Техника философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 22:45, реферат

Описание работы

Қазіргі дәуір - қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын ұлы өзгерістер кезеңі. Біз бүгінде материалдық өндірістің ғылымилануының және сонымен бірге ғылымның индустриялануының куәсі болып отырмыз. Ғылымды – қоғамдық өндіріс қажеттеріне, ал өндірісті ғылымға қарай батыл бұру қажет. Ендеше, ғылым мен өндірістің бір-бірімен қабысуы және бірігуі, ғылымның тікелей қоғамның өндіргіш күшіне айналуы – қазіргі ғылым ерекшеліктерінің бірі.

Работа содержит 1 файл

реферат.doc

— 99.00 Кб (Скачать)

Бiз  адамбыз ....

 
            Осыдан  келiп,  «бiз өмiрiмiздiң мәнiн неден табуымыз керек?» деген сұрақ туындайды. Бiр жазушы «менi болашақ қатты қызықтырады. Себебi, мен қалған өмiрiмдi сонда өткiземiн» дептi. Бiздiң ойымызда осы. Қаласақ та, қаламасақ та,  бұл болашақты бiз техникасыз елестете алмаймыз. Бiрақ түсiнiксiз дүниеге аттанып барамыз. Бiздi осындай жұмбақ дүниеге жетектеп әкетiп бара жатқан құбылыс ата бабамыздың сан ғасырлық арманына тiптен ұқсамайды. Өркениет деймiз. Бұған әркiм өзiнше баға бередi. Мейлi қандай өркениет болсын, ол жақсы ма, жаман ба, бiздi  болашақтың өзi қызықтырады. Бiздiң робот болғымыз келмейдi! Иә, қорқамыз. Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романын оқығансыздар.  Сондағы Сәбитжан:  «Радио арқылы адамдарды басқаратын күн туады әлi. Әлгi автоматтарды қалай басқарса, тура солай басқарады. Оу, түсiнiп отырсыздар ма, кәрi демей, жас демей, адамдардың бәрi түгел радио арқылы басқарылатын болады. Көзге көрiнбейтiн биотоктар ұдайы сенiң санаңа әсер етедi де тұрады. Адам ылғи орталықтың программалары бойынша қимылдайтын болады. Адам бәрiн өзiм iстеп отырмын деп ойлайды, ал шындығында бәрiн iстетiп отырған жоғары жақ. Бәрi де тәртiппен, нормамен iстеледi. Сен ән салуың керек пе? Онда биоток арқылы сигнал келедi, шырқай жөнелесiң. Сен билеуiң керек пе – сигнал – билей жөнелесiң. Сен жұмыс iстеуiң керек пе – сигнал – жұмысты қақыратып саласың».                  Сандырақтаса да, сөзiнiң жаны бар. 
Осынау қаптаған темiр-терсектерден жанымызды аулақ ұстап, мағыналы, мәндi өмiр сүргiмiз келедi. Мағыналы өмiрдiң қандай болатынын шындығында ешқайсысымыз  да жарытып бiлмеймiз. Жастар мұның сырын кино, теледидар, компьютерден танып-бiлуге әрекеттенедi. Iшiп-жеу, күлу-ойнау да бар. Одан қалса әр елден келген сапасыз құндылықтарды талғаусыз сiңiру бар. Өмiрдiң мәнiн дұрыс түсiнбей жүрмiз. Егер осылай кете берсек, ескексiз қайықтай өзен ағысы мен жел бағытының тәлкегiне түсемiз. Немесе шамамен долбарлап, топшылап, өзiмiзше бал ашып, ненiң зиян, ненiң пайдалы екенiн тап басып тани алмаймыз.  Қазiргi бiрөлшемдi ақпараттар тасқыны бас-терiмiзбен бiрге қылғыта жұтып, сана-сезiмiмiздi улап, айналаны дұрыс қабылдау қабiлетiнен жұрдай етiп жатқанына куәмiз. Бiздер бұрынғының интеллигенттерi секiлдi әрдайым мораль мен iзгiлiк туралы емес, техника,  табыс туралы сарнаймыз келiп. Неге? Бiлмеймiз. Бiр бiлерiмiз, бiздi ата-анамыз темiр-терсектiң тетiгi болсын деп дүниеге әкелген жоқ. Ендеше бiздiң робот болып, жаттанды өмiр сүруге  де хақымыз жоқ.  Бiз адамбыз. Адам болып қалуымыз керек.  Ғылым қолынан шыққанның бәрi бiрдей тамаша бола бермейдi. Ескерейiк.  «Мұнда тұрған не бар?» деген  көрсоқырлықтан, немқұрайдылықтан аулақ болайық. Тағы да қайталап айтам, бiз адамбыз!
 

    В.М. Розиннің техника  философиясы  

    ХХ  ғасырдың аяғында Ресейде коммунистік  идеологияның және ол сүйенген кеңес  философиясының ыдырауы салдарымен көптеген бұрын тек сыни сипатта  қабылданған философиялық бағыттар, теориялар жан-жақты зерттеуге ие бола бастады. Соның бірі – техника философиясы болды. Міне, осы салада өнімді еңбек ете бастаған зерттеушінің бірі Вадим Маркович Розин.

    Ол  философия, мәдениеттану саласында  көптеген еңбектер жазып жүрген ғалымдардың  бірі. Ғылымдар методологиясы мәселесімен айналысып, математикалық білімнің табиғатын логикалық тұрғдан талдау мен жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың қалыптасу ерекшеліктерін (докторлық диссертация жұмысы) салыстырмалы зерттеген ғалым-философ мәдениет пен өнердің, поэтиканың, семиотиканың, тарихтың мәдени мәселесіне тиянақты қалам тербеді.  Осындай дайындықтармен келіп жаңа тыныс алып жатқан техника философиясы саласына өзіндік үлес қосқан зерттеуші осы салада тың пікірлер айтып жүр және Ресейде алғашқылардың бірі болып «техника философиясы» атты оқулық жазды. Назар аударатын нәрсе автор өз еңбегінің атауына «Египет пирамидаларынан виртуалдық реальдылыққа дейінгі» деген сөздер қосып зерттеуінің көлемін айқындап берді. Осы кітабында ол техника философиясының оқу пәні ретіндегі методологиясы мен маңызына назар аударады. Ол бұл саладағы білім төрт жағынан қаралуы керек деген пікір білдіреді: гуманитарлық, методологиялық, тарихи және пәндік .Соның ішінде В.Розин инженерлік білімді гуманизациялау мәселесін қояды. Зерттеуші техниканы бірнеше аспектіден қарай отырып, оның өзіндік ерекшелігін айқындайды. Біріншіден, техника «артефакт», яғни, адам жасаған зат. Екіншіден, ол «құрал». Үшіншіден, автор пайымдауынша техника-ерекше реалдылық, осы қырынан ол басқа болмыс түрлеріне қарсы қойылады және оның бұл қыры адам мен өркениет тағдырын айқындайды. Ал төртіншіден, табиғат күші мен энергиясын игерудің ерекше инженерлік әдісі. Автордың өзі бұл ерекшеліктерді жүйелей-топтастыра отырып, ол қасиеттердің басқа зерттеушілер тарапынан да байқалғанын атап кетеді, бірақ біздің пікірімізше, автор техникаға тән функционалдық және онтологиялық қасиеттерді ұтымды топтаған.Ой объектісі ретінде техника Розин пайымдауынша « техниканың үш мән-мағыналық кеңістікте –іс-әрекет, табиғат және мәдениет болуы, тек онтологиялық қана емес, гносеологиялық факт.» [2]

    В.Розин  техника философиясының алдында  екі мақсат тұрғанын айтады: Біріншіден, техниканы зерделеу, оның табиғаты мен мәнін ашу-бұл тек техниканың ғана емес жалпы қазіргі техногендік деп аталатын өркениеттің дағдарысымен байланысты». Автордың пікірінше, қазіргі заманның экологиялық, эсхотологиялық, антропологиялық, мәдени жаһандық дағдарыстарына техника мен технологияның қатынасы тікелей байланысты және негізгі факторларының бірі болып табылады. Сонымен қатар ол үш техника дискурсы туралы айтады, олар: 1. «Технократиялық; 2. Жаратылыстанушылық-ғылыми; 3. Әлеуметтік-мәдени». Ол бірінші дискурс қазіргі заманды техногендік өркениет ретінде түсінуге негізделен –деп санай отырып, бұл көзқарастың аясында адам әрекетінің барлық саласы, соның ішінде ғылым, инженерия, жоспарлау, білім, өндіріс және билік техникалық тұрғыдан қаралатынын айтады. Жаратылыстанушылық-ғылыми дискурс техниканы табиғи нәрсе түрінде қарауға сүйенеді, ол Б.Кудриннің «технотика» идеясына сілтеме жасап, техноэволюция ұғымына шолу жасай отырып, өзінің сыни пікірін білдіреді. Оның ойынша аталған теориялар технократиялық дискурсқа көбірек жақын келеді. Үшінші бағыт техникадан тыс сұрақтарды көбірек қамтуымен ерекшеленеді. Розин осы дискурстың аясында «аспаптық» және «әлеуметтік-детерминистік» техника концепциялары қалыптасқан деп есептейді. Бұл дискурстың негізін техника мәнін іздеу оны онтологиялық аспектіде қарау, экзистенциялық толғаныстар құрайды.Сондықтан жаратылыстанушылық дискурс осы дискурстың бір бөлігі ретінде қаралуы мүмкін. Автор үш дискурсты салыстыра қарай отырып, олардың осал жерлері мен артықшылығына назар аударады. Ал бұл жағадай үш дискурске де  тән болып табылады. Алғашқы екеуі тым тар бағыттар болса, соңғысы кең көлемді сұрақтарды қарастыра отырып олардың әлеуметтік шешімін бере алмауымен ұтылады, ал жалпы тұрғыдан  автор шамалауынша әлеуметтік дискурс перспективті болып табылады.  

    Техника философиясы тарихына қалам тербеген В.Розин осы ой саласындағы кеңес еліндегі төрт бағыттағы жұмысты атап көрсетеді: техника тарихы, техниканың философиялық мәселелері, техника ғылымдарының әдістемесі мен тарихы, жобалау мен инженерлік -қызметтің әдістемесі мен тарихы.[1].       

      В.М. Розин қазіргі цивилизацияны  неге техногендік деп атауға болатынын былайша түсіндіреді: «Біріншіден, барлық шаруашылық пен экономикалық іс-әрекет техникамен технологияға негізделген. Екіншіден, бұл және ең маңыздысы, мғдени болмыстың мәні де қазір техникамен тығыз байсанысты. үшіншіден, техногендік цивилизацияда техникалық құндылықтар, дискурстер, дүние көрінісі(картинасы) дамытылып және жан-жақты қолдауға ие болады, ал керісінше техникалық дүние сезінудің қамсыз тіршілігіне қауіп төндіретін нәрсенің бәрі ығыстырылады және басып тастауға ұшырайды». Ол технотектік өркениеттің негізі XVІІІ-ХІХ ғасырларда қалана бастады деген пікір айтады. Оған балама ретінде дәстүрлі қоғамдарды айтуға болады. Нағыз  техногендік  қоғамның үлгісі  ретінде  индустриялдық (информация  және тұтынушылық) қоғамдар алынады.[2]  

         Өз жұмыстарында В.Розин техниканың тарихи даму кезеңдері мен оны оның әр кездегі дискурстарына шолу жасайды. Соның ішінде техниканы түсіну мен қабылдаудың мәдени, психологиялық аспектілеріне назар аударып, мысалы ежелгі дүниеде техниканың магиямен байланысты, ал технологияның толықтай сакралды сипат алғанын көрсетеді. Оның өз пікірі бойынша зерттеу жұмысына методологиялық түпнұсқа ретінде Хайдеггер мен Фуконың көзқарастарын алады. Ол техниканы әртүрлі бағытта қарастырып өтеді, соның ішінде техника мен технология диспозитиві аясында техника жасалуы, технология құрылымы, оларды түсіну, техника мен технологияны басқару мәселесін талқылайды. Розиннің түбегейлі зерттеп жүрген сұрағының бірі- инженерлік қызмет, дәстүрлі инженерия дағдарысы мен оның жаңа технологиялар заманындағы идеясы. Дәстүрлі инженерия дағдарысы туралы айтқанда автор инженерияның орнына дәстүрлі емес жоспарлаудың (проектілеу) келуін, оның орнын технологияның басуын, инженерлік қызметтің жағымсыз нәтижесін түсінуді, дәстүрлі ғылыми-инженерлік әлем бейнесінің дағдарысы мәселесін айтады. Соңғы мәселе бойынша автор инженердің әлемге көзқарасының жалпы табиғатты, қоғамды, адамды, этикалық сұрақтарды кеңінен қарастыруы қажеттігі тұрғысынан өзгеру керектігін алға тартып, «әлем бейнесінде» кең көлемді этикалық түсініктер жатуы керектігін баса айтады.  Техника философиясы аясында әлеуметтік жобалау (проектілеу) де тың да қызықты тақырып болып табылады.     

     

    Технологияның өркениеттің дағдарысына гуманитарлар және техниктер тұрғысынан салыстырмалы дискуссия түрінде көзқарастар бере отырып қазіргі заманның негізгі мәселелерінің бірін жаңа қырынан, жаңа форматта беруге талпыныс жасайды. Қазіргі кезде ақпараттық технологиялардың, интернеттің қарыштауы зерттеушілер алдына виртуальдық реальдылықты  зерттеуді мәселе ретінде қойып отырғаны белгілі, міне осы мәселеге байланысты ол өз түйгендерін де кеңінен таратып көрсетеді.  Символикалық реальдылықтың типі санай отырып, оған мынандай анықтама береді:       «виртуальды қолданушыға белгілі бір дәрежеде айқын болып табылатын нақты логикаға бағынатын оқиғалардың реті мен жүйесі және бұл басқа реальдылықтардың ішінде өз орны бар символдық реальдылық » . Оның пікірінше виртуальдық реальдылықтағы оқиғалар адам санасына тиесілі және адам ондағы оқиғалардың тек санасында өтіп жатқанын түсінеді. Осы жерде ол оны психикалық реальдылықтың бір түрі санайды. Осылардың бәрін қорыта келіп виртуальдық шындық пен технологиялар бесінші технологиялық революцияның бастауы  ретінде қаралуы мүмкін деген тұжырым жасалады. Жалпы автор реальдылықтың бұл түрі басқалардан қауіпті емес, бірақ ол әлі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді деген пікір  білдіреді. Автор техника философиясы саласының тың бағыты болып табылатын осы феноменге байланысты біраз материалға шолу жасай отырып, жаңа топшылаулар жасайды.[1]

    Заманауи  техника мен технология, оның зардаптары мен жетістіктері мәселесі көркем әдебиетте, соның ішінде ғылыми фантастикалық  әдебиетте кеңінен суреттеліп, философия  қойып жүрген сұрақтарды көпшілікке түсінікті образды түрде жеткізіп жүргені белгілі. В.Розин өзінің бір жұмысында ғылыми фантастиканың техникамен техногендік қоғам болашағын көрсетудегі ролі мен маңызын талқылап өтеді. Әсіресе оның кейбір философиялық категорияларды (мысалы, уақыт, қазіргі мен болашақ, өмір, техника, адам өмірі мәні)  жаңаша тұжырымдаудағы орнын, танымның ерекше түрі ретіндегі маңызын мысалдар арқылы жеткізеді.

    Қорыта  келгенде В. Розин қазіргі өркениет пен адамзаттың тіршілігінде зор  роль атқарып отырған техника  мәселесін әр түрлі аспектіде  зерттеп жүрген Ресейлік техника философиясының көрнекті өкілі.

“БЕСІНШІ  ЖОЛ” – ЕЛДІК РУХ ФИЛОСОФИЯСЫ

 

Нұрсұлтан Назарбаевтың “Бесінші жол” атты әлемдік  қаржы дағдарысы туралы сараптамалық еңбегі – мазмұны жағынан “Дағдарыстан шығудың кілті” деген мақаласының жалғасы. Мақаланы мұқият оқыған адамның санасына салмақ түсіретін ойлар баршылық. Мысалы, Елбасы: “Жаһандық дағдарыстың бізге айқын көрсетіп отырғанындай, техника-технологиялық жөн-жосық бүгінгі таңда ел мен әлемнің өркендеуі үшін негізгі нәрсе емес” деген түйін жасаған. Ойланатын жағдай. Неге бұлай дегенді келесі сөйлем анықтап отыр: “Қайта жаһандық дағдарыстың басты көзі мен түйінді себебі дәл осы техникасы мен технологиясы жоғары дамыған елдер болып шықты”. Міне, мәселенің айқындығы. Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысына бастап әкеліп, оның батпағына өзге елдерді батырып жатқан “өркениетті” деген елдер. Дағдарысты дүниеге әкеліп, әлемдік “кептеліске” салған Батыстың “дамыған” деген елдері. Бұл қалай? Осыған ұқсас пікір Ресей президенті Дмитрий Медведевтің “Россия, впер¿д!” деген мақаласында да айтылған. “Наивные представления о непогрешимом и счастливом Западе и вечно недоразвитой России неприемлемы, оскорбительны и опасны”, дейді ол. Батыс елдерін жер-көкке сыйғызбай, бар істе үлгі тұттық. Содан не шықты? Батыс елдерін альпинистермен салыстыруға болады. Олар шың басына өздері шықты да, өзгелердің шығуын қажет етпеді. Бұл іс әлемдік дағдарысқа бастады.[6]

Бүгінге дейін техника, технология өркениеттің  іргетасы деп келдік. Анығы да солай. Техника-технологиялық үрдіссіз не болмақ. Ат-арба, соқамен алысқа бармайсың, бірақ неліктен дәп өркениеттік үрдіс адамзатты дағдарысқа бастап әкелді, нендей атқаруға қажет істер атқарылмады, нені аңғармай қалдық? Мақалада негізгі әңгіме валюта-қаражат жүйесіне қатысты айтылған. Әрине, күллі өндіріс, тұрмыс, болмыс қаржы-қаражатқа тікелей байланысты, бірақ бар мәселе сонымен анықтала ма? Қандай өзге амалдар қажет еді? Адамзат болып ойланатын іс. Мақалада осындай жаһандық жағдайларға сараптама жасалып, батыл әрі тың ойлар, ұсыныстар айтылған.

Біз бәсекеге барынша қабілетті елу елдің  санатына енеміз деген ізгі ниетімізді саяси мақсатқа айналдырып отырмыз, бұл – Қазақ елі үшін ұлттық идея. Біздің әлемдік үрдістен кенже қалып отырғанымыздың басты екі себебі бар. Бірі – тарихи, екіншісі – соның нәтижесінде келетін технологиялық мәдениеттің, өркениеттің сапасында. Алайда, алғашқы тарихи себептің мәнісі социализмде болып, содан шыққанымыздан, ол заманда әр елдің төл болашағы есепке алынбады. Социализм үнемі макроәлемдік саясат жағында болды. Әлемге империя болып өктемдік жүргізу, елдік рухтың орнына қолдан жасалған коммунистік рух деген болды. Бүгінде дағдарыс мәселенің ақ-қарасын аша бастағанда әр ел өзінің болашағын, әрине, әлемдік контексте анықтай алуға мүмкіндік туды. Бұл терең әрі тың ой Елбасының мақаласында бірнеше рет қайталанған. Дағдарыстан әрбір ел өзіндік бағдарлама жасау негізінде шығуды мақсат етуі – ең тиімді тәсіл. Өзге елдер дағдарыстан қашан шығады деп дәмеленіп тосу ел рухына тұсау салумен бірдей. 
 

Қорытынды 

     Өзара байланысты техника мен ғылым  біздің заманымызға тән болып  келеді. Бәлкім, онсыз біздің техногендік  өркениетіміз болмаған да болар еді. Алайда ғылым мен техника адамзатқа  көптеген пайда тиғізгенімен де, сонымен  бірге жаңа проблемаларды, тіпті келеңсіздіктерді де қоса әкелді. Алайда, техникалық нысандар адам қызметін заттандыру нәтижесі ретінде көрінеді. Техника – бұл адам, алайда оның тікелей емес, символдық болмысында қарастырылған.

Техника адамды «қаруландырады», ол оны неғұрлым күшті, жылдам, биік етеді. Бірақ техниканың келеңсіз салдарлары адамды өмірде әлсіз қылып жібереді. Егер қазіргі кезгі адам өзінің техникалық жеңістерінен ешқашан бас тартпаса, онда адамның техникалық болмысының түрлі салдарларының оңтайлы үйлесімі қажеттігін мойындау керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Техника философиясы