Философия и религия

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 08:01, реферат

Описание работы

Сондықтан да бұл сұраққа жауап матералистік және идеалистік формада жинақталып ғылым мен адам ақылының адамның адасуы мен теріс көзқарастар системасы құрылды. Осы екі бағыттың мәңгі күресі нәтижесінде бір бағыт матералистік – ғылым тұжырымға сүйенсе, екінші бағыт идеалистік мазмұнға алып келеді. Бірақ қандай болған күйде де, адамзат білімінің алға қарай дамыған прогрессивтік жолмен, дүниеге ғылыми тұжырымға келуін заңды құбылыс деп білуіміз керек.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Дін
Философия
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

философия және дін №1.docx

— 57.55 Кб (Скачать)

 

Ж о с п а  р ы

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Дін
  2. Философия

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-2-

 

Д і н

Адам баласы өте ерте заманнан бастап – ақ дін деген не? Мәселені іздеп, кейде оған дұрыс жауап  тауып, кейде адасып, бірнешеленген  қарама – қарсы тұжырымдарға, болжамдарға  келеді.

Сондықтан да бұл сұраққа  жауап матералистік және идеалистік формада жинақталып ғылым мен  адам ақылының адамның адасуы мен  теріс көзқарастар системасы  құрылды. Осы екі бағыттың мәңгі  күресі нәтижесінде бір бағыт  матералистік – ғылым тұжырымға  сүйенсе, екінші бағыт идеалистік мазмұнға алып келеді. Бірақ қандай болған күйде  де, адамзат білімінің алға қарай  дамыған прогрессивтік жолмен, дүниеге  ғылыми тұжырымға келуін заңды құбылыс  деп білуіміз керек. Дегенмен біздің алдымызда тұрған мақсат дін не? – деген сұраққа жауап беру болғандықтан, әр қоғамның материалдық  тұрмыс жағдайларын көрсететін идеологиясы, қоғамдық сананың түрлері бар  екенің ескерсек, дін – сол қоғамдық сананың формаларының ең күрделі  түрі екені мәлім. Дін дегеніміз – көзқарастар жүйесі мен іс-әрекеттер тізбегі және Алланың адамзат баласына салып берген қасиетті жолы. Діннің арқасында көкірегі ояу адамдардың баршасы да көздеген мақсаттарына жетуге мүмкіндік алады.

 

Дін қашан және қалай пайда  болған? Діннің мәңгілік орны неде? Діннің даму тарихы қандай? Міне, осы сияқты сұрақтарға жауап беру үшін көптеген ойшылдар, ғалымдар, зерттеушілер өз ойларын  тұжырымдамаларын шынайы, сенімді түсіндіруге  арнады. Сол салада арнайы ғылыми орталық  – дінтану ілімі Алла жайлы  мағұлматтарды теология тұрғысынан, еркін ойшылдар атеистік тұрғыдан зерттеді. Оның зерттеуінде әлемнің болмысын, пайда болу проблемасын, діннің мағынасы мен атқаратын қызметін, оның әлемде алатын орнын зерттеуде белгіледі. Қорыта келгенде, дінтанудың мақсаты  дінді түрлі философиялық көзқарастарда  талдау еді.

Адамдар табиғатының таңғажайып үйлесімділігін, ондағы қатаң тәртіп пен заңға сәйкестік, күн мен  түннің дұрыс алмасып отыруын,аспан  шырақтарының ырғақты қозғалысын , тірі организмдердің жетіле дамып, олардың  мақсатқа сәйкес  түзілетін, т.б. аңғарады. Мұның өзі табиғатты жаратушы бір дана немесе табиғаттан тысқары  әлдебір құдіретті күш бар, дүниедегінің бәрі соның ішінде, әр адамның тағдыры  да соған байланысты деген ойға еріксіз  итермеледі.

Адамдар ойдың анығын, түсінбеушіліктен шығатын ойларды адасудан ажырата  білуді бірден үйрене қойған жоқ. Дүниені  философиялық тұрғыдан ойлап білу жолы- өте күрделі жол.

                                                        

 Танымда әрқашан қиялдың  бір ұшқындары болады.Бұл ретте  таным процесінің бір бөлшегін, оның бір жағын абсолютке айналдыру,  біржақты көрсету мүмкіндігі  пайда болады, ал мұның өзі  идеализмге әкеліп тірейді. . . Бұл  жағдайда идеализм мен дін  одақтастықта болады. Олар өте  ерте заманнан бері, жалпы айтқанда, материалистік көзқараспен ой  таластықта, Алла мен адамдардың  арасындағы қатынастар туралы  мәселе  өткір қойылып келеді. Сонымен, философияда дін туралы  пікір білдіруші екі ағым бар.  Бұлар табиғи мәселені шешкен  кезде үнемі қарама- қарсы көзқараста  болып, қақтығысып отырады. Материалистік,  адамның ойына айналадағы дүние  өзіне нақты білім береді деумен  келеді. Дүние, табиғат ежелден  бар, оны ешкім жаратқан жоқ,  адам өз ойы арқылы жаратушыны  іздеп, қателеседі дегенді айтады.

Ал, дүниені тануда материалистермен таласушы философтарды идеалистер лагеріне жатқызып, оларды агносиктер деп те атады. Агностиктер өз білімдерінің анықтығы жөнінде пікір таластыра  келіп, құбылыстарды, заттарды, нәрселерді идеялдық бейнемен салыстырып қарауға  болмайтындығын айтады. Нәрселер, құбылыстар туралы мәліметтердің бәрін олар өз түсініктерімен, сана – сезімімен  түсіне алатынын айтты. Сондықтан заттар, олардың сапалары дәл өзіндей  болып қабылданады деді.

Сонымен агностицизм бағыты материалистік тұжырымдамаларға сенімсіздікпен қарайды. Адамның танып білу мүмкіншілігін  табиғаттан тысқары күшке қалдырады. Сондықтан ол идеализммен және дінмен тығыз байланысты болады.

Дүниеге философиялық көзқарастың  мәні алғашқыға не алынады және дүниені  таным білуге болатындығы мойындала  ма дегенмен анықталмайды. Мұндай көзқарасты сипаттауда айналамыздағы дүниені  философиялық тұрғыдан қараған кезде  танып – білудің қандай методы қолданылатындығын еске алудың маңызы зор. Философияның тарихында бір  – біріне қарама – қарсы екі  ойлау әдісі – диалектика мен  метафизика әдістері бар.

Ерте замандағы ойшылдар әңгімелесу, таласу әдісін диалектика деп түсінген де, осы әдіс арқылы пікірталасуындағы қайшылықтардың беті ашылып, ақиқат анықталады, ұғымдар дәлелденеді деген. Кейіннен философиялық методты, яғни айналадағы дүниенің танып білудің

 

 

жалпы ережелері мен құралдарын ойлау арқылы бір нәрсені зерттегенде  өзіне көмектесетін тәсілді диалектика деп түсінетін болды.

Диалектика дүниені бірыңғай өзара байланысты, біртұтас әлем деп  қарайды. Ол барлық заттар, құбылыстар, сондай – ақ олардың ойдағы бейнелері  болып табылатын біздің ұғымдарымыз  бір – бірімен өзара әрекетте, үздіксіз қозғалыста және адамның ойлау  жөніндегі диалектикалық көзқарас, зерттелетін нәрсені  оның барлық байланыстары мен қарым – қатынастарында алып қарауды, оның дамуының шын тарихын  бақылап тексеруді, оның өзгеруінің күрделі де қайшылықты процесінің себептерін ашуды талап етеді.

Диалектикалық пікір таласта  дәлелді тұжырымдамаға жауап  бере алмай  қалған, өзін материалистік  деуші қаншама ғалымдар идеалистік көзқарастың шындығы барын мойындауға мәжбүр болады. Мысалы, табиғатты жаратушы жоқ, ол кездейсоқ жаралған деген  ғалым доктор Робертке оның кездейсоқ  емес, шебер жаратушысы бар екені  дәлелденген.

Екінші ағым – метафизика өмірдегі барлық нәрсенің түпкі негізі- ілім дегенді білдіреді. Онан кейінгі  жерде метафизика деп нәрселер мен  құбылыстар өздерінің бір – бірімен  байланысынан тыс, қозғалмайтын, мәңгі  – бақи бірқалыпты, ішкі қайшылықтары жоқ деп қаралатын ойлау әдісін түсінген. Ойлау әдістері арқылы адам өз қабілетімен табиғатты, әлемдік  байланысты түсінуі мүмкін.

ХVІ – ХVІІ ғасырларда метафизикалық танып – білу методы табиғаттану  ғылымында арнайы орын алды. Табиғаттану ғылымдарының – физиканың, химияның, биологияның дамуының алғашқы дәуірінде табиғатты, оның жеке мүшелерін бөлшектеп бөліп, оларды басқа құбылыстар мен процестерге байланыстық оқшау алып зерттеу керек екеніне тоқталады. Ғалымдар осының бәрі сол кездегі жаратылыстану ғылымының дамып, құбылыс сырларын түсінуге орасан зор табыстарға, нәтижелерге жетуінің негізгі шарттары болды деп санайды.

Алайда ХVІІІ ғасырдың өзінде метафизиканың өрісінің тарлығы айқындалады, өйткені оның шебері ғылымның дамуына бөгет бола бастады. Материалистік көзқарас жаратылыстану ғылымдары мен қоғамдық ғылымдар

 

 

 

жинақтаған нақтылы материал дүниені метафизикалық тұрғыдан түсінуде өрісі тарлығын көрсетті деп  есептеді.

Табиғатты жаратушы күштің барлығын жоққа шығарып табиғаттану  ілімінде материалистік тұжырымдамада  беруде ғалымдардың тығырыққа тығылуы  – заңдылық. Табиғат, әлем кездейсоқ  жаралған жоқ, оны жаратушы құдіретті  күштің барлығын идеалист ғалымдар дәлелдеуге әрекеттенеді, адамзат пен болмыс әлем олардың істерін басқарып, бақылап  тұратын жаратушы Иеге мұқтаж. Мысалға: от басының жауапты иесі бар. Ол –  әке. Фабрика, институт, қоғамның жауапты  иесі болады. Капитаны жоқ кемені теңізге  жіберуге бола ма? Имам Абу Ханифа мысал  келтіре: «Төрттен бұрынғы үш, үштен  бұрығы екі, екіден бұрынғы бір, ал бірден бұрынғы ештеңе» - деді.

Міне осы сияқты философиялық қиялдың шегі жоқ. Алла Тағаланың  барлығына, оның жалғыз жаратушы ие екендігіне ойлау арқылы, дәлелдер іздеу арқылы, құдірет белгілеріне қарап сенімге  жетуге болатынын ислам философиясы  дәлелдейді.

Ал, буржуазиялық философияда  да метафизика жойылған жоқ, ол күні бүгінге  дейін өмір сүріп келеді. Рас, қазіргі  кезде табиғат пен қоғам дамуын толығынан сөзсіз теріске шығаратын  философты таба қою қиын. Қазіргі  метафизиктер жалпыға  бірдей байланыстың  сипатын, оның даму мәнін түсіндіргісі келеді немесе бұл жағдай танып білуге болмайтын нәрсе деп жариялайды.

          Заттар мен құбылыстардың қайшылықты  жақтарын, олардың өзара әсерін  зерттеген кезде, негізгі сапа  өзгерістерінің мәнін анықтағанда,  метафизикада табиғаттың мұндай  заңдылығын зерттеуге бармайтындығын  білдіреді.Қоғамдық құбылыстарды  түсіндіре отырып, олар тап қайшылығына  тоқтағанды жөн көрмейді. «Әлеуметтік  революциялар сөзсіз болмай қалмайды»  деген материалистік көзқарастағы  заңдылықты теріске шығарады, оларды  алдын – ала болжап білуге  болмайтын стихиялық бүліншіліктер  деп жариялайды. Мұнда объективті  заңдылықтары деп адамның өз  қоғамында, өз қабілетіне қарай  даму факторларын, мысалы, қолынан  келіп, ойлап істейтін іскерлерді  дәріптейді, қоғамдық процесс деп  осы тұрғыдан дәлелденген капиталистік  жүйенің кемелденуін түсіндіреді. 

 

Қазіргі заманғы буржуазиялық философияда да сақталып келе жатқан ғылыми көзқарастарға қарама – қарсы  ой салушы метафизикалық ойлау әдісі  капиталистік қоғамдық қатынастарды табиғи деп түсіндіріп, оның өміршең екенін айтады. Капиталистік қоғам жайында  сөз қозғағанда бұл қоғамның дінге  шабуыл жасамай, қайта оның нығайуын, дін бостандығын сақтауын атап айтады.

Дінді түсіну жолында диалектика мен метафизика – танымының бір  – біріне қарама- -қарсы екі методы, бірін – бірі жоққа шығаратын  екі ойлау әдісі екенін түсінгеніміз жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-7-

Ф и л о с  о ф и я

Философия – зерттеу аумағы өте кең де терең, тарихы бай, болып  отырған заттардың алғашқы себептерін, заңдылықтары мен принциптерін танып  – білуге бағытталған ғылым. Философия  барлық ғылымдардың бастауы, әл-Фарабидің  сөзімен айтсақ, «ғылымдардың ғылымы, ғылымдардың анасы, даналықтардың  данасы, өнерлердің өнері». Оның салаларының  көптігі ол зерттейтін мәселелердің ауқымды екендігінде. Бірақ, олардың  бәріне ортақ, бір жерде тоғысатын  нүкте – адам.

Мұхтар Әуезов 1918 жылы «Философия жайынан» деген аса құнды, маңызы жыл өткен сайын арта түспесе, әлі күнге дейін жойылмаған еңбек  жазған еді. Ол бұл туындысында философияның керемет анықтамасын береді, оны  «кең ақыл, терең қиял шығарған, адамның  жанын тәрбиелейтін, жүрегін ағартып, адамшылығын арттырып, ақтылыққа  сүйрейтін ғылым» деп түсіндіріп, «философия дүниенің, адамның дүниеге  келген мақсатын тексермек» дей келіп, оны «адамшылық жолында қараңғы  қалтарыстарда қолға ұстайтын шамшырақ»  деп сипаттайды.

Қазіргі кезде тарихи-философиялық ғылымының көптеген халықтардың философиялық мұраларын зерттеген тәжірибесі ұлттық философияның қалыптасуы, дамуы және негізгі бағыттар туралы, оларды зерттеудің теориялық және методологиялық мәселелері жөнінде жиынтықталған, жалпы ойларды тұжырымдауға мүмкіндіктер береді.

 Қазақ философиясының  болмысы мен мәні, шын мәнісінде,  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан  кейін ел философтары тарапынан  кең талқылана бастады. Өйткені  осыған дейін бұл философия  жөнінде теріс ұстанымдар басымдық  танытып келеді. Оларды Т. Ғабитов  былай деп топтастырады:

  1. Еуропалықтың позиция бойынша, шынайы философияны тек Батыс өркениеті қалыптастыра білді, өйткені онда философия туралы рефлекция бар. Шығыста философия емес, тек дана ойлар ғана болды.
  2. Көшпелі халықтардың философиялық ойға жету қабілеттілігіне күмән келтірушілер де жеткілікті. Олардың пікірінше, номадалар варварлық сатыдан көтеріле алмаған, оларға рационалдық пайымдаудан гөрі, көркем бейнелеу тән.
  3. ХХ ғасырға дейін философия тарихында «прогресс сатылар» деген түсінік үстемдік етіп келеді. Бұл түсінік бойынша, ғылым мен философияны ұштасьыра білген озық халықтар және тарихи көшінде кенже қалып қойған, «артта қалған» ұлыстар бар. Соңғыларын тек ағартушылық әрекет нәтижесінде озық философиямен таныстыруға ғана мүмкіндік бар.
  4. Кеңес Одағында да қазақ философиясы болады деп ешкім ашық айта алмады. Шоқан, Абайлардың өздері де орыс мәдениетінің ықпалымен кейбір философиялық ойларға жетті делінеді.

Т.Х. Ғабитов қазақ философиясының тарихы - халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі дейді. Онда ғылыми таным процесімен халықтық идеялық ізденістер, бай тарихы мен ұлттық айшықтары көрініс тапқан. Қазақ философиясы халқымыздың тарихын жан  - жақты түсіну үшін үлкен негіз және методологиялық құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыста, сондықтан оны зерттеп, үйренбейінше қазақ  ғылымынын тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және т.б. пайымдау мүмкін емес.

Информация о работе Философия и религия