Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2012 в 20:47, реферат
Герменевтика – грек тілінен аударғанда һегmeneutikos - түсіндірмелік, талқылаушылық - классикалық түсінікте - мәтіндерге түсінік беру өнері. Саяси консалтингта да мәтіндерді түсіндіріп, талдауда, адамның немесе әлеуметтік топтың мінезқұлқын талдау технологиясында қолданылады.
Герменевтика ежелгі антикалық дөуірде көне ақындардың (ең алдымен — Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, құпиялап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Орта ғасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты герменевтиканы діни өкілдер жан-жақты қолданған.
1. Герменевтикалық философияның мәні
2. Герменевтика мәтіндерге түсінік беру өнері
3. Гадамердің герменевтиканы дүниеге әкелуі
4. Бетти герменевтикасы
5. Герменевтика XX ғасырдың термині
Неофрейдизм Фрейдтің ілімінің негізінде, неофрейдизм деген философиялық ағым пайда болды. Бұл ілімді жалғастырушылар оның шәкірттері: Альберт Адлер, Вильгельм Райх, Густав Юнг және Эрик Фромм (1900-1980).
Э.Фром неміс-американ социолог-психологі, психоаналиткалық бағыттың өкілі. Оның «иелену немесе болу» деген еңбегіндегі орталық мәселе адам табиғатындағы қарама-қарсылық, оның тарихи тағдыры, шынайы дүниені көре білу мүмкіндігінің болуы. Өзінің ұстанымында, бұл сұрақтарды түсінуде ол Маркс пен Фрейдтің концепцияларына сүйенеді. Оған Спинозаның идеялары да зор әсер етті. Фроммның пікірінше: біздің санамыздағы қиялды әшкерлеу - аққатты табу және оны біздің ішкі дүние мен мінез- құлқымызды өзгертудің қаруы ету. Бұл өзгертудің басты мәселесі – адам байланысының ашық болу мүмкіндігіне қуану және жасау, оның шығармашылық күшін азат ету. Ол «Бостандықтан қашу» деген еңбегінде нарық қоғамындағы бостандықтың өсуін және адамардың сол бостандықты пайдалана алмауын талдайды. Осының негізінде өмірден «қашудың» механизмін көрсетеді: симбиотикалық тұлғалар арасындағы байланыстың (садизм және мазохизм), автоматтандырылған конформизмнің өсуі т.б. Фроммның тоталитарлық мемлекеттің пайда болуын, адамдардың жауапкершіліктен және ынталанудан бас тартуын, өз тағдырын патерналистік өкіметке жүктей салуын психикалық ұмтылыс деп түсіндірді. Ол бұл жолды жалғыздықтан арылудың қияли әдісі деді. Оның «Адам өзіне-өзі үшін» деген еңбегі ерекше «өмір сүру өнері» ретінде этиканы және адам мінезі типологиясын, «жемісті немесе жемісті емес» тағдырларды талдауға арналған.
Юнг Карл Густав (1875-1961) – Швейцария психологы, мәдениеттанушы, «аналитикалық психологияны» жасаушы, негізін қалаушы. Фрейдтің жақын жақтаушысы. Кейін Фрейдтің натурализм мен пансексуализміне қарсы болды, ол психоанализ нақты, оны әрдайым жалғыз берілген схемамен жүргізуге болмайды дейді. Юнг Фрейдтің жеке адам санасыздығымен қатар, «Ұжымдық санасыздықтың» терең қабаттары болатынын айтады. Архетиптер («бас-тапқы» психикалық құрылымдар түрінде сақталған ежелгі тәжірибе) дүниені қабылдау мен ой елегінен өткізуге априорилік әзірлікті қамтамасыз етеді. Архетиптер, тәжірибеге дейінгі кейбір құрылымдар, шығармашылық, материалдық қатынастардың қалыптасу принципін реттеуші болады. Архетпитер аналитикалық техниканы қолданғанда түсінілмейді, күйзелуде және нақты адам бейнесінде, мәдениетте, діни дәстүрде және эзотерикалық символикада көрінеді Олар түстер, мифтер, мінез-құлықтың ауытқуы арқылы білінеді. Жетекші архетиптер: Анима (әйелдік бастама), Анимус (еркектік бастама), Тень (біздің ішіміздегі арам адам, жеке санасыздық), Персона (әлеуметтік бет перденің жиынтығы), Самость (біздің шынайы интегралдық «Менге» жақындау дәрежеміз). Архетиптер бастапқы кезден-ақ ақыл-ой қамти алмайтын байланыстардың жинағы, олар құпия, киелі (сакральды) болады. Онда зор энергия, өзіндігі жоқ күш бар. Адамдар мәңгі үлгілерге ұмтылады, және бір шамада олардан қорқады, сондықтан символдарда бейнелейді. Олардың қай-қайсы болсада санасыздықтың күшін аздап ашады және жасырады.
Фанкфурт мектебі ХХ ғ. 30-жылдары пайда болды. Ол өз атауын Франкфурттың Майне университетінің жанындағы әлеуметтік зерттеу институтында қызмет бастағанына байланысты алған. Франкфурт мектебінің өкілдері: Г.Маркузе, В.Адорно, М.Хоркхамдер, Ю.Хабермас, А.Шмидт т.б. Олар күрделі мәселелерді қоюымен танымал, оларға жаттану, әлеуметтік психолгия, ғылыми-техникалық революцияның қоғам дамуының сипатына әсері т.б. жатады.
Олардың қызметтерінің елеулі кезеңі марксизм философиясына көңіл аудару, оны тексеруден бастады. Өндірісті автоматтантандыру мен өнімнің өсуі, Маркузенің пікірінше, материалдық игіліктің тез көбеюіне, тұтынудың жоғарғы деңгейіне жеткізеді, адамның революциялық ұмтылысын басады. Саяси партиялардың, қозғалыстардың қажеттігі өздігінен сөнеді. Біртиптілік адамда жаттандық сезім тумайды, оның өмірі пендешілік қажеттіліктерге, ұмтылыстар мен құштарлықтарға толы, олар тек тұтынуға бағытталған. Мұндай «бірөлшемдік адам» «бірөлшемдік қоғамда» туып, осыдан бірөлшемдік ғылым, мәдениет, философия шығады.
ХХ ғ Батыс философиясының белгілі бағыты экзистенциализм. Оның негізін дат теологі және философы С.Кьеркегор (1813-1855) жасады. Ол рационалдық философияны раелизмді мүлде жоққа шығаратын абстракциялығы және адамға деген салқындығы үшін айыптады. Олар тек бір жалпылықты - рухты, материяны, құдайды, прогресті немесе дерексіз ақиқат мәселелерін қарастырады, ол философиядағы негізгі мәселе - адам екенін ұмыттып кетті деді.
Философияда адамды мадақтауды антродиция дейді. Бұл мәселе «өмір философиясының» үлкен ағымы экзистенциализмде қаралады. Экзистенциализм бағытына «өмір философиясының» өкілдері көп әсер етті. Олар Б.Паскаль, Ф.М. Достоевский және Ницше секілді ұлы адамдардың шығармаларынан да көп ойлар алды. Философия ілімінің дамуының қазіргі кезеңі және мектептері «ақыл-ой дәлелінің» «жүрек дәлелін» алмастыра алмайтынын көрсетті – деген Б.Паскаль. Адамды және оның болмысын ақыл-ой тәсілімен түсіндіру өте қиын. Нақты адамды ғылым көмегімен, ұдайы өзгеріп отыратын тұтас мән ретінде және оның мақсатын, пейілін, күйзелісін, қамқорлығын, қорқуын, өмір сүруі мен билікке ұмтылу еркін түсіну мүмкін емес.
Экзистенциализм идеялары әр елде, әр уақытта айтылды. Экзистенциализм өзінің мазмұны бойынша бір текті емес. Сондықтан ол: діни, атеистік болып екіге бөлінеді. Экзистенциализмге жақын теорияларды Ресейде бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Л.Шестов, Н.Бердяевтар насихаттады, Германияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін Францияда ол тез тарады (К.Марсель, Ж-П Сартр, А.Камю т.б.), 50 жылдардың соңында АҚШ-та дамыды.
Экзистенциализмнің басты мәселесі: адам, адамның болмысы, оның мәні мен тағдыры. Экзистенциализмнің басты категориялары: жалғыздық жауапкершілік, үрей, ажал, шекаралық жағдай, бостандық. Экзистенциалдық онтологияда объективтік физикалық болмыс емес, адам болмысы туралы сөз болады. Ондағы басты онтологиялық сипат - адамның әртүрлі күйінің болуы. Жиі-жиі кездесетін жағдайлар - қорқыныш, ұят, намыс, күмән, үрей - күтімсіздік пен қамқорлықтың салдары. «Шынайы болмыстың» негізгі көрінісі-адамның өмір сүруі және ондағы оқиғалар. Оқиғалар ғана адам болмысының іске асуының тәсілі болады. Оқиғасыз болмыстың өзі жоқ, экзистенция жоқ, адамның өмір сүруі тоқтатылады. Адам өміріндегі оқиғаның көптігі, оның болмысының толықтығының кепілі.
Экзистенциядағы «шынайы болмыс» уақытқа сәйкес болады. Уақыт - ең алдымен адам болмысының нәтижесі, сонымен бірге болмыстың өзі оқиғаның туындысы. Уақыт - өмірдегі бір оқиғадан басқадай нәтиженің қалыптасуы. Сондықтан олар физикалық уақыт туралы емес (секунд, минут, сағат), оқиғалар уақыты туралы айтады. Адамның барлық уақыты өз кезегімен өтіп жатқан оқиғалар (туу, шілдехана, үйлену, ажырасу, оқуға түсу, пенсияға шығу, жұмыс істеу, қызықты кездесулер т.б.) болады. Экзистенциалық уақыт - жеке бастық сипатта болады, ол адам өміріндегі оқиғаның саны, сапасы, уайым, қайғы-қасірет, таңдау мен жауапкершілік, яғни былайша айтқанда - ол тағдыр. Экзистенциализмнің онтологиялық концепциясының мәні: болмыс пен уақыттың арасында өзара диалектикалық байланыс бар. Оны Хайдеггер «болмыс пен Уақыт» бір-бірін анықтайды дейді.
Экзистенциализм онтологиясы (болмысы) мен гносеологиясы (танымы) тиянақты байланыста болады. Экзистенциализм танымы - адамның қайғыруы, әрі тағы да одан да күшті қайғыруы; осыған сай болмысты терең танимыз. Дүниедегі нақты болмысты, әсіресе болмыстың мәнін ашуда Ясперс енгізген «шекаралық жағдай» категориясының рөлі зор. Ясперс «тек осы минуттарда ғана адам өзінің нағыз өмір сүруін» (өзінің табиғатын) ұғынады, басқа уақытта олар кәдімгі болмыстың күнделікті тікелей әсері арқылы жасырынып жатады - дейді. Дау-жанжал кезінде адамның үміт үзуі, қайғыруы, қорқынышы шекаралық жағдайға келеді, онда шынайы өмір сүрудің мәні ашылады. Қорқыныш тағдырда табылады.
Мұндай танымды түсіну діни және атеистік экзистенциализмге де тән. Осындай нақты шекаралық жағдайда адам өзінің таңдауын жасайды. М: Авраамның таңдауы. Құдай Авраамға өз баласын өлтіруді міндеттейді. Осыдан оның жан-дүниесі күйзеліске түседі: не сенімге бағыну немесе өзінің әкелік-моральдық борышын атқару мәселесі туады. Экзистенциализмдегі діни көзқарастың негізіндегі таңдау - ол дұрыс жол, Христос жолы, Құдай-адам жолы. Атеистік экзистенциалимздегі таңдау – құдайсыз-ақ өзіңді табу, іске асыру. Жеке адам өзін-өзі іске асыруы тиіс - дейді Сартр. Құдай арнауымен емес, өзін сырттан іздеу арқылы азат болу немесе басқа әркетте өзін табу. Адамды ештеңе, ешкім (құдайдың өзі де) өзінен құтқармайды. Бұл мәнінде: «Экзистенциализм - оптимизм, әрекет туралы ілім» - деп жазады ол.
Экзистенциализмде таңдау ұғымдары мен бостандық категориясының толық байланыста болуы ең бір негізгі ерекшелік болып есептеледі. Таңдау бастапқыда танылмаған бостандықпен түйіндес болады. Адам өзін-өзі жасау арқылы, өзін іске асыру тәсілін таңдайды. Экзистенциализмде таңдау мүмкіндігі әр адамның ең бастан-ақ берілген еркіндігі, әрине оны ол керек етсе. Ал бостандық адам өмірінің өзі. Атеистік экзистенциализмде бұл ұғымдар негізінен бір ретте болады, ал, діни экзистенциализмде экзистенция жердегі өмірдің арғы жағына тарайды, яғни эсхатологиялық мәні бар, бостандық өмірден де жоғары қойылады.
Экзистенциализм өкілдері өз философиясының өзегіне адамның қоғамнан жаттануын қойды. Олар адам қоғамнан тығылуы, оның әсерінен қашуы керек дейді. Ол үшін қиялы болып келетін осы дүниені ұмытып «шынайы шындық”, «Мен»-ге терең үңілуі керек. Жеке адам болмысы ғана бірден-бір шын дүние саналуы қажет. Экзистенциализм сезімді абсолютке айналдырып, оны ақылдан және адамның қоғамдық табиғатынан ажыратып қарайды. Экзистенциализм философиясы жетілуде, оның идеялары кең түрде әдебиетте, өнерде қолданылып, аса маңызды жалпы адамдық мәселелерді қарастырады.
Бұл философиядағы түйінді ойлар батыс еуропадағы индустриалық өркениеттің постиндустриалдыққа өтуі, октябрь революциясының нәтижесінде әлем екі қарама-қарсы (капитализм және социализм) жүйеге бөлінуінің салдары.
Қорытынды
Қорытындылай келгенде Герменевтика термині 20 ғасырдан бастап қолданылып келгендіктен ХХ ғасырдың философиясы көптеген идея, әдіс, ұғымын ұсынған болса да, оның танымы, көхқарасы диалектикалық материализмнен төмен..
Герменевтикалық әңгіме – түсіндіру, ынтықтыру өнері. Герменевтика – негізгі мәселесі философияға бағытталған, түсінік мәселесі. Бұл әңгімеде оқушылар өздіктерінен оқу құралдарын, кітаптарды, картинкаларды, моделдерді қолдана алады. Герменевтикалық әңгіме әдісіне түсіндіріп оқу жатады.
Синтездеуші немесе бекітуші әңгіме оқушылардың білімін жүйелеп және қорытындылауда қолданылады.
Коррекциялык бақылау-әңгіме диагностикалық мақсатта және оқушының білімін жетілдіріп, нақтылап, дамытуда пайдаланады.
Әңгіме барысында, барлық оқушылардың белсенділікпен қатысып, сұрақты зер салып тыңдауы, сұраққа дұрыс жауап іздеуі, өзінін достарының жауаптарын талдауы, өзінің көзқарасын айта білуі қадағаланады. Дұрыс жауаптарды мадақтау, қатені түзеу, толық емес жауаптарды толықтыру, оқытушылардың жіберген қатесін өздері табуына, бір-біріне сұрақ қоюына жол сілтенеді. Әңгіменің танымдық нәтижесі окушылардың білімінің мықты меңгерілуімен, өміршеңдігімен айқындалады. Әңгіменің дамытушылық тиімділігі ақыл-ойды үйлестіріп, тез және анық ойлай білуді қалыптастыруда, талдай және қорытындылай білуде, сұрақтарды дәл қойып, қысқаша ойлай алуында жатыр. Әңгіменің тәрбиелік мақсаты оқушының өз бетімен әрекет жасай білу қасиетін оятады, өз-өзіне сенімділік қасиетін жинақтауға көмектеседі, қарым-қатынас жасай білу мүмкіндігін қалыптастырады.
1. Қысқаша философия тарихы
2. ”Философия” Ә. Х. Тұрғынбаев
3. Философиялық сөздік. Редокл: Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ.Ақмамбетов ж.б. 6. Алматы, 1996-228 бет.
4. Қ. Қасабек, Ж. Алтай. Қысқаша философия тарихы. Алматы – 1996
5. Философиялық сөздік. Қазақ энциклопедиясы. Алматы – 2000.
6. Байсенов Қ.Ш. Философия тарихы: Оқулық.-Шымкент, 2005—247б.
18