Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 19:53, курс лекций
Философия рухани мәдениеттің ең көне және адамзат ілімінің жауапты бөлімі. Оның тарихы 25 – ғасырға созылады, философия ежелгі шығыс (үнді қытай) елдерінде пайда болып өзінің класикалық деңгейінде ежелгі Греция еліне жетті. Е
Материя түсінігінің тарихи қалыптасуы.
Материя және оның негізгі формалары.
Әлемнің сыр – сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігін - “болмыс” деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады. Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар мен ойшылдарды бұл ұғымды философиялық ой – толғаныстардың түп қызығы, бастапқы негізі деп қараған.
Болмыс философиядағы негізгі түсінік болмыс туралы ілім, антология философия күні бүгінге дейін әртүрлі көз қарастар дискуциялар болып түрады себебі болмыс проблемасы күнделікті уақытта адам адамзатқа күрделі сұрақтар қояды.
Адамдар белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада өмірге келеді, тіршілік - әрекетке араласады. Олар қоршаған ортаның, тұтас дүниенің бар екендігіне еш шүбә келтірмейді, бір қарағануа бұл өзінен - өзі түсінікті сияқты көрінеді. Сонымен бірге адамдар табиғат пен қоғамда үнемі өзгерістер болып, оның толысып жататына қарамастан, дүние біршама тұрақты нәрсе ретінде сақталатынын да анық аңғарады.
Болмыс ұғымы – философияның ең ежелгі әрі маңызды категорияларының бірі. Ол жалпылай алғанда “бар болу”‚ “өмір сүру”проблемасын қамтиды. “Болмыс түсінігінің арғы түбінде “болу”, “бар болу” деген мағынаның қаның аңғару қиын емес. Бүл түсінік адамның айнала қоршаған ортаны біртұтас әлем есебінде танып білуге ұмтылуынан туындаған.
Осы заманғы философиялық әдебиеттен болмыс сөзінің екі түрлі мағынасын аңғаруға болады. Тар мағынада болмыс – адамның санасынан тәуелсіз, тысқары өмір сұретін объективті, материалдық дүниені білдіреді. Философия тарихинда болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б.э. дейінгі V – VII ғ.ғ.) еді. Оның пікірі бойынша, болмыс дегеніміз – бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу – болмыссыздық. Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең бастысы бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.
Тұтас дүние өзіндік ерекшеліктерімен дараланатын, бірақ өзара байланысты болатын сансыз көп түрлі заттардың, құбылыстар мен процестердің, құрылымдар мен жүйелердің, тіршілік иелерінің,
адамдардың жалпы бірлігін, өмір сүруін қамтиды.
Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негізгі мәселесін – түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек.
Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір – бірінен айырма тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болоды:
Табиғат болмысы немесе заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғат заттары мен процестері және адамдар жасаған заттар, процестер болмысына бөлінеді;
Адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі;
Рухани (идеалық) болмыс;
әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестегі жекленген адам болмысына және қоғам болмысына бөлінеді.
Әлеуеттік өмірге қатысты болмыс түрі кейінгі арнаулы тарауларда тереңірек қараастырыланындықтан, біз болмыстын алғашқы үш түріне тоқталайық.
Болмыстың жоғарыда қарастырылған негізгі өмір сүру, көрініс табу түрлерінің әрқайсысының өзіне тән заңдылықтары бар – олар физика, биология, антропология, социология, т.б. сияқты сан алуан ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондай – ақ, олар белсенді түрде өзара қарым – қатынасқа түсіп, тұтас байланыс құрайды, бір – біріне өтіп отырады. Ең бастысы, дүние болмысы тұтас, тұрақты, үйлесімді, сөйте түра, үнемі қозғалыста, өзгермелі, құбылмалы. Оның ашылмаған құпиясы, атқарылмаған сыры әлі де көп. Адам оны игеру жолында, игілікке пайдалану ниетінде іздене бермек.
Материя ұғымы – дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән – мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан.
Дүниенің бірлігін, оның негізінде бір ғана субстанция бар деп үғындыратын ілім монизм философиясына жатады. Субстанция туралы, дүниенің мәні жөнінде материалистік және діни – идеалистік көзқарастар тарихи тұрғыдан алғанда бір мезгілде дерлік пайда болған.
Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа еш нәрсе жоқ, сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі.
Бірақ бұл ілімдер материяны оның тұрақты түрлерімен, яғни затпен
пара – пар деп санады.
Қысқасы, материя туралы қалыптасқан мұндай біржақты, шектеулі көзқарас ғылымның танымның, қоғамдық практиканың, жалпы мәдениеттің, сондай – ақ, философиялық ой – жүйенің даму деңгеймен байланысты еді.
Бұл анықтамада материяның негізгі екі белгісі айқын көрсетілді, біріншіден, материя адамның санасынан тыстәуелсіз өмір сүреді, екіншіден, ол адамның санасында бейнеленеді. Бірінші белгі материяның санаға қарағанда бірінші, бастапқы екендігін білдірсе, екінші – материалдық дүниені танып – білуге болатындығын көрсетеді. Сөйтіп, материаның бұл анықтамасы философияның негізгі мәселесін тұтасымен материалистік ағымның нақты пайдасына шешеді. Сонымен бірге бұл анықтамада материаның нақты түрлері мен қалыптары, белгілі бір қасиеттері көрсетілмейді. Мұның өзі диалектикалық ойлау әдісінің метафизикадан айырмашылығын көрсетеді. Материаның басты қасиеті – санадан тыс объективті нақтылық ретінде өмір сүруі.
Сөйтіп, материя, біріншіден, санаға дейін өмір сүреді; екіншіден, тысқары өмір сүреді; үшіншінден, бейнесі жасалатын құбылыс есебінде санадан тәуелсіз өмір сүреді; төртіншіден, құралы есебінде санадан тыс өмір сүреді.
Объективтік дүниеде үнемі қозғалыста болатын материядан басқа ештеңе де жоқ. Қозғалыс – материяның ажырамас, мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді.
Материаның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері, оның жүйе есебінде ұйымдасуының әр түрлі материлдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады. Бұл мәселені тереңірек зерттеп, бір арнаға түсірген Ф. Энгельс болатын.
Кез келген материалдық обектінің өмір сұруі оны құрайтын элементтердің қарым – қатынасына байланысты. Философияда өзгерісті қозғалыс деген түсінікпен байланыстырамыз материя қозғалыс дегенді бұл тек механикалық деп түсінбеу керек бұл кез келген объектінің кеңістіктегі өзгеуі қарым қатынасына байланысты. Материя қозғалыссыз өмір сұре алмайды қозғалыз материяның басты атрибуты. Қозғалыстың негізгі 2 түрін ажыратамыз 1 заттың сапасын сақтау. 2 бір сападан келесі бір сапалық өзгеріске ауысу.
Материя қозғалысының 5 формасын ажырытамыз.
Механикалық.
Физикалық.
Химиялық.
Биологиялық.
Осы қозғалыс формаларын 3 блокқа біріктіреміз. 1 Физикалық, химиялық қозғалыс формаларын бұл өлі табиғатпен байланыста. 2 Биологиялық қозғалысы тірі табиғатпен байланысты. 3 Қозғалыстың әлеуметтік формасы бұл қоғаммен байланысты.
Негізгі мақсаты: Диалектика мен диалектикалық категориялардың философиялық мазмұнын айқындау.
Негізгі түсініктер: гипотеза, қозғалыс, диалектика, категориялар, ақиқат.
Диалектиканың қайнар көзі, сипаты тенденциялары.
Диалектиканың заңдары мен категориялары туралы түсініктің қалыптасуы.
Қарама – қарсы бірлігі мен күрес заңы.
Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы
Терістеуді – терәстеу заңы.
Диалектиканың түсінігі грек тілінен аударғанда ойлау әңгіме жұргізу өнері. Философияда әртүрлі түсініктерде қолданып отыр. Диалектиканың қағыдасы әр тақырыпты дамыту пікірталас өнері. Диалектика болмысты, бүкіл әлемдік құбылыстарды табиғатты, қоғамды және адамның ой – санасын өзгерісте, қозғалыста, дамуда және өзара байланысты қарастыратын философиялық ілім. Ол бүкіл дүниеге тән байланыстар мен дамудың жалпылама, әмбебеп заңдылықтарын зерттейді. Сонымен бірге диалектика адамды және оны қоршаған ортаның біртұтастығын әрі өзгермелілігін басшылыққа алатын ойлау тәсілі де болып табылады. Көне
грек философиясында диалектиканың алғашқы стихиялық формасы дүниегекеліп, қалыптасты. Қозғалыстының түп табиғатын аңғаруға ұмтылу Элат мектебінің өкілдерінен – ақ байқалған болатын. Сократ қарама – қарсы пікірлерді қарастыра отырып ақиқатқа жетуді, яғни айтыса білуді, дәлелді, дәйекті сөз жүесімен қарсыласты жеңуді диалектика деп ұғынды.
Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірлерінде философия мен жаратылыстану ғылымдарында диалектиканың дамуына Д. Бруно, Н. Коперник, Н. Кузанский, Р. Декарт, Б. Спиноза сияқты ойшылдар үлес қосты.
Диалектиканың екінші тарихи формасы неміс класикалық философиясында идеалистік негізде қалыптасты. Бұл ағымның аса көрнекті өкілдері Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель дүниеге деген метафизикалық көзқарасқа жалпы даму идеясын қарама – қарсы қойды. Диалектиканы дамытуға, әсіресе, Г. Гегельдің қосқан үлесі мол болды. Ол бүкіл дүниеде бардың дамуының қайнар көзі абсолюттік идея деп білді. Абсолюттік идея үнемі өзіндік қозғалыста болады, ол дамуының әр кезінде табиғат, адам болмысы түрінде нақты көрініс табады.
Маркс пен Энгельс Гегельдік диалектиканың “мәнді дәнін”, - даму идеясын ғана сақтап қала отырып, нақты, шынайы материалдық және рухани дүниенің біртұтас даму диалектикасын қалыптастырды. Диалектиканың ең жалпы заңдары объективті дүниеге де, рухани салаға, адам ақыл – ойы мен санасына да ортақ, тұрақты әрі мәнді байланыстарды қамтиды.
Сонымен диалектика дүниені үнемі өзгерісте, қозғалыста, дамуда қарастырады дедік. Шынында да, қоршаған ортада қозғалыстан тысқары тұрған, байланыстан шет қалған ештеңе жоқ екеніне алдыңғы тарауларда көз жеткізген болатынбыз. Диалектикаға қарама – қарсы қалыптасқан даму концепциясы, танымдық және ойлау тәсілі ретінде метафизикаға көне Грецияда Элаттардың мектебінде пайда болды.
Диалектикаға қарама – қарсы даму концепциясы және ойлау тәсілі есебінде метафизиканың негізгі белгілері мыналар: біріншіден, метафизика тұрғысынан алғанда объект бөлшектердің механикалық жай қосындысы ретінде қаралады.
XX ғасырдың басында орыс философы В. И. Ленин “Философиялық дәптерлер” деген конспектілерінде диалектика мен метафизиканы дамудың екі түрлі концепциясы әрі философиялық ойлау жүйесінің екі түрлі концепциясы әрі философиялық ойлау жүесінің екі түрлі тәсілі ретінде салыстырмалы түрде қарастыра отырып, мынандай тұжырымға келген болатын. Диалектика “өміршең”‚ себебі, ол қозғалыстың, дамудың өздігінен іске асуын түсіндіре біледі.
42
Атырау мұнай және газ институты
Диалектиканың негізгі емес деп аталатын заңдары дамудың және өзіндік дамудың жеке жақтарын ашып көрсетеді. Оларға мән мен құбылыс, жеке мен жалпы, мазмұн мен түр, себеп пен салдар, мүмкіндік пен шындық, қажеттілік пен кездейсоқтық арасындағы диалектикалық өзара байланыстар жатады.
Жаңа дәуірдегі категориялар туралы диалектикалық түсінікті идеалистік негізде ұсынған Гегель болды. Оның пікірінше, болмыс пен ойлау тепе – тең және осы тепе теңдіктегі негізгі қорғаушы күш – ойлау.
Маркс пен Энгельс өздеріне дейінгі философия тарихындағы категориялар туралы ілімдерді сын көзімен тұжырымдай отырып, олар жайында дәйекті диалектикалық – материалистік ілім жасады. Олар адам ойлауының сезімдік – практикалық тегін ашты.
Сөйтіп диалектика – сыртқы дүние мен рухани жан дүниенің байланыстары мен даму заңдылықтары туралы теориялық білімдер жүйесі, дүниеге шынайы, нақты көзқарастың түп негізі, ой - өріс әдісі.
Диалектиканың заңдары мен категориялары үнемі өзара тығыз байланыста болады. Олар басқа ғылымдардың ұғымдарымен салыстырғанда анағұрлым нақтылық жайлы ұғымдар. Мысалы, сан категориясы математикадағы сан, шама, жиын, құрылым, т.б. ұғымдарына қарағанда нақтылы жалпы ұғым. А. Эйнштейн ашқан салыстырмалық теориясында материя, қозғалыс, кеңістік және уақыт оның категориялық құрылымын анықтайды. Ендеше, категориялар ғылыми теорияны құру мен дамытуда, жаңа нәтижелерді іздеуде үлкен методикалық рөл атқарады, демек, теория жасаудың диалектикалық – логикалық принциптері болып табылады.
Логикалық категориялар нақтылы жалпы сипаттама, бірі екіншісіне диалектикалық тұрғыда өтіп, жылжымалы, қозғалмалы қайшылықта болып тұрады. Олар – дам процесінің жеке жақтарын бейнелейтін, негізгі емес заңдар. Диалектиканыңнегізгі және негізгі емес заңдары тығыз байланысты.
Диалектиканың заңдары және категориялар жүйесі қоғамдық практиканың, мәдениеттің, ғылымның және техниканың өскелең талабына сәйкес үнемі жетілдіріліп, дамытылып, байтылып отырады. Қазіргі ғылыми – техникалық революция жетістіктеріне және тарихтың қазіргі кезеңінің бетбұрыстық сипатына байланысты диалектиканың теориясын жасау мен негіздеу, оның заңдары мен категориялары жүйесін одан әрі жетілдіру – күн тәртібіндегі мәселе.
Тақырып. Сана проблемасының философияда қойылуы.
Негізгі мақсаты: Тек ған адамзатқа тән сана мәселесінің адам үшін маңызы және оның ерекшелігін таразылау.
Негізгі түсініктер: сана генезисі, өзіндік сана, тіл, ойлау, архетип, бейсана, көпшілік сана.
Информация о работе Философия, оның проблемалары және қоғамдағы ролі