XVIII ғасырдағы Ағарту философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 06:19, реферат

Описание работы

XVIII ғ. Еуропа топырағында дүниеге келген философияға Ағарту философиясы деген атақ берілді. Біріншіден, олар діннен аулақ, ғылымға жақын, ағарған білімді, болмыс жөнінде айқын, түсінікті философиялық қағидалар тудырғысы келеді.
Екіншіден, олар халықты надандықтың құрсауынан шығырып, оларға білім беріп, көздерін ашып, қалайша ақыл-ой арқылы бақытты өмір орнатуға болатыны жөнінде насихат жүргізеді.

Работа содержит 1 файл

VI тарау.doc

— 124.00 Кб (Скачать)

     Күндердің бір күнінде барлық аралар моральдық жолға, ізгілікке бетбұрыс жасайды. Сол сәтте ұяда таңғаларлық өзгерістер пайда бола бастайды. Байлық пен той-думан келмеске кетіп, ұя бірте-бірте әлсіреп, соңында құриды.

     Бұл ертегіден шығарған Б.Мандевильдің  қорытындысы: бір жағынан, жақсы  өмір сүріп, екінші жағынан,  адал болу мүмкін емес. Оның  негізгі себебі – адам өзінің  терең табиғатына сәйкес өзімшіл,  тек өзіне болғанын қалайды. Әрине, мұндай идеяны Б.Ман-девиль тарихта бірінші болып айтып отырғаны жоқ, оның алдында Т.Гоббс та осындай пікірде болған. Бірақ, оның ойынша, адамның моральдық тұрғыдағы теріс жақтары қоғамның өмір сүруіне кедергі емес, керісінше, оны күшейтіп біріктіреді. «Біздің бұл дүниедегі залымдық дегеніміз, моральдық, я физикалық тұрғыдан алсақ, шынына келгенде, ұлы принцип, соның арқасында біз әлеуметтік пенделерміз, егер залымдық күндердің бір күнінде бір күнінде жойылса, онда қоғам күйреп, тіпті ыдырап кетуі мүмкін», - деп қорытады Б.Ман-девиль.

     Егер А.Шефтсбери моральдың қайнар  көзін адамның табиғатынан шығарса,  Б.Мандевиль, керісінше, «мораль  – қоғамның туындысы, ал моральдық  құндылықтарды тудырған – ұлы  тұлғалар» деген пікірге келеді. Олар адамдарды өздерінің іңкәрлеріне тосқауыл қоюға, қоғамдық жалпы мүдделерді биік дәрежеде ұстауға үйретті.

      «Моральдық құндылықтардың пайда болуы жөніндегі зерттеу( деген еңбегінде Б.Мандевиль қоғамға қайсыбір залымдықтың қажеттігі мен пайдалылығынан гөрі, оларды жеңу, ауыздықтаудың мәнін баса айтып, моральдың пайда болуының қайнар көзін содан көреді. Әрине, оның мұндай көзқарасы өз заманындағы және болашақ ойшылдарға өзінің зор әсерін тигізіп, әртүрлі пікірлерді туғызды.

     XVIII ғ. ағылшын ағартушыларының жалпы деистік және материалистік бағытына қарсы шығып, идеализм жолын қорғаған епископ Джордж Беркли болды (1681-1753 жж.). Ол өзінің философиясын «Дүниедегі барлық өмір сүруші – жалқы» деген қағидадан бастайды. Ал жалпы дегеніміз – ол жалқының нақты қорытылған бейнесі ғана. Абстрактылы жалпы ұғымдар сөздердің негізінде жатқан жалпы идеяларды көрсетеді деген жалған пікірді басшылыққа алып, көп философтар, ойшылдар алданады. Ал шынынан алғанда, сөз жалпы идеялардың белгісі емес, керісінше, көп нақтылы заттардың белгісі. Осындай қағиданың негізінде Д.Беркли абстрактылық жалпы ұғымдардың керек еметігін, әсіресе философиядағы материя ұғымының зияндығын, неше түрлі дау-дамайларды туғызатынын көрсеткісі келеді.

     Д.Берклидің философиясында жасаған екінші қадамы –Дж.Локтың бірінші және екінші сапалар деген ілімін сынап, таным процесінде адам тек қана өзінің түйсіктерінің әртүрлі қосындыларымен кездседі деген пікірге келуі. Яғни Д.Беркли зерттеліп жатқан заттардың қасиеттерін адамның түйсіктерімен теңеді. Мысалы, шиені алсақ, ол қоңыр-қызыл түсті, дөңгелек, жжұмсақ, қышқыл-тәтті. Осы түйсіктердің бәрін алып тастасақ, онда шиеден не қалады? «Ештеңе»,-деп жауап береді Д.Беркли. «Шынына келгенде, объект және түйсік-бір және олардың бір-бірінен ажфратуға болмайды»,-дейді ойшыл.

    Мұндай көзқарас философияда  солипсизмге (solus-латын сөзі, «жалғыз өзім» деген мағына береді) әкеледі: яғни Дүниеде мен ғана өмір сүріп жатырмын, ал бүкіл әлем, басқа заттар мен адамдар менің түйсіктерімнің әртүрлі қосындылары ғана деген пікір тудырады.

    Мұндай ерсі пікірден аулақ  болу үшін Д.Беркли «Дүниенің  өмір сүруін мойындаудың негізі  жеке адамның санасында ғана  емес, сонымен қатар басқа адамдардың  да Дүниені қабылдауымен байланысты»  деген пікірге келеді.

     Ал көп адамдардың белгілі бір Дүниедегі заттар жөқніндегі ортақ пікірі, олар жөніндігі ортақ пікірлері, бір-біреуімен келісімі Құдайдың құдіретті күшінде жатыр. Сонымен, қорыта келе, Д.Беркли алғашында тек қан  жалқыны мойындап, матералистік көзқарастан бастап, келесі сатыда субъективтік идеализмге келіп, соңында теологиялық көзқарасқа келіп тіреледі.

Д.Юм және оның сындық скептицизмі 

     Давид Юм (1711-1776жж.) – ағылшын философы. Негізгі еңбегі – «Адамның табиғаты жөніндегі трактат». Бұл еңбегінде Д.?м барлық ғылымдардың іргетастарының тұрақсыздығын және білімі бар оқыған, білімді адамдардың сол кездегі философияға қанағаттанбайтынын көрсетеді. Ал оның негізгі себебі, Д.Юмның ойынша, адамның табиғатының терең зерттелмегенінде.

     Адамның дүниетаным мүмкіндіктері  қандай? Д.Юм қайсібір философияның негізгі мәселесі осы болуға тиіс деген пікірге келеді. Ол дүниетануда бірінші және екінші салалар қағидасының құндылығын мойындамайды. Тек қан сезімдік қабылдау адамның дүниетанымының негізінде жатыр. Олай болса, ол-философиядағы сенсуализм бағытының өкілі. Бірақ Д.Юмның ерекшелігі-ал сезімдік танымнан метафизикалық, яғни ең жалпы дүние жөніндегі қағидаларды тудыруға болмайды деген пікірге келуінде.

     Егер өзінің философиясының негізін  Д.Беркли Құдайға әкеліп тіреген  болса, Д.Юм «материя» ұғымы сияқты, Құдай идеясының өзін біз дәлелдей алмаймыз деген ойға келеді. Бізге берілген – тек қана түйсіктер мен олардың әртүрлі байланыстары. Олай болса, философияның негізгі мақсаты-түйсіктердің өзара байланыстары арқылы берілетін идеялардың алғышарттарын зеттеу ғана.

     Олай болса, философиядағы «субстанция», «себеп» т.с.с. ұғымдар-объективті  өмірасүріп жатқан «мен», я  болмаса тәжірибеге дейін берілген  «идея»(apriori) емес, өзінің эмпирикалық, яғни тәжірибеден шығатын мазмұны бар ассоциациялар. Мысалы, таныс адамның суреті өзінің ұқсастығымен ол жөніндегі біздің идеяларымызды оятуы мүмкін.

     Екіншіден, ол-кеңістік пен уақыттың  шеңберіндегі қатар пайда болатын  ассациациялар. Мысалы, егер үйден  бірнеше шақырым ғана алшақта  болсақ, жақындардың жөніндегі ассациациялар мыңдаған шақырым алшақтықтан гөрі анағұрлым айқын.

     Үшіншіден, танымдағы көп кездесетін  ассоциациялар себептілікке негізделген.  Себептік, Д. Юмның ойынша, Дүниедегі  заттардың арасындағы қарым-қатынастан  пайда болады. Себептік іс-әректтен алда болуы қажет. Бірақ ол себептіктің іс-әрекетті тудыратынын мойындамайды, оны біз дәлелдей олмаймыз. Сонымен, Д.Юмның ойынша, себептік дегеніміз тек қан бірінің артынан бірі келетін сезімдік әсерлер, алдыңғысын біз себеп, соңғысын іс-қимыл дейміз.

     -Осылайша қоғамның моральдык саласына да қарауға болады. ОЛ да күнделікті өмірде қалыптасатын ассоциацияларға негізделеді. Солар арқылы біз жанымыздағы адамдардың жан дүниесін сезініп, оның қайғысын, я болмаса қуанышын бөлісеміз,-дейді ағылшын ойшылы. 

§2. Француз ағартушылары

 

     Дүниежүзілік философия тарихфнда француз ағаттушыларының орны ерекше. Бұл философиялық – саяси бағыттың негізін қалаған Вольтер мен Монтескье болды. Олардың еңбектері француз ағартушыларының екінші буынының қалыптасуына зор әсерін тигізді. Оларға Ламетри, Дидро, Конддильяк, Руссо, Гольбах сияқты ойшылдар жатады.

     Француз ағартушылары философияның деңгеййін өте биік дәрежеге көтерді. Адамзатты тебірендіретін барлық мәселелер философиялық зерде тұрғысынан шешілуі қажет, бұл-олардың негізгі қағидасы. Ой еріктігі бұрын сонды болмаған дәрежеге көтерілді: дін, табиғатты түсіну, қоғам, мемлекеттің құрылымы мен басқарылуы-бәрі де үзілді-кесілді сыннан өтті, бүкіл бұрынғы қалыптасқан көзқарастардың көпшілігі теріске шығарылып, Дүниеге деген жаңа таным қалыптаса бастады.

    Француз ағартушыларының еңбектерінде табиғат және ондағы адамның орнына деген материалистік көзқарас қалыптаса бастады, әсіресе олардың әлеуметтік – саяси көзқарастары сол кездегі қоғамдағы ахуалға өзінің зор әсерін тигізді. Егер ағылшын ағартушыларының көбі король билігін жақтап, я болмаса аристократияны қолдаса, француз ойшылдары феодалдық тәртіпке үзілді-кесілді қарсы шығып, саяси –құқтық мәселелерді күн тәртібіне ашық та айқын қоя білді. 

Монтескьенің  философиялық көзқарастары

    Шарль Луи Монтескье  (1689-1775 жж.) француз ақсүйектерінің семьясында дүниеге келеді. Сол кездегі беделді оқу орындарында оқып, білім алады.

    Негізгі еңбектері: «Персиялық хаттар», «Заңдардың рухы жөнінде», «Римдіктердің өрлеуі мен құлдырауының себептері».

    Өзінің ең алғашқы «Персиялық хаттар» атты еңбегінде Монтескье монархиялық тәртіпті, ақсүйектердің дүние шашуын, діни қызметкерлердің екі жүзділігін айыптап, сынға алады. Оларды Шығыстағы «Азиаттық деспотиямен» салыстырады.

    Әсіресе ол христиан дінін  қатты сынайды. Христиан діні  сүйіспеншілік діні болуға тырысқанымен, өзінің тарихында талай-талай  қақтығыс пен соғыстарды әкелді. Христиандарда ақылға сыймайтын  мәселелер көп: оларға үш бірмен  тең, жеп отырған нандары -  нан емес, ішкен шараптары – шарап емес т.с.с. Бірақ ол христиан дінін сынағанмен, Құдай идеясын толығынан теріске шығарған жоқ. Ол бұл мәселе бойынша деистік көзқараста болды. Құдай өзінің құдіретті күшінің негізінде табиғатты және оның заңдылықтарын тудырды, ал содан кейін Ол табиғаттың әрі қарай өмір сүруіне килікпейді. Екіншіден, ол дінге гуманистік-өмірлік бағыт бергісі келді. Мысалы, оның ойынша, егер Құдай дінді адамдарға ізгілік үшін берсе, онда адамдардың осы Дүниедегі бақытқа ұмтылуы күнә емес. Егер Құдай адамдарды сүйсе, онда адамдар да бір-бірін сүюі керек, бір-біріне бақытқа жету жолында көмектесуі қажет.

    Монтескье өз заманының күрделі  мәселелерін терең түсіну үшін  адамзат тарихына үңіліп, «Римдіктердің өрлеуі мен құлдырау жөнінде» деген еңбегін жазады. Мұнда оның тарих философиясын байқаймыз. Ол тарихты діни жолмен түсіну (христиандық провиденциализм), я болмаса оны нешетүрлі кездейсоқтық уақиғалардың жиынтығы ретінде қараудан бас тартады. Оның ойынша, «әрбір мемлекеттің өрлеуі мен құлдырауының, күшеюі мен әлсіреуінің жалпы рухани және физикалық себептері бар».

    Көне замандағы Римдіктердің  өрлеп, күшеюін Монтескье азаматтық  құндылықтардан, адамдардың өздерінің  жеке мүдделерінен гөрі қоғамның  жалпы мүддесін жоғары қойып, соны жан-тәнін салып қорғауға тырысқанынан көреді. Ал мұндай патриоттық, азаматтық құндылықтардың өзі саяси бостандықтың, республикалық басқару жүйесінің болуымен байланысты.

    Монтескьенің «Заңдардың рухы жөнінде» деген еңбегінде ойшылдың әлеуметтік-философиялық көзқарастарын байқаймыз. Қоғамның өмір сүруі мен дамуын Монтескье заңдардың сапалығымен байланыстырады. Егер белгілі бір қоғамның ерекшелігін түсінгіңіз келсе, онда сол елдегі қабылданған заңдарды зерттеңіз. Қоғам жөніндегі мұндай түсінікті жүре келе ғалымдар «заңдық көзқарас» деп атап кетті.

    Монтескье қоғамдағы заңдарды  екіге бөледі. Біріншіден, ол –  «табиғи заңдар», олар адамның  биологиялық табиғатынан шығады. Екіншіден, әлеуметтік заңдар.

    Табиғи заңдардың негізгісі –  өмір сүру, ол үшін азық табу керек. Егер Т.Гоббс ол үшін адамдар тартысқа түсіп, «бәрі бәріне қарсы соғысады деген болса, Монтескье, керісінше, жалғыз адам әлсіз болғандықтан басқалардан көмек іздейді, басқалармен бейбіт өмір сүруге тырысады деген пікірге келеді. Сонымен біз Монтескьенің адам алғашқы сатысынан бастап, әлеуметтік пенде болды деген ойда болғанын көреміз.

    Қоғам өміріндегі қайшылықтардың  пайда болуының негізінде адамның басқалардың есебінен пайда табу ұмтылысы жатыр. Ал мұның өзі адамдардың қарым-қатынасын заңмен ретке келтіру керектігін туғызып, дүниеге мемлекет келеді.

    Монтескье құқтың үш түрін  анықтайды. Бірінші, халықаралық  құқтар – мемлекет, халықтар арасындағы  қарым-қатынастарды ретке келтіреді.

    Екінші, саяси құқтар – мемлекеттегі  басшылар мен халықтың арасындағы  қатынастарды ретке келтіру.

    Үшінші, азаматтық құқтар – адамдардың  өзара қатынастарын ретке келтіреді.

    Монтескье мемлекетті басқарудың  үш түрін анықтайды. Олар  республика, монархия және деспотия.

    Деспотиялық басқару ешқандай заңдылықты мойындамайды. Оның өзі елді бақытсыздыққа әкеліп, неше түрлі зорлы-зомбылыққа жол береді.

    Республикалық басқару саяси  заңмен бекітілген бостандықтардың  негізінде іске асады.

    Монархиялық басқару жүйесі жоғарыда  көрсетілген басқарулардың екі ортасында орналасқан.

    Монтескьенің саяси философиясындағы  жасалған және бүгінгі таңға  дейін өзекті жаңалығы – ол  мемлекет билігін бөлу идеясы.

    Шынайы саяси бостандық болу  үшін республика, яболмаса монархия  басқару жүйесінде заң беру, атқару және сот биліктері бір-бірінен бөлінуі қажет.

    Ал енді «заңдардың рухына»  келер болсақ, олардың әрбір елдердегі  ерекшеліктері көп жағдайлармен  байланысты. Олар: жердің құнарлығы,  ауа райы таулы-жазықтығы, әдет-ғұрыптар, діни сезімдер, халықтың саны  мен материалдық хал ахуалы, заң берушілердің мақсаты, саяси биліктің, елдегі жалпы тәртіптің көріністерімен байланысты, - деп қорытады ұлы ойшыл.

Информация о работе XVIII ғасырдағы Ағарту философиясы