Философия, оның проблемалары және қоғамдағы ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 19:53, курс лекций

Описание работы

Философия рухани мәдениеттің ең көне және адамзат ілімінің жауапты бөлімі. Оның тарихы 25 – ғасырға созылады, философия ежелгі шығыс (үнді қытай) елдерінде пайда болып өзінің класикалық деңгейінде ежелгі Греция еліне жетті. Е

Работа содержит 1 файл

лекция философ.docx

— 217.53 Кб (Скачать)

     Тақырып. Философия, оның проблемалары және қоғамдағы ролі.

 

Философия туралы түсінік. Философия бүкіл ғылыми жүйелердің көкесі.

Философия пәні, құрылымы және атқаратын қызметі.

Дүниетаным және философия.

Қазіргі кезеңде философияның алатын орны.

     Философия рухани мәдениеттің ең көне және адамзат ілімінің жауапты бөлімі. Оның тарихы 25 – ғасырға созылады, философия ежелгі шығыс (үнді қытай) елдерінде пайда болып өзінің класикалық деңгейінде ежелгі Греция еліне жетті. Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде философия деген термен пайда болды, ғалымдардың ішінде өзін алғашқы философпын деп атаған грек математика ойшылы Пифагор ( б.э.д 580 -500). Ал ғылымның ерекше саласы деп философия терминін енгізген Платон 428 -347. Философия грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық, ежелгі дәуірде даналық бұл асқақтық мәні бар құбылыс. Философияның негізгі тақырыбы дүние және адам туралы. Алғашқы философтар универсалды энциклопедист ғалымдар мысалы: Фасель 624 – 547ж. ол ірі математик геометрия негізін қалағн  астраном гидротехник болған  ол тек философия проблемасымен айлалыспаған сонымен қатар физика медицина математика техника логика т.б. Алғашқы философтар өздерінің еңбектерінде мынадай сұрақтарға жауап іздеді: дүниенің мәні неде, дүниенің құрлымы, құрылыс неде, дүние шектеулі ме, әлде шексіз бе, жақсылық пен жамандық деген не? Ежелгі дәуірде күні бүгінге дейін дүниетанымдық сұрақтарды негіздеу дүниетенымның негізгі принциптерін қалыптастыру философияның кәсіби ісі.Фиолсофияның теориялық білімге және ерекшелігіне анықтаған философ ойшыл Аристотель б.э.д 384 – 322.өтсе де философия пәні туралы түсінік үнемі өзгеруде бірақта ол өзінің тұрақты түсінікте ойлар ерекшеліктерін сақтап қалды. Дүниетаным адамның дүниеге қатынасы бұл жерде эмоциальдық психологиялық және интелектуалдық факторлерге байланысты. Дүниетаным адамның тәртібі мен қызметінің принциптерімен анықталды оның идеялары мен моральдық нормалары әлеуметтік және саяси аринтацияларын қалыптастырады. Адамзаттың рухани даму тарихында дүниетанымның мынадай түрлерін ажыратамыз (мифология) діни философия. (өмірлік практикалық)Ең алғашқы дүние танымдық пікір  мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған : mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен  бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін нәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Философия дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен қатар және онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Егер дін мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын бүтіндей қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қарау негізінде дүниеге келді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, оны ғылымдардың ғылымы деп те атаған. Өйткені, ол кезде әлем туралы барлық алдыңғы қатарлы тұжырымдар мен пікірлер өз алдына ғылым ретінде дараланып, бөлінбеген соң, ол туралы пікірлерді философия өз бойына жинақтаған болатын. Сондықтан да философ әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті.Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілім ретінде қалыптаса түсті. Сонымен қатар ол басқа ғылымдарға методологияляқ жол сілтейтін әдістемелік рөл де атқаруда. Философия пайда болғаннан бастап дүниені тұтас және бірліктегі құбылыс деп қарастырады дүниенің тұтастығын оның заңдарымен байланыстырады. Философия табиғаттын даму заманының қоғам және ойлау проблемаларын зерттейді қолданыста мынадай философиялық категорияны пайдаланады. Болмыс, сана, қозғалыс, шексіздік т.б. Философия дүниенің мәні және адам туралы білім «Дүние және адам» қарым қатынастарын зеттейді осы тұста болмыс және ойлау физикалық және психикалық материалдық және идеалдық рух және табиғат объективтік және субъективтік, яғни философия универсалды ілім.Философияның негізгі сұрағының екі жағы бар:Ең алғашқы материя және сана?Дүниені тануға бола ма?Философияда екі бағыт қалыптасты, материализм және идеализм.Материализм бағытын ұстаушылар материя алғашқы санаға қарағанда ал идиализм сананы бірінші кезекке қояды. Дүниені танылады деген философтар материалистер ал дүние танылмайды деген ілімнің өкілдері агностицизм философия тарихында материализм мынадай бағыттарын ажыратамыз:1 Ежелгі ойшылдардың материализімі   (Демокрит, Гераклит, Эпиркур).2 Метафизикалық материализм (16 – 18ғасыр өкілдері Бэкон, Спиноза, Дидро т.б.)3 Диалектикалық материализм.(К.Маркс Ф.Энгельс).Идеализмнің екі негізгі түрін ажыратамыз. Объективтік (Платон, Гегель, Неотомистер)2 Субъективтік идеализм өкілдері ( Беркли, Юм, Мах, Экзистенциалистер). Философияның тарихи 2 әдісі бар Диалектика және Метофизика диалектиканың негізгі принципі даму принципі және жалпылама байланыс принципі философияның екі функциясын ажыратамыз дүниетанымдық және методолоиялық. Ақыр соңында, философтар әрбір тарихи кезеңдерде жеке – жеке емес, топ болып, кездейсоқ емес, белгілі қоғамдық заңдылықтарға сай дүниеге келген. Себеп олардың өмір талабы күн тәртібіне қойған сұрауларға жауап іздеуден туындағандығы.Сонымен, философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой – санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой – пікірдің теориялық жиынтығы. 

Тақырып. Ежелгі Шығыс және Антикалық философия.

Негізгі мақсаты:  Антикалық мектептер мен грек классиктерінің топтамасы болған антикалық философиясына түсінік қалыптастыру, ерекшелігін көрсету.

Негізгі түсініктер: брахманизм, джайнизм, буддизм, конфуции, даосизм.

Ежелгі Шығыс философиясының ерекшелігі.

Ерте грек философиясы (Фалес, Гераклит)

Ерте грек философиясындағы онтологизм (Демокрит)

Адамға бетбұрыс Сократтың философия туралы ілімдері .

Ерте грек философияның жүйелік принципі (Аристотель, Платон)Философия ежелгі шығыс елдерінде б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында ежелгі үнді қытай елдерінде пайда болды. Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт. Ол сол аймақтың діні, мәдениетімен байланысты. Ертедегі философияның қалыптасуы екі түрлі проблема төңірегінде өрбіді.

1. аспан, ай, күн, жер осылардың шығу тегі байланысы.

2. адамгершілік адамдар арасындағы қарым – қатынас.

Философия қашанда олардың, себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі – материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге болады. Ол - өз алдына жеке проблема.Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі үнді философиясы ол брахманизмге оппозициядан басталады. Б.э.д  7 – 6 ғасырларда брахманизм ішінен джайнизм және буддизм пайда болады осы бағыттардын негізінен үнді елінде 4 – кастаға бөлінді. Әскери (кшатрий)Абыздар. (брахмандар)Басы бос қоғам мүшелері. (вайшилер)Төменгі каста (шудралар)Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Брахмандар әбден масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені, брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын.  Джайнизм – этикалық ілім. Оның негізгі – адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм – материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеністік, уақыт, қозғалыс, тыныштық та кіреді. Ал жанның басты белгісі, джайнизм бойынша – сана. Джайнизмнің ұстаған тәртібі буддизмнен де қатаң. Буддизм – біздің заманымызға дейінгі 4 – 5 ғасырларда діни ілім ретінде дүниеге келді. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха Гаутама Будда(б.з.д. 623 – 524). Буддизмде төрт басты мәселе бар: 1.Өмір азапқа толы;   2.Ол азаптардың себебі бар ;     3.Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар;  4.Азаптан құтылудың кезі бар. Ежелгі Қытай философиясы біздің заманымыздан бұрын пайда болды, ол идеологиясы мен саясатында екі бағыт айқындала бастады: консерваторлық және прогресшілдік, бірі – мистикалы, екіншісі – атеистік бағыттар. Ертедегі Қытай философиясянда конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам – Конфуций (б.з.д. 551-479ж). Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады. Өз өмір – тіршілігінде Конфуций төрт принципті қатаң ұстады: Бос қиялға салынбау.«Мен білемін» дегендіктен аулақ болу.Қасарыстық көрсетпеуӨзінің жеке басы жайлы ойламау.Ол бірнеше  кітаптар құрастырды («Өлендер кітабы», «Көктем және күз» жылнамасы, « Сұқбат және пікір айту», т.б.). Конфуцийдің « Ұлы ұғынуы кітабы» 75 қатардан тұрады. Оған 1546 түсіндірме жасалған.

Мақсат – императордың билігін заңдастыру еді. Оның ұстаған жолы:

әділеттік

табиғатты сүю

әдет – ғұрыпты сақтап, сыйлау

Мо – Цзы (б.з.б. 479-400ж) философиясы пайда болды. Ол күні бұрын белгіленетін өмір жоқ, әрбір адам тағдыры оның іс - әрекетінен, «жаппай сүйіспеншілігінен» туындайды, деді.  Біздің барлық біліміміз екі нәрсеге – сезімге (у – лу) және ойлауға (син) байланысты дейді.

     Идеализм мен мистикағарсы күресте даоцизм ілімі, былайша айтқанда, Дао жөніндегі Дао – Цзы (4 – 5ғ.) ілімі дүниеге келді. Дао – мәнінде, мәнсіз, түссіз, шексіз, мәңгі қозғалыстағы тіршілік атасы. Оның пікірінше, табиғат пен адамдарды басқаратын – Көк Аспан емес, Дао. “Дао – заттардың табиғи өну, өсу, өшу, ол цзы субстанциясымен бірге әлемнің негізін құрайды, - деді – Бүкіл әлем сол заңға бағынады”. Лао – Цзы пікірі бойынша, адам заттардың табиғи даму процесіне араласпауы қажет.

     Лао Цзы ілімі қайшылықтары көп ілім. Бір жағынан, ол керітартпа рөл атқарып, ескілікті көксесе, екінші жағынан,  ілгері ж.руді жақтайды, дамуды қолдайды

     Сөйтіп, Шығыс философиясы жағында қорытып айтқанда мына мәселелерге тоқталған жөн: алғашқы Қытай философиясы Конфуций мен Дао, данышпан бастаушысы Лао – Цзы төңірегінде топталды.

   Европалық философияның дамуы ежелгі Грециямен байланысты. Антикалық философия б.з.д. 5 – 6 ғасырларда қалыптасты.  Алғашқы ойшылдардың көтерген проблемалары қоршаған ортаны, өсімдік, жер, күн, жұлдыз.

  Ежелгі грек философта“жаратылыстанушылар. Грек философиясының ерекшелігі табиғат, әлем, космос мәнін бірлігін түсіну. Алғашқы грек философтарын физиктер деп атаған. Грек философиясының негізгі сұрағы. Дүниенің бастауы неде? Егер мифологияда бұл сұрақ шешілсе (дүниені құдай жаратты) ал философтар супстанционалдық бастауы яғни дүние неден пайда болды, неге пайда болды? Деген сұраққа жауап іздеді. Грек философиясының негізін қалаушы Фалес әр түрлі заттар мен табиғат құбылыстарының мәңгі бастауы – су, сол сияқты Анаксимет дүниенің алғашқ кірпіш ауа деді. Анаксимандр апейрон туралы пікірі материяны философиялық тұрғыдан қазіргі пайымдауға жақын келеді. Апейрон шексіз деген сөз.

      Грек философы Гераклит өз шығармасының “ Табиғат” туралы, дүниенің генетикалық  бастауы от деп қарастырды, ал әлем космос деп түсіні. Ерте грек философиясының дамуында өзіндік үлес қосты Элей мектебінің философтары (Парменид, Зенон, Ксенофон )

     Бұл табиғаттың басты тақырыбы – болмыс. Ежелгі грек философиясының дамуына антологиялық бағыт Демокрит ілімі өзіндік із қалдырды, яғни дүниенің бастауы – атом. Грек философиясында адамға бетбүрыс бағыты Сократ есімімен байланысты. Адам проблемасы алғашқы көтерген софистер.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

 

Ежелгі шығыс философиясының негізгі бағыттары.

Ежелгі Шығыс философиясының ерекшелікері, маңызы.

Ерте грек философияның дамуының негізгі кезеңдері.

Аристотель, Платон, Сократ т.б. философиялық көзқарастары туралы.

 

Орта ғасыр философиясы

 

Негізгі мақсаты:  Батыстық христиан философиясымен шығыстық мұсылман философиясының ерекшеліктері мен ұқсастықтарын таразылап дәйектеу.

Негізгі түсініктер: католицизм, протестанцизм, суфизм, номенализм, реализм, универсалий, аверроизм.

 

Орта ғасыр философиясының ерекшеліктері, мәні.

Христиандық Орта ғасыр философиясы.

Номинализм және реализм проблемалары.

Шығыс философиясының дамуы және маңызы.

 

     Ежелгі шығыс философиясы антикалық және философия адамзаттың өркениетінің дамуына өзіндік үлес қосты. Арестотельден кейін көне грек филсофы б.э.д. 16 – ғасырдан бастап Рим философиясы өзіндік ізі бар, дәстүрі бар философиялық мектептер болды. Сондықтан грек Рим философиясы тұтас шектеулі жабық философия деп адады. Бірақ та қалыптасу, шарықтау кездері сонымен қатар тоқырау замандарын басынан өткізді. Рим философиясынан кейін Европада жаңа философия рухани құбылыс ол негізінен християндық философиялық дүниетанымнан пайда болды осы көз қарасты орта философиялық  батыста I – XV  ғасыр аралығын қамтиды.

     Орта ғасыр философиясы басты ерекшелігі дін проблемасы мен байланыстылығында философияның дамуы батыс христиандық домалы шіркеу конондарын ескере отырып дамыды себебі сол дәуірде мәдениет пен білімнің дамуына дін ықпал етіп отырды.

    Орта ғасырлар батыс философтар негізінен дін басылары қызметкерлер болып батыс философиясының басты проблемасы ерекшелігі болды. Мысалы: дүниені құдай жаратты ма? әлде өзіндік бағытта өмір сұре ме?

     Философия мен дінің жақындасуын философияның сокролизациясы.

     Орта ғасырлық философияның негізгі кезеңдері:

Потристика

Схоластика

1 – кезең “Потер” - әке, шіркеу әкесі деген. Философия тарихында бұл кезең 1 – 15ғасыр қамтиды. Оның негізін салушылар өз дәуірінің ойшылдары ұлы Василий, Августин, Ориген т.б.

    Потристикалық негізі проблемалары:

Сенім және ақыл ойдың қатынасы.

Тарихты қозғалыс деп түсініп нақты анықтаушы мақсаты бар.

Құдайдың мәні және тринитарлық проблема.

Адам бостандығы адам жанының құтқару.

Дүниедегі зұлымдылықтын пайда болу проблемасы.

2 – кезең схоластика кезеңі 11- 15ғасыр философиялық ойдың өрлеуін көреміз. Схоластика термині - “Мектеп”.

Мектеп философиясы деген ұғымды білдіреді. Сол кезеңдерде Европада университетте философия пән ретінде оқытылды.

Схоластикалық философия өкілдері Фома Аквинский, Альберт фон Больштедт,  Раймунд Луллий, т.б.  Мәселен, Альберттің пікірінше, жалпы ұғым (әмбебаптар) үш түрлі өмір сүрді. Олар:

Заттардан бұрын құдай санасында пайда болып, сол арқылы барлық заттар, тіпті бұкіл әлем жаратылды;

Заттардың өзінде көптің бірі ретінде;

Заттардан соң адам санасында бұрынғының белгісі ретінде өмір сүреді

Ф. Аквинский (1225-1274) – орта ғасырдағы реалистік философияның ірі өкілі, қазіргі католизм дінінің рухани пірі, әулиесі. Ол Арестотельдің идеалистік философиясын өз пайдасына қолданып, материя түрден тыс өмір сүре алмады, деді.

    Схоластикада көтерілген проблемаға қарап номинализм және реолизм бағыттары қалыптасты схоластикалық философиядағы теориялық проблема құдай болмысы. Осы проблеманы көтерген философ Кентерберский оның негізгі идеясы егер адамдар құдай туралы ой болса онда құдайдың бар болғаны ақиқат.

    Кентерберскийдің саластика философиясына қосқан үлесі уневерсализм ақиқат данышпандық түсініктерін қалыптастыру осы кезден бастап нақты өмір сұретін құбылысты анықтау үшін реализм термені енгізілді.

      Схоластика проблемасын негізін қалаған Росцелий номинализм терменін енгізді оның негізгі концепциясы мынада, универсализм жалпы түсінік бұл сөз, ал адам дауысы бұл номиналь осыдан номинализм деген сөз шыққан.

      Орта ғасырлық бағытта жалпы идеалистік көз қарас оның басты мақсаты, діннің маңыздылғын адам үшін қажеттілігін дәлелдейді. Орта ғасырлық философия өз проблемаларын шешуде антологиялық, гноциологиялық, космологиялық әлеуметтік проблемаларды дінді қорғауға қолдауға бағыттайды.

     Орта ғасырлық философияда қоғамдық саяси әлеуметтік проблемалар шешуге теологияға жүгінеді. Теология грек тілінен құдай туралы ілім деген сөз.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары

 

Ф. Аквинскидің философиялық көзқарастары.

Номинализм және реализм.

Орта ғасыр философиясының діни сипаты.

Әл-Фарабидің адамгершілік және саяси-құқықтық көзқарастары.

6-шы дәріс

 

Тақырып. Қайта  өрлеу  дәуірінің философиясы

 

Негізгі мақсаты: Ортағасырлық діни философия шырмауынан құтылған ғылым, білім, өнер салаларының дамуын зерттеп, қайта өрлеу философиясының мәнін түсіндіру.  

Информация о работе Философия, оның проблемалары және қоғамдағы ролі