Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 19:04, реферат
Марксизм – бұл жұмысшы табының, жұмысшы табы үшін қалыптасқан ілім. Маркс ілімі туралы В.И.Ленин «Маркстік ілімі – ең күшті ілім, өйткені ол дұрыс ілім. Ол ілім – адамдарға жоққа сенудің қандайымен болса да, реакцияның қандайымен болса да, буржуазиялық езгіні қорғаудың қандайымен болса да ымыраласпайтын тұтас көзқарас беретін толық және жүйелі ілім.
Кіріспе---------------------------------------------------------------3
Негізгі бөлім
1 К.Маркс----------------------------------------------------------4
2 Марксизмге көзқарас----------------------------------------------7
3 Марксимзге берілген қазіргі саяси баға--------------------------9
Қорытынды--------------------------------------------------------------------13
Пайдаланған әдебиет тізімі----------------------------------------------
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар мен Инжиниринг университеті
Экономика
және құқық институты
Халық
аралық қатынастар кафедрасы
Саясаттану пәнінен
Тақырыбы: Марксизм саяси ілім ретінде
Мазмұны
Кіріспе-----------------------
Негізгі бөлім
1
К.Маркс-----------------------
2 Марксизмге
көзқарас----------------------
3 Марксимзге берілген
қазіргі саяси баға--------------------------
Қорытынды---------------------
Пайдаланған
әдебиет тізімі----------------
Кіріспе
ХІХғ. 40-шы жылдары еңбек пен капитал арасындағы күрес шиеленісе түсті. Бірқатар елдерде пролетариат табы дербес күштерге айналды:
Францияда – 1831 және 1834 ж. лион тоқымашыларының көтерілісі;
Англияда – 30-шы жылдардағы чартистердің қозғалысы;
Германияда – 1844 ж. силездік тоқымашылардың қоғалысы.
Жұмысшылардың бұл қозғалыстарының бәрі капиталистік жүйеге қарсы бағытталды. ХІХ ғ. 40-шы жылдары пролетариаттың революциялық қозғалыстарының орталығы Германияға ауысты. Қалыптасқан осы жағдайлардың жиынтығы марксизмнің 40-шы жылдары Германияда пайда болуына әкелді.
Марксизм
– бұл жұмысшы табының, жұмысшы
табы үшін қалыптасқан ілім. Маркс
ілімі туралы В.И.Ленин «Маркстік
ілімі – ең күшті ілім, өйткені
ол дұрыс ілім. Ол ілім – адамдарға
жоққа сенудің қандайымен болса
да, реакцияның қандайымен болса да,
буржуазиялық езгіні қорғаудың қандайымен
болса да ымыраласпайтын тұтас көзқарас
беретін толық және жүйелі ілім. Ол ілім
– адамзаттың ХІХ ғасырда жасаған неміс
философиясы, ағылшын саяси экономиясы,
француз социализмі сияқты таңдаулы ілімдердің
заңды мирасқоры...», - деп жоғары баға береді.
Марксизм ілімінің негізін салушылар
неміс революционер-ойшылдары Карл Маркс
пен Фридрих Энгельс.
К.
Маркс
К. Маркс Пруссияда (Германияда) Трир қаласында, адвокаттың еврей отбасында 1818 жылғы 5 мамырда дүниеге келген. Маркс Трир гимназиясында, одан соң Бонн және Берлин университеттерінде оқыды. Университетті бітіргеннен кейін «Демокриттің натурфилософиясы мен Эпикурдың натурфилософиясы арасындағы айырмашылық» деген тақырыпта докторлық диссертацияны тамаша қорғап шығады.
Маркстің революциялық қызметі өте ерте басталды. 1842 жылы ол «Рейн газетін» (рейндік радикал буржуазияның органы) шығаруға белсене қатысты және оның редакторы болды. Редактор болып жүргенінде ол экономикалық мәселелермен тереңірек айналысты, мемлекет пен заң орындарын сынға алудан саяси экономияны сынауға көшті. Осы жылдары Маркс газеттің революциялық-демократиялық бағытын едәуір күшейтті. 1848 жылғы наурызда Пруссия үкіметі бұл газетті жапты. Бұдан кейін Маркс Парижге көшіп, «Неміс-француз жылнамасы» журналын шығаруғы кірісті. Бұл журналда ол «Гегельдің право философиясына сын. Кіріспе» және «Еврей мәселесіне» (1843-1844) деген мақалалар жариялады.
Гегель философиясын талдау барысында ол, жеке меншікті жойып, әлемдік құрылысты түбірімен өзгерте алатын пролетариат күшінің рөлін түсінді, әрі пролетариаттың мүддесін қорғады.
1844
жылы Маркс пен Руге шығарған
«Неміс-француз жылнамасында»
Жеке меншіктің мәнісін одан әрі ашу үшін Маркс, еңбек пен капитал арасындағы диалектикалық байланысты талдайды. «Жұмысшы, - деп жазды ол, - капиталды өндіреді, капитал жұмысшыны өндіреді». Сондықтан буржуазиялық қоғамда «жеке меншік қатынасы – бұл еңбек, капитал және олардың өзара қатынасы». Егер жеке меншікті Маркс оқшауланудың салдары деп қарастырса, оқшауланудың өзі еңбек бөлінісінің салдары болып шығады.
Еңбек бөлінісінің экономикалық қатынастардың алғы шарттары туралы алғашқы зертеулік қадамдарын К.Маркс пен Ф.Энгельс кейіннен бірігіп жазған «Неміс идеологиясы» еңбектерінде қарастырады және бұл еңбекте Маркс пен Энгельс ғылыми коммунизмнің жаңа қалыптасқан теориясын баяндады.
1844
жылғы тамыздың аяғында
Парижде Маркс пен Энгельс «Қасиетті әулет» (1844 жылдың аяғында жазылып, 1845 жылы басылып шықты) деген кітабын жазды. Бұл олардың бірлесіп жазған алғашқы еңбектері болатын. Бұл кітап негізінен сол кездегі буржуазияға қарсы дербес таптық күресте пролетариаттың әлсіздігі туралы айтылған сындарғы қарсы жазылды. Керісінше, сын айтушы ағайынды Бруно мен Бауэрге қарсы Маркс пен Энгельс пролетариаттың өзін өзі азат етіп қана қоймай, оның азаттығы тұтас қоғамның азаттығының алғы шарты болатындығын дәлелдейді. Пролетариаттың жеке меншікті құрта алатын тап екенін, оның әлемдік тарихи рөлін негіздейді.
Сөйтіп, ұсақ буржуазиялық социализмнің әр түрлі ілімдеріне қарсы күресте олар революцияшыл пролетарлық социализмнің теориясы мен тактикасын жасады.
1845
жылы Маркс Пруссия үкіметінің
талап етуімен Парижден қуылып,
Бельгияға көшті. Маркстің
Буржуазиялық экономистермен салыстырғанда Прудон жеке меншік қатынастардың жемісін «адамшылыққа жат қылықтарға» жатқызады («Жеке меншік дегеніміз не?»).
Буржуазиялық
экономия ғылымын сипаттай келе Маркс,
«жеке меншік – саяси экономияның
барлық ой-пікірінің алғы шарты болып
табылады»,- деп жазған болатын. Осы
тұрғыда Маркс Прудонның
Маркстің экономикалық көзқарастарының қалыптасу кезеңдерін көрсететін, кейіннен шығармалар жинағына енген еңбектеріне «Жалдамалы еңбек және капитал» (1849), «Экономико-философиялық қолжазбалар» (1857-1858, 1861-1863, 1864-1865), «Саяси экономияға сын» (1859), «Гота программасына сын» (1875) жатады.
Маркстің «Жалдамалы еңбек және капитал» еңбегінде капиталға тұңғыш рет буржуазиялық өндірістік қатынастар шеңберінде анықтама беріледі. Капиталдың басты алғы шартына жалдамалы еңбекті жатқызады. Капиталды қорланған еңбек деп есептеген ол, «капиталдың мәні, - тірі еңбектің қорланған еңбекті сақтау мен айырбас құнын көбейтудің құралы болып қалуында»,- деп жазды.
Сол сияқты жалдама еңбек туралы ол «жалдама еңбектің орта бағасы – жалақының минимумы, яғни жұмысшының, жұмысшы есебінде, тіршілігін сақтауға керекті тіршілік заттарының жиынтығы»,-деп жазды, яғни жалақыны тіршілікке қажетті заттардың бағасы арқылы анықтай отырып Маркс өзіне дейінгі классикалық буржуазиялық саяси экономия өкілдерінің позициясында тұрғандығын бекітеді.
Маркс Энгельспен бірге «Коммунистер одағының» басшысы болды. 1847 жылдың аяғы мен 1848 жылдың басында олар «Коммунистік партияның манифесін» жазып шығарды. Ол халықаралық пролетариаттың тұңғыш программасы болды. Бұл документте олар коммунистік дүние тануды, қоғамдық тұрмыс саласын да қамтитын дәйекті материализмді, даму туралы неғұрлым жан-жақты және терең ілім ретінде диалектиканы, тап күресі теориясын баяндап, жаңа коммунистік қоғамның жасаушысы – пролетариаттың тарихи рөлін көрсетіп берді.
1848
жылғы революция басталғанда
Маркс Бельгиядан қуылды. Ол Парижға,
одан соң Кельнге көшіп, онда
«Жаңа Рейн» газетінің бас
редакторы болды. Газет
Революция
жеңілгеннен кейін Пруссия
Кельнде Коммунистер одағының мүшелерін соттағаннан кейін Маркс саяси үгітті қойып, саяси экономия саласында Британия мұражайының кітапханасында болған бай қазынаны он жыл бойына зерттеумен шұғылданды.
Оның
саяси экономиямен көп жыл
айналысуының алғашқы жемісі 1859 жылы
шыққан «Саяси экономия сынына» деген
шығармасы еді. Бұл шығармада
ақша туралы ілім қоса қамтылып, марксистік
құн теориясы тұңғыш рет жүйелі түрде
баяндалған.
Марксизмге көзқарас
Марксизм ХIХ- ғасырда дүниеге келіп, ХХ-ғасырда көптеген елдерге кеңінен тараған философиялық, экономикалық, әлеуметтік көзқарастардың жүйесі. Бүгінгі таңда марксизм туралы әртүрлі баға беріліп, тұжырымдар жасалуда. Олардың басым көпшілігі марксизмді қатты сынап, тіпті, бұл бағытта қате, теріс идеология деп көрсетуде. Әсіресе ТМД елдері деп аталатын, бұрынғы Кеңес Одағының республикаларында марксизм өте төмен бағалануда. Оны оқу процесінен алып тастап, Маркстің, Энгельстің, Лениннің еңбектерін саяси-қоғамдық пәндердің әдебиеттер тізіміне енгізуден бас тартып отыр. Кейбір жоғары оқу орындарында марксизм деген аттан безіп кеткен кафедралар да аз емес.
Марксизмнің беделін түсірген, ең алдымен объективті жағдайлар. Бұл жағдайлар марксимзге тікелей байланысты емес. Шығыс Еуропаның Чехославакия, Польша, Алмания, Венгрия, Румыния, Болгария, Албания, Югославия сияқты елдерінде социализмнің күйреуі. Бұл күйреу тез арада өтті де, осы аталған елдер капиталистік, (мүмкін демократиялық) жолға бет бұрды. Алайда ең түбегейлі төңкеріс КСРО-ның кенеттен жойылуымен байланысты болды. Оның құлауы – қайта құру деген іс-әрекеттен басталды. Бұл мемлекеттердің стратегиялық бағыты – социализм болмай, өздерінің жариялауы бойынша – демкоратиялық қоғам болып шықты.