Онтология

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 23:23, реферат

Описание работы

Онтология – болмыстың ғылыми тұрғыдағы теориялық сипаты болып табылады. «Болмыс» ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің (онтологияның) төңірегінде философияда ежелден бері және қазірде де қызу пікірталас болып келеді, өйткені ол дүниеге көзқарастық және методологиялық басты проблемалардың бірі болып табылады.
Болмыс проблемасының мәні неде? Не себепті көптеген философтар оны өздерінің философиялық ой - пікірлер жүйесінің негізгі мәселесі деп санайды? Не себепті құдайдың болмысы, яғни ол бар ма, әлде жоқ па? — деген сұрақтың төңірегінде ғылыми көзқарас пен діннің арасында ымырасыз күрес жүріп келеді? Осы және осы сияқты басқа да алуан түрлі сұрақтардың жауабын табу үшін болмыс ұғымының философиялық мазмұнын ашып көрсету қажет.

Работа содержит 1 файл

Философия семестр3.doc

— 110.50 Кб (Скачать)

Кіріспе

 

Онтология – болмыстың ғылыми тұрғыдағы теориялық сипаты болып табылады. «Болмыс» ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің (онтологияның) төңірегінде философияда ежелден бері және қазірде де қызу пікірталас болып келеді, өйткені ол дүниеге көзқарастық және методологиялық басты проблемалардың бірі болып табылады. 
Болмыс проблемасының мәні неде? Не себепті көптеген философтар оны өздерінің философиялық ой - пікірлер жүйесінің негізгі мәселесі деп санайды? Не себепті құдайдың болмысы, яғни ол бар ма, әлде жоқ па? — деген сұрақтың төңірегінде ғылыми көзқарас пен діннің арасында ымырасыз күрес жүріп келеді? Осы және осы сияқты басқа да алуан түрлі сұрақтардың жауабын табу үшін болмыс ұғымының философиялық мазмұнын ашып көрсету қажет.

Болмыс бүкіл шындық дүниені қамтитын шегіне жеткен жалпы ұғым - философиялық категория болып табылады. Болмыс - дегеніміз дүниеде өмір сүретіннің бәрі: материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де, қақтығыстар мен байланыстар да, яғни бәрі - бәрі. Тіпті адамның қиялы, ертегі, аңыздар, ауру адамның сандырағы сияқты рухани өмір көріністері де болмысқа жатады.

«Болмыс» категориясын философияға түңғыш енгізгендердің бірі ертедегі грек философы Парменид болды. 
Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған. Ол: «Болмыс бар, болмыс емес жоқ» - деп кесіп айтты. Өйткені оның ойынша, «болмыс еместіні» тануға, білуге тіпті болмайды, оны сөзбен де айтып жеткізе алмайсың. Осыдан ой мен болмыстың өзара қатынасы келіп шығады. «Ойлау мен болу бір» дейді Парменид. Яғни, ойлау мен болмыс бір деген ұғым туады. Болмыс еместі жоққа шығара отырып, болмысты өзгермейтін, қозғалмайтын процесс деп қарады.

Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар  мен ойшыларды бұл ұғымды философиялық ой-толғаныстардың түп қазығы, бастапқы негіз деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. «Болмыс» ұғымының төңірегіндегі сан ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан пікірталастар әлі күнге толастаған емес. Сондықтан да адамзат баласының бүкіл ой-жүйесінің самғауы, дүниетанымының мәйестігі, әлемді рухани игерудің құдіретті құралы болып табылатын философия сіңіргісі келген әрбір адам ең әуелі болмыс ұғымының көңіл аударып, зейін қойғаны жөн.

 

 

 

 

 

 

 Болмыс ұғымы туралы

 

Онтология грек тілінен аударғанда онтос - болмыс, логос – ілім, яғни болмыс туралы ілім болып табылады. Болмыс - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет. Адамдар белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада өмірге келеді, тіршілік-әрекетке араласады. Олар қоршаған ортаның, тұтас дүниенің бар екендігіне еш шүбә келтірмейді, бір қарағанда бұл өзінен-өзі түсінікті сияқты көрінеді. Сонымен бірге адамдар табиғат пен қоғамда үнемі өзгерістер болып, оның толысып жататына қарамастан, дүние біршама тұрақты нәрсе ретінде сақталатынын да анық аңғарады. Алайда қоршаған табиғи және әлеуметтік дүние бір қалпында тұрмайды, мезгіл-мезгіл адамдардың алдыда шешуін іздеуді талап ететін алуан түрлі қиын мәселелер қояды, нақты тіршіліктің күңгірт жақтарына үңілуге мәжбүр етеді, қалыптасқан әдет-дағдыдан ілгері өтіп, мүлде басқаша ойланып-толғануға итермелейді. Бұл орайда бұрын бұлжымас әрі шүбәсіз болып көрінетін тіршілік негіздерінің іргесі сөгіліп, ыдырап, күдік келтірілуі ерекше мәнге ие болады. Осындай өмір туғызған күдіктер мен толғаныстар адам санасына болмыс ұғымының қалыптасып, айқындалуына әкеледі. Мәселен, адамзат ақыл-ойының, қолөнерінің біздің дәуірдегі шырқау дамуының нәтижесінде, ядролық апат қаупінің туындауына байланысты миллиондаған жылдар бойы өмір сүріп келген адамзат қоғамының жер бетінде аман қалу-қалмау мәселесі баршамыздың алдымызда тұрғаны белгілі. Кейінгі кезде халықтар арасында жаңа қарым-қатынас қалыптастыру барысында бұл қауіпті сейілтуге болатынына көз жеткізіп отырмыз. Немесе, жер құрылғының «алтыдан біріне» ие болып, әлемді аузына қаратқан, дүниеге күш-қуатымен, айбарымен аты мәлім болған «шынайы социализм құрылысын жүргізіп келген» КСРО мемлекетінің тарихи тұрғыдан алғанда «қас пен көздің арасындағы» ыдырауы, қоғамды бірбеткей емін-еркін билеп-төсеп басқарып келген Компартияның саяси тұғырдан таюы, бұрынғы одақ құрылымындағы республикалар негізінде ұлттық тәуелсіз жаңа мемлекеттердің тарих сахнасына келуі, экономикалық, саяси дағдарыстар, ұлтаралық кикілжіндер заманның сарыны жайлы әрбір адамды терең толғанып, көп ойлануға жетектегені белгілі. Міне, осының бәрі дүниенің болмысы деген ұғыммен астасып жатқан мәселелер.

Болмыс ұғымы –  философияның ең ежелгі әрі маңызды  категориялардың бірі. Осы тұрғыдан қарағанда, болмыс ұғымының қайнар көзі «дүниеде болу», «өмір сүруге» келіп тіреледі (салыстырыңыз: орыс тілінде «бытие» - «быть», ағылшын тілінде «being» – «to be» деген етістіктен шыққан). Бұл түсінік адамның айнала қоршаған ортаны біртұтас әлем есебінде танып білуге ұмтылуынан туындаған. Әрине, дүниеде өмір сүріп жатқан нәрселердің сан алуан қасиеттері бар – олар көк – қызыл, ауыр – жеңіл, дымқыл – құрғақ, тағы сол сияқты шексіз айта беруге болар еді. Бірақ олардың бәрін біріктіретін қасиет – олардың болуы, өмір сүруі, яғни – болмысы. Ең алдымен осыны ұғып алмай, біз әрі қарай ешнәрсеге талдау жасай алмас едік. Бұл – философиялық бастама.

Алайда философия тарихына жүгінсек, бұл арада ойшылдардың  үлкен қиындыққа тап болғанын байқаймыз. Өйткені айнала қоршаған дүниеге зерделі көзбен қараған адам бірде-бір мәңгі өмір сүріп жатқан нәрсені таба алмайды. Қарапайым адам да, Дүниеде біртуар тұлға да бұл өмірге келіп, содан кейін уақыты келгенде – кетеді. Далада жатқан тас та мыңдаған жылдардан кейін құмға, шаңға айналып, ғайып болады. Яғни болмыс бейболмысқа ауысып жатады. Мұны байқаған біздің бабаларымыз Дүниені «жалған» деп түсінген. Үнді ойшылдары да бұл Дүниені «Ұлы сағым – Мая» деп атаған. Ал ұлы Гегельге келер болсақ, ол болмысты «жоғала бастаған болмыс», «Дүниені дегеніміз – мәңгілік қалыптасу» деп түсінді.

Осы заманғы философиялық әдебиеттен болмыс сөзінің екі түрлі  мағынасын аңғаруға болады. Тар мағынада болмыс – адамның санасынан тәуелсіз, тысқары өмір сүретін объективті, материалдық дүниені білдіреді. Ал кең мағынада алғанда болмыс түсінігі бардың бәрін, өмір суретінің барлығын – материалдық дүниемен қоса рухани дүниені де, яғни адамдардың санасын, ақыл-ойын, жан сезімін – қамтиды. Басқаша айтқанда, болмыс бар болуды, өмір сүруді айқындап белгілейтін, реальді дүниенің (шынай дүниенің) барлық түрлерін қамтитын кең ауқымды философиялық ұғым. Әрине, болмыс туралы ой толғау дүние «бүгін бар», «сынды бар» және «осылай бар» деген қарапайым түйіндермен ғана шектелмейтіні түсінікті. Себебі, дәл осы арада әлгілерге қоса дүниенің «өткені мен ертеңі қандай?», «осында бар болса, басқа жерде де, барлық жерде де бар емес пе?» деген сияқты сұрақтар заңды түрде туындайды ғой. Осы сұрақтарға жауап қайтару барысында тарихта бірқатар философтар бұл шексіз дүние өткінші емес, әрқашан болған, бола береді деп тұжырымдады. Енді біреулер дүние болды, бар және бола береді, бірақ кеңістікте де, уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп көрсетуге тырысты. Осындай ой-толғамдар дүниенің өмір сүруінің тұрақтылығы мен өткіншілігі туралы пікірлердің өзара қарама-қайшы қауышуына түрткі болды. Ал бұдан келіп дүниенің тұрақтылығы мен әрбір жеке заттардың, жеке адам өмірінің өткіншілігінің арақатынасы қандай деген келесі сұрақ туындайды. Сөйтіп, болмысқа қатысты мәселелердің біртұтас желісі қалыптасты.

Бір қарағанда, болмыс ұғымы мейлінше кең болғаннан кейін, мазмұн жағынан алғанда мардымсыз болып көрінеді. Бірақ, соған қарамастан, сонау көне заманнан бастап оған әртүрлі мағына беріліп, Батыс пен Шығыс дүниесезімі мен дүниетанымы екіге бөлініп, осы күнге дейін созылып жатқан айырмашылықты тудырды. Мұның өзі де философияның өмірмен тығыз байланысты екенін, Адамзат өркениетінің түп-тамырында жатқанын көрсете керек.

 

  Болмыс ұғымының тарихи сипаттамалары

 

Философия тарихында  болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны  мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б.э. дейінгі V-VII ғасырлар) еді. Оның пікірі бойынша, болмыс дегеніміз – бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу – болмыссыздық. Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең бастысы, ең бастысы бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі. Сонымен Парменидтің болмысы ой арқылы жететін идеалды, ешбір мінсіз, кемеліне келген, мәңгі, дөңгелек, өз-өзіне  тепе-тең, бөлінбейтін болмыс болып шықты.

Парменидтің бейболмысты  теріске шығаруы, сонымен қатар идеалды, еш мінсіз, жетілген, мәңгілік болмыстың бар екенін мойындауы – бүкіл Батыс өркениетінің қалыптасып, бүгінгі күнге дейін дамуының астарында жатқан іргетасты көзқарас екеніне оқырманның ерекше назарын аударғым келеді. Соңынан пайда болған христиан дінінің негізгі қағидаларының бірі – адамды Құдай өз бейнесіне ұқсатып жаратты да, осы жаратылған Дүниенің әміршісі қылды деген қағиданың өзі да Парменидтің болмыс ілімімен ұштасып жатқан жоқ па? Ал енді марксизмнің өзін, осы тұрғыдан алып қарағанда, Батыс Еуропа ой-өрісінің қисындық шегі деп бағалауға болатын сияқты, өйткені коммунизм – кемеліне келген, адамдардың барлық қажеттіктері толығынан өтелген, соның негізінде әлеуметтік біркелкілік орнаған қоғам. Яғни ол – жер бетінде адамның шығармашылық іс-әрекеті арқылы орнатылған идеалдық қоғам.

Парменидтің замандасы  атақты көне грек философы Гераклит үшін ең маңызды нәрсе – дүниенің мәңгі  қозғалыста екендігі. Ол дүниені алаулап, лапылдап жанатын, енді бірде өшуге  бет алып, бақсып барып қайта тұтанып, жанатын мәңгілік от есебінде қарастырады. Оның пікірінше, болмысқа қарама-қайшылықтар мен олардың өзара әрекеттесуі тән. Сондықтан болмыс өзгермелі. Болмыс пен болмыссыздық ажырамас бірлікте. Екеуі де тең өмір сүреді. Бірі екіншісін тудырады, бірі екіншісіне өтіп, өзгеріп, құбылып отырады. «Бәрі өткінші бәрі өзгермелі» деп үйретті ол.

Ендігі бір көне грек философы Левкипп пен оның ілімін жалғастырушы шәкірті Демокрит (біздің эрамызға дейін 460-370 жылдар шамасы) болса, бүкіл дүниенің, әлемдегі барлық заттардың түп негізі – ең ұсақ бөлінбейтін бөлшек-атом деп көрсетті. Барлық заттар мен құбылыстар атомдардан құралады. Олар бір-бірінен бостық (ешнәрсе жоқтық – пустота) арқылы ажыратылады. Бостық – бір жағынан, заттардың және құбылыстардың саналуандығының өмір сүруіне, екінші жағынан, олардың қозғалысқа түсуіне жағдай жасайды. Сөйтіп, бұл дүниеде атом (болмыс) және бостық, еш нәрсе жоқтық (болмыссыздық) қана бар деген тұжырымға келді.

Антикалық дәуірдің ұлы  философтарының бірі Платонның (біздің эрамызға дейін 427-347 жылдар) ойынша, болмыс дегеніміз – мәңгілік өмір сүретін, өзгермейтін сана тектес рухани идеялар дүниесі. Идеялар – заттар мен құбылыстардың түп-негізі, оларды анықтап өмірге келтіруші. Заттар дүниесі өткінші, пайда болады, тозады, өледі, яғни шынайы болмыс емес, бар болғаны идеялар дүниесінің күңгірт бейнесі ғана.

Діни дүниетаным үстемдік еткен ортағасырлық философияның өзегі  – Құдай болмысы. Құдай мәңгі, уақыттан да, кеңістіктен де тысқары  тұр. Ол бүкіл әлемді, табиғатты, дамды  жаратушы. Қайта өрлеу дәуірінде, әсіресе, Жаңа заман дәуірінде ғылым мен техниканың өрістеп дамуына байланысты философияда адамға, ғылым мен ақыл-ой жемістерін адам игілігіне пайдалануға бетбұрыс болғаны белгілі. Осыған орай болмыс ұғымын табиғатпен ұштастыруға, адамның жаратушылық құдіретімен, ақыл-ой пәрменділігімен байланыстыруға ұмтылыс пайда болды (Ф. Бэкон, Р. Декарт). Неміс классикалық философияның аса ірі өкілі Г. Гегель шынайы болмыс – «абсолютты идея» деп тұжырымдады. Ол Платон арнасын жалғастыра отырып, болмыс мәселесіне бъективті идеализм тұрғысымен келгенімен, ең бастысы, болмыс ұғымына диалектикалық сипат беріп, даму процесінде қарастырды. Л. Фейербах болса шынайы болмыс – табиғат, ол табиғаттың ғажап туындысы әрі жетістігі – адам деп есептеді. К. Маркс пен Ф. Энгельс материалистік дүниетаным мен диалектиканы ұштастыра отырып, қоғам мен оның тарихын танып-білудің жаңа сипаттағы ғылыми методологиясын ұсынды. Олар философияға «қоғамдық болмыс» деп аталатын жаңа түсінік енгізді. Қоғамның қызмет атқаруы, өзгерісі мен дамуы объективті заңдылықтарға бағынады және оның материалдық негізі бар, деп тұжырымдады олар.

XX ғасырда пайда болып, өріс алған алуан түрлі философиялық ағымдардың арасында (олар туралы алдыңғы тарауларда толық айтылған болатын) болмыс мәселесіне ерекше көңіл бөліп, жан-жақты қарастырған экзистенциализм - өмір сүру философиясы болды. Оның түп қазығы, басты мәселесі – адам, оның осы заманғы шиеленіскен қайшылықтар мен тарихи-әлеуметтік апаттарға толы жағдайда өмір сүру мүмкіндігі.

Қысқаша тарихи шолу барысында байқанымыздай, болмыс ұғымы өте күрделі әрі сан қилы. Философиялық ой-өрістің тарихи қалыптасып дамуының әр дәуірінде бұл түсініктің мазмұны тереңдеп, жаңа қырлары ашылып отырған. Енді болмыс ұғымының философиялық мән-мағынасын қарастырып көрелік.

Сонымен, болмыс мәселесінің  бірінші қыры мен сыры мынадай  сұрақтар мен жауаптар тізбегімен топшыланады: не бар, не өмір сүреді? Дүние деген  не? Ол қайда? Осында және басқа жердің бәрінде. Ол қашаннан және қалай бар? Қазір де бар, бұрын да болған және бола береді, ол түпкілікті. Жеке заттар, организмдер, адамдар, олардың тіршілік қызметі қаншалықты ұзақ жасайды? Олар шектеулі, ауыспалы, өткінші. Халқымыз ежелден-ақ:

«Қарап тұрсам дүние  шолақ екен.

Бір-біріне адамдар қонақ екен.

Тіршілктің барында сыйласа біл.

Бұл дүниенің қызығы сол-ақ екен», -

 деп пайымдаған  ғой. Бабаларымыз әр адам өмірін  «Қамшының сабындай қысқы» екенін, «қас-қағым» екенін де ескертіп, мәнді мағыналы өмір сүруге шақырған ғой. Өйткені уақыт бір орында тұрмайды. Заман озады. Халқымыз:

«Былтыр құлын, биыл тай

Біреу кедей, біреу бай,

Диірменнің тасындай

Шыр айналған дүние-ай!» - деп түйіндейді.

Осыдан келіп тұтастық ретіндегі  табиғат болмысының түпкілікті, тұрақтылық сипаты мен заттар, адамдар, табиғат  құбылыстары болмысының өткінші, көшпелі сипаты арасындағы қайшылықтардың өзара байланысы мен бірлігі шығады. Болмыс мәселесінің түбірі, оның күрделілігі, міне, осымен сипатталады. Басқаша айтқанда, дүние өмір сүру үрдісінде, болмысында біртекті емес: жалпы алғанда ол тұрақты, ал оның жекелеген жақтары, құрамдас бөліктері, заттары мен құбылыстары көшпелі, өткінші, халықтың қарапайым сөзімен айтқанда «алдамшы, жалған дүние». Тұтастық ретіндегі дүниенін болмысын бүкіл дүниедегі бардың болмысынан ажыратып қарауға болмайды. Алайда дүниенің болмысы мен дүниенің құрайтын заттар, құбылыстар мен тіршілік иелері болмысының арасында айырмашылық бар. Сөйте тұра дүниенің өмір сүруіне ажырамас бірлік, әмбебап тұтастылық тән.

Дүние тұрақты, тұтас нәрсе ретінде  адамның санасынан тыс және оның еркінен тәуелсіз өмір сүреді. Әрине, бұл тұтастықтық өзі алуан түрлі көрініс тауып отырады. Әр адам күнделікті тіршілігінде табиғатпен, қоғаммен, басқа адамдармен өзінің ортық бірлігін іздеуге тырысады. Сонымен бірге оған заттар мен рухани құбылыстар, табиғат пен қоғам арасында, өзі мен басқа адамдар арасында айтарлықтай айырмашылықтар мен өзгешеліктердің бар екендігі өзінең-өзі белілі болады. Сөйтіп, заттар мен құбылыстардың арасында ортақтық бар ма, оларды не біріктіреді деген сұрақ алға тартылғанда, философтардың жасаған қорытындысы мынау: табиғат заттары, рухани құбылыстар (ой, пікір, тағы басқалары), қоғам және табиғат, түрлі жеке адамдар – бәріне ортақ нәрсе – олардың «бар» екендігі, өмір сүріп отырғандығы және де олардың жеке-жеке, өз бетінше емес, өзара байланыста, белгілі бір бірлік, тұтастық дүние құрамында екендігі.

Болмыстың философиялық проблема есебіндегі екінші қыры мыныған саяды: табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар – бәрі тең өмір сүреді, бірақ өмір сүру түрлері де қилы, сөйте тұра олар бар болуы арқылы шексіз де тұрақты дүниенің тұтас бірлігін құрайды.

Информация о работе Онтология