Шпаргалка по "Философии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 02:45, шпаргалка

Описание работы

РАбота содержит ответы на 15 вопросов по "Философии".

Работа содержит 1 файл

экзамен Философия.doc

— 83.00 Кб (Скачать)

1. Ұлттық білімнің өзектілігі. Қазақстанда ұлттық білім жаңадан қалыптасып келе жатыр. Білім беру жүйесі қоғамдық күйзеліс жағдайында, дәстүрлердің құлдырап  тұрған кезінде отбасының жоғалтқан кейбір міндеттерін өзіне алып, ұлттың әлеуметтік денсаулығын сақтап қалу керек. Ол үшін білім беру жүйесі ұлттық деңгейде болуы қажет.

Ұлттық  білім  мазмұны қандай болуы тиіс? Бұл мәселелермен шұғылданып жүрген ғалымдардың пікірін байқап көрейік. А.Я.Данилюктың пайымдауынша «Ұлттық  білім беру--оқушылардың әлемдік  мәдениет аясындағы ұлттық мәдениетті меңгеруге, сонымен қатар оны шығармашылық тұрғыдан дамытуға бағытталған әлеуметтік қызмет атқаратын білім жүйесінің гуманитарлық құрамдас бөлігі». Ұлттық білім жүйесіне жаратылыстану ғылымдары кірмейді. Ұлттық білім жүйесінің негізін қалайтын гуманитарлық пәндер. Гуманитарлық білім жүйесінің басты міндеті--объективтік тарихи-мәдени үрдістің сәйкес келуімен қатар отандық мәдениетке оқушылардың танымын қалыптастыру. Ұлттық білім жүйесінің негізі қалайтын пәндер:

  1. Отандық география
  2. Қазақ тілі мен әдебиеті (Этнопедагогика, Этникалық философия, эстетика)
  3. Отан тарихы

Бұл пәндер Отандық мәдениетті сол қалпында сақтап қана қалмай,оның дамуын қамтамасыз етеді. Сонымен ұлттық білім орны деп -- өз ұлтының тарихын,өз ұлтының  мәдениетін,өз ұлтының тілін, әдебиетін оқытатын орынды айтамыз. Оның басты белгісі-онда халықтың ұлттық рухы болуы тиіс.

Ұлттық  білім барлық жұмыс түрлерінен, білім  берумен қатар тәрбие жұмыстарының барлық мазмұнынан көрінуі қажет.

Ұлттық  мектептегі тәрбиенің негізгі міндеттері:

  1. Оқушыны ұлт алдында тұрған ерекше істерді шешуге даярлау.
  2. Өз халқының ғасырлар бойы қол жеткізген табыстарына ұмтылуға тәрбиелеу, түп тамырынан үзіле жаздаған ұрпақты ата-баба салты мен дәстүрі, әдет-ғұрпымен қайта табыстыру.
  3. Тәрбие жүйесін ұлттық мәдениет пен ұлттық педагогикаға негіздеу.
  4. Ұлттық білім берудің тұжырымдамасын жасауда ұлттың жалпы санын,орналасу аудандарын, оқулық шығару мүмкіндіктерін ескеру.

2. Ғылым фил.ң пәні.  Ғылым философиясы 20ғ 2ж пайда болып, қазіргі ғылыми-техникалық революцияның кеңінен етек алуына байланысты тез дамып келе жатқан ғылым . Ғ.ф. негізгі пәні қоғам дамуының түрлі тарихи кезеңдерінде ғылыми білімді өндірудің, аққиқаттығын тексеріп, негіздеудің жалпы заңдылықтарын зерттеу болып табылады.  Ғылым тарихы мен философиясы біртұтас және бөлінбес. Олар дамудың ұзақ әрі күрделі жолынан өтті. Ғылым философиясы – бұл ғылфми-танымдық қызметтің сипаттамасын зерттейтін философиялық білім саласы. Ғ.фил.сы келесідей негізгі сұрақтарға жауап береді: ғылыми білім дегеніміз не? Ол қалай құрылған? Оны ұйымдастыру мен жүзеге асырудың принциптері қандай? Өндірістік білім ретіндегі ғылым дегеніміз не? Ғылыми дисциплиналарды  құрастыру мен дамытудың қандай заңдылықтары бар? Олар бір-бірінен қалай ерекшеленеді және қалай өзара әрекеттеседі? Ғ.фил.пәні - ғылым табиғатының мәнін зерттеп, оның мәдениет жүйесіндегі орны мен рөлін анықтау. Ғылым фил.ң көптеген әдістемелік концепциялары бар. Ғ.фил.ң әдістемелік конц.дегеніміз – жоғарыда қойылған сұрақтарға логикалық тұрғыдағы және жүйелі түрдегі жауаптер беретін ғылым теориялары. ХІХ ғ.соңы мен ХХғ. бас. Аавстриялық физик және философ Э.Мах, француз математигі А.Пуанкаре, француз физигі П.Дюгем  жасаған әдістемелік концепциялар кеңінен қолданылды. 20-ғ.соңына қарай жалпы мойындалған барлық әдістемелік концепциялар логикалық позитивизм ретінде мойындалды. ХХғ. Екінші жарт.да К.Поппер, Н.Хэнсон, М.Поланьи, Т.Кун, С.Тулмин және т.б.өз концепцияларын ұсынды        

3. Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасуы және өрлеуі. Ғылым ф.ң негізгі идеялары мен принциптері 17 ғ қалыптаса бастады, өйткені классикалық ғылымның негізін құрған тәжірибелік, эксперименттік жаратылыстану сол кезде шыққан еді. Бірақ ол тек 20 ғ 2 жартысында дербес философиялық пән ретінде қалыптасты. Ғылым философиясының эволюциясы: Бірінші кезең  – О.Конт, Дж.Ст. Милль, Г.Спенсер, Уэвеллдың еңбектеріндегі идеялар. Екінші кезең – ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында ғылымдағы революциялық өзгерістердің (жаңалықтардың) нәтижелерін түсінумен байланысты (Э.Мах, А.Пуанкаре, Дюгем, Н.Бор). Үшінші кезең – ғылыми білімдердің құрылымын эмпириялық талдауды кеңейтумен байланысты (логикалық эмпиризм, логикалық атомизм). Бұл кезеңде әсіресе ғылым тілін талдау үстемдік алды («Вена үйірмесі», Берлин тобының өкілдері – О.Шлик, Р.Карнап, Л.Витгенштейн, К.Гедель, Г.Рейхенбах, К.Гемпель және басқалары). Төртінші кезеңде зерттеулер ғылыми білімдердің қалыптасу, өзгеру процестерін және құрылымының эволюциясын тануға бағытталды (постпозитивистер К.Поппер, Т.Кун, И.Лакатос, М.Полани, Ст. Тулмин, Дж.Агасси, П.Фейерабенд ).

4. Ақпараттық қоғам деген не? Постиндустриалдық қоғам теориясы мұнан әрі қарай ақпараттық қоғам концепциясында нақтылана түседі. Ақпараттық қоғамның әртүрлі нұсқалары Д.Белл, А.Кинг, Дж.Мартин, А.Нормен,С.Нора, Дж.Нейсбит, Й.Масуда, Дж.Пелтон, М.Понятковский,Ж.Ж.Серван-Шрейбер және т.б. еңбектерінде кездеседі. Жалпы алғанда, олар да ақпараттық қоғамды постиндустриалдық қоғам ретінде түсіндіреді.  Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революцияадам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы З. БжезинскийД. БеллА. Тоффлер негізін қалаған постиндустриалды қоғамның бір түрі болып табылады. «Ақпараттық қоғам» ұғымынан басқа әртүрлі авторлар әркелкі атаулар қолданады: «ағартылған қоғам» (К. Флекснер), «қатер қоғамы» (У. Бек), «посткапиталистік қоғам» (П. Друккер), «ашық қоғам» (Дж. Сорос). 

5. Эмпириялық зерттеудің ғылыми әдісі. Эмпириялық зерттеулер зерттелетін объектіге тура бағытталады, бакылаумен және тәжірибенің көмегімен жүзеге асырылады. Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді. Әдетте, ойша әрекет бағдарламасын жоспарлайды және алынған айғақтарға, демек, реалдылық туралы білімдерге сәйкес келетін түсінік береді. Бақылау үдерісінде зерттеушісалыстыру және өлшеу операцияларын қолданады. Зерттеуші объектіні белгілі бір белгісі бойынша салыстырады, сонан кейін оны өлшейді. Өлшеу барысында субъективтілікті мейлінше азайтады. Ал өлшеу кезінде өлшеу құралдарын қолдану зерттеушіні физикалық үдерістерді тіркеудің; сезім органдары сияқты сенімсіз құралдарынан бас тартқызады. Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді.

6. Ғылыми революциялардың мәні. Ғылым дамуының барысында оның негізгі ұғымдары мен түбірлі теорияларында шұғыл өзгерістер туған кезде ғана зерттеушілерде күмәндану пайда болады. Сын пікірлер айту көбейген сайын бұрынғы дәстүрлі дамуға деген сенімсіздік күшейе береді, сөйтіп ғылым дамуында дәстүрлі даму мен жаңашылдық арасында, бір сарынды даму мен революциялық өзгеріс арасында қарама-қарсылық туады. Бұл қарама-қарсылықтың мәнін американдық ғылым философы Т.Кун ғылыми ғылыми революция кезеңінің тууымен түсіндіреді. Мұндай революциялар, оның пікірінше, «қалыпты ғылымның дәстүрлі дамуымен байланысты қосымша, даму дәстүрін бұзатын қосымша болып табылады». Т.Кун ғылым дамуының жаңа моделін ұсынады. Ол модельде Кун ең алдымен қалыпты ғылымды атап көрсетеді. Қалыпты ғылымның революциялық кезеңге өту, Кунның пікірінше, зерттелуші дүниеге деген бұрынғы түсініктің түбегейлі өзгеріске ұшырауы. Сондықтан ол революцияның өзін «ғалымдардың дүниені көруінің негізі болып табылатын ұғымдар жүйесінің ауысуы» ретінде қарастырады. Ғылыми революцияны тар мағынады түсінушілер оның дәстүрмен байланысын көрмейді де, революцияны Коперниктің, Ньютонның және Эйнштейннің концепциялары сияқты жаңа іргелі теориялық концепцияның туу деп қана түсінеді.

7. Интернеттің позитивті және негативті жақтары. Өткен ғасырда үлкен жылдамдыққа ие болған ғылыми техникалық прогресс компьютерлерге жағдай жасайтын заңдылықты әрі айқын базаға айналып отыр. Қазіргі заманғы адам интернетсіз өмір сүре алмас десе де болады. Біздің күнделікті өмірге ене отырып, компьютерлік технологиялар дайын ғылыми жасақтамалар мен болашақ проектілердің жаңа идеяларын біріктіретін «көпірге» айналды. Компьютеризация біздің өмірімізге тек жағымды ғана емес, сонымен қатар жағымсыз әсерлерін ендіруде. Интернет және компьютер көмегімен қоғамдық және өндірістік қызметтің барлық сфералары дамытудың қосымша мүмкіндіктеріне ие болды. Осыған орай болашақта адам компьютер немесе интернетсіз толық өмір сүре алмайды деген болжамның жүзеге асу мүмкіндігінің жоғары екендігі туралы айтуға болады. Қазірден көптеген ұйым, компания, фирмалар өз қызметін компьютерлік желісіз жүзеге асыра алмайды. Компьютерлік желілер сферасы тұтынушыларға өзінің жетілдірулері мен жаңа бағдарламаларын ұсына отырып, жедел әрі тұрақты дамып келеді.

9. Ғылыми рационалдық концепциясының ұғымы. Эмпиризмге қарама-қарсы бағыт рационализм. Оның негізін қалаушы француз ойшылы, ғалым және философ Рене Декарт. Декарт және басқа да рационалисттер білім сананы дамытады, ал сезім жаңа білім алуда тек қосымша рөл ойнайды деп ойлаған. Жеке адамның ақыл-ойын алсақ та, жалпы адамзаттың ақыл-ойының тууы және даму тарихын алсақ та, бәрібір дүниетанудың ақыл-ой (рационалдық) формасы сезімдіктен, жеке дараны тікелей қабылдаудан өсіп шығады.Бұл жалпы заңдылық. Рационалдықтың классикалық түсінігі тарихта адам тұңғыш рет өзінің ойлау қабілетін түсіне бастаған кезде қалыптаса бастайды деп есептелінеді. Ақыл-ой қызметін түсіне бастау кезеңі тарихтағы алғашқы цивилизациялардың рухани өміріндегі түбірлі өзгерістер кезеңі. Классикалық рационалдықтың бірінші қағидасы: дүниені түсіну – табиғатты түсіну. Табиғатта реттілік, тәртіп бар, олар тұрақты және универсальды сипатта болады. Оған адам ақыл-ой категорияларының тұрақтылығы мен универсалдығы сәйкес келеді, оның арқасында ғана ғылым дүниедегі реттіліктің ішкі мәнін аша алады. Екінші қағида: адамның ақыл-ойы – өзіндік ерекшеліктері, өзіндік мазмұны, күш қуаты бар дербес құбылыс.

10. Ғылым академиясының функциялары. Академия қызметінің мақсаты-Қазақстандағы ғылымның дамуына, мейлінше маңызды, келешегі бар ғылыми зерттеулер мен ғылыми - техникалық зерттемелерді іске асыру, ғылыми - техникалық қызметтің нәтижелерін еліміздің  экономикасына ендіру, ғылыми - инновациалық қызметті дамыту, Қазақстан  ғалымдарының кәсіби консолидациясын дамыту болып табылады. Академия қызметінің негізгі түрлері:

  1. ғылыми кеңестер, қоғамдар, ынталы және жұмысшы топтарының және Академия комиссияларының құрамында, сондай-ақ мүшелік жарғылық көлемінде еліміздің жетекші ғалымдарын біріктіру;
  2. ғылыми жетістіктерді насихаттау;
  3. ғылыми – зерттеу қызметін, зерттемелер мен  ғылыми –техникалық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру;
  4. ғылыми – техникалық салада жоғары білікті  қызмет ұсыну (әлемдік және қазақстандық ғылымның жағдайы мен беталысына талдау, ҚРдың ғылыми – техникалық мүмкіндігін кемелдендіру бойынша даму мен зерттемелерді болжамдау, ғылымның дамуы мен ғылыми кадрлерді даярлаудың приоритетті бағыттарын негіздеу, ғылыми және ғылыми - техникалық экспертиза, ғылыми және ғылыми - техникалық қызметті ақпараттық және әдістемелік қамтамасыздандыру, ғылыми - техникалық бағдарламаларды үйлестіру мен сүйемелдеу бойынша,шаруашылық серіктестік жүйесінде өндірістік мекеме құру, кеңес беру және басқа қызметтер);
  5. мемлекеттік ғылыми – техникалық және инновациялық саясатты құру мен жүзеге асыруға белсенді қатысу; мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық, саяси, ғылыми, мәдени және рухани дамуының стратегиясына зерттеулер мен ғылыми негіздеуге  қатысу;
  6. жоғары білім жүйесін дамыту мен кемелдендіруге жәрдем беру;
  7. халықаралық ғылыми байланыстарды жүзеге асыру, ғылыми, ғылыми - техникалық салалары мен инновациялық қызметтерде халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдем беру, Қазақстанның ғылыми қоғамдастығының мүдделерін шетелде ұсыну;
  8. Қазақстан аймақтарында ғылымның  дамуына көмек беру;
  9. ғылымның даму мәселелері бойынша арнаулы, аймақтық,  қазақстандық    және халықаралық конгресстер, конференциялар, симпозиумдар, мәжілістер мен семинарлар  ұйымдастыру және өткізу;
  10. ғылыми-техникалық салада көрмелік, ақпараттық, баспа және жарнама қызметтерін іске асыру;
  11. Академия, сондай - ақ мемлекет (өкілетті органдардың тапсырмасы бойынша) бекіткен ғылыми сыйлықтар, құрметті атақтар, белгілер мен марапат беру;
  12. Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да қызметтер;
  13. Академия мемлекеттік  органдармен ынтымақтасып және өз ара әрекет жасап   мемлекеттік органдармен шарт бойынша заңдарда қарастырылғандай, олар үшін белгілі жұмыстарды орындау.
 

Информация о работе Шпаргалка по "Философии"