Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2012 в 22:32, реферат
Мәдениет — философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет ұғымы коғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланылады. Сонымен қатар адамзат тарихын зерттеушілер де мәдениет мәселесін қамтымайынша, дұрыс пайымдаулар жасай алмайтынын ескерте кету керек. Қысқасы, бұл ұғым саналы іс-әрекет жемісін даму процесінде көрсетуге бағытталған. Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір халықтың өзіне ғана тән дәстүрлері болады. Бұдан мәдениеттің көп түрлілігі ондағы жалпылықты, әмбебаптықты теріске шығарады деген қорытынды тумайды. Керісінше, мәдениеттің нактылы — тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін және ондағы жалпы ерекшеліктің диалектикасын білдіреді.
Көпшілікке арналған әдебиетте мәдениет мәселесін рухани, көркемдік салаларымен байланыстыра қарау басым. Шынына келгенде, мәдениет — адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, оған рухани да, материалдық та жетістіктер жатады.