Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 22:45, реферат
Қазіргі дәуір - қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын ұлы өзгерістер кезеңі. Біз бүгінде материалдық өндірістің ғылымилануының және сонымен бірге ғылымның индустриялануының куәсі болып отырмыз. Ғылымды – қоғамдық өндіріс қажеттеріне, ал өндірісті ғылымға қарай батыл бұру қажет. Ендеше, ғылым мен өндірістің бір-бірімен қабысуы және бірігуі, ғылымның тікелей қоғамның өндіргіш күшіне айналуы – қазіргі ғылым ерекшеліктерінің бірі.
Қазіргі дәуір - қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын ұлы өзгерістер кезеңі. Біз бүгінде материалдық өндірістің ғылымилануының және сонымен бірге ғылымның индустриялануының куәсі болып отырмыз. Ғылымды – қоғамдық өндіріс қажеттеріне, ал өндірісті ғылымға қарай батыл бұру қажет. Ендеше, ғылым мен өндірістің бір-бірімен қабысуы және бірігуі, ғылымның тікелей қоғамның өндіргіш күшіне айналуы – қазіргі ғылым ерекшеліктерінің бірі.
Ғылымды техникамен және өндіріспен байланыстыратын қажетті буын – қолданбалы зерттеулер мен технологиялық ізденістер. Олардың міндеті – іргелі ғылым ашқан жаңа заңдар мен идеяларды қоғамдық өндірісте қолданудың ең қысқа және ұтымды да тиімді жолдарын іздестіру. Мұндай зерттеулер ғылымды қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналдырудың маңызды факторы болып табылады. Болашақ жаңа технология мен техниканың жалпы нұсқасы мен іргетасы нақ осында қаланады.[3]
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресті жеделдету жағдайында іргелі және қолданбалы зерттеулер арасындағы байланысты анықтау ғылыми жұмысты тиімді жоспарлау мен ұйымдастырудың қажетті шарты болып отыр. Ғылым жетістіктері негізінде жаңа техника мен технология жасалып, содан кейін олар өндірісте қолданылады. Ғылым саласында өндірістің жаңа құралдары мен технологиялық процестері, өнеркәсіптің мүлде жаңа салалары мен бағыттары пайда болып отыр. Оған инженерлік ортлықтар, ғылыми-өндірістік бірлестіктер, сала-аралық ғылыми-техникалық кешендер жатады. Сөйтіп, ғылым мен техниканың арасындабелгілі бір формалар қалыптасуда.
Әлемнiң күрделенгенi соншалық, жердiң
асты мен үстi, адамзаттың iшi мен сырты
шешiлуi мұң түйiнiне толды. Гегель осыдан
екi ғасыр бұрын: «Бiз бұрынғы түрiн жоғалтып,
жаңа жүйеге көшкен рухтың алға қарай
секiре қозғалатын көпiрмелi уақытындағы
маңызды дәуiрдiң қақпасында тұрмыз. Бiздiң
әлемдi бiртұтас дүниеге бiрiктiретiн бұрынғы
түсiнiктер, ұғымдар және байланыстар көрген
түстей жоғалды және ыдырады», – деп едi.
Айтқаны айдай келдi. Адамзат баласы өз
iс-әрекетiнiң маңызын түсiнбейтiн, өзi және
елiнiң тарихы туралы ештеңе бiлмейтiн,
өзiнен деңгейi биiк техникаға өзiн құрбан
етiп, өзiнiң бар-жоғын ұмытатын дүнияуи
динамика қалыптастырды. Өткен ғасырларда
адам қоғамсыз өмiр сүре алмайтын, ал ХХI
ғасырда адамның техникасыз өмiрi тұл.
Адамзаттың қолынан техниканы тартып
алып қоймаңыз, алдыңыз ба, олардың өмiрi
бiттi деңіз.
Әлемде
тыныштық жоқ. Аспанымызды зымыран мен
ұшақ, жер бетiн темiр-терсекпен тұмшаладық.
Экология жайын айтпай-ақ қояйық, қара
жер «аяқтарыңды аспаннан келтiрем» деп
алғашқыда дөң айбат шегiп қана қоятын.
Шыдамның да шегi бар, шаршады бiлем, ендi
сан жылдар бойы қисапсыз көрсеткен зорлығымызды
өзiмiзге еселеп қайтарып жатыр. Дұрыс!
Құптарлық жайт! Табиғаттың мiнезi кекшiл
келетiнiн аңғарғымыз келмеп едi. Ендi санасыз
сирақтарға мықтап сабақ болатын болды.
Жә, мейлi деңiз, фантастикалық шығармалардағы
мұрнымызды шүйiре қарап, ертегiге теңейтiн
миға сыймайтын қияли сюжеттер қазiр әрбiрiмiздiң
басымызда бар нәрсеге айналғанын сезiнiп
жүрмiз бе? Жоқ! Бұрындары адамның құндылығы
зор болатын, қазiргi адамдардың құндылығы
сол, кiлең жиһанкездер. Әлемнiң түкпiр-түкпiрiне
табан тигiзiп аралау, шамаң келсе глобустағы
мемлекеттердiң бәрiне сапар шегудi «мода»
емес, мақсат еттiк. Асан қайғы мен Қорқыт
бабамыздай жерұйық iздесе мақұл, жоқ,
қазiргiлердiң қыдырымпаздығы – мағынасыз
ерiккендiк. [6]
Қазіргі
дәуір - қоғам өмірінің барлық салаларын
қамтитын ұлы өзгерістер кезеңі. Ғылымды
- қоғамдық өндіріс қажеттеріне, ал
өндіріс ғылымға қарай батыл
бұру қажет. Ендеше, ғылым мен өндірістің
бір-бірімен қабысуы мен
Ғылымның техникамен және өндіріспен байланыстыратын қажетті буын - қолданбалы зерттеулер мен технологиялық ізденістер. Олардың міндеті ғылым ашқан жаңа заңдар мен идеяларды қоғамдық өндірісте қолданудың ең қысқа және ұтымды да тиімді жолдарын іздестіру.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресті жеделдету жағдайында іргелі және қолданбалы зерттеулер арасындағы байланысты анықтау ғылыми жұмысты тиімді жоспарлау мен ұйымдастырудың қажетті шарты болып отыр. Ғылыми жетістіктер негізінде жаңа техника мен технология жасалып, содан кейін олар өндірісте қолданылды.
Техника. Адамзат ғасырлар бойы аңсаған,
жетуге ұмтылған ғажайып техника жетiстiктерi
аз емес, әрине. Оның пайдасын жоққа шығармаймыз.
Техника – бiрнеше миллион амалдарды орындайды,
орасан көп деректi есте сақтайды, әлденеше
мәлiмет толқынын бiр мезгiлде өңдеп, кейбiр
логикалық ойларды iске асырады, кәдiмгi
мәтiндердi оқиды, күрделi бейнелердi таниды,
бiрнеше өлшемдiк түстi көредi және микрокомпьютерлер
мен микропроцессорлар, «жасанды адам»
бағдарламасын құруға әкелетiн бағдарлаудың
принциптi жаңа тiлiн табады, тағы басқа
естiген адамның таңдайын қақтырар дүркiн-дүркiн
жаңалықтарымен әлем кезiп жүр.
Техникадағы компьютерлендiру мен радиоэлектрониканың
пайда болуын ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ
ғасырдың қойнауында ғылыми-техникалық
революция тудырған электрониканың, радийдiң
ашылуы, кванттық теорияның жасалуы, кибернетиканың,
ғылымның, өнеркәсiптiң дамуымен байланыстырамыз.
Бұл революцияның әсерiнiң күштiлiгi сол,
адамзаттың техницистiк, технократиялық
дүниетанымын қалыптастырып, әр кәллада
табиғи емес, техникалық қиял түзiп үлгердi.
Тарихқа
үңiлсек, ХIХ-ХХ ғасырларда технократия
iлiмiн даттаушы топтар болған екен. Немiстiң
ұлы ақыны Гетенiң ғылым саласындағы жетiстiктердi
бақылай келiп, адам әлемiне жақындап келе
жатқан техникалану әзiрейiлiн сезiнгенде,
жан-дүниесi қатты күйзелiптi. Иоанн Гутенберг
өнертапқыштық жаңалығын «құбыжыққа»
теңеген, тiптi бұрын дүйiм дүниенi дүр сiлкiндiрген
теледидар мен радионы «шайтанның шалығы»
деп ғайбаттаушы ғалымдар да кездескен.
Жел тұрмаса шөптiң басы қимылдамайды,
ХIХ ғасырда Батыста машиналы техникаларды
өшпендiлiкпен қиратып-құртқан жұмысшылар
болған деседi. Олар өз өмiрлерiнiң тек қаптаған
машиналар арасында өтетiнiн сезiнгендiктен
осылай iстеген. «Көп дауыс қосылса бiр
дауысты жоқ қылады» дейдi қазақ, диссиденттердiң
үнi онсыз да бәсең едi, жақтаушылардың
көптiгi оларды «мақтамен бауыздап» жiбердi
де, техника пайдаланудың көкжиегiн кеңейтуге
күш салды. Жылдар жылжыған сайын техниканың
атақ-абыройы аспандай бердi. Адамдар жаппай
технологиялық жаңалық ашумен шұғылданды.[5]
Соның нәтижесiнде техникалық ашылымдар
көбейдi.
Үндiстандық бiр кемеңгердiң мынадай салиқалы
ойы бар: «Көпшiлiк тарапынан қолдау тапқан
пiкiр, мейлi, ол жаңсақ болсын, монархтардың
өзiнен әлдеқайда күштi. Ширатылған көптеген
жiптен тоқылған арқан арыстанның өзiн
матап байлауға жарайтындай мықты болады».
Технократия теоретиктерiнiң мықтылығы
сол, «адамзат үшiн техниканың дамуы қашанда
iзгiлiктiң көзi» деген соқыр сенiм, үстiрт
көзқарасты жарнамалауын әлi күнге шейiн
тоқтатпауда. Бұл түсiнiктi де. Адамдардың
ақыл-есiн осы бiр жансыз құбыжыққа байлап
тастауды құптайтын пиғылды қаптату ғой
бұл. Жер-жерлерде техниканың рөлiн асыра
дәрiптеудiң ақыры неге апарып соқтырғанын
сiздер жақсы сезiнiп отырсыздар. Бүкiл
жер шары машиналы ландшафтқа айналды.
Автоматты түрде заттарды тұтынудан бастап,
арысы табиғаттың тираны, берiсi iшкi жан-дүниенi
бағындырып-басынып, былғап-былықтырып,
адамды машиналардың құлы еттi. Зердеге
тұзақ құрғаны аздай, ең сорақысы, адамзат
мұндай құлдыққа зорлықсыз, өз еркiмен
келiсiп отыр.
Адам – техниканың бөлшегi болады.[4]
Осы проблемаға орай, Батыста техника
философиясы пайда болып, оны философтар
сала-салаға бөлiп, зерттеуi бекер емес.
Капитализм тұсында индустрия дамуындағы
техниканың рөлiн идеологиялық жағынан
түсiну, оның қоғамға тигiзетiн әсерiн айқындау
қажеттiлiктен туды. Бекман мен Э.Капп «органопроекциялық»,
яғни, адамның өз органдарын, дене ағзаларын
материалға проекциялау керек деген идея
ұсынған. Кейiнiрек ғалымдар техниканы
адамзат жөн-жосықсыз тұтынуы орасан зор
зиян шектiретiнiн айтып, дабыл қақты. Кейбiр
адамның жеке басылық тұлғалық қасиеттерiн
техника жоққа шығарады деп үрейлендi.
М.Голдман, Д.Форестер, Д.Медоуз экологиялық
дағдарыс себептерiн ғылыми-техникалық
революциядан табады. Бұл, әрине, бәрiмiзге
белгiлi жайт. Олардың «технологияның дамуын
осы бүгiнгi деңгейден ары асырмау керек,
тек сонда ғана әлемде табиғат пен техника
арасындағы тепе-теңдiктi сақтауға болады»
деуi алаңдаушылықтан туған пiкiр. Белгiлi
философ Ясперс «Қазiргi заман техникасы»
(«Мәдени мұра»,10 том) еңбегiнде қазiргi
қоғамның бет-бейнесiн бүкпесiз ашып көрсеткен.
«Техникаландыру нәтижесiнде жиi кездесетiн
құбылыс – мақсатсыз тiршiлiк ету, механизмдердiң
бөлшегi ретiнде ойсыз жұмыс iстеу, автоматтандырылудың
кесiрiнен бөтен тұлғаға айналу, ессiз қалыптағы
күйдiң көбеюi, жүйке жүйесiнiң тозуы мен
қозуы осының бәрi адам жан-дүниесiне керi
әсерiн тигiзiп жатыр. Адам өз тiршiлiк тамырынан
айырылды, машинаның қасынан орын табу
үшiн туған топырағы мен Отанынан қол үздi,
өз әдет-ғұрыптарынан алыстады. Техниканы
пайдалану – жұмсалатын еңбектi азайтып,
жеңiлдететiнiне күмән келтiремiз. Қайта
техника адамды бар күшiн сарқа жұмсауға
мәжбүрлейдi. Қазiргi техникалық құйтырқылықтар
арқылы жасалатын тұтыну заттарының көбеюi
жаңа мұқтаждықтар тудырады, мұқтаждықтарды
өтеу үшiн техникалық құрылымдар көптеп
шығарылады, бұл адамды қалжырататын нәрсе.
Адам бәрiбiр ауыр еңбектен босамайды»
дейдi ол. П.А.Флоренский деген ғалым «Машина
и идеалы» атты мақаласында: «Соңғы онжылдықта
адамға делдал пайда болды. Адам мен адамның
арасындағы бұл делдал – компьютер. О
баста компьютер адамдардың қарым-қатынасын
жақсартуға бағытталып жасалмаған. Компьютер
атына заты сай болуы тиiс едi. Бiрақ, өкiнiшке
қарай, керiсiнше, оның жобасында адам өмiрiн
жақсарту басты мақсат етiп қойылмаған»,
– дейдi. Мартин Бубер былай жазады: «От
жағушылар әлi де болса өз көмiрлерiнiң
қожайыны, ал машинистер соншалықты жылдамдықпен
жүйткiп келе жатқан машинаны өздерi басқармайды,
керiсiнше, машина адамды өз ырқына көндiре
бастағанының куәсi боласың».
Мына қызықты қараңыз. 22 жасар америкалық
әскери ұшқыш жауынгерлiк ерлiгi үшiн марапаттау
кезiнде журналистерге сұхбат берiптi.
Сонда ол: «Мен өзiмдi орасан зор тозақ
машинасының тетiгiндей сезiнемiн. Бұл туралы
көп ойлаған сайын мен өзiмдi туған күнiмнен
берi әрқашан бiрде ана, бiрде мына машинаның
тетiгi болғанмын ғой деп ойлаймын. Мен
әркез өз қалауыммен бiр әрекет жасағым
келедi. Бiрақ менен де қайратты техника
деген күш менi әлдебiр өзiме тиесiлi орынға
оңай жеткiзiп отырады. Бұл маған ұнады
деп айта алмаймын», – дептi. Ұшқыш не айтқысы
келген сонда? Ол өз қолымен әрекет жасағысы
келедi. Бiрақ техника оның алдын орап кеткенiне
қынжылыс бiлдiрiп отыр.[3]
Табиғаттан, тамырынан безiнiп...
Қазiр әлемдi
Өткен ғасырларға бiр шолу жасап шығайық.
Орта ғасырларда адамдар өзгелермен және
Құдаймен, заттармен тiрi сенiм арқылы ортақтасты.
Сансыз қайғылы оқиғаларға белшеден батып
жүргенiне қарамастан, ол ғасырлар адамды
гуманизмге, романтикалық сезiмге қабiлеттi
еттi. Таза жүректiлердiң арқасында ұлы
махаббат адам жан-дүниесiне оның өзiнен
жоғары табиғатты сүйдiрдi. Бiр ғана ағартушылық
дәуiрiн алайық. Ол дәуiрде ой еңбегi жоғары
бағаланғанын бiлемiз. «Әрбiр адам ақыл-ойдың
жемiсiне сүйене отырып, тарихты саналы
түрде жасауы керек. Яғни, жауапкершiлiктi
сезiне отырып, ерiктi әрекетке даңғыл жол
ашуы керек» деген ұран болды. Бiздiң ақыл-ойымыз
сол замандармен теңесе алмайды. Себебi,
автоматтанып кеткен. Қазiргiлердiң iшкi
жан-дүниесiн де ол замандармен ойша салыстырсаңыз,
аспан мен жердей айырмашылыққа кезiгесiз.
Жан сұлулығының былғанғаны сондай, Авгий
атқорасы дерсiң. Осы ретте «компьютерлiк
төңкерiс» өзiнiң зымиян (жұмсартып айтқымыз
келмейдi) мақсатына толықтай жетiп отыр.
Мұндай дамудың нәтижесiнде әрбiр жеке
адам байланыссыз заттардың құрсауында
қалып қойғандай және ауыр машиналардың
салмағы өзiн басып тұрғандай сезiнетiн
проблема туындайды. Теледидардағы, интернеттегi
кинофильмдер, түрлi бағдарламалар бiр-бiрiнен
аумайтын ұсақ тақырыптарды қаузайды.
Бұл адамның фундаментальды өзiндiгiн жаттандырады.
Автоматтандырылған жүйелер, машиналар,
компьютерлiк техника негiзiнен тек қана
механизмдердi басқарып қана қоюы керек
едi. Қайдан! Оған бұл аздық етедi екен.
Адамның ақыл-ойы, интелектiлiк, сезiмдiк,
эмоциялық секiлдi байлық үзiктерiн автоматтандырып,
стандарттандыратын мақсаты да бар болып
шыққаны ғой оның. Ясперстiң сөзiмен айтқанда,
«шынымен адамның барлық мүмкiндiктерi
мен оның ешкiмге ұқсамайтын ерекшелiгi
түгесiлiп, медитация қабiлетiмен қош айтысуымызға
тура келе ме?».
Техника мәселесiн қозғағанда бұқаралық
мәдениетке тоқталмай кете алмаймыз. Екеуi
егiз қозыдай. Мұндай мәдениеттiң ең шектен
тыс жүзеге асуы – китч. Бұл немiстiң «kitsch»
деген сөзiнен шыққан. Оның мағынасы –
«мәдениетсiздiк, дөрекiлiк, елiктеушiлiк».
Китчтың мiндетi – бақыт туралы иллюзияны
қалыптастыру. Оның иллюзиясы да техника
арқылы жүзеге асады, яғни, автоматтандырылады.
Автоматтандырылу нәтижесiнде ақыл-ой
банкротқа ұшырап, есiгi тарс жабылады.
Бұқаралық мәдениеттiң бiр көздегенi –
бiрөлшемдi ақпараттар тарату. Парадоксты
оқиғаларға құрылған, оқыс жағдайларға
әуестену, ессiз әрекетке құмарту шырмауығы
сананы билейдi де, ол бүкiл ғаламшарды
бiртұтастандырып жiбередi. Мына қызықты
қараңыз. Америкалық 15 жасар жасөспiрiм
жеңiл моторлы ұшаққа отырып алып, Флоридадағы
«Америка банктiң» зәулiм ғимаратына соғылып
қаза тапқан. Қалтасынан хат шыққан. Қаршадай
бала 11 қыркүйектегi атышулы Усама Бен
Ладеннiң террорлық әрекетiне сүйсiнгенiн
жазыпты. Тағы бiр жайт. Футболдан әлем
бiрiншiлiгiне iрiктеу ойындары көрсетiлiп
жатқанда бiр ғана Париждiң жиырма-отыз
миллиондай азаматы бүкiл түндi телеэкран
алдында өткiзедi екен. Бүкiл әлемдi бiр
жәшiкке телмiртiп қоятын мұндай ойындарды
жоғары бағалау ақыл-ой жемiсiн жерге қарату
деп санаймыз.
Ауруды робот емдей ала ма?
Техника
– жансыз. Оның ойы, миы, сезiмi, жүрегi екiбастан
жоқ. Болмайтын да шығар. Болмай-ақ қойсын
деп тiлейiк. Бiрақ мына бiздердi көзсiз арбайтын
сиқырлы тылсым күшi бар. Техника – құзғын.
Рухани байлығымызды сол құзғынға жем
қылып жатырмыз. Техника – догма. Ашық
аспан астында iшкi дүниемiз тоналып жатыр.
Техникалық кезең – рухани кезеңнiң антиподы.
Адамның адамилығы құлдырағанда технизациядан
пәс күйiнше қалады. Техника дәуiрiнде адамдар
атом мен молекуладай ыдырап, майдаланып,
қасаң түсiнiктерге сүйенетiн қарабайыр
дүниеде өмiр сүргенiн сезiне алмайды. Табиғаттан,
өз-өзiнен iргесiн аулақ салып, оны рухани
жұтаңдандырады. Адам – бар болғаны тетiк,
құрал. Трансценденттiк кемелдiк жетiмдiктiң
күйiн кешiп, құмырсқа тiрлiк, бiр-бiрiне қайшы
ұсақ талаптар мен жеке бастың мүддесi
басты орынға шығады. Небiр технологиялық
құралдар, түрлi заттар шығып жатыр. Соңғы
шыққан заттарды сатып алуға құлшыныс
басым. Адамдар ол заттардың сапасына
қарамайды, керiсiнше, мәртебе үшiн сатып
алады. Мәселен, ұялы телефонды алайық.
Бiр басында үш-төрт «ұяшығы» бар азаматтар
арамызда аз емес. Бiреуiнiң номерi aktiv, екiншiсi
beelinе, т.б. Бiр емес, үш-төртеуiн қолдану
аса қажеттiлiктен туындап отырған жоқ,
бұл жәй ғана мақтаншақтық, астамшылық,
тiптi керек десеңiз, балалық. Өздерiн өзгелерден
жоғары қойып, шiренiп-шiкiрею үшiн тапқан
әдетi. Осындай әсiреқызығушылық, техникалық
заттарға деген құмарлықтың етек алғаны
соншалық, қазiр бiр «ұяшығы» барларды
«байғұс, жағдайы нашар ғой, қайтсiн ендi»
деп мүсiркейтiндер табылады. Шын мәнiнде,
саналы түрде ойлап қарасаңыз, техника
ешуақытта өмiрдiң мағынасын, мәнiн анықтап
берген емес және бере алмайды да. Ол бақыт
бақшасы да емес. Керiсiнше, бүкiл өмiрiңдi,
тағдырыңды, өзiңнiң болмысыңды қуыршақ
қылып ойнайды. Сiз оның, бар болғаны, ойыншығы
ғанасыз. Егер өмiрiңiз техникамен көзсiз
бiрлiкте, мызғымас байланыста өтiп жатса,
сiз саналы түрде оны тек қана құрал ретiнде
қарай алмасаңыз, онда сiзге шындап көңiл
айтуға болады.
Техниканың жете алмай, жеткiзбей жүрген
бiр «ұлы» мақсаты бар. Ендi оған адамдарды
тек роботқа айналдыру ғана қалды. Бұл
бiртiндеп жүзеге асып та жатыр. Батыста
аурухана, өзге де түрлi кешендерде роботтар
қолданылады. Париждегi Жорж Помпиду ауруханасы
және Жапониядағы ауруханаларда лазерлiк
басқаруды пайдалану жоспарланып отыр.
Аурухана қызметкерлерi қандай да бiр материалды
жеткiзiп беру туралы орталық компьютерге
сұраныс жасайды. Орталық компьютер сұраныстың
жеделдiгiне байланысты роботты жұмсайды.
Бұл жұмыссыздардың саны артып, сол жұмыссыздар
тоқшылықта, молшылықта өмiр сүрсе де,
әрекетсiздiктен зерiгiп, азып-тозады деген
сөз. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар
адам баласын» деп Абай атамыз баяғыда
айтып кеткен.[6]