Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 12:59, реферат
Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.
бағыттың негiзгi өкiлдерi – А.А.Григорьев, Н.Н.Страхов, Ф.М.Достоевскийлер болды.
Түбiршiлдер арасындағы ең көрнектi ойшылдың бiрi Ф.М.Достоевский (1821-1881)
болды. Ол философ болмағанымен, таза философиялық шығармалар жазбағанымен,
оның философиясы – бұл оның қалыптастырған əдеби кейiпкерлерiнiң ойы жəне
қылықтары. Оның шығармаларының философиялық екендiгi сонша, тiптi əдеби-көркем
жанрдың шеңберiнен тысқа шығып кетедi. Ол шығармаларында адамның тағдыры мен
мəнiнiң əлем жəне Құдаймен терең байланыстылығы туралы идеясын көтередi.
Достоевский бойынша еркiндiктiң „шынайы жолы” – бұл Құдай-адамға жеткiзетiн жол,
Құдайдың жолымен жүру. Ол үшiн Құдай адамгершiлiктiң барлық кепiлiнiң негiзi болып
табылады.
Достоевскийдi үрейлендiретiн нəрсе – бiр нəрестенiң болса да көз жасына құрылған
əлем мен адамдар əрекетiн жарқын болашақтың атымен ақтап алуға бола ма деген
мəселе. Оның жауабы дайын – ешқандай да жоғары мақсат бейкүнə сəбидiң қайғысы мен
зорлықты ақтай алмайды. Бұл жолмен Құдай мен Əлемдi келiсiмге келтiру мүмкiн емес.
Достоевскийдiң ойынша, Ресейдiң жоғары ұлттық миссиясы халықтарды христиандық
тұрғыда бiрiктiру болып табылады.
Ресейде Достоевский дiни философияның бүкiл кейiнгi дамуына үлкен ықпалын
тигiздi. Оның көзқарастары Батыста экзистенциализмнiң, яғни əлемдегi адамның өмiр
сүруiн негiзгi мəселе ретiнде қарастыратын философияның қайнар көзiнiң бiрiн құрады.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы орыстың дiни
философиясы философиялық
жүйелердiң қалыптасуымен
дəуiрдiң ойшылдарына М.Ф.Федоровты, Б.Н.Чичериндi, М.О.Лосскийдi жатқызуға болады.
Бұл дəуiр философиясының сипаттамалық ерекшелiктерi оның гуманизмi жəне дiнисипаты болды. Бұл кезеңнiң тағы бiр ерекшелiгi – жаратылыстың дамуымен
байланыс жəне орыс космизмiнiң пайда болуы. Космизм екi бағытқа бөлiнедi: мистикалық
(Н.Ф.Федоров, Б.С.Соловьев, П.А.Флоренский) жəне ғылыми (К.Э.Циолковский,
В.И.Вернадский).
Мистикалық бағытта ең алдымен В.С.Соловьевтi бөлiп атауға болады.
В.С.Соловьев (1853-1900) дiни орыс философиясының, бiлiмнiң бiртұтастығы мен
бүтiндiгi туралы идеяның негiзiн қалаушы, көрнектi орыстың христиандық философы.
В.С.Соловьевтiң философиясы дiни философиялық дəстүрдiң бүкiл рухы мен кейпiн
бiлдiредi. Көптеген iрi философтар өздерiн В.С.Соловьевтiң iзбасарлары ретiнде
санайды. Соловьевтiң дəуiрiне Трубецкойдың шығармашылығы, Флоренский мен
Бердяевтiң ерте шығармашылығын жатқызуға болады.
В.С.Соловьев адамның
дiни жəне əлеуметтiк өмiрiнiң
байланыстыратын бүтiндей дүниетанымдық жүйенi құруға тырысты. Соловьевтiң ойы
бойынша мұндай дүниетанымның негiзi христиандық болып табылады. Соловьевқа дейiнгi
жəне кейiнгi дiни ойшылдар да бұл идеяны айтқанымен, бұл дүниетанымның негiзi
ретiнде тек бiр христиандық концессияны ғана (православие, католицизм немесе
протестантизм) қалап алды. Соловьев тəсiлiнiң ерекшелiгi, ол барлық христиандық
концессияларды бiрiктiрудi жақтады. Сондықтан оның iлiмi тар бағытта емес, концессия
аралық сипат алды. Соловьевтiң тағы бiр маңызды ерекшелiгi оның христиандық
дүниетанымға жаратылыстанудың соңғы жаңа жетiстiктерiн енгiзiп, ғылым мен дiндi
синтездеуге ұмытылуымен сипатталады.
Соловьев философиясының негiзгi идеясы – жалпы тұтастық идеясы. Бұл идеяны
дайындауда славянофилдердiң соборшылдық идеясына сүйенгенмен, оған жалпы
қамтушы, ғарыштық мағына бередi. Болмыстың төменгi жəне жоғарғы деңгейлерi өзара
байланысты, өйткенi төменгi үнемi жоғарыға тартылып отырса, ал əрбiр жоғары өзiне
төменгiнi „енгiзедi”. Соловьевте жалпы тұтастық, „құдайдың қасиеттi Үштiгi барлық
құдiреттi жаратылыстармен, оның iшiнде ең бастысы адаммен байланысты” деген
тұжырымынан көрiнедi. Жалпы тұтастықтың негiзгi принципi: „құдайда барлығы бiртұтас”.
Жалпы тұтастық– бұл ең алдымен жаратушы мен жаратылыстың тұтастығы.
Қоршаған əлем тек бiр құдiреттi суреткердiң шығармашылық еркiнен туындайтын
жетiлген туынды ретiнде қарастырыла алмайды. Құдайды дұрыс түсiну үшiн оның
абсолюттiк мəнiн ұғыну аз, сонымен қатар оның iшкi қайшылығын да қабылдау қажет.
„Барлығы болу үшiн абсолюттiк көп нəрсенi талап етедi”. Бұл қоршаған əлем туралы
Соловьевтiң пiкiрi.
Соловьев болмыстың
диалектикалық тəсiлiн қолдады.
қатып қалған формасында қарастыруға болмайды. Барлық тiршiлiктiң ең жалпы белгiсi
өзгерiстердiң алмасуымен сипатталады. Болмыстың үздiксiз динамикасын негiздеу үшiн
ол белсендi идеялармен қатар əлемдегi барлық өзгерiстердiң субъектi түрiнде көрiнетiн
əлемдiк жан деген белсендi бастауды енгiзедi. Бiрақ ол өз алдына дербес əрекет етпейдi,
бұл əрекет құдайдың құдiретiн керек етедi. Бұл құдiрет құдайдың əлемдiк жанға, оның
барлық əрекетiн
анықтаушы форма ретiндегi жалпы
тұтастық идеясын беруiнен көрiнедi.
Соловьев жүйесiндегi негiзгi ұғым. Сондықтан оның iлiмi софиология деп аталады. София
ұғымын енгiзгенде Соловьев бұл əлемнiң тек құдайдың ғана жаратылысы емес екендiгiн
айтқысы келедi. Əлемнiң негiзi мен мəнi құдайға, əлемге жəне адамға жалпылық беретiн
жаратушы мен жаратылыс арасын байланыстырушы звено ретiнде қарастырылатын
„Əлемдiк жан” – София болып табылады.
Құдайдың, əлемнiң жəне адамның жақындасу тетiгi Совольевтiң философиялық
iлiмiнде құдайадам
концепциясы арқылы ашылады.
үлгiсi ретiнде христиандық догмат бойынша əрi толық адам болып саналатын Иисус
Христос болып табылады. Оның бейнесi əрбiр индивидтiң ұмытылуы тиiс идеалы ғана
емес, бүкiл тарихи процесс дамуының жоғарғы мақсаты болып табылады.
Совольевтiң тарихы, Софиясы осы мақсатқа негiзделедi. Бүкiл тарихи процестiң
мақсаты мен мəнi адамзаттың рухтануы, адам мен құдайдың бiрiгуi, құдайадамның
кейпiне ену болып табылады.
Совольевтiң ойынша
тек Иисус Христос
адамзаттылықтың бiрiгуi, яғни „құдiреттi сөз” арқылы бiрiгу жеткiлiксiз. Бұл бiрiгу
практикалық тұрғыда, онда да тек жекелеген адамдарда („əулиелерде”) ғана емес, бүкiл
адамзаттық деңгейде жүзеге асуы тиiс. Құдайадамға алып баратын жолдағы бастапқы
алғышарт христиандыққа бет бұру, яғни христиан дiнiн қабылдау. Құдайдың шапағатына
ие болмаған адамдар
қараңғы күш ретiнде
моральдық құндылықтарды ашып бердi, адамгершiлiктi жетiлдiруге жағдай жасап бердi.
Христос iлiмiне құлақ түре отырып, адам өз бойында киелi рухты сезiнедi. Бұл процесс
адамзат өмiрiнiң барлық кезеңдерiн қамтиды. Адамзатты бiрiктiрушi бастау ретiнде құдай
адам кейпiне енген
кезде бейбiтшiлiк пен
құрады.
Соловьевте адамгершiлiк философиясы сүйiспеншiлiк философиясына көшедi.
Жоғары сүйiспеншiлiкпен салыстырғанда барлығы төменгi деңгейде, сондықтан тек
сүйiспеншiлiк қана мəңгiлiктi қажет етедi. Құдiреттi сүйiспеншiлiк арқылы жеке
индивидуалдылық бекiтiледi.
Құдiреттi əлем туралы Совольевтiң ойы мынадай: киелi құдiреттi əлем – бұл ең нағыз
нақты əлем, бұл əлем бүкiл дүниенiң ұмытылатын идеалды тұтастығы. Құдаймен сəйкес
келетiн ақиқаттың өзi. Шынайы болмысқа заттай болмыс қарсы келедi. Əлемдiк процестiң
мiндетi табиғи болмысты идеялардың жалпы тұтастығына жəне шынайы, құдiреттi
болмысқа сəйкес келтiрумен сипатталады.
Совольевтiң ұлттық өзiндiк сананың „орыс идеясы” сияқты феноменiн дамытуға
үлкен үлес қосқандығын айта кету керек. Орыс философиялық ойының төлтумалылығын
көрсететiн идея ретiндегi „орыс идеясы” туралы жоғарыда айтылды. Жəне бұл
төлтумалылық Христиандықпен байланыстырылады. Совольевтiң тұжырымдауынша,
орыс идеясы мен Ресейдiң парызы əлеуметтiк Үштiктi (киелi Үштiкпен ұқсас) – шiркеудiң,
мемлекеттiң жəне қоғамның органикалық тұтастығын жүзеге асырумен сипатталады.
Христиандық Ресей Христiң өзiне елiктей отырып, „Ғаламдық шiркеудi” өзiне бағындыруытиiс. „Орыс идеясының” бұл бейнесiнде Совольев Ресейдiң бүкiл тарихының өн
бойындағы бұл концепцияны бiр мазмұнға бiрiктiредi: „Қасиеттi Русь” идеясы („Москва -
үшiншi Рим” концепциясы), „Ұлы Русь” идеясы (Ұлы Петрдiң реформаларымен
байланысты) жəне „Еркiн Русь” идеясы (негiзiн декабристер қалаған).
Қарастырылып отырған кезеңде, яғни XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бiрiншi
жартысында Н.Ф.Федоровтың (1828-1905) философиялық көзқарастарына тоқтала
кеткен жөн. Ол орыс космизмi мен гуманизмiнiң көрнектi өкiлi болып табылады.
Ойшылдың өзiндiк көзқарастары мен негiзгi iлiмi „Жалпы iстiң философиясы” деген
еңбегiнде жарияланған. Онда дiни мистицизм ғылым күшiне деген сенiммен бiрiгедi.
Федоровтың ойынша, адамзат қатынастарының кемшiлiктерi мен зұлымдықтарын жеңу
үшiн ең алдымен зұлымдықтың күшi ретiндегi өлiмдi жеңу керек. Əрбiр адамның iсi осы
өлiмдi игерумен сипатталады. Ғылым мен техниканы пайдалану негiзiндегi ата-
бабаларды қайта
тiрiлту мен мəңгiлiкке қол
философиясындағы Федоров дүниетанымының мистикалық жəне утопиялық сипатына
қарамастан, ол „толық жаппай құтқарылу” қажеттiлiгiн сезiнiп, индивидуалдық идеал
белесiн жоғары көтерген ойшыл болды.
Орыс философиясының дамуында рухани қайта өрлеу деп аталатын XX ғасырдың
басындағы кезең үлкен маңызға ие. Бұл уақытта философиялық үйiрмелердiң жедел өсуi,
философияның орыс мəдениетiмен жақындасуы байқалады. Бұл кезеңнiң өте көптеген
өкiлдерiнiң арасынан В.Розановты, С.Булгаковты, Н.Бердяевтi, И.Ильиндi,
П.Флоренскийдi, Л.Шестовты, Л.Лосевтi ерекше атап өтуге болады.
Ресей есiмi əлемге танымал болған, орыстың дiни философиясының дамуына
өлшеусiз үлес қосқан Н.А.Бердяев сияқты ұлы ойшылды дүниеге əкелдi. Бердяев
философиясының мəнi – болмыстың мəнiн субъект, яғни адам арқылы тану. Оның
философиясының бастапқы нүктесi еркiндiктiң болмыстан басымдылығы болып
табылады. Онымен бiр қатарда шығармашылық, тұлға, рух, Құдай ұғымдары тұрады.
Адамдағы болмыс адам арқылы ашылады. Ол Құдайдың бейнесiне ұқсас жаратылған
микрокосмос болғандықтан шексiз жəне шығармашыл жан болып табылады. Адамдағы
шексiздiк құдайға тəн құдiреттiлiкпен, ал шолақтық - табиғи қырымен байланысты. Бұл
жағдайда Құдайдың
өзi табиғи күш емес, əлемнiң мəнi
мен ақиқаты ретiнде