Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2012 в 22:32, реферат
Мәдениет — философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет ұғымы коғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланылады. Сонымен қатар адамзат тарихын зерттеушілер де мәдениет мәселесін қамтымайынша, дұрыс пайымдаулар жасай алмайтынын ескерте кету керек. Қысқасы, бұл ұғым саналы іс-әрекет жемісін даму процесінде көрсетуге бағытталған. Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір халықтың өзіне ғана тән дәстүрлері болады. Бұдан мәдениеттің көп түрлілігі ондағы жалпылықты, әмбебаптықты теріске шығарады деген қорытынды тумайды. Керісінше, мәдениеттің нактылы — тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін және ондағы жалпы ерекшеліктің диалектикасын білдіреді.
Көпшілікке арналған әдебиетте мәдениет мәселесін рухани, көркемдік салаларымен байланыстыра қарау басым. Шынына келгенде, мәдениет — адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, оған рухани да, материалдық та жетістіктер жатады.
Реферат
Тақырыбы:
«Мәдениет философиясы және оны зерттеу тәсілдері»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2011ж.
Жоспар
1. Мәдениет туралы әртүрлі ғылыми концепциялар, тұжырымдар.
2. Мәдениет адам дамуының өлшемі
3. Мәдениетжәне өркениет арақатынасы, байланысы, зандылықтар, ерекшеліктері.
4. Мәдениетті философия тұрғысынан зерттеу
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Мәдениет — философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет ұғымы коғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланылады. Сонымен қатар адамзат тарихын зерттеушілер де мәдениет мәселесін қамтымайынша, дұрыс пайымдаулар жасай алмайтынын ескерте кету керек. Қысқасы, бұл ұғым саналы іс-әрекет жемісін даму процесінде көрсетуге бағытталған. Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір халықтың өзіне ғана тән дәстүрлері болады. Бұдан мәдениеттің көп түрлілігі ондағы жалпылықты, әмбебаптықты теріске шығарады деген қорытынды тумайды. Керісінше, мәдениеттің нактылы — тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін және ондағы жалпы ерекшеліктің диалектикасын білдіреді.
Көпшілікке арналған әдебиетте мәдениет мәселесін рухани, көркемдік салаларымен байланыстыра қарау басым. Шынына келгенде, мәдениет — адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, оған рухани да, материалдық та жетістіктер жатады. Басқаша айтқанда, адам болу үшін еңбек құралдарын жасауы, сөйлесуі, пікір алысуы, түсінісуі қажет. Міне, сол алғашқы еңбек құралдары, сондай-ақ мақал-мәтелдер ежелгі мәдениет ескерткіштері болып табылады.
Материалдық өндіріс рухани өмір сияқты бір қалыпта қала бермейді. Өндіріс қажеті оның дамуын, жаңаша қалыптасуын туғызады, оны күрделі ете түседі. Әрбір жаңа материалдық белес мәдениеттің де жаңа, неғұрлым жоғары деңгейге көтерілуін білдіреді, яғни мәдениет ұғымының қоғамдық-гуманитарлық білім шеңберін кеңейтіп, кең саланы қамтитындығын айтып өткен жөн. Бұл арада материалдық мәдениеттің адам тарихындағы ерекше рөлін арнайы бөліп айту себебіміз - мәдениеттің адам проблемасымен тығыз байланыстылығын естен шығармау қажет екендігіне көңіл аудару болып отыр.
Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен катар барлық қолмен, ақылмен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі қазіргі бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет. Өткендегі құрал-саймандар із-түзсіз жоғалып кетпейді. Антик дүниесі философиясының өкілдері, қайта өрлеу дәуірінің ойшылдары, жаңа заман идеологтары, XIX ғасырдағы рухани дүние алыптары өздерінің шығармаларымен қазіргі күнге қызмет етіп отырғанына ешкім күмәндана алмайды. Сол сиякты біздің дәуіріміздегі мәдениет те болашаққа ұмтылысымен, әлемдік мәселелерге тікелей қатынасымен жер бетінде адамгершіліктің салтанат құруына атсалысуда. Бұл процесс рухани саланы ғана қамтымайды.
Мәдениет негізі — еңбек. Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын, мәдениет те жаңа сипат алып отырады. Алғашқы еңбек бөлінісінен қазіргі кезеңге дейін еңбек материалдық өндіріс мәдениетін жетілдірудің негізі болып келеді. Егер садақ пен жебе, жүген мен үзеңгі, кәдімгі доңғалак бір кезде адамның табиғатпен байланысындағы төңкерістің куәсі болса, бүгін ғылыми-техникалық революция жетістіктері де, өндірістегі жаңа техника мен технология да материалдық мәдениеттегі төңкерісті білдіреді.
Мәдениет адамсыз жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелдікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам өмірінде алатын орнын түсінуге болады. Мәселен, 1823 жылы гректердің Милос аралы жағалауындағы теңізден табылған Венера (Афродита) аталған, бойы 207 см келетін әйел мүсіні — әйел сұлулығының үлгісі аталды. Теңіз ішіндегі құмнан шығармақ болғанда мүсіннің қолы сынып қалса да, ондағы әйелдің тұрған тұрысы, бейнесі, мойны, омырауы, белі, мықыны қай заманда болсын ғажап сұлу көркемдікті паш ететін құбылыс. Ол б. з. б. IІІ—II ғасырларда жасалған көрінеді. Ал енді мүсін тек адамдарға ғана рухани ләззат береді. Адамнан басқа тірі жанға оның ешқандай әсері жоқ, болмайды да. Олай болса, сол мүсіннің тек геометриялық түрі емес, оның рухани мәні болғанын байқатады.
Мәдениет тарихи процестермен ұштасып жатады, сол тарихи процестердің тікелей туындысы болып табылады. Сонымен бірге мәдениеттің бір ерекшелігі оның өз бойындағы сабактастықты терең сақтай білуінде.
Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірді білу, оның өндірістік қатынастары қандай болғанын анықтау, өмір салты, рухани дүниесі қандай ерекшеліктермен анықталатынын ажырата білу кажет. Олай болса, мәдениетті адам әрекетінен, оның өзгертуші қызметінен бөліп алу мүмкін емес. Керісінше, ертеде өткен адамдардың түрлі кұрал-саймандары калдықтарына (сынықтарына) қарап, ол қауымдастык қашан өмір сүрді, даму деңгейі, дүниетанымы қандай болды, соны ажыратып білуге болады.
Өткен уақыт мәдениеті — халықтық мұра, ол адамның өзі, оның өткен жолы, болашағынын сатысы, сондықтан бұрынғы мәдениет туындыларын қазіргі сана дәрежесі негізінде, қоғамның осы заманғы қалпына сөйкес бағалау диалектикалық ойлауды кажет етеді. Байқасақ, мәдениетті қоғам дамуынан бөліп алуға болмайды, өйткені мәдениет — сол дамудың көшірмесі, бейнесі, белгілі бір мағынада болашағы да. Жаңа тарих дәуірі кейбір антикалық ойларды қайта жаңғыртып, мәдениет дамуына тиек етгі. Солардың бірі — мәдениетті табиғи ортамен байланыстыра қарау. Оған мысал ретінде Д. Дефоның «Робинзон Крузо» романындағы Робинзон образын келтіруге болады.
Мәдениет қандай түр алса да, адамдық мазмұнда болады. Тек өзгертуші, жасаушы субъект ретінде ғана адам мәдениетті қабылдайды, дәлірек айтсак, тарихи процестердің субъектісі болып табылатын адамның қоғамдық, материалдық және рухани қызметінің барлык саласы мәдениет деген жалпы ұғым арқылы түсіндіріледі. Бұл тарихты материалистік тұрғыдан түсінуге сай келеді.
Мәдениеттегі адам қызметі өзінің объективті мазмұнымен анықталады. Қандай мәдениет көрінісін алсақта, біз белгілі бір тарихи жағдайларға байланысты жарық көрген адам кызметінің нәтижесін мақтан етеміз (тіпті ондай мақтаныш болмаса да, еңбек жемісін мойындауға мәжбүр боламыз). Мәдениет көрінісін өткінші, бүгін бар да, ертең жоқ деп қарауға болмайды. Тарихи сабақтастыкты ақиқат деп қараушы әрбір адам мәдениеттегі шындықты әлеуметтік қажеттерден туған шындық деп бағаламай тұра алмайды.
Мәдениеттің ерекшелігі сол - ол тек объективті шындық түрі ғана емес, шығу тегі жағынан алғанда, оның объективті мазмұны. Мәдениеттің материалдылығының өзі, оның шығу көзі адамға байланыстылығында. Адамның өмір сүру әдісі мен объективті қызмет негізінде ғана мәдениет материалдық сипат алады. Маркстің сөзімен айтқанда, мәдениет туындысы дегеніміз - адам тұрмысының затқа айналған мәні. Бұдан мәдениет дайын зат ретінде, заттық түр ретінде өмір сүреді деген қорытынды жасауға болады. Шынында да, материалдық мәдениет өндіріс құрал-жабдықтары, сәулет өнерінің мұралары арқылы білінсе, рухани мәдениет кітаптар, қолжазбалар, қылқалам шығармалары арқылы, сондай-ақ өлең, жыр, ертегі, терме, жұмбақ, жаңылтпаш, әңгімелерден мәлім болады. Заттың мәдени бағаға ие болуы үшін ең алдымен адамдық сипат алуы керек.
Кең мағынада алғанда, мәдениет адамдардың өндірістік қызметінің барлық салаларын қамтиды, өйткені еңбексіз адам тарихи процеске қатыса алмайды. Тар мағынада алғанда, мәдениет кәсіптік мамандығы бар адамдардың немесе кәсіптік одақтардың қызметі аркылы баянды болады. Бұл екі тұжырым да орынды. Мәселе — мәдениет жайында қай уакытта, қандай жағдайға байланысты сөз етіліп отырғанында болмақ.
Адам қызметінің кажетті шарты ретінде табиғат пен қоғам адамның мәдени болмысының көрінісі болып табылады, өйткені тек табиғи және қоғамдық ортада ғана адам өзінің күрделі адамдық қасиетін білдіре алады. Сонымен бірге табиғат қандай да бір мәдениеттен бұрын болады, мәдениеттің пайда болып, дамуының алғышарттары рөлін атқарады. Табиғат пен мәдениеттің бірлігі шартты, олар бір-біріне қарсы емес, қайта мәдениеттің дамуына табиғат әсерін тигізсе, мәдениет өз кезегінде табиғаттың мәдени түр алуына жағдай туғызады.
Табиғат пен мәдениет барлық уақытта бірдей, парапар болмайды. Олардың терең мәнді айырмашылықтары да бар. Табиғат мәдениеттен бұрын, адам еркіне, санасына тәуелсіз пайда болған, ал мәдениет — адамдар қызметінің жемісі, олардың қажеттерін өтеуге негізделген. Бірақ бұл — үстіртін сипаттама ғана. Табиғат пен мәдениет арақатынасының өз тарихы бар, оны осы екеуінің ажырамас бірлігін мойындамайынша түсіну мүмкін емес. Шынында, табиғат мәдениет дамуының алғышарты бола отырып, көп жағдайда сол мәдениет көріністерінің табиғи процестерге тікелей араласуы салдарынан не көркейіп, не құлдырап, азып-тозып кетуі мүмкін. Табиғат пен мәдениеттің арақатынасын шешкенде табиғатқа деген қамқорлық, мейірімділік естен шықпауы керек. Ол ұмытылса, мәдениет деген мәдениетсіздіктің, табиғатқа озбырлықпен қараудың нақ өзіне айналады.
Мысалы, алды-артын анықтамай тың жерлерді игеру көп жағдайда табиғатқа зиянын тигізгені бүгінде баршаға мәлім болып отыр. Тек сан көрсеткіштерін қуалап, пәленше миллион тың және тыңайған жерлердің қыртысын қопаралық деген біреудің еліруіне сай ұранға бейімдеушіліктен көптеген құнарлы топырақтың желмен ұшып, топырақ эрозиясына душар болып кетуі, мал жайылымдарының азаюы, т.б. келеңсіз жайттар табиғат пен мәдениеттің арақатынасын шешудегі рухани соқырлықпен субъективизмнің ырықтық көрінісі болды. Оның үстіне Қызыл кітапқа енген жануарлардың, құстардың құрып-жойылып, өсімдіктердің селдіреп бара жатқанын да айтпасқа болмайды. Ең өкініштісі, ел аман, халықтың көзі түгел тұрғанда олардың, озбырлардың баю объектісіне айналғаны.
Мәдениет субъектісі бола отырып, адам әрдайым өз белсенділігін көрсетеді. Ол белсенділік ақылға сыйымды болса, мәдениет табиғаттың көркейіп, гүлденуіне демеуші болады. Керісінше, ол белсенділік жеке бастың мақсатынан туатын болса, табиғатқа да, қоғамға да орасан нұқсан келтіреді, экологиялық апаттар туғызады. Себебі тарихи процесте табиғат пен мәдениет ажырамас бірлікте болып табылады.
Табиғат пен мәдениеттің арақатынасы - адамның табиғатқа қатысы, табиғатпен байланысы, табиғи ортаны игеру әдісі. Материалдық игіліктерді өндірсе де, рухани қызметпен айналысса да, адам сол табиғаттан нәр алады, басқаша айтқанда, оның тарихи дамуы табиғатқа байланысты. Анықтап айтқанда, табиғат материалдық өндірістің мазмұнын анықтауда ерекше рөл атқарады. Өндіріс әдісі көп жағдайда сол табиғи ортаға байланысты. Мысалы, кең дала, көшпелілікке ыңғайлы жағдай қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы мәдениетінің сол көшпенділікке бейімделе қалыптасуына себепші болдыАдамның табиғатқа қатысы оның қоғамдык тіршілік әдісіне негізделеді. Осыдан келіп адамның мәдени деңгейін анықтау туады. Табиғаттағы барды молайта түсіп, азды үнемдеп, тіршілікті аялай білу адам мәдениетінің даму деңгейін көрсетеді.
Мәдениеттің мазмұндығы рухани арақатынастан айқын көрінеді, өйткені адам санасының мәдени-тарихи түрінің негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Шынында да, мәдениеттің тарихи мәні, жасалуы, дамуы іргелі философиялық мәселелердің бірі болып отыр. Мәдениет біркелкі емес: онда прогресшіл, болашаққа қызмет ететін және регресшіл, кертартпа, тек өткенге немесе өткіншіге қызмет ететін элементтер болады. Философия мәдениетті тек сипаттап қана қоймайды, оны сын көзбен бағалап, топшылай отырып, мәдениет дамуының методологиялық негізін қамтамасыз етеді. Турасын айтқанда, философияның өзі қоғамдық сана түрі ретінде мәдениет саласына жатады.
Мәдениеттің философиялық сипаттамасын оның құрылымы арқылы көруге болады. Ресми әдебиетте «саяси мәдениет», «экономикалық ойлау мәдениеті», «адамгершілік мәдениеті», «тәрбие мәдениеті», «ұлтаралық қатынас мәдениеті» деген көптеген мәдениетке қатысты сөз тіркестері кездеседі. Олардың әрқайсысы, жекелеп алып қарағанда, философиялық мәселелер. Басқаша айтканда, философия мен мәдениеттің арақатынасы қоғамның рухани өмірінде орын алатын келелі, күрделі құбылыс екенін бөліп қарау қажет.
Мәдениет пен өркениеттілік тарихта ұдайы қатар жүріп келеді. Мәдени көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, адам еркіндігі де соғұрлым арта түседі.
Өркениеттіліктің өндірісті дамытпай тұруы мүмкін емес, өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани қазыналар жасау болып табылады, ал мұның өзі күрделі қоғамдық катынастарды қамтиды. Табиғи ортаны игеру, коғамды жетілдіру мәдениет пен өркениеттілік деңгейін көрсетеді. Олай болса, бұл - өркениеттілік пен мәдениет өзара тығыз байланысты жөне бір объективті негізде дамиды деген сөз.
Сонымен бірге өркениеттілік пен мәдениеттің өзара байланысының сипаты қоғам құрылысына қарай өзгеріп отыратынын да айту қажет. Таптық қоғамдарда олардың жолында қиын терең кайшылықтар болады. Еңбекші бұқара жасаған мол мәдениет казыналары көбінесе үстем тап өкілдерінің меншігіне айналады, солардың түрлі мақсатына, игілігіне жұмыс істейді. Тіпті қазіргі капитализм өз мәнін қаншама демократияландыруға ұмтылса да, тұтыну заттарын көбейтіп, қоғамдык жағдайларды қаншама жақсартса да, өзінің үстем таптық, басқа елдердің табиғи байлығын талан-тараждау, т.б. тар сипатынан арыла алмай отыр. Әрине, мәдениет шын мәнісінде халықтікі. Бірақ мұндағы өркениеттілік пен мәдениет диалектикасын даңғыл жолмен ешқандай бөгетсіз жүріп бара жатқан процесс деп қарауға тағы болмайды. Мысалы, ұлтаралық қатынас мәдениеті өркениеттілік жағдайында дүмпулі қайшылықтардан аулақ болуы қажет. Сол ұлтаралық қатынастар мәдениетін жоғары дәрежеде іске асыру үлгісін халықтар Ассамблеясының баянды жұмыстары арқылы Қазақстан бүкіл әлемге паш етіп отыр. Олай болса, бұл мәселені шешуге болады. Ал әлеуметтік саяси шындық, өркениеттілік пен мәдениет арасында шешімі табылмаған күрделі қайшылыктар бар екендігін өмір көрсетіп отыр. Оны ғылыми - техникалық революция жетістіктерін пайдаланудан да көруге болады. Өркениеттілік - қоғамдық қатынастар мен рухани көзқарастың нөтижесі.
Информация о работе Мәдениет философиясы және оны зерттеу тәсілдері