Ендi, мiне, Жаңа
замандағы материалист-ойшы Фейербах
бұл мәселеге қандай жаңалық
әкелдi екен? Оның ойынша, еркек
пен әйел арасындағы жыныстық
сезiмге негiзделген сүйiспеншiлiк
осы жаңа дiннiң арқауы болуы
керек. Өйткенi, адам табиғи-биологиялық
пәнде болғаннан кейiн оның
түйсiктерi мен сезiмдерi оны алдамайды,
тек қана сүйiспеншiлiктен басқа
шынайы практикалық және органикалық
нәрсе адамдар арасында жоқ
деген өз пiкiрiн айтады. Олай
болса, "аспандағы ләззаттан"
гөрi адам жердегi "сезiмдiк бақытқа"
ұмтылуы қажет. Ол, әрине, бiр-бiрiн
сүйетiн "сен" мен "меннiң"
қарым-қатынасы. Адамдардың бiр-бiрiне
деген қажеттiктерi оларды бiр-бiрiмен
теңеп топтастырады. Егер адамдар
Құдайға сенуден гөрi өздерiне
сенiп, адамның өзiн Құдай ретiнде
қараса, онда барлық адамдардың
арасында, олардың жынысына қарамай, достық
қарым-қатынастар қалыптасып, коммунизмге
жол ашылар едi,- дейдi ұлы ойшыл. Осындай
өздерiнiң рухани-адамгершiлiк
ойларымен Фейербахтың есiмi бiздiң санамызда
сақталып қалады.
Қорытынды
Немiс философиясының
келесi ерекшелiгi - Л.Фейербахтан басқа
барлық немiс ойшылдары - идеализм бағытының
өкiлдерi. Егер француз ағартушыларының
көбi материалистiк атеистiк бағытта болса,
И.Кант, Г.Гегель, И.Фихте сияқты ұлы философтарды
бiз материалистiк бағытқа жатқыза алмаймыз.
Бұлар, керiсiнше, адамның санасы, рухының
құдiреттi күшiн көрсете бiлдi. Сонымен қатар,
олар рухтың тарихи дамуын, ақыл-оймен
зерденiң арасындағы қайшылықтың бар екенiн,
рухани өмiрдегi ақиқат пен ерiктiң, iзгiлiк
пен әсемдiктiң дүниедегi ең бійiк тамаша
құндылықтар екенiн көрсете бiлдi.
Фейербахтың ойынша,
еркек пен әйел арасындағы жыныстық сезiмге
негiзделген сүйiспеншiлiк осы жаңа дiннiң
арқауы болуы керек. Өйткенi, адам табиғи-биологиялық
пәнде болғаннан кейiн оның түйсiктерi
мен сезiмдерi оны алдамайды, тек қана сүйiспеншiлiктен
басқа шынайы практикалық және органикалық
нәрсе адамдар арасында жоқ деген өз пiкiрiн
айтады. Олай болса, "аспандағы ләззаттан"
гөрi адам жердегi "сезiмдiк бақытқа"
ұмтылуы қажет. Ол, әрине, бiр-бiрiн сүйетiн
"сен" мен "меннiң" қарым-қатынасы.
Адамдардың бiр-бiрiне деген қажеттiктерi
оларды бiр-бiрiмен теңеп топтастырады.
Егер адамдар Құдайға сенуден гөрi
өздерiне сенiп, адамның өзiн Құдай ретiнде
қараса, онда барлық адамдардың арасында,
олардың жынысына қарамай, достық қарым-қатынастар
қалыптасып, коммунизмге жол ашылар едi,-
дейдi ұлы ойшыл.
Пайдаланған әдебиеттер
- Т.Ғабитов Философия: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық – Алматы, Раритет, 2004
- Кішібеков, Сыдықов Философия. Алматы 1994 ж.