Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 18:55, реферат
Қазақстанда Православие сенушілер саны бойынша Исламнан кейінгі екінші діни бағыт болып табылады, оны Орыс православие шіркеуінің діни қауымы, сондай-ақ ескі дәстүр қауымдастарымен көрініс табады.
2005 жылғы маусым айында Астана қаласында Константино-Еленинск кафедралдық соборының ашылуының 150 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шаралар өткізілді.
РПЦ
шіркеулерінде Рождество
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың астаналық Константино-Еленинский кафедралдық соборына Пасха мерекесімен христиандарды ғана емес барлық қазақстандықтарды құттықтау үшін келуі дәстүрге айналды.
Маңызды халықаралық мәнге ие оқиға ретінде Астана қаласында өткізілген Парламентаралық Православие Ассамблеясының Бас Ассамблеясының XIV отырысы болды. 2007 жылғы 20-22 маусымда форумға қатысушылар алдында лекцияларымен көрнекі саяси қызметкерлер, шет елдерден келген қонақтар, діни бірлестіктер басшылары келді. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар 2008 жылы Парламентаралық Православие Ассамблеясының XV БасАссамблеясын өткізу орны бойынша мәселе қарастырылып қарар қабылданды.
Православиелік діни бірлестіктер үшін елеулі оқиғалардың бірі Алматы қаласында Вознесенск кафедралдық соборының 100 жылдығын мерекелеу болды, оның барысында осы күнге арналған түрлі іс-шаралар жүргізілді.
Православиелік сенушілер арасында оң резонансты Қазақстанға Варненск және Великопреславск Болгар православие шіркеуінің Митрополиті Кирилдің келуі тудырды. Сапар барысында митрополит Астана мен Алматының православиелік қауымдарына кіріп шықты.
2007
жылғы қараша айында Павлодар
қаласында Благовещенск
Сондай-ақ 2007 жылғы қараша айында Петропавл қаласында әйгілі православие миссионері, Мәскеу рухани академия профессоры диакон Андрей Кураевпен кездесулер мен әңгімелесу ұйымдастырылды.
РПЦ қайырымдылық бойынша өз қызметін жаңартты. Түрлі қорларға шіркеу жәрдемдері кеңес билігі жылдарының барлығында да жөнелтіліп отырды (басты үлгіде Кеңес бейбітшілік қоры). Қазіргі уақытта балалар үйіне, госпитальдарға және ауруханаларға, мүгедектер мен қарттар үйіне көмек көрсетіліп отырады. Рождествоны, Пасханы, Қасиетті Кирилл мен Мефодий -славян жазуының негізін қалаушылар күні ағартушылық іс-шаралар, қайырымдылық күндері жүргізіліп тұрады,
Алматыда Халықаралық славян жазуы мен мәдениеті қоры бекіткен «Веди» Халықаралық православиелік қайырымдылық қоры жұмыс істейді. Қор Қазақстанда РПЦ құрылымдық бөлімшесі болып табылмайды, мәдени-ағартушылық, тарихи-өлкетану, баспа қызметін жүргізеді. Қазақстан түлектерінің Ресей жоғары оқу органдарына түсуіне көмектесетін «Светоч» қайырымдылық қоры үлкен жұмыс атқарып келеді.
«Қазақстанда православие сәулесі», «Веди» және «астана Православие Жаршысы» ай сайынғы газеттер шығарылып тұрады.
Қазақстан
аумағында католицизмнің
Католик қоғамдарының пайда болуына Сібірге ХІХ ғасырдың ортасында ХХ ғасыр басында айдалған поляктардың Қазақстанға келуі және Ресейдің еуропалық бөлігінен католик-немістер мен латыштардың көшуі елеулі роль атқарды. Қазақстанда ол кезде католик қоғамдары Могилев архидиоцез құрамына кірді.
1977
жылы қоғам ресми тіркеуден
өтті және шіркеу салуға
1991
жылғы көктемде Қазақстан мен
Орта Азияның Апостолдық
1999 жылғы тамыз айынан бастап Қазақстанның Апостоль Администратурасы Қарағанды Епархиясы (Қарағанды және Шығыс-Қазақстан облыстарының қоғамы) болып қайта құрылды, онда қызмет ету епископ Ян Павел Ленгаға тапсырылып тағы үш Апостоль Администратуралары құрылды:
Астаналық (Астана қаласының, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының қоғамы) оны епископ-администратор Томаш Пэта басқарды;
Алматылық (Алматы қаласының, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының қауымдары) - оны епископ Генрих Феофил Хованц басқарды;
Атыраулық (Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының қауымдары) - басшысы администратор Януш Калета.
Қазіргі
уақытта РКЦ құрылымында
Папа Иоан Павел ІІ қабылданған шешіммен Астана қаласындағы Апостоль Администратурасы Әулие Мария архиепархиясына дейін жоғарылады, республикада Епископ конференциясы құрылған. Т. Пэта мен П. Ленга архиепископ санын алды, бұдан басқа Т.Пэта митрополит болды.
2006 жылғы 15 қыркүйекте Қасиетті Әкей Бенедикт XVI Администратор Януш Калетаны Титулды Епископ ретінде тағайындады.
Грек-католиктік қауымдастықтар тіркелді: Павлодар қаласында, мұнда 2001 жылы шіркеу ғимараты салынды; Қарағанды қаласында, мұнда Греко-католик монастырі бар және Астана қаласында. 1997 жылдан бері Қарағанды қаласында «Мария - Матерь Церкви» жоғары рухани семинария қызмет етеді, 1995 жылдан бері 4 мың дана санда «Кредо» ай сайынғы газет шығып тұрады. Өзінің бірнеше мың ғасырлық дәстүріне сәйкес католик шіркеуі Қазақстанда қайырымдылық қызметін дамытып келеді, шіркеулер жанында тұрмысы нашарларға асхана, тегін дәріханалар ашылған. Алматы облысында Талғар қаласында мүгедектер үйі, Қапшағайда - балалар үйі ашылған. 1997 жылы Қазақстанда «Каритас» халықаралық қайырымдылық католиктік ұйым филиалы жұмыс істей бастады.
Қазақстан
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жоғары деңгейде
Рим Папасымен кездесуінің
Екі мемлекет арасында ынтымақтастықтың қамтушысы 2001 жылы қыркүйек айында біздің елге Папа Иоан Павел ІІ келуі болды, ол кезінде ол Мемлекет басшысына Қазақстан діндері арасында бейбітшілік пен рухани келісімді, тұрақты қарым-қатынасты сақтай білгені үшін алғысын білдірді. Қасиетті Тақ пен Қазақстан Республикасы арасында өзара қарым-қатынасты әрі қарай дамытудың кепілі Н. Ә. Назарбаевтың Пия орденімен - жоғары сыйлықпен марапатталғаны болды, әлемде оған тек 15 адам қол жеткізген.
Католик бірлестіктерінің арасында оң қалыпты 2007 жылы маусым айында Қазақстан Республикасына Вашингтонның экс-архиепископі, Рим-католик шіркеуінің кардиналы Теодор Эдгар МакКерриктің (АҚШ) келуі тудырды. Сапары барысында кардинал Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына келді, онда діндар католиктермен кездесті.
Тамыз айының 6-нан 10-ына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Озерное ауылында Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан өңірлерінің католик жастары өкілдерінің кездесуі өткізілді. Іс-шараға Польшадан, Франциядан және Швейцариядан келген қонақтар қатысты.
Сондай-ақ
католиктердің діни өмірінде елеулі
оқиғалардың ортасында Павлодар
қаласында Орта Азия мен Қазақстан
бойынша Грек-католик
Қазақстанда протестанттық Ресейге қосылу уақытынан бастап тарала бастады. Бұл Ресей армиясы құрамында Қазақстан аумағына лютерандық сеніммен немістер болуымен негізделеді, кейіннен азаматтық шенеуніктер, шеберлер мен шаруалар да пайда болды. XIX ғасырдың 80 жылдары Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға меннониттердің, лютерандардың, баптистердің көшуі басталды. Столыпин реформасы осы процесті жеделдете түсті, алайда протестанттардың республикаға келуінің негізі 30 жылдары ССРО еуропалық бөлігінен кулак деп танылып Қазақстанға арнайы көшірумен және 1939-1945 жылдары республикаға немістер мен поляктардың келуімен байланысты.
Қазақстанда
протестантизм тым әр тектес болып
табылады. Елде 20 конфессияны білдіретін
1 мыңнан астам протестанттық
Қазақстанның барлық протестанттық бірлестіктері үшін тән қасиет шетелдегі және елден кеткен діндестермен тығыз байланыс болып табылады. Протестанттық қоғамдастар орнына ерекше қызығушылық түрлі құқық қорғау ұйымдары, оның ішінде халықаралық ұйымдар тудырып отырады. Протестанттық діни бірлестіктер белсенділігі қайырымдылық қызметте, түрлі халықаралық форумдар, фестивальдер, конференциялар өткізумен көрінеді. Ерекше көңіл жастармен жұмыс істеуге бөлінеді.
Қазақстанда
қазіргі заманғы
Қазіргі
заманғы протестантизмде жалпы
мүдделерді қорғау мақсатында бірлесу
дәстүрі және жаңа құрылғандар мен
бар одақтар арасында кейбір бір
біріне қарсы тұрулар да нақты байқалады.
1999 жылы осы мақсатта Қазақстанның діни
бірлестіктер қауымдастығы (АРОК) құрылды,
оның тіркелген Жарғысына сәйкес негізгі
міндеті діни бірлестіктер мүдделері
мен құқықтарын қорғау болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда осындай
мақсат және міндетті үш ұйым бар: Қазақстанның
діни бірлестіктер қауымдастығы (АРОК)
(басшысы Клюшев А.В.), Қазақстандық Евангелиелік
Альянсы (Егізбаев А.К.), Қазақстандық діни
еркіндік қауымдастығы (КАРС) (бас хатшысы
Синельников А.Е.).
Әдебиеттер
1. Абуов А. Мировоззрение Ходжа Ахмета Ясави. – Алматы, 1997.
2. Бокаева А.К., Смагулов Е.М. и
др. Религиозные объединения
3. Глобальный диалог во имя
мира. Выступление Президента
4. Дербисали Ә. Ислам және заман.
5. Жусупов С. Ислам в Казахстане:
прошлое, настоящее, будущее
6. Иванов В. Государство и
7. Комаев В. Ислам в Казахстане:
правда и вымыслы // http://www.ng.ru/cis/2001-06-
8. Кушкумбаев С. Ислам в
9. Мухашов А. Религиозная
10. Скаковский Л. Казахстан в
международной политике // http://www.intertrends.ru/
11. Султангалиева А. Религиозная
ситуация в современном
12. Телебаев Г. Религиозная