Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 14:27, реферат
Философия ежелгі шығыс елдерінде б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында ежелгі үнді қытай елдерінде пайда болды. Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт. Ол сол аймақтың діні, мәдениетімен байланысты. Ертедегі философияның қалыптасуы екі түрлі проблема төңірегінде өрбіді.
Реферат
Тақырыбы: Орта ғасыр
философиясы - номинализм және реализм
проблемалары
Ежелгі шығыс философиясы антикалық және философия адамзаттың өркениетінің дамуына өзіндік үлес қосты. Арестотельден кейін көне грек филсофы б.э.д. 16 – ғасырдан бастап Рим философиясы өзіндік ізі бар, дәстүрі бар философиялық мектептер болды. Сондықтан грек Рим философиясы тұтас шектеулі жабық философия деп адады. Бірақ та қалыптасу, шарықтау кездері сонымен қатар тоқырау замандарын басынан өткізді. Рим философиясынан кейін Европада жаңа философия рухани құбылыс ол негізінен християндық философиялық дүниетанымнан пайда болды осы көз қарасты орта философиялық батыста I – XV ғасыр аралығын қамтиды.
Орта ғасыр
философиясы басты ерекшелігі
дін проблемасы мен
Орта ғасырлар
батыс философтар негізінен
Философия мен
дінің жақындасуын
Орта ғасырлық
философияның негізгі
Потристика
Схоластика
1 – кезең “Потер”
- әке, шіркеу әкесі деген.
Потристикалық негізі проблемалары:
Сенім және ақыл ойдың қатынасы.
Тарихты қозғалыс деп түсініп нақты анықтаушы мақсаты бар.
Құдайдың мәні және тринитарлық проблема.
Адам бостандығы адам жанының құтқару.
Дүниедегі зұлымдылықтын пайда болу проблемасы.
2 – кезең схоластика кезеңі 11- 15ғасыр философиялық ойдың өрлеуін көреміз. Схоластика термині - “Мектеп”.
Мектеп философиясы
деген ұғымды білдіреді. Сол
кезеңдерде Европада
Схоластикалық философия өкілдері Фома Аквинский, Альберт фон Больштедт, Раймунд Луллий, т.б. Мәселен, Альберттің пікірінше, жалпы ұғым (әмбебаптар) үш түрлі өмір сүрді. Олар:
Заттардан бұрын құдай санасында пайда болып, сол арқылы барлық заттар, тіпті бұкіл әлем жаратылды;
Заттардың өзінде көптің бірі ретінде;
Заттардан соң адам санасында бұрынғының белгісі ретінде өмір сүреді
Ф. Аквинский (1225-1274) –
орта ғасырдағы реалистік
Схоластикада көтерілген проблемаға қарап номинализм және реолизм бағыттары қалыптасты схоластикалық философиядағы теориялық проблема құдай болмысы. Осы проблеманы көтерген философ Кентерберский оның негізгі идеясы егер адамдар құдай туралы ой болса онда құдайдың бар болғаны ақиқат.
Кентерберскийдің
саластика философиясына
Схоластика проблемасын
негізін қалаған Росцелий
Орта ғасырлық бағытта жалпы идеалистік көз қарас оның басты мақсаты, діннің маңыздылғын адам үшін қажеттілігін дәлелдейді. Орта ғасырлық философия өз проблемаларын шешуде антологиялық, гноциологиялық, космологиялық әлеуметтік проблемаларды дінді қорғауға қолдауға бағыттайды.
Орта ғасырлық
философияда қоғамдық саяси
Қолданылған әдебиеттер тізімі;
1. Кішібеков С., Сыздықов Ұ. Философия. Оқулық. Алматы. 2000.
2. Тұрғанбаев Т. Философия. А, 2002.
3. Ғабитов Т.Х., Құлсариева А.Т. Философия және мәдениеттану. А, 2002.
4. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері. – Алматы, 1994.
5. Алтай Ж., Қасабек А. Философия тарихы. Алматы, 1999.
6. Ақназаров Х.З. Фиолософия тарихынан дәріскер курсы. – Алматы, 1992.
7. Бейсенов Қ. Философия тарихы. – Алматы, 1992.
8. Философиялық сөздік. – Алматы, 1996.
9. Чанышев А.Н. Курс лекций по древней философии. М., 1993.
10. Асмус В.Ф. Античная философия. – М., 1976.
11. Антология мировой философии. Т 1., Т 2. М. 1969.
12. Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. А., 1996.
13. Аль-Фараби. Философские
трактаты .А.,1970
15. Айбеков Б. Мировоззрение
Ш.Кудайбердиева. А.,1994
Реферат
Тақырыбы: Субьектінің
іс-әрекеті – жеке тұлғаның дамуының факторы
Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның
әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан- жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасу фокторлары туралы идкялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық- педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А.Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский , Д.Дьюи, Э.Торндайк, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, Л.С.Выготский, Э.И.Моносзон, Л.И.Божович, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов т.б.).
Адам-өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. «Әлеуметтік мұрагерлік» адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыт – биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның “дамуы мен қалыптасуы” ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, иғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік- тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы- оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің алар орны ерекше.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет, ал тар педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз- өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндалақтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата- аналар арасындағы бірлескен іс- әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.
Материалистік философия қоршаған орта мен биологиялық бейімділіктер қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледі, тәрбие - жеке тұлғанын дамуы мен қалыптасуының үшінші факторы. Бұндағы айта кететін жағдайлардың бірі- материалисттік түсінікте жеке тұлға тек объекті ретінде ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, тәрбиенің субъектісі ретінде, өзіндік қайта құру қызмет- әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады.
Тәрбие - жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы ретінде.
Тәрбие- жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі, бұл процесте тұқымқуалаушылық бейімділік пен микроортаның өзгерістері жөнге келтіріледі. Барлық балалар тәрбиелік- білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан- жақты қызмет- әрекетін жемісті ұйымдастырады, себебі ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады.
“Баланың дамуының ең жақын аймағың” туралы сөз ете отырып, Л.С Выготский оқушының тапсырманы өз бетінше орындауға әзірлігінің дәрежесін айтқан болатын. Осылайша ол бұл әзірлікті екі деңгейге бөлген болатын: оқушы тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайды, әрі қарай оған мұғалімнің көмегін қажет ететін қиынырақ тапсырма беру керек, яғни жаңа танымдық мәселе қойылады, бұл оқушының ақыл- ойының дамуына дем береді.
Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы тәрбиенің обьектісі ретінде де, субьекісі ретінде де қарастырылады. Оның обьект болу себебі оның қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге, әсіресе, тәрбие секілді мақсатты әсерлерге тәуелді. Субьект болу себебі жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді ықпалынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы бір себебі: адамның дамуы өзін-өзі дамыту процесінде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің де алар орны ерекше (сол субьект қалағанындай жеке тұлғаға тән белгілі бір қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өз бетінше жұмыс).
Қазіргі заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалайтын қасиет емес дейді. Н.И. Дубининнің айтуы бойынша, дарындылық болу үшін “жөнді универсалды генетикалық бағдарлама” керек: ал оның аса мол потенциалын жүзеге асыру үшін, әсіресе жеке тұлғаның дамуының өте ерте кезеңінде, қолайлы жағдайлардың болуы.
Бала өмірінің алғашқы
үш- бес жылын ғалымдар “Ұлы бастаулар
уақыты” деп атайды. Адам психикасының
сырттай көріністерінің қасиеттері өмір
барысында қалыптасады, сондықтан оларды
ата- ана, педагогтар және баланың өзі
қадағалап, реттей алады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А, 1998ж
Педагогика. Дәріс курсы. А, 2003ж.
Сластенин Б.А. Педагогика. М, 2002ж.
Подласый И.П. Педагогика. 1,2 книги. М, 1996ж.
Лихачев Б.Т. Педагогика. М, 1999ж.
Амонашвили Ш.А. Размышления о гуманной педагогике. М, 2001ж.
Харламов И.П. Педагогика. М, 1990ж.
Журавлев Я.И. Педагогика в системе наук о человеке. М., 1990ж.
Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика.М., 1999ж.
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. А. 1995ж.
Жұмабаев М. Педагогика.
А., 1992ж.
|