Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 14:07, реферат
Немiс халқының рухы тудырған ХУIII- ХIХ ғғ философияға уақытында Ф.Энгельс “немiс классикалық философиясы² деген ат қойған болатын. Мұның өзiнен бiз өте биiк бағаны, деңгейдi сезiнемiз, өйткенi, “классика² деп адамзат тарихындағы қоғамның қайсыбiр саласындағы мәңгi өшпес жетiстiктердi айтамыз. Мысалы, қазақ халқының рухани өмiрiнде, өнерiнде классикалық орын алатын - ол Аль-Фараби, Абай, Құрманғазы, М.Ауезов т.с.с. ғұламалар. Олар тек қана қазақ халқына емес, бүкiл адамзат тарихына өзiнiң өшпес iзiн қалдырған тұлғалар.
I Кіріспе:
Классикалық неміс философиясы.
II Негізгі бөлім:
1.И. Канттың өмірі шығармашылық жолы.
2.Гегель неміс классикалық философиясының өкілі.
3.Фейербах философиялық антропологиясы.
III Қорытынды
Практикалық зерде априорлық жолмен өз-өзiне моральдық принциптердi ұсынады. өмiрден емес, тек таза моральдық ерiктен шығатын нормаларды бiз басшылыққа алуымыз керек. Мұндай көзқарасты парыз этикасы деп әбден айтуға болады.
Легальдық және моральдық iс-әрекеттер
Адамды белгiлi бiр iс-әрекетке итеретiн тәртiп ережесiн И.Кант императив дейдi. Оның екi түрi бар. Бiрiншiсi - гипотетикалық императивтер. Олардың ережелерi өмiрде қалыптасатын нақтылы жағдайларға байланысты, ал соңғылар әр-қашанда өзгерiсте. Гипотетикалық императивтер, сондықтан, адамның сыртқы, яғни гетерономдық жүрiс-тұрысын ғана анықтайды, оның iшкi мотивтерiн еске алмайды. Мысалы, “егер сатып алушылардан айырылып қалғың келмесе, онда сауда-саттықта олармен адал бол², “егер өзiңе пайда болсын десең, онда басқаларға қызмет ет² т.с.с. Мұндай ережелерге сай жүрiс-тұрыс, әрине, құпталады. Сонымен қатар, олар орындалмаған жағдайдағы жазалау мүмкiндiгi де адамға өз әсерiн тигiзбей қоймайды. Мұндай жүрiс-тұрысқа И.Кант легальды, яғни заңға қарсы емес деген ат қояды.
Императивтердiң екiншi түрi - ол категорикалық императивтер - оның ережелерiнiң түп-тамыры моральдық салаға кетедi. Оның талаптары үзiлдi-кесiлдi, қажеттi түрде әрқашанда орындалуы керек. Оның талаптары өмiрден алынған тәжiрибеден емес, адамның трансценденттiк табиғатынан шығады. Ол ешқандай “егер² деген сөзден басталатын тәртiп тәжiрибесiн мойындамайды. Сонымен қатар, гипотетикалық императивтер моральдық ережелерге қарағанда төмен болғанымен, соңғыларға қарсы емес. Мысалы, егер суға батып бара жатқан адамды құтқарған кiсi,- сол үшiн сый аламын,- деп суға түссе - онда оның iс-әрекетi легальды.
Ал ондай есеп болмай, тек қана парыздың негiзiнде- өз өмiрiн ойламай,- басқа адамды судан шығарамын, өлiмнен құтқарамын деген оймен суға тап берген адамның iс-әрекетi - моральды. Сонымен, легальдық пен моральдықтың шекарасы адамның iшкi сана-сезiмi арқылы өтедi екен.
Ендi сол И.Канттың моральдық салада жасаған категорикалық императивiн талдайық. Ол былайша берiлген : “әрқашанда жүрiс-тұрысыңның ережесi бүкiл адамзаттың талабына сай келсiн², яғни сенiң орныңда сол жағдайда басқа адам болса, ол да солай iстер едi. Категорикалық императивтiң талаптарын орындау жолында адам ешқандай пайдақорлықты iздемеуi керек. Тек басшылыққа басқа адамдар алдындағы парызымызды алуымыз қажет.
Категорикалық императивтiң екiншi ережесi “әрқашанда адамзатқа - ол өзiң, иә болмаса басқа адам болса да - ешқашанда құрал ретiнде қарама, әрқашанда оны мақсат тұт². Адам - бұл дүниедегi ең биiк құндылық, оны басқа ешнәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл ұлы гуманистiк принцип қайсыбiр дiндегi адамды төмендететiн қағидаларға қарсы бағытталған. Оны И.Канттың моральдық философиясының күштi жақтарына жатқызуға болады.
Ал ендi И.Канттың моральдық философиясының әлсiз жақтарына келер болсақ - ол парыз бен бақытты бiр-бiрiне қарсы қойуда. Егер мен басқа адамға жақсылықты оны сүйудiң, жақсы көрудiң негiзiнде жасасам, онда ол iс-әрекет өзiнiң моральдық жағын жояды. Моральдық жолда адам тек қана парызды басшылыққа алуы қажет. И.Канттың ойынша, тек қана “Парызды орындадым² деген ой ғана адамды өзiн бақыттымын деген сезiмге әкеледi. “Парыз, сен сәулеттi, ұлы сөзсiң!²,-деп қорытады И.Кант.
Әрине, адамдардың қарым-қатынасында, олардың iшкi ойлары мен сезiмдерi үлкен орын алады және адамдар оны аса бағалайды. Бiрақ, нақтылы жасалған iс-әрекеттi де естен шығармаған жөн. Нақтылы күнбе-күнгi өмiрде бiз бiреудi сүйемiз, екiншiнi жек көремiз, үшiншiнi - сыйлаймыз т.с.с. Адамның сезiм тебiренiсiз ешқандай қарым-қатынас жоқ, олай болса, мораль саласынан адамның сана-сезiмiн алып тастау тек қана абстрактылық теорияда ғана болса керек.
Ерiктiк мәселесi
И.Канттың ойынша, адам ерiктi түрде категорикалық императивтiң талаптарын мүмкiндiгiнше толық орындауы керек. Зорлықтың негiзiнде атқарылатын моральдық императивтер жоқ. Бiрақ, бұл теорияда ғана. Ал, нақтылы өмiрде, құбылыстар әлемiнде, адам көбiнесе гипотетикалық императивтермен кездеседi. Бұл жағдай оның жан-дүниесiнде үлкен қайшылықтарды тудырады.
Бұл қайшылықты шешу жолында И.Кант категорикалық императив шынайы өмiрде толығынан емес, тек соның талабына шексiз жақындау арқылы шешiледi деген пiкiр айтады. Ал мұндай жағдайда адам бақытқа жете ала ма?,- деген сұраққа ол былайша жауап бередi : “Мораль - бiз өзiмiздi қалайша бақытты қылуымыз керек жөнiндегi iлiм емес. Ол бiз қалайша бақытқа сай болуымыз керектiгiн көрсетедi².
Бақытты адам деп бiз өмiрден ләззат алғанды, иә болмаса барлық нәрсе соның еркi мен тiлегi арқылы орындалғанды емес, тек қана өзiнiң өмiрдегi парызын орындап, iс-қимылына қанағат еткендi айтамыз,- деп қорытады ұлы ойшыл.
И.Канттың ойынша, ешкiм және ешқашан тек қана парыз идеясының негiзiнде өмiр сүре алмайды. Жоғарыдағы айтқандай, тек қана трансценденттiк шексiздiктiң аясында ғана категорикалық императивтiң толық орындалуына үмiт артуға болады. Сондықтан, адамның жан-дүниесiнiң өлместiгi болуы қажет. Мiне, бұл практикалық зерденiң екiншi тұжырымы.
И.Канттың ойынша, тарихи, ғасырлар өткен сайын адамзаты моральдық идеалға жақындай түсуде, әсiресе, болашақ “этикалық мемлекет² орнаған кезде бұл процесс тездеуi мүмкiн. Ал, бiрақ, трансценденттiк жағдайда идеалға жақындап жету басқаша болмақ, өйткенi адам өлместiк сатысына көшедi.
Жiгердiң ерiктiгi мен жан-дүниенiң өлместiгi үшiн қажеттi түрде белгiлi бiр онтологиялық (болмыстық) негiз керек. Ең болмағанда логикалық түрде адам Дүниеде құдiреттi күштiң бар екенiн мойындауы керек. Олай болса, мұндай негiз деп тек Құдайды атауға болады. Құдай, сондықтан, бар және болуы қажет.
И.Канттың ойынша, Құдайға сенбеушiлiк адамдардың моральдық деңгейлерiн күрт төмендетер едi, олар табиғаттан әлсiз және жетiлмеген болып жаратылғаннан кейiн күнәға батып адамдық қасиеттерiнен жұрдай болуы мүмкiн. Сонымен, И.Кант “Мен не нәрсеге үмiттене аламын?,- деген сұраққа - “Дiни сенiмге²,- деп жауап қайтарады.
Құқық және мемлекет мәселелерi
Егер И.Канттың моральдық философиясы адамдардың күнбе-күнгi тәжiрибесiнен аулақ болатын болса, оның құқтық көзқарастары, керiсiнше, нақтылы өмiрмен тығыз байланысты. Адамдардың табиғи құқтарының негiзгi қызметi - тұлғаның моральдық еркiндiгiн бекiту, парыздың орындалуына жағдай туғызу. Құқтың өмiр сүруiнiң ерекшелiгi - ол әр-түрлi адамның қарым-қатынастарын әдiлеттiлiктiң негiзiнде ретке келтiредi.
И.Канттың ойынша, адамдардың негiзгi табиғи құқтарына жеке меншiкке деген құқ жатады, тек ол басқа адамдардың бостандығына зияндығын тигiзбесе болды. Табиғи құқтың негiзгi қағидаларының бiрi - jus talions (тең құндық,тiске-тiс, көзге-көз).
Ал мемлекет мәселесiне келер болсақ , - ол адамдардың заңдардың негiзiндегi бiрiгiп қауымдасуы, оның негiзiнде әдiлеттiлiк принципi жатуы қажет. И.Канттың ойынша, республикалық басқару жүйесi король билiгiне қарағанда жақсы, өйткенi король даналық пен әдiлеттiлiктi ұзақ уақыт бойы сақтай алмай қалады, ұзақ уақыт билiктi ұстаған адам қажеттi түрде зерденiң ерiктi тұжырымын бұрмалайды.
Мемлекет аясында қоғамнан ажыратуға болмайтын үш принцип бар. Олар - әр адамның ерiктiлiгi, азаматтардың теңдiгi және әрбiр азаматтың дербестiгi.
Тарих философиясы
И.Канттың ойынша, халықтардың дамып жетiлуi көп жағдайларда “сол елдердiң туған жерiне, еңбек салаларына, әдет-ғұрыпына, қол өнерi мен саудаға, халықтың тығыздығына байланысты².
Қоғам өмiрiнде гипотетикалық және категорикалық императивтер бiр-бiрiмен қайшылыққа түседi. Адамдар өз табиғаты бойынша тойымсыз, сараң және өлшемсiз, билiкке, үстемдiкке деген iңкәрләрiмен мiнезделедi.
Сонымен қатар, категорикалық императивтiң талаптарына сәйкес, олар өздерiнiң жүрiс-тұрысын моральдық тұрғыдан ақтағысы келедi. Бiр жағынан адамдар бiр-бiрiнен алшақтап, екiншi жағынан бiр-бiрiне жақындайды, өйткенi олар неше-түрлi өздерiнiң қажеттiктерiн өтеу жолында бiр-бiрiнен көмек iздеуге мәжбүр болады. “Адам сондай қисық ағаштан жасалғаннан кейiн, оны қанша сүргелесең де түп-түзу қылу мүмкiн емес,- дейдi И.Кант. Бiрақ, осыған қарамастан, жеке адамдар арасындағы қайшылықтар бүкiл қоғамдық тұрғыдан алып қарағанда, тарихты алға жылжытады. Қоғам әлеуметтiк жағынан алға жылжыған сайын қайшылықтар да өсе бастайды. Жетiлген болашақ қоғамда “оның мүшелерiне орасан зор ерiктiк берiледi, олай болса, олардың арасындағы қайшылықтар да өмiр сүредi,- деп қорытады И.Кант.
И.Канттың ойынша, адамзат тарихы бүкiладамзаттың құқтық- азаматтық ақуалына қарай дамып келедi, бiрақ оған толығынан бұл дүниеде жету мүмкiн емес. Жалпы алғанда, адамзаттың сыртқы мәдениетi оның моральдық жетiлуiне қарағанда анағұрлым тез дамып келедi. Бұл адамзат алдында тұрған үлкен үрей,- деп есептейдi ұлы ойшыл. Әрине, И.Канттың заманынан кейiнгi уақыт бұл кiсiнiң ойының негiзсiз емес екенiн ашық көрсеттi - тек өткен ХХ ғ өзiнде-ақ екi дүниежүзiлiк соғыста миллиондаған адамдар соның құрбаны болған жоқ па ?!!
Сондықтан, И.Кант мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды, халықтар арасындағы алауыздықты қалайша жойу керек, адамзат өмiрiнде “мәңгiлiк бейбiтшiлiктi² қалай орнату керек деген сияқты көкейтестi сұрақтарға жауап беруге тырысты.
“Бүгiнгi таңда халықаралық қатынастарда үстемдiк жасайтын құқ емес, тек қана зорлық-зомбылық²,- деп қорытады ұлы ойшыл. Соғыс - адамның өз-өзiне мақсат екенiн аяққа басады, сондықтан, “ол болмауы қажет².
Соғыс болмауы үшiн мемлекеттер арасында тек қару-жарақ болып, олар өздерiн өзара қорқытып ұстауы қажет, я болмаса болашақта бүкiл адамзатын бiр ғана дүниежүзiлiк мемлекеттiң аясында бiрiктiру қажет деген кең тараған пiкiрлерге И.Кант үзiлдi-кесiлдi қарсы шығады. Оның ойынша, мемлекет арасындағы қару-жарақ, күш теңдiгi ертелi-кеш әрқашанда бұзылады, ал бүкiл дүниежүзiлiк мемлекет халықтардың бостандығын аяққа басар едi.
И.Канттың ойынша, тек қана бүкiл жер бетiндегi мемлекеттердiң ерiктi федерациясы ғана халықтардың бостандығы мен саяси дербестiгiн сақтап қалуға мүмкiншiлiк бередi. “Ол халықтар одағы болар едi, бiрақ ол ешқашанда халықтардың мемлекетi болмауы керек²,- деп ойлайды И.Кант. Сонымен, ол ұлттық мемлекеттiң өмiр сүру құқын осылайша қорғайды.
Бүкiл адамзаттық-азаматтық ақуалды жақындату үшiн халықаралық келiсiмдер қатаң сақталып, мемлекеттiң iшкi iстерiне басқалар араласпай, халықтар арасында сауда-саттық, мәдени байланыстарды дамыту қажет. Байқағанымыздай, И.Канттың бұл саладағы негiзгi идеялары өз заманын озып бүгiнгi уақытта да өзектiлiгiмен байқалады.
И.Канттың философиясы дүниежүзiлiк философия тарихында өзiнiң өшпес iзiн қалдырды. Көп ғалымдардың айтуына қарағанда, И.Кант Х1Х ғ Немiс философиясының негiзiн ғана қалап қоймай, ХХ ғ көп философиялық толғауларға өзiнiң әсерiн тигiздi.
Гегель - немiс классикалық философиясының шыңы
Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831 ж.ж.) - Германияның Штутгарт қаласында лауазымы биiк шен иесiнiң жанұясында дүниеге келген. Гимназияны үздiк бiтiрiп, 1788-1793 ж.ж. Тюбинген теологиялық институтында оқиды. 1801 ж. бастап Иена университетiнде ғылыми-педагогикалық жұмыс атқара бастайды.
Негiзгi еңбектерi: “Рухтың феноменологиясы (құбылысы) ², “Логика ғылымы², “Философиялық ғылымдардың энциклопедиясы², “Құқ философиясы², “Эстетикаға арналған лекциялар² т.с.с.
Өзiнiң философиялық жүйесiн жасау жолында Гегель ойлау мен болмыстың теңдiгiнен бастайды. Ал онда оның Шеллингтiң философиясынан айырмашылығы неде?,- деген сұрақ пайда болуы мүмкiн. Расында да, Шеллинг , жоғарыда көрсеткендей, Абсолюттiң ойлау мен болмысының тепе-теңдiгiн мойындады. Бiрақ, сол тепе-теңдiктен шығудың қайнар көзiн ол белгiсiз бiр құдiреттi күштен көредi де, оны тек қана эзотерикалық (құпия) жолмен сезiнуге болатынын айтады. Ал Гегельге келсек, ол сол ойлау мен болмыстың теңдiгiн ғана мойындап қоймай, оны айырмашылық ұғымымен тығыз байланыстырып, олардың өзара iшкi диалектикасын ұғымдық (категориялық) деңгейде түсiнуге болатынын айтады.
Екiншiден, Гегель Абсолюттi дамып жатқан субстанция ретiнде қарап, философияға тарихи көзқарасты еңгiзедi. Сонымен қатар, дамудың өзi қайшылықтың негiзiнде, заттың бүгiнгi жағдайының терiске шығарылып, оның қарама-қарсыға өтуi, соңғының өзi жүре келе терiске шығарылатыны т.с.с. ретiнде қаралады.
Көркем сөзбен пайымдай келе, Гегель “ақиқат - алдын-ала құйылып қалтаға салуға дайын тұрған күмiс ақша емес², оған жету үшiн жеке адам жалпы рухтың өткен тарихи жолымен танысып, оны егжей-тегжей бiлiп, игеру керек екенiн айтты.
Осындай диалектикалық көзқарастың негiзiнде Гегель өзiнiң орасан зор философиялық жүйесiн тудырды. Ол Абсолюттiк идеядан басталады. Басқаша сөзбен айтқанда, ол - абсолюттiк бiлiм, таза ұғым - шынайы болмыстың өзi. Оның өз-өзiне келiп тануын, өз-өзiн анықтауын ол “Логика ғылымы² арқылы бередi.
Сонымен қатар, абсолюттiк идея өз-өзiне тең ойлау сатысынан өтiп, iс-әрекет арқылы өзiнiң өзге болмысына - табиғатқа айналады. Ал табиғат дегенiмiз, Гегельдiң ойынша, немқұрайлы сыртқы затқа айналған идея. Табиғаттың мақсаты - өзiнiң тiкелей сезiмдiк сатысынан өтiп, Феникс құсы сияқты өзiн қайта жаңару үшiн жағып, жасарып, осы сыртқы болмыстан рух ретiнде қайта дүниеге келу болып табылады.
Рух дегенiмiз - шектелген сана, ойлай алатын қабiлетi бар пәнде, яғни - адам. Бiрақ, ол табиғаттан шықса да, Гегельдiң ойынша, оның туындысы емес - ол өзiнiң өзiндiк нәтижесi. Рух өзiнiң алғы шарттарынан - логикалық идея мен сыртқы табиғаттан - өзiн тудырады. Сонымен, абсолюттiк идея ең алдымен таза логикалық дәрежеде болады, соңынан табиғатқа айналып, соның iшiнен адамзат осы тұрғыдан қарағанда, Гегельдiң ойынша, философия ғылымын үшке бөлуге болады.
Бiрiншi, ол - Логика. Ол - өзiнде және өзiне бағытталған идеяны зерттейтiн ғылым.
Екiншi - табиғат философиясы. Ол - өзiнiң өзгеше болмысындағы идеяны зерттейтiн ғылым.