Философия тарихындағы адам болмысының проблемалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 20:18, реферат

Описание работы

Көне қытай философы Лао Цзы: «Басқаларды білетін адам-ақылды,өзін танып білген адм-данышпан»-депті. Ертедегі грек ойшылы Протогордың: «Барлық заттың өлшемі-адам» деген қанатты сөзі кең тараған. Гректің тағы бір атақты ойшылы Фалестен: «Дүниедегі ең оңай рәрсе не?»- деп сұрағанда: «Басқаға ақыл айту»,ал «Ең қиын нәрсе не?»-дегенде: «Өзіңді танып-білу» деп жауап беруі де осыны білдіреді.

Содержание

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1.Философия тарихындағы адам болмысының проблемалары
2.2.Философиялық антропологияның қалыптасуы және дамуы
2.3.Адамның әлеуметтік мәні.Адам феноменінің қалыптасу сатысы


3.Қорытынды

4.Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Философия тарихында адам мәселесіне соқпаған.doc

— 76.50 Кб (Скачать)

Жоспары:

 

1.Кіріспе

 

2.Негізгі бөлім

 

2.1.Философия тарихындағы адам  болмысының проблемалары

2.2.Философиялық антропологияның  қалыптасуы және дамуы

2.3.Адамның әлеуметтік  мәні.Адам феноменінің қалыптасу сатысы

 

 

3.Қорытынды

 

4.Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Философия тарихында  адам мәселесіне соқпаған,оның рухани және материалдық болмысының түрлі  қырларын ой елегінен өткізбеген ойщылды,философты,тұтас  философиялық ағымдар мен мектептерді  табу өте қиын болар еді. Адамзаттың дүниені,айнала ортаны танып-білуінің түп қазығы адам екенін бүкіл тарих дәлелдеп келеді. Көне қытай философы Лао Цзы: «Басқаларды білетін адам-ақылды,өзін танып білген адм-данышпан»-депті. Ертедегі грек ойшылы Протогордың: «Барлық заттың өлшемі-адам» деген қанатты сөзі кең тараған. Гректің тағы бір атақты ойшылы Фалестен: «Дүниедегі ең оңай рәрсе не?»- деп сұрағанда: «Басқаға ақыл айту»,ал «Ең қиын нәрсе не?»-дегенде: «Өзіңді танып-білу» деп жауап беруі де осыны білдіреді.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

   

                                      

                                     Негізгі бөлім

Философия тарихындағы  адам болмысының проблемалары

 

    Сөйтіп, адам проблемасы философиялық іліммен құрдас десе де болады. Яғги философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі,оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан туғаны белгілі. Бір нәрсенің сырын ашып,білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп,соны іштей де болса мойындауы қажет. Мысалы,ағаш отқа жанады,ал тас жанбайды. Мұның себебін білмейтіндігін адам өзі түсінеді,онда бұған таңдану сезімі пайда болады,ойланады,білуге ынта туады. Атақты философтар Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін,түсіндіре алмайтын құбылыстарға ең алғаш таңдану,таңырқау сезімдерінде жатыр деп болжам жасады.

      Біздің білуімізше,философияның  мәселесі-бұл сананың,рухтың табиғатқа,материяға,субъективтің(адамның)  ішкі дүниесінің объективтікке  (сыртқы дүниеге) қатынасы. Бұдан шығатын қорытынды: адамның сана-сезімі мен ақыл-ойының,тілі мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысы қандай,табиғат пен қоғамның адамға,оның ішкі рухани дүниесіне тигізетін әсері қандай-осының бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады.

      Материяны, табиғатты-алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен сананы-алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондақтанда олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адамның проблемасынсыз философия жоқ. Бұл философиялардың екеуінің түсініктері мен көзқарастары басқаша, қарама-қарсы болғанымен, қарастыратын, зерттейтін негізі біреу ғана. Ол адамға тән қасиеттердің сыртқы дүниеге және сол сыртқы дүниенің бұл қасиеттерге қатынасы.

      Ертедегі атақты  шығыс ойшылдарының көбі, алдыңғы  тарауларда айтылғандай, өздерінің  философия жүйелерінің негізгі  өзегі етіп-тікелей адам проблемаларын  алған. Көне замандардағы мысырлықтар филосоияның объектісі құдайлар мен әділеттік мәселесі деп білді. Бұдан 25ғасыр бұрын өмір сүрген әйгілі қытай философы Конфуций өз ілімінің түп қазығы етіп «адамсүйгіштік» (жэнь) проблемасын алды. Оның түсінуінше, тек «адамсүйгштік» қасиет қана адамды басқаларды сыйлайтын, ешкімнің алдынан кесіп өтпейтін, шындықтан басқаға мойын бұрмайтын, батыл да байсалды, ілтипатты да достыққа берік, сөзге ұстамды (біреуді өкпелетіп алмау үшін), көмекке (кімнің болса да адамгершілік жағын жетілдіре түсуге) дайын етіп қалыптастыра алады. Бұл қасиеттердің бәрін біріктіріп, әрқайсысын қамти алатын моральдық, философиялық ой түйінін Конфуций: «өзіне жасағанын қаламайтын қылықтарды сен де басқаларға жасама»,-деп қорытты.

     Этикалық ілім ретінде  дүниеге келген Үндістанның буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын діни-философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы-құдаға құлшылық етіп, табына беру деп білсе, буддизм, керісінше, өмірдің өзі те азап шегуден тұрады, бұл дүниеде (сансарда) одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету, безіну деп санады. Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы өмірге құмарлықтан арылу, тіршіліктің қамын естен шығару, күнделікті өмірге керек игіліктердің маңызын төмендете келіп жоққа шығару; адам өзінің жан-дүниесін қуаныш-күйінішін, қынжылыс, қызғаныш, уайым-қайғы сияқты сезімдердің бәрінен біржолата тазартып, айналада болып жатқан істер мен құбылыстарға түңіліспен, немқұрайды,бейтарап қарайтын күйге жету. Бұл жайды буддизм нирвана деп атайды. «Нирвана» өшу, сөну деген мағынада айтылады. Оған жеткен адам (архат)-азап, қасіреттен түгелдей құтылып, аспаннан да жоғары, адамдықтан тысқары ерекше рахатқа мәңгілік бөленген, о дүниенің айырмашылығын сезіп-аңғару шегінен алысқа кеткен адам. Адамды азаптан құтқарудың мұндай жолы мүмкін бе, мүмкін емес пе, дұрыс па, әлде теріс пе-мәселе бұл жерде осылайша қойылып отырған жоқ, тек буддизм философиясының адам проблемасын ең жоғары биікке көтеріп өзін түгелдей соған арнағаны жайында болып отыр.

      Платон философиясының  өте маңызды бөлімі-адамның арманынан  шығатын «Мемлекет» туралы ілім. Дүниедегі бірден дір әділетті мемлекет қандай болуы керек-философ осыны кескіндеп,бейнелеп беруді өзіне мақсат етіп қойған. Мұндай мінсіз мемлекетті ең ақылды, білімді адам, яғни Платонның ойлауынша философ басқаруға тиіс. Ондағы азаматтар 3топқа бөлінеді:қарапайым еңбек адамдары, күзетшілер мен басқарушылар(аристократтар). Негізінен мемлекет басына келетіндер соңғылардың ішінен шығады. Бірақ алғашқылардың расында ерекше қабілетімен көзге түскен бірлі-жарым жастардың көтерілуі мүмкін деп біледі Платон. Әділдік принціпі үстем, мінсіз мемлекет жасаудың басты шарты етіп Платон адамға сол мақсатқа лайықты білім, тәрбие беру мәселесін қояды. Оқу, тәрбиенің міндеті-адамдарды ізгі ниетті, ержүрек, таза, өнерлі азаматтарға айналдыру.Мемлекет басқарушы тап болып есептелетін күзетшілер кішкентай жабайы үйлерде ғна тұрады, жалпыға ортақ асханалардан қарапайым тамақ ішеді, өмірге ең бір қажет заттар болмаса, жеке меншік болмайды. Олардың алтын, үміс тәрізді асыл бұйым жинауына тыйым салынады. Бақытты болу байлықта емес. Мінсіз мемлекеттің мақсаты бір ғана күзетшілер табын емес, барлық азаматтарды бақытты ету деп түсіндіреді Платон.

       Адам проблемаларына  Аристотель де ерекше көңіл  бөлген. әсіресе ол философиясының  «Этика» бөлімінде түгелдей сол  проблемаларды қарастырып, оларға тиісті талдау жасады. Аристотельдің айтуынша, мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті-азаматтарды жықсы қылықтарға, ізгі ниеттілікке үйретіп, оларды тек игілікті істерден ғана ләззат алатындай дәрежеге жеткізу. Оның «алтын аралық» деп аталатын моральдық доктринасы адамның жан-дүниесінің сырын ашуға бағытталған. Жоғары мінез-құлық қасиеттерінің әрқайсысы біріне-бірі қарсы екі түрлі ұшқары қылықтың аралығы болып табылады. Бұлардың екеуіде теріс қылықьар. Мысалы: батылдық-қорқақтық пен басбұзарлықтың аралығы, сыпайылық-ұялшақтық пен ұятсыздықтың, мырзалық-сараңдық пен дүние шаруашылықтың аралығы, т.б. Аристотельдің ұғымы бойынша, ең жақсы адам-ұлылық дәрежесіне жеткен кең пейілді, қайырымды адам, ол өзін мақтағанды, басқа біреулерді жамандағанды сүймейді, өзінің күштілігін әлсіздердің арасында көрсетпеуге тырысады. Жауға ашық жау, досқа ашық дос болғысы келеді. Оның көңілі пайдалыға емес, тамашаға, сұлулыққа ғана ауады. Қайырымды, ақ пейілді кісінің жүрісі жайлы, даусы төмен, сөзі мазмұнды болуға тиіс.

     Дегенмен Аристотельде өз заманына сай ойлайды. Құлдарды ол адамға санаған жоқ, «сөйлей білетін қару» деп атады. Құл иесі құлға қайырымды болуы да міндетті емес, өйткені ол оның меншігі болып есептеледі, ал баланың әкеге қайырымды болуы міндетті, себебі әкесіз бала дүниеге келмейді.

     Адамның ой-сезімін,  мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру  арқылы оны бақыт жолына салу  мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін  тікелей арнаған орта ғасырдағы  шығыстың ойшыл философы, біздің  әйгілі жерлесіміз Әл Фараби болды. Әл Фарабидің айтуы бойынша, бақыт-әр адамның көздейтін мақсаты,үлкен игілік. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілет болады:а)ерекше жаралған дене құрылысы ә)жан құмарлықтары б)ой-парасаты.

      Бұл қабілеттер өзінен-өзі табиғат берген қалпында бақытқа жеткізбейді. Бірде жақсылық толық нәтижесін берсе, енді бірде керісінше болуы мүмкін. Мұндай кездейсоқтықты женудің жолы-аталған үш қабілеттің әрқайсысын дұрыс жолға бағыттап тәрбиелеу, терісін жөнге салып, дұрысын дамыту, сол арқылы адамның мінез-құлқы мен ой парасатын саналы түрдеүнемі дұрыс нәтиже тұғызатын дәрежеге көтеру. Мұны іске асыру, бір жағынан, адамның өзіне байланысты болса, екінші жағынан, мемлекет басындағы саяси қайраткерлердің міндеті. Әл-Фараби былай деп үйретеді: қандай болса да іс-қимылын жасағанда адам біржақтылықтан, ұшқарылықтан сақтану керек. Себебі әрбәр жақсы қасиет бір-біріне қарама-қарсы екі жаман қасиеттің аралығынан туады. Бұл арада Әл-Фарабиге Аристотельдің жасаған ықпалы аңғарылады. «Бақытқа жету жолына меңзеу» деген тамаша еңбегінде ғалым адамның жан-дүниесін жетілдіру мәселесін философиялық тұрғыдан зор бірлікпен жан-жақты да терең зерттеп, талдау жасайды. Оның бұдан мың жылдан астам уақыт бұрын айтылған ойлары бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ.

      «Ой-парасат  ғасыры» деп аталған ғасыр  адам жөніндегі философиялық  мәселесінің қойылысын жаңа сатыға көтерді. Бұл ғылым мен техниканың бұрын болып көрмеген жетістіктерімен бірге туған капиталистік қатынастардың даму кезеңі болатын. Табиғаттың терең құпия сырларына көз жүгіртіп, неше алуан машиналар ойлап шығару арқылы өндіргіш күштердің жаңа сапамен өркендеуіне кең жол ашқан адамның ақыл-ойы өзінің теңдесі жоқ жасампаз күшін еріксіз мойындатқан дәуір еді ол. Сол заманның Бэкон, Гоббс, Декарт, Спиноза сияқты әйгілі философтары адамды өз болашағы құдайданда, басқадан тәуелсіз, тапқырда белсенді жасампаз тағдыр иесі, өз өмірінің саналы субьектісі деп таныды, сөйтіп, өздерінің философиялық ізденістерін осы бағытта ғана дамытты. Олар адамның ерекшелігі де, рухани күші де оның ақылы мен ойында, ойлау қабілетінде деп біледі. Адамның тіпті өмір сүруінің ең басты белгісі осы қасиеттер деп таныды. Француз философы Ренэ Декарттың «мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін» деген қанатты сөзінің мәні де, міне, осында.

       Адамның  ақыл-ой құдіретінен туатын іскерлік, белсенділік қабілеттеріне XVIII ғасырдағы француз ағартушыларымен материалистерінің философиалық ілімінде де ерекше көңіл бөлінеді. Бұл дәстүр белгілі бір мағынада француздардан XIX ғасырдағы неміс философиасына ауысты.

       Канттың  адам проблемасына арналған негізгі  принципы-әрбір жеке адамды өз алдына мақсатты нысана ретінде қарау қажеттігі. Бұл оның адам мүддесі жөніндегі ілімінің басты мәселесі болды. Адамға деген жүрек жылылығын ол теорияға сүйенген салқын ақылдың бұйрықтарына қарсы қойып отырды. Адам бостандығын, ерітілігін Канттың қалай қолданғанын оның: «Адамның барлық іс-қимылының басқа біреудің еркіне бағыныштылығынан асқан сорақы сұмдықтың болуы мүмкін емес», - деген бір ауыз сөзінен толық аңғаруға болады.

        Классикалық неміс философиясына  келетін болсақ, ол адамды мәдениет  дүниесіне қатысушы, рухани қызметтің іске асырушысы, жалпы дүниелік сананың, рухтың, ой-парасаттың иесі деп қарастырды.

        Тарихи материалистік көзқарастың  қалыптасуы адамның қоғамдық  өмірдегі алатын орнын түсінуді  шын мәніндегі ғылыми деңгейге  көтереді. Адам бұрыңғыша рухани, денелік. әлеуметтік, табиғи болып бөлшектеніп, бір жақты немесе таза абстрактілі түрде қаралмай, тұтас тұлға ретінде, нақтылы тарихи мақсаттарға бағындырыла қаралатын болды. Адамның табиғи-әлеуметтік мәні, қоғамдағы рөлі мен орны жөніндегі мәселе оның ондаған мың жылдар ішіндегі тарихи алға басу, яғни еркіндікке ұмтылу күресі сатыларының сипаттарымен тығыз байланысты.

         Табиғатта мақсат жоқ. Мақсат адамның дүниеге келуімен бірге пайда болады. Демек, ол тек адамға ғана тән, бір-бірімен қарым қатынастағы адамдардан құралатын қоғамға тән құбылыс. Мақсат жай ғана ермек үшін немесе сол мақсаттың өзі үшін ойдан шығара салған жасанды бір нәрсе емес. Түптеп келгенде, адамның да, қоғамның да мақсаты-адамның жайы. Оның мәні-материалдық мүдде-талаптарының кезінде қанағаттандырылып тұруына, өз басынынң қанау мен езгіден, басқаның үстемдігінен еркін өмір сүруге, оның ішкі қабілеттері мен дарын-таланттарының уақытында толық ашылуына әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау,басқаша айтқанда, адам үшін бақытты өмір орнату. Мұны іске асыратын құдайда, патшада, үкімет басшысыда емес, оның өз еңбегі, ақыл-ойымен екі қолының күші, іскерлік қабілеті. Адамның қоғамдық өмірде алатын орны, әлеуметтук жай-күй толығынан өз еңбегінің саны мен сапасына, әлеуметтік пайдалы белсенділігіне сай белгіленуге тиіс. Ол өмір сүретін қоғам оның адамдық қалпын, қадір-қасиетін тек осы жолмен ғана анықтап, іске асыруға міндетті.

     Бұл-адам  проблемаларының гуманистік,ізгілік  принципі. Социализм осы принцип  негізінде адамның қадір қасиетін ең жоғары биікке көтеріп,толық еркіндікке, ауқатты өмір сүруіне тарихта бұрын-соңды болмаған қолайлы жағдай жасауды өзінің өзекті мақсатына айналдыруы керек еді. Бірақ ол кеңес өкіметі тұсында жеке адамға табыну, ықтиярсыздық және тоқырау кезеңдерінде адам айтқысыз бұрмалаушылықтарға душар болып,табиғи тура жолынан ауытқып кетті. Өндірісті адамның талап-мүделеріне бағындырудың орнына адам өндіріс мүдделерінің құлақ кесті құлдарына айналды, ал оның еңбегі-өмір сүрудің амалы емес, мақсаты болды. Адам бостандығы мен құқығы, адамға деген қамқорлық қағазға жазған сөздің деңгейінен аспады.

Информация о работе Философия тарихындағы адам болмысының проблемалары