="justify">
11. Мәдениет
және ғылым. «Мәдениет» деген термин
(орыс. «культура») латынның«cultura» (өндеу,
егу, тәрбиелеу, дамыту) деген сөздің аудармасы.
Әуел баста ол деген топырақты өңдеу, оны
егу (культивирование)дегенді білдірді.
Цицерон алғаш рет осы сөзді ауыспалы
мағынада,яғни адам ақылына ықпал жасау,
ақылды философиялық өңдеумағынасында
қолданған («cultura animi»). Бүгінгі түсініктегі
«мәдениет» сөзі Еуропада XVIII ғ. екіншіжартысында,
Ағарту дәуірінен бастап кең қолдануға
түсті. XVIII ғ.ойшылдары бұл сөзбен табиғи,
стихиялы, хайуанаттық болмысқақарағанда
адами өмір бейнесінің ерекшелігін белгілеу
үшінпайдалана бастады. Осы сөздің ертерек
аналогтары қытай («жэнь»)және үнді («дхамма»
- пали тілінде, «дхарма» («джарма») – санскриттілінде)
философиясында, қала берді гректерде
(«пайдейя») кездеседі. Ғылым мәдениеттің
маңызды элементі болып табылады. Ғылым
өзіне жаңа білім алу сияқты ерекше қызметті
және осы қызметтің нәтижесін – әлемнің
ғылыми картинасын білдіретін осы сәттегі
алынған ғылыми білімнің көлемін біріктіреді.
Ғылымның тікелей мақсаты – шынайылықтың
үдерістері мен құбылыстарын суреттеу,
түсіндіру және болжамдау. Ғылыми қызметтің
нәтижесі теориялық суреттеулер, технологиялық
үдерістердің жобасы, экспериментті мәліметтердің,
формулалардың т.б. жиынтығы түрінде көрінеді.
Қызметтің басқа түрлерімен салыстырғанда,
ғылыми қызметтің нәтижесі принципиалды
түрде дәстүрлі емес. Мысалы, оны мәдениеттің
тағы бір маңызды элементі – өнерден логикалық,
кең көлемде жинақталған, объективті білімге
деген құштарлық ерекшелейді. Өнерді үнемі
«бейнелі ойлау» ретінде сипаттайды, ал
ғылымның өзі «түсініктегі ойлау» болып
табылады. Бұл өнер адамзаттың шығармашылық
қабілеттілігінің сезімтал-бейнелі жағына
қарай сүйенсе, ал ғылым түсініктік-интеллектуалды
жағына сүйенетіндігін көрсетеді.Ғылыми
қызмет – бұл адамзат өмірінің қызметінің
бір бөлігі, ал ғылым – бұл мәдениеттің
бір бөлігі. Мәдениетті ғаламда болмыстың
адамзаттық тәсілі ретінде түсінген жағдайда
ғана ғылымды түсінуге болады. Мәдениеттің
көптеген түрлі анықтамасы бар. Мысалы,
американдық тарихшы және антрополог
Эдуард Тейлор мәдениетті «қоғам мүшесі
ретінде адам игеретін білім, сенім, өнер,
адамгершілік, заңдардың» бірлігі ретінде
анықтайды. Батыс философы мен тарихшысы
Й.Хейзинг өзінің "Homo ludens" ("Человек
играющий") деген кітабында мәдениетті
адамзатқа өзін түрлі ойындар формасында
анықтауға мүмкіндік беретін ойын болмысы
ретінде айқындайды. Мәдениеттегі өмір
– бұл бақталастық, демонстрация, қыр
көрсету, белгілі бір шектелген ережелер,
шиеленіс пен болжауға болмайтын жағдайлар
орын алатын сол немесе басқа адамзат
ойынына қатысу. Неміс философы Эрнст
Кассирердің «Символдық формалар философиясы»
атты еңбегінде мәдениет түрлі символдық
формалар мен мәдениет символдарының
әлемі мен қозғалысы ретінде қарастырылады.
Ал неміс тарихшысы Оствальд Шпенглер
мәдениетті өзінің туу кезеңі және өмірлік
циклі бар, мәдениет апатымен аяқталатын
тірі тарихи суперағза ретінде қарастырылады.
12.
Қазіргі кезеңдегі постклассикалық
емес ғылым. XX ғ 2ж. Ғылымда өзгерістер
болды, яғни ғылым дамуының посткласикалық
емес кезеңі басталды. Постклассикалық
емес кезеңнің белгілері: ғылыми қызмет
сипатының өзгеруі, пәнаралық зерттеудің
және кешенді зерртеу бағдарламасының
таралуы, экономикалық және әлеуметтік
сасяси факторлар мен мақсаттардың мәнінің
өсуі. И. Пригожин, Г. Хакен, Э. Янч, У. Матуранның
және т.б. зерттеулерінде эволюциялық-синергетикалық
парадигма қалыптасады. Ф.Капра жүйелілік
парадигмасы туралы айтады. Ол Дж. Чу, Г. Бэйтсон,
Д. Бом, Э. Ф. Шумахер, И. Пригожин, Э. Янчтың
еңбектерінде көрсетілген. Метологтар
ғылымның экологиялық және гуманизация
тенденцияларын көрсетеді. Постклассикалық
емес ғылымның экологиялық бағыты А. Нэсс,
Б. Девал, Дж. Сешенс, Б. Каликотт, Л. Н. Эверден,
Б. Токкар, Ю. Харгроувты байланыстырады.
Ал гуманизация ойлаудың экологизациясы,
тіл анализі, психоанализ арқылы жаратылыстану
ғылымдарында орын алады. Постклассикалық
емес ғылымның объектісі өздігінен дамитын
күрделі жүйелер, табиғи жиындар, мысалы
адамдар. Бұл объектілер «адами өлшем»
терминімен белгіленеді. Постклассикалық
емес ғылымның өзекті идеялары: нелинейность,
коэволюция, өзін өзі ұйымдастыру, жаһандық
эволюционизм, жүйелік идеясы. Постклассикалық
емес ғылым қалыптасу және өзін - өзі ұйымдастыру
(синергетика) парадигмасына негізделеді.
13. Философия
ғылыми білімнің интегралдық
формасы бола ала ма? Философия ғылыми
білімнің интегралдық формасы болып табылады,
соның ішінде қоғам, мәдениет, тарих, адамтану
туралы білімде. Әлеуметтік философия,
мәдениет философиясы, тарих ф, антропология
ф. әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың
методологиясы болып табылады. әлеуметтік-гуманитарлық
ғылымдардың методологиясының дамуы ғылыми
рационалдылық типіне байланысты. Классикалық
ғылымда мәдениеттің әлеуметтік феномендері
мен құылыстарын зерттеуде, соның ішінде
адамды зерттеуде логикалық-гносеологиялық
бағыт ұсталды. 20ғ.да әлеуметтік-гуманитарлық
таным методологиясының өзі өзгереді.
Алдыңғы орынға әлеуметтік процестер
мен адам маңызы емес, адамның әлемге және
өзіне деген қатынасын ашу шығады. Осылайша,
классикалық емес ғылым парадигмасы шеңберінде
онтология, антропология және аксиология
мәселелерін қарастыратын философиялық-антропологиялық
ұстаным қалыптасады.
14. Ғылымның
қоғамдағы орны мен қызметі. Қазіргі
таңда ғылымның қоғамдағы, адам өмірінің
барлық салалары мен орталарында маңызды
рөл атқарады. Ғылым дамуының деңгейі
қоғам дамуының көрсеткіші бола алады,
оған қоса бұл мемлекеттің экономикалық,
мәдение, өркениеттік, білімдік дамуы.
Ғылымның қоғамдағы қызметі: танымдық:
табиғатты, қоғамды әне адамды тану, әлемнің
рационалдық-теориялық постижение, оның
заңдылықтарын ашу, әртүрлі құбылыстар
мен процестерді түсіндіру, жаңа ғылыми
білімді қалыптастыру; дүниегекөзқарас:
ғылыми дүниеге көзқарас және әлемнің
ғылыми бейнесін шығару, адамның әлемге
деген рационалдық аспектілерін зерттеу,
дүниені түсінудің ғылыми түрде обоснование;
өндірістік: инновацияларды, жаңа технологияларды
енгізу; мәдени-білімдік: ғылым ең алдымен
мәдениет феномені, адамдардың мәдени
дамуының факторы. Ғылымның осы функциясы
мәдени қызмет пен саясат, білім жүйесі
мен бұқаралық ақпарат құралдары, ғалымдардың
қызметі арқылы жүзеге асады.
15. Гоббстың
мемлекет идеялары. Мемлекет адамдардың
өз өмірі үшін қорқынышынан, яғни өздерінің
қорғайтын биліктің қажеттілігінен пайда
болған. Яғни, мемлекет жасанды дене (левиафан)
болып табылады. Мемлекеттің пайда болуынын
екінші бір тәсілі — зорлық. Гоббс ерікті
келісім арқылы күрылған мемлекетті орныққан мемлекет,
ал күш арқылы қүрылған мемлекетті ойлап
табылған мемлекет деп атайды.Мемлекет
билеушісін егемен деп атаған Гоббс оның
абсолютті билігін мақұлдайды. Жоғары
билікке ие болган ол азаматтық зандарға
бағынышты емес, зандарды ол өзі шығарады,
олардың кушін жояды, соғыс жариялайды,
бітім жасайды, дауларды шешеді, барлық
лауазымды адамдарды тағайындайды. Оның билігі
болінбейді және ешкімге берілмейді. Гоббс
мемлекеттік билікі бөлуді қостамайды.Гоббстың айтуынша
мемлекет өзінің бағыныштыларына азаматтык,
заңмен тиым салынбаған іе-әрекеттің бәрін
жүзеге асыруы бостандык, кепідігін береді.
Билеушінін парызы — халықты жақсы басқара
білу, өйтксні, мемлекет билеуші үшін емес,
халық үшін кұрылаған. Шексіз мемлексттік
билікті жақтаған . Гоббс абсолютизм теоретигі
ретінде мемлекет формалары мәселесіне
көп көңіл бөле қойған жоқ. Оның пікірінше
өз халқын қорғай білген билік мемлекетің
қандай формасына карамастан біркелкі. Дегенмен,
ол мемлекеттің үш формасы: монархия, демократия,
аристократия туралы айтады. Жеке түлғалық
мемлекеттің абсолюттік билігіне бағыныштылығын
қолдаған Т. Гоббс олардың кей жағдайда
карсылық білдіру қүқығын, яғни, көтеріліс
жасаумүмкіндігін жоққа шығармайды. Өйткені,
өзін-өзі сактау табиғаттың ең жоғарғы
заңы. Өзін-өзі қорғау үшін әркім де мемлекеттік
билікке қарсы шығуға қүқылы.Гоббстың
пікірі бойынша күшті орталықтандырылған
мемлекет барлық жеке тұлғалардың қатысуымен
жасалатын қоғамдық шарт негізінде құрылады.
Мүндай мемлекет елдегі саяси тәртіппен азаматтардың
кауіпсіздігін және түрмыс тіршілігін
қамтамасыз етеді. Коғамдык шарт "бүкіл
билікті шөғырландыру немесе оны бір адамнын
қолына беру арқылы" ғана бейбіт өмір орната
алады. Гоббс шексіз билік адамның мінез-қүлқында
және көзқарасында табиғи қалыптаскан
деп есептейді. "Абсолютті билікте түрған
ештеңе жок, адамзат қауымы бір-бірін шектемей өмір
сүре де алмайды. Қолайсыз жагдайдың болуы
биліктең емес, адамдардың оздеріне байланысты".