Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 23:23, реферат
Онтология – болмыстың ғылыми тұрғыдағы теориялық сипаты болып табылады. «Болмыс» ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің (онтологияның) төңірегінде философияда ежелден бері және қазірде де қызу пікірталас болып келеді, өйткені ол дүниеге көзқарастық және методологиялық басты проблемалардың бірі болып табылады.
Болмыс проблемасының мәні неде? Не себепті көптеген философтар оны өздерінің философиялық ой - пікірлер жүйесінің негізгі мәселесі деп санайды? Не себепті құдайдың болмысы, яғни ол бар ма, әлде жоқ па? — деген сұрақтың төңірегінде ғылыми көзқарас пен діннің арасында ымырасыз күрес жүріп келеді? Осы және осы сияқты басқа да алуан түрлі сұрақтардың жауабын табу үшін болмыс ұғымының философиялық мазмұнын ашып көрсету қажет.
Материяның өмір сүру тәсілдері
Материяның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері, оның жүйе есебінде ұйымдасуының әр түрлі материалдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады. Бұл мәселені тереңірек зерттеп, бір арнаға түсірген Ф. Энгельс болатын. Ол материя қозғалысының негізгі бес түрін жіктеді:
Бұл жіктеу өз маңызын әлі сақтап келеді, сақтай да бермек. Сондай-ақ, ғылымның дамуы, адам практикасының жемісі материяның ұйымдасып, жүйеленуінің жаңа сапалық түрлерін аша беретіні сөзсіз. Олар жоғарыдағы жіктеуді толықтырып, тереңдетіп отырмақ.
Жалпы алғанда қозғалыстың түрлерін ғылым салалары зерттейді. Сондықтан оларға тоқталып жатпай, айта кететін бір нәрсе: философия тарихында жасалған ең терең әрі мәнді төңкеріс – материяның әлеуметтік, қоғамдық түрінің ашылуы, басқаша айтқанда, адамзат тарихын материалистік тұрғыдан түсіндіру. Қоғамның материалдық негізінің неде екенін ашу – материяны затпен пара-пар деп ойлаудан үзілді-кесілді бас тарту, оны материя туралы ғылыми көзқарастың пайда болуы деуге болады. Қоғамдық өмірдің негізі – адамдардың материалдық өндірісі, табиғатты, қоғамдық, яғни адамдардың өздерін өзгерту кызметі. Сондай-ақ, адамның санасы да оның болмысын бейнелеп, оның болашақ жобаларын идеалды түрде жасай отырып, адамдардың материалдық өмір процестерінде белсенді әрекет жасайды. Осы тұрғыдан алғанда адамның ақыл-ойы да қозғалыстың ерекше түріне жатады.
Қозғалыстың формалары
өзара тығыз әрі күрделі
Қорытынды
Жоғарыда айтылған болмыс туралы ой-пікірлерді жинақтай келе былайша тұжырымдауға болады:
Уақытында ұлы И. Қант айтып кеткеніндей Құдайдың барлығын, я болмаса жоқтығын ешкім ешқашанда дәлелдей алмайды, ол – ашық сұрақ. Бірақ дүниеде өмір сүріп жатқан тірі адамның жан дүниесі, сана-сезімі, рухы барын ешкім де теріске шығара алмас.
Болмыс ұғымы заттар, процестер, құбылыстар қасиеттерін нақты түрде қамтымайды, өмір сүру фактісін белгілеумен ғана шектелмейді. Керісінше, олардың арасындағы жалпылық сипаттағы күрделі байланыстардың, тұтастығы мен бірлігін талдап қарастыруға мүмкіндік береді. Болмыстың философиялық түсінігі арқылы абстракциялық ойлаудың биік деңгейіне көтерілеміз, табиғат пен адам, адам мен оның жан-дүниесі, рухы, жеке кісі мен қоғам арасындағы айырмашылықтардан оқшауланамыз. Бұдан болмыс, таза ой, идея екен деген пікір тумауға тиіс. Болмыс ұғымы арқылы дүниенің бар екеніне иланып, оны құрайтын құбылыстардың бәріне тән, бәрін біріктіретін неғұрлым ортақ, жалпы әлемдік байланысты іздестіреміз.
Әлемнің сыр-сипаты, дүниенің түп мағынасы, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігі – «болмыс» деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады
Қолданылған әдебиеттер тізімі: