Философия тарихындағы адам болмысының проблемалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 20:18, реферат

Описание работы

Көне қытай философы Лао Цзы: «Басқаларды білетін адам-ақылды,өзін танып білген адм-данышпан»-депті. Ертедегі грек ойшылы Протогордың: «Барлық заттың өлшемі-адам» деген қанатты сөзі кең тараған. Гректің тағы бір атақты ойшылы Фалестен: «Дүниедегі ең оңай рәрсе не?»- деп сұрағанда: «Басқаға ақыл айту»,ал «Ең қиын нәрсе не?»-дегенде: «Өзіңді танып-білу» деп жауап беруі де осыны білдіреді.

Содержание

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1.Философия тарихындағы адам болмысының проблемалары
2.2.Философиялық антропологияның қалыптасуы және дамуы
2.3.Адамның әлеуметтік мәні.Адам феноменінің қалыптасу сатысы


3.Қорытынды

4.Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Философия тарихында адам мәселесіне соқпаған.doc

— 76.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

 

    

 

 

 

 

      Философиялық антропологияның қалыптасуы және дамуы

 

     «Философиялық антропология» терминінің этимологиялық түсінігі адам туралы философиялық ілім дегенді білдіреді. Егер қысқыша айтсақ адамның шығу тегін, эволюциясын және бар болуының ерекшеліктерін жалпы түрде бейнелейтін философиялық көзқарас.

     М.Шелердің  пікірі бойынша,философиялық антропология,адамды  түсінуде нақтылы-ғылыми,философиялық және діни ұғынуларды шоғырландырушы роль атқарып адамның біртұтас коцепциясын жасауы керек. «Философиялық антропологияның мақсаты,-дейді ол,-ерекше монополияланған адам болмысының негізгі құрылымынан туындайтын:тіл,ұят,намыс,құрал аспаптар,қару...мемлекет,басшылық,миф,дін,ғылым...сияқты барлық жасалынған және іс-әрекеттерді дәл көрсету керек».

    Осы бағытты  қолдаушылар,адамды-көп өлшемді  және тұрақты түрде өзгерісте  болатын жан иесі деп санайды.Әрине  оның кейбір негізгі қасиеттері мың жылдар бойы өзгермегенмен адамның физикалық және рухани бастаулардығы жұмбақ түрде жасырылған барлық мәнін аша алмайды,тіптен осы бастамалардың табиғатын жеке дара алып қарастырғанның өзінде айқын анықталғандығы есептеліне алмайды. Олар,адамның өзі,өзіне-өзі ылғи да жаңа жұмбақтар беретін,белсенді басталым ретінде көрінетін,сыртқы әлемді ұғынуға тырысатын,оны өзінің қалауымен өзгертетін микроғарыш екендігіне баса көңіл аударды.

    Басқаша айтқанда,ол  жаратушы және сонымен қатар  мәдениет арқылы жаратылушы,ал,басқа жануарлардың әлемнен принципиалды түрде айырмашылығы бар,адам руханилықтың мұрагері.

   Адам туралы  тарихта әртүрлі концепциялар  пайда болды,олардың барлығы,Макс  шелердің пікірі бойынша,бес идеяға  жинақталған:адам туралы бірінші идея осы уақытқа дейін өзінің үстемдігін көрсетіп келген діни сенім.

   Адам туралы екінші идея-гректердің ойлап тапқан ақыл парасатты адамы (Нomo sapiens),әсіресе Анаксагорда,Платонда,Аристотельде айқын айтылған. Адам ойлы ақылдың арасында мына мүмкіндіктерге ие:1)барлық барды өзімен өзі күйінде тани алады;2)әлемді тани алады;3)Құдайды тани алады;4)өзін-өзі тани алады.

   Үшінші идея-шебер адам,(Homo faber)-адамның ойлы-ақылға деген ерекше қабілеттілігін жалпы теріске шығарады. Адамды еңбек құралдарын пайдаланатын мақұлық ретінде қарастырады. Сөз,ұғымдар психикалық нәзік құралдар ғана.

   Төртінші идея-адамның мыңдаған жылдық тарихындағы декадансы(құлдырау)туралы.Оның себебі адамның шығу тегі мен мәнінде. Адам дегеніміз не,деген қарапайым сұраққа ол бос сурогаттарды (тіл,құрал-саймандар т.б.) дамыта алатындығымен жауап береді.Өзінің биологиялық әлсіздігінен және күшінің жоқтығынан адам өркениеттілікті,мемлекетті,құқықты,өндірісті жасады.

  Бесінші идея –Ф.Ницше,Н.Гартманның және басқа ойшылдың атеистік антропологиясы.Оның ең басты мәні мынадан тұрады:адам болмысының мәні,неге жаратылғаны,жауапкершілігі,еркіндігі үшін,Құдай бар болмауға тиісті.Тек қана Азат өнегелі мәндегі жан иесі,механикалық әлемде немесе басқа бір әлемде өмір сүруі мүмкін,бірақ әйтеуір адам технологиялық әлемде емес.Өзінің  жоспарына сәйкес құдай жасаған әлемде жеке тұлғалы адам өледі.Өйткені кез келген алдын ала болатын айқындылықтағы адам-жойылған адам.

  

   

                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Адамның әлеуметтік мәні.Адам феноменінің қалыптасу сатысы

 

Адам феноменінің қалыптасу  сатысы:1)индивид

                                         2)индивидуальность

                         3)личность

Қазақ тілінде «индивид», «индивидуальность», «личность» деген сөздерге дұрыс балама табылмай келеді,индивид (латын сөзі)-бөлінбейтін,тұтас,өзіндік деген мағына береді екен. Осы тұрғыдан алғанда бұл ұғымды индивид деген күйде алған немесе «дара адам» деп аударған дұрыс сияқты.

   Дара адам(индивид)-көптің бірі,жалпы адамзаттың нақты өкілі,дара.көптің бірі болу үшін оған жалпы адамзатқа тиісті қасиеттер мен келбетке ие болса болғаны.Оның санасы жоғары ма,жоқ па,елмен сөйлесе алама,әлде сөлесе алмай ма,бұлардың оған қажеті аз.Әлемде қанша миллиард адам бар,соның әрқайсысы-жеке-дара адам.

  Ерекшелікті адам(индивидуальность).Ол-өзіндік,тек соған тән дауысы,жүріс-тұрысы,білімі,бет пішіні,түр-сипаты,азаматтық қасиеті, т.б. бар адам.Ерекшелікті адам-сол қасиеттермен қйталанбас феномен. Ол дүниеге бірақ рет келеді,әркімнің орны бөлек.Сондықтан бір заманда қағаз-құжаттарға бармақты басу мөр орнына жүрген.Сол сияқты дара адам болу үшін оның мінезі бар ма,жоқ па,көзі көк пе,әлде қара ма,бойы ұзын ба,жоқ па-бұлардың еш қажеті жоқ,ал ерекшелікті адамға мұның бәрі қажет.

  Кісі,тұлға,жетілген,кәмелетке жеткен адам(личность).Жас нәресте де,бала да-адам. Олардың нақты ерекшеліктері бар.Бірақ оларкісі болған жоқ,кәмелетке жетпеген.Кісі деп ер жеткен,бұғанасы қатқан,ақылы толған,өз ісіне өзі жауап бере алатын адамды айтады.Ондай адамның дүниеге көзқарасы бар.Әрине,ондай адам әртүрлі:азамат,тәрбиелі,зиялы адам да,маскүнем де,қылмыскер де,ел басшысы да болады.Әр кісінің тарихта алар орны әрқилы.

   Акциология құндылықтар туралы ілім.Бұл сөздің шығу этимологиясы грек тілінен аударғанда aksio-құнды,logos-ілім деген мағына береді.Ең алғаш рет акциология терминін ғылымғы енгізген 19ғасырдың 2ші жартысында Гартман деген ойшыл.Құндылық адамдардың қоғамдағы басқа адамдарға және өзіне этикалық көзқарастардың қалыптасу негізінде пайда болған.Құндылықтар 3түрге бөлінеді:

1)обьективті-идеалистік құндылықтар.Бұл кеңістікпен уақыттан тыс тұрған сезімдік құндылықтар.

2)Субьективти идеалистік  лингвистикалық талдаулардың ерік  теориясын жақтайтын табиғи қажеттіліктер  көрінісі

3)Натуралистік.Адамдардың  табиғи қажеттіліктерінің жалпы табиғат заңдылықтарының көрінісі.Қоғамда калыптасқан жоғарғы интеллект.

   Құндылық философияда  адамдардың 2түрлі қасетіне қалыптасқан:

1)жаапкершілік

2)еркіндік

   Еркіндіктің табиғи  шектеулері бар.Сондықтанда еркіндік  танылған қажеттілік.Мыс.білімнің  арқасында адамдардың мүмкіндіктері күшейеді.(Спиноза,Гегель)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Қорытынды

 Еліміз тәуелсіздік  жолына түскеннен бергі уақыт  ішінде алға қойылып отырған  басты мақсаттырдың бірі адамның бостандығы мен азаматтық еркін қорғау болып отыр. Бұл мақсат жүзеге асырылған жағдайда адамды шын мәніндегі адамдық дәрежеге көтері, оны өзіне-өзі ие, белсенді де адал, жан-жақты дамыған, ерікті азаматқа айналдыру мүмкіндігі туады. Тек билік түгелдей халық қолына көшіп, әлеуметтік үстемдікалса, қоғам құқылық мемлекетке айналып, бұрмалаушылықтардың қайталанбауына берік кепілдік жасалса, тек сонда ғана «бәрі де адам үшін,оның еріктілігі,өркендеп жетіле беруі үшін» деген ұран іс жүзіне асады. Тек сол жағдайда ғылыми философия адамның ерікті де бақытты биік нысана ретіндегі мұратын ғана емес, шынайы бейнесін де кескіндейтін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.Философия. Д.Кішікбаев,Ұ.Сыдықов.

   Алматы «Қарасай»,2008-360 б.

 

2.Философия. Алматы,2007-265 б.

   Р.У. Жүнішеев,

   Ө.С.Төкенов,

  А.Ә.Ізтілеуов.

 


Информация о работе Философия тарихындағы адам болмысының проблемалары