Герменевтика

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2012 в 20:47, реферат

Описание работы

Герменевтика – грек тілінен аударғанда һегmeneutikos - түсіндірмелік, талқылаушылық - классикалық түсінікте - мәтіндерге түсінік беру өнері. Саяси консалтингта да мәтіндерді түсіндіріп, талдауда, адамның немесе әлеуметтік топтың мінезқұлқын талдау технологиясында қолданылады.
Герменевтика ежелгі антикалық дөуірде көне ақындардың (ең алдымен — Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, құпиялап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Орта ғасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты герменевтиканы діни өкілдер жан-жақты қолданған.

Содержание

1. Герменевтикалық философияның мәні
2. Герменевтика мәтіндерге түсінік беру өнері
3. Гадамердің герменевтиканы дүниеге әкелуі
4. Бетти герменевтикасы
5. Герменевтика XX ғасырдың термині

Работа содержит 1 файл

Печать Бекзат.doc

— 98.50 Кб (Скачать)


Жоспар

1.      Герменевтикалық философияның мәні

2.      Герменевтика мәтіндерге түсінік беру өнері

3.      Гадамердің герменевтиканы дүниеге әкелуі

4.      Бетти герменевтикасы

5.      Герменевтика XX ғасырдың термині

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

              Герменевтика – грек тілінен аударғанда һегmeneutikos - түсіндірмелік, талқылаушылық - классикалық түсінікте - мәтіндерге түсінік беру өнері. Саяси консалтингта да мәтіндерді түсіндіріп, талдауда, адамның немесе әлеуметтік топтың мінезқұлқын талдау технологиясында қолданылады.

              Герменевтика ежелгі антикалық дөуірде көне ақындардың (ең алдымен — Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, құпиялап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Орта ғасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты герменевтиканы діни өкілдер жан-жақты қолданған. Қайта Өрлеу дәуірінде Герменевтика антиктік мәдени мұралардың тілін тірі, сол замандағы мәдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған. Ф.Шлейермахер еңбектерінде Герменевтика Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді Жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылды. Ол үшін догматтар мен рәміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тәжірибе сенімінің субстанциясына айналды. Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Қазіргі мәдениеттануда Герменевтика "тұлғалық түсінуші тәжірибемен" (Г.Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негіз болған.

Адамды, оның таным аппаратын, түсіндіру әдістерін беймаркстік философияның ішінде герменевтика (Э.Бэтти, Г.Гадамер, П. Рикер) зерттеген. Олар герменевтиканы алдымен әлеуметтік ғылымдардың әдісі ретінде түсініп, сонан кейін оны мәдениетті, тарихты, болмысты танитын, адамның өмір сүру жағдайларына жақын құбылыстардың мағынасын ашатын әдіспен санады. Бұл бағыт адам мен тілге ортақ мәселелерді қарастырып, тіл философиясының күрделі проблемаларын ашты.

 

Негізгі бөлім

Герменевтика (гр. germenututios - түсіндіру). Бұл ілімнің мақсаты мәдениет саласын ғылыми деңгейде  тану, кең мағынасында адамның рухани дүниесін түсіну болып саналады. Герменевтика ілімі антика заманынан басталған. Оны Аристотель еңбегінің (Об истолковании -  Түсіндірме туралы) атауынан-ақ көреміз. Інжілдің мәтіндерін талдауға арналған Реформация кезеңінде (ХVI) герменевтиканың рөлі арта түсті. Герменетивканың  қазіргі замандағы философиялық бастауын жасағандар Ф. Шлегель, Ф.Шлейермахер, бұл ілімді ары қарай дамытқан және зор әсер еткен ойшылар: В.Дильтей, Г.Зиммель, Э.Гуссерль, М.Шеллер, Э.Бетти, Г.Гадамер, М.Ландман, Г.Рикер, М.Хайдеггер.

ХХ ғ. мен ХХІ ғ. басындағы әлемдегі саяси-әлеуметтік шындық экономикадағы күрделі өзгерістерге бағынышты болды. Еуропа монополистік капитализм деңгейіне көтерілді. Ұлттық айырмашылықты жоққа шығаратын әлемдік өнеркәсіп  және сауда-саттық  ерекше дами бастады. Осы өзгерістер қоғамның әлеуметтік және рухани  саласында да көрініс тапты. Философияда ескі  мәселелермен айналысумен қатар заманың  талабына сай  оларға  жаңаша қарап, жаңаша шешуге ұмтылыстар пайда болды.  ХІХ ғ аяғы және ХХ ғасырдың басында көптеген философиялық бағыттарда «Нео» деген қосымша сөз жалғанады, ол ілімдерінің бір философиялық жүйеден шыққанын, яғни тектес екенін, екінші жағынан бір-біріне қарама-қарсы екенін көрсетеді, классикалық философия үлгісінен айырмашылығына көңіл аударады.

Биклассикалық пен классикалық философияның арасындағы қақтығыстықтың  орталық мәселесі  рационалдық ақыл-ойға, оның  рөліне байланысты болды.

Биклассикалық философия адамзаттың рухани байлығының ерекше бір бөлігі. Бұл философия адамзат ақыл-ойының әтүрлі салаларына байланысты тұжырымдар жасап жауап берді. Ол іштей біртекті емес, онда көптеген бағыттар, концепциялар мен теориялар бар. Оның ішінде жаңа әлемдік және экологиялық мәселелер көп.

              Гадамер герменевтиканы болмыс туралы ілім деп дүниеге әкелді. Дәстүрлі алдын-ала «түсінік» болу керек, соның арқасында әрі қарай жылжуға болады. Ал алдыңғы «түсінік » болмаса, онда таным мүлде жоғалады. Бұл дәстүрдің, түсініктіің қозғаушысы тіл болады, себебі оның ішінде жанама куәліктер жатыр. Онсыз таным мүмкін емес. Тану тіл арқыл, оның ішіндегі түсініктер арқылы болады. Субьект сырттағы жағдаймен тікелей араласпай, жанама куәліктерді пайдаланып, тілдің өзіндегі дұрыс таным жолына шығады. Түбінле бұл бағыт Декарттың метафизикасына қарсы шығып, субьектінің  орнына тілдің өзін қояды.

П.Рикер феноменологиялық герменевтиканы сынады. Гуссерль мен Гадамердің ілімдерін біріктіріп, оны адам, әлем мен мәдениетті талқылайтын әдіс деп, қоғамдық ғылымдарға көп қолданды, бірақ осы бағыт оны қайтадан құдай ұғымына, болмысын тәңірі жаратады деген түсінікке алып келді.

              Заман философиясының ерекше сипаты және белгілері төмендегідей:

1. «Практицизм» - дара тұлға мен әлеуметтің, материалдық пен руханидың нақты шынайы өмірге бағытталуы.

2. «Эволюционизм» - табиғатта, қоғамда және адам танымында эволюция идеасының кең таралуы.

3. «Релятивизм» - адам білімінде салыстырмалылық (относительдік) идеясының көп орын алуы. 

ХХ философиясында  бір-біріне қарама-қарсы сипаттағы  негізгі екі бағытты  байқауға болады. Біріншісі - сцентизм (лат scientia-ғылым), екіншісі-антисцентизм. Бұл рационализм мен иррационализм арасындағы қатынас, ғылыми-техникалық прогреске байланысты қарама-қарсы көзқарастар: сциентизм, яғни рационалдық, ең алдымен жаратылыстануда, ал гуманитарлық салада-психология, логика және лингвистика секілді ғылымдардың жемістерін қолдана отырып - ақыл-ойға сенім білдіреді. Антисцеинтизм керісінше - ақыл-ойға және ғылымға сенбейді.

Сциентизм таным теориясында ақыл-ойға, оның негізіндегі дәлелденген білімге сүйенеді. Рационализмнің қызметі екі сатыдан тұрады дейді.

- ойлау қызметі тәжірбиеге сүйенеді, яғни ойлау дегеніміз ақылға салу, дәлелдеу.

- ойдың қызметі тәжірибеден де жоғары. Тану процесінде, адамның дүниені игеруінде логикалық (ойға қонымдылық, қисынды) пайымдау арқылы, ұғым мен ой тұжырымының нәтижесінде дүние туралы жаңа білімдер пайда болады. Ғылымға сенудің себебі: ғылым жетістігі өмір сүруді жеңілдетеді, адамға қызмет етеді; ғылымда көптеген жаңалық ашылады; жаңа техникалар пайда болады (компьютерлер, самолет, телевизор, радио); жаңа, әрі тиімді технологиялық әдіс дүниеге келеді.

Антисциентизм - иррационалдық (ақыл жетпейтін) құбылыстарды мойындап, логикалық тәсілді жоққа шығарады. Ғылыми адамды шынайы біліммен қамтамасыз ете алмайды, болмыстың бүтіндігі, үзіліссіздігі туралы ұғымды бөлшектеп жібереді дейді. Логиканың орнына интуициялық әдісті ұсынады, шындықты тікелей тәжірибенің көмегінсіз ашуға болады деп санайды. Ал ғылым ғылыми-техникалық прогресс адамға зиян келтіреді, адамның ерекшелік қасиеттерін сөндіреді, адамның физиологиялық жағдайын нашарлатады, адам есептеуді, ойлап жатуды тоқтатады, адам миының қызметі нашарлайды деген сылтаулар айтады. Иррационализм - мистикаға (түсініксіз, жұмбаққа) сенуге де, ғылыми ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан оған сынаржақты қарап, не жақтауға, не даттауға болмайды.

Позитивизмнің үшінші түрі-неопозитивизм. Қазіргі батыс философиясының негізгі ағымы, ХХ ғ. 30-60 жылдары пайда болды. Оның өкілдері: «Вена үйірмесінің» философтары: М.Шлик – негізін қалаушы, оның ізбасарлары Р.Карнап, О.Нейрат, Б.Рассел (1872-70); Львов – Варшава мектебінің өкілі  Тарский Альфред(1902-84). Олар философияның күрделі және маңызды әдістемелік  мәселелерін шешуде өздерінің  нақты үлестерін қосты. Неопозитивизмнің  басты идеясы:  философия ғылым тілі -  логиканы талдап, жетілдірумен  шұғылдануы керек. Тіл қоршаған ортаны қабылдаудағы адамның позитивтік (шынайы) басты құралы. Тілді логикалық талдау -  бұл мәтіндерді, ұғымдарды  және таңбаларды зерттеп, солардың жүйесінің  ішкі байланысын, семантиканы (мәнін) қарастыру. Осынысымен неопозитивизм «Герменевтикаға» жақындасады.

              Бетти осы  ағымды неміс романтизмінің және классикалық идеализмінің  дәстүріне қарап тарих пен гуманитарлық ғылымдардың методологиясымен  байланыстырды, себебі герменевтика ертеден текстерді (қолжазбаларды) түсіндіретін ілім еді.

              Неопозитивизмнің негізгі принципі верификациалау (лат. Verus – ақиқат және fasio-істеп жатырмын)  -  ойды сезімдік тәжірбеиелермен  салыстыру арқылы тексеру. Егер ой тексеру немесе логикалық сараптау арқылы  верификацияланса (дәлелденсе  немесе терістелсе) онда ғылымға  жатады да, қалғандары жалған болып шығады. Ақиқаттың ғылыми орнын анықтау үшін, біріншіден логикалық-математикалық жолмен, екіншіден, эмпирикалық тексеру, яғни бақылау, өлшеу мен эксперимент т.б. арқылы растайды. Логикалық–математикалық сөйлемдерді тәжірбие арқылы  тексеруге болмайды, себебі олар обьективтік нақтылық туралы емес. Болмыс, сана, идея, құдай секілді бұрынғы философиядағы  мәселелерді алып тастау керек, себебі олар верификациялауға жатпайды және ғылыми шешімі жоқ мәселелер болады дейді.

              Неопозитивизмнің логикалық  ғылым тілін талдаудан басқа  мақсаты:  философияны метафизикалық  дүниеге көзқарастық  мәселелерден ажырату, ғылымды философиядан бөліп тастап, білім тек қана нақты  ғылымда мүмкін деп, философияны  тіл түрлерін, негізінен ғылыми тілді талдаумен шектеу. Неопозитивизм өкілдері ғылымның обьективтік заңдылықтарын мойындамады. Неопозитивизмнің түрлері көп: Прагматизм, инструментализм, структурализм, герменевтика. Бұлар негізінен ХХ ғ. екінші жартысы  философиясында өзінің нақты қалыптасуын және дамуын тапты.     

Прагматизм (гр. pragma іс-әрекет) - бұл ағымның өкілі әрі негізін салушы  Чарльз Пирс (1834-1914)  және Джемс Уильям (1842-1910). Бұл философияның негізгі принципі: қандай ой-пікір немесе іс-әрекет болса да, егер ол пайда әкелсе - шын, басқаша болса - жалған. Прагматизм ағымының бір түрі - инструментализм (instrumentum- қару), негізін қалаушы американ философы Джон Дьюи (1859-1952). Инструментализм түсінігінде ғылыми заңдар тек қару  болып есептелінеді. Инструментализм «қоғамдық прогресс» дегеніміз нақты межеге жету емес, жәй процесс дейді. Дьюи философиясының бағыты эмпиризм болғандықтан тәжірибеге көп көңіл аударды. Алғашқы түрткі болатын идеяны, тіршіліктің бастапқы себебін іздеу орынсыз дейді.

Структурализм - (лат structura - құрылым) объектінің тұрақты байланыстарының жиынтығын қамтитын құрылым ұғымына негізделінеді. Онда кез-келген зерттеп отырған құбылыстарды өзгерткенде, құрылымның сақталатынын мойындау жатыр. Структурализм “адам – субъект” және оның бостандығы деп қазіргі кезде тарап кеткен гуманистік түсініктерге қарсы шықты. Бостандық тек қана фикция, ол тірі және өлі дүниедегі жалпы құрылымдарға тәуелді, әлеуметтік және мәдени өмірдің бос қияли жемісі деп санайды. Құрылымдық біртіндеп лингвистикалық әдіс болып қалыптасып, тіл мәселесімен айналысты. Бұл әдістің жан-жақты тарауы, оны философиялық пайымдау, оның әлеуметтік-саяси және мәдени оқиғаларға араласуы, сынау және өзіндік сынау арқылы структурализмді постструктурализмге жеткізді.

Неопозитивизм методологиясының орнына постпозитивизм ағымы 60-70 жылдары дамыды. Ол ғылыми білімді бірін-бірі алмастырған теориялар арқылы өсетін, жинақталып өзгеретін деп санап, логикалық позитивизмнің кей сұрақтарынан алшақтап кетті. Өкілдері: К.Поппер (1902-1994),Томас Кун Сэмюэл (1922), Лакатос Имре (1922-74).

Постпозитивизмнің пайда болуы К.Поппердің «Логика научного открытия» және Т.Кунның «Структура научных революций» деген еңбектерімен байланысты . Рационализм ағымының өкілдерінің түсінігі бойынша, ғалымның мінез-құлқының ерекше қағидасы: олар өздерінің ғылыми болжамының (гипотеза) қортындысы жалған болуынан ешуақытта қорықпау керек. Рационализм демек факті мен ғылыми әдістемелікке сүйенген сынға ашық болу керек. Сол үшін өзіне фальсификация (лат falsus- жалған және fasio- істеймін) принципін қосады. Фальсификация бекерге шығару арқылы дәлелдеу. Ол ойдың қисынды немесе қисынсыздығын байқау арқылы шешіледі. Бұл принципті Поппер ғылымды метафизикадан шектеудің белгісі (критерий) ретінде және неопозитивизмдегі верификация әдісіне балама ретінде ұсынды. Оның ойынша ғылым заңдарын бақылауға болмайды, олар  верификациялауға жатпайды. Ғылым үшін верификация принципі емес, фальсификация принципі қажет, яғни, ғылыми деген идеяға сенімді қалай да болмасын жалғанға шығарып, жалғанға шықпаған ғылыми жобаны ақиқат деп санауды ұсынады.

К. Поппер әлеуметтік философияда қоғамның дамуын зерттейтін тарихи әдіске қарсы болды. Өзінің әлеуметтік-философиялық концепциясын «Ашық қоғам және оның жаулары» деген еңбегінде баяндайды (1945). Ол қоғамды екіге бөледі: Ашық қоғам және жабық қоғам. Ашық қоғам: демократиялық жолмен дамитын қоғам; экономикада, саясатта, мәдениетте әлеуметтік дамыған құрылымы бар азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет, оның плюралистік сипаты жоғары. Ашық қоғам мүшелері сыни-рационалдық ойлауды алға қояды. Осыдан  қоғамдағы мінез-құлықты, әлеуметтік дамуды саналы түрде басқару және мемлекеттік институттарды демократиялық принциптерге сәйкес қалыптастыру мүмкіндігі туады. Жабық қоғам деп ол капитализмге  дейінгі және социалистік қоғамды санайды. Олардың жұмыс істеу тәсілі тоталитаризм, ұжымның жеке адамнан басымдылығы, догматизм және әлеуметтік демагогия.

Постпозитивизмнің өкілі Т.Кун ғылым тарихы ғылыми қауымдастықтардың бәсекестігі, алма-кезек күресінің нәтижесі дейді. Негізгі рольді логика мен методология нормалары емес, парадигмалар (сөздердің үлгісі), қауымдастықтың қабылдаған сенімі, құндылықтар, техникалық құралдарының жиынтығы атқарады. Кун ғылым дамуындағы сабақтастықты мойындамайды, әрбір теорияны тәуелсіз, басқамен сиыспайды дейді. «Парадигма» деген ұғым қазіргі замандағы постпозитивизмде ең маңызды түсінік болып саналады. Парадигма - барлығының ғылыми жетістіктерді мойындауы, бір берілген уақытта мәселелер мен шешімдерді қоюдың моделі. Ғылым дамуының негізгі сәттері ғылыми революция арқылы, секірмелі процесс ретінде іске асады. Т. Кун ғылымға, оның философиялық мәнін түсінуге өте үлкен үлес қосты. Ол ғылым дамуы және ғылымдардың қызметі туралы біздің түсінігімізді тереңдетті, ғылым дамуының кейбір диалектикалық сипатын ашты.

И.Лакатос теорияларды емес, бірнеше жеке теорияларды қамтитын ғылым-зерттеу жоспарларын салыстыруды ұсынады. П.Фейерабенд ғылымның иррационалдық миф пен діннен ешбір айырмашылығы жоқ дейді. Ол «методологиялық анархизм» теориясын жасады. Онда ол ғылымда ешбір тиянақты өлшем жоқ, оларды біз жасаймыз және уақытқа байланысты өзгертіп отырамыз дейді. Постпозитивистердің пікірінше ғылыми білімнің мақсаты объективтік ақиқатқа жету емес, белгілі-бір міндетті орындау, мысалы, жәй және нақты теория құрастыру. Ақиқат ұғымы сенімге, мүддеге және т.б. алмастырылады. Постпозитивистер неопозитивистердің ғылыми әдістемелік талдау түсінігін сынайды, бірақ логикалық позитивизмнің ұмтылыстарымен жалпы байланысты үзбейді, одан талдау жолдарын алады, эмпиризмді жақсартып философиялық мәселелерді тіл саласына аударады. Бүгінде постпозитивизм өзінің көптеген мәнін жоғалтты. Бұл жалпылай мойындалған ғылымның даму теориясының жасалуымен және ағымның тұйыққа тірелуіне байланысты болды. Постпозитивизмнің өз ішіндегі дискуссия көптеген қарама - қайшылық көзқарастың барлығын, философия ілімінің плюралистік сипатын көрсетті.

Информация о работе Герменевтика