бір-біріне қарсы сезім тарихта қалай пайда болды?

    Бұл сұраққа жауапты ол адамдардың  арасындағы теңсіздік қалайша  пайда болды деген сұраққа  жауап беру арқылы шешуге тырысды. 

Теңсіздік мәселесі

    Егер Руссоға дейінгі ойшылдар теңсіздіктің түп-тамыры, бір жағынан, зорлық-зомбылыққа, екінші жағынан, діни-рухани алдау-арбауда деп есептесе, Руссо оның шынтуайт себептері бар деген ойға келеді. Оны ол адамның ақыл-ой иесі ретінде жетілуге деген қабілетінен көреді. Адам еңбек етіп, өзін-өзі асырау жолында қармақ пен жіпті, садақ пен жебені, малдың терісінен киімді т.с.с. ойлап шығарды, отты игерді.  Олар үлкен аңдарды ұстау үшін бір-бірімен оқтын-оқтын бірігіп, оның пайдаоылығын байқады.

    Руссоның ойынша, үй салу адамдрдың  өміріедегі алғашқы үлкен төңкеріс  болды, өйткені үймен бірге  отбасы дүниеге келді, ол тарихи алғашқы әлеуметтік бітім еді. Бұл кезде әлі мемлекет дүниеге келген жоқ, сондықтан бұл уақыт – алтын заман, адамдар бір-бірінен тәуелсіз, олар табиғаттың бақытты балалары.

    Екінші төңкеріс теңдікті жойып,  адамдарды құлдық пен қайыршылыққа  әкелді. Ол – жекеменшіктің пайда болуы. Оның негізін қалаған бірінші адам өз үйінің маңайын қоршап: «Бұл – менікі», - деді, ал қалған адамдар оны мойындады, - деген пікір айтады. Әрине, Руссо бұл құбылыстың терең тамырына шейін жетеді, өйткені жекеменшіктің пайда болуы алғашқы қоғамның экономикалық дамуымен тығыз байланысты болатын.

    Жерді өңдеп, егін егудің өзі  оны бөлуге әкеліп соқты. Осыдан  жекеменшік, теңсіздіктің өзі-ақ  пайда болады, тіпті біз алғашында  жер тепе-тең бөлініп еді деп  есептесекте.

    «Ең күшті өзінің еңбегімен басқалардан гөрі көбірек өндірді, ең өнерлі, тапқыр өзінің еңбегінен пайданы көбірек көрді», - дейді Руссо. «Жерді өңдеп, егін егу азық-түлікті көбейтіп, қажеттіктен артық қалатын байлықтың көзін ашты. Ал мұның өзі әртүрлі кәсіптерді туғызып, өндіргіш күштерді әрі қарай дамытты. Әсіресе темірді балқытып, игеру ауыл шаруашылығында қолданатын құралдарды анағұрлым жетілдіріп алатын өнімді молайтты. Байлық аз топтың қолында шоғырланып, көпшілік қайыршылық жағдайға келеді, осыдан бастап адамзат табиғи сатыдан цивилизацияға келіп тіреледі. Байлардың мүдделерін тиімді қорғау жолында мемлекет дүниеге келеді», - деп қорытады Руссо.

    Мұндай жағдайда адамға қалайша  оның жоғалтқан еріктігін қайтып  буруге болады? Деген көкейкесті сұраққа Руссо өзінің «Қоғамдық шарт» теориясы арқылы жауап беруге тырысады. Оның мәні мынада. Әрбір адам ерікті түрде өз құқықтарының бәрін қоғамға береді. Осы сәтте адамдардың бәрі де бір-бірімен заң жжүзінде теңеліп, берген құқтарын  өзіне қоғанан қайтарады. Барлығының жағдайы тең, ешкімнің де артықшылығы, жеңілдігі жоқ, әрбір адам бүкіл қоғамды мойындап, оның талаптарына көнгенмен, жеке қайсыбір адамға тәуелсіз болады, әрбір адам біртұтас қоғамның ажырамас бөлігіне айналады.

    Сонымен қоғам өмірінде әрбір  адам өзінің күш-қуатын сезінеді, адамдар жеке тұлға, дене ретінде теңсіз болғанымен, моралльдық, құқтық теңдікке ие болады.

    Қоғамдағы шығарылған заңдардың  қайнар көзі-халық. Егерде бірде-бір  заң халықтың пікірінсіз және  дауысын берусіз жарыққа шықса,  онда ол заң емес, ол –бұйрық. Халықтың билігін қамтамасыз ететін ұйым – ол халықтың құрылтайы. Ол заңмен бекітілген уақытта жиналып, «қоғамдық шарттың бұзылуымен бақылап отыруы қажет, өйтекні ол шарттың ыдырап кету себептері әрқашан сақталады». Олар:

Информация о работе XVIII ғасырдағы Ағарту философиясы